Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


болуын көкседі, сол арқылы заманды да түзетпек болды



Pdf көрінісі
бет65/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

болуын көкседі, сол арқылы заманды да түзетпек болды. 


64 
 
Түзетпек едім заманды, 
 
Өзімді тым-ақ зор тұтып. – деп, зорыққан ақынды көреміз.
Бұл кеңістік әбден бұзылған, дертке шалдыққан.
 
3. «Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең» 
Адал еңбектің орнына тіленшілік, «қисынын тауып» алармандық. Абайдың өмір сүрген 
уақыты мен кеңістігіндегі нәпсі-шайтан жетегіндегі адам қоғамының хәлі - мақсатсыздық пен 
имансыздық. 39-қара сөзінде бабалардан келе жатқан «...екі асыл қасиетті қастерлеп
жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына енер едік» - деген ұлы Абай: «... бірауыздылық, ел 
басын силаушылық; екіншісі – намысшылдық» - деп келеді де, «Бұлардан айрылдық» - деп 
өкінеді.
Абай армандаған бұл қасиеттерге ие болу егеменді ел болып, Тәуелсіздігімізге 32 жыл 
толар шақта, бүгінгі күні Абай сөзі біздің ұстанымымыз болуы тиіс. «Сый дәметпе, берсе 
алма, еш адамнан» деген хакім Абайдың сөзі мына жүрісімізде «коммунизмде» орындалатын 
арман шығар. Үмітсіздік шайтан-да деп, өзімізді өзіміз жұбатамыз. Санасы жетпес 
самарқауларды;
Жалын мен оттан жаралған 
 
Сөзді ұғатын қайсың бар? 
 
Партия жиып, пара алған, 
 
Бейілі кедей байсыңдар. – деп, рухани азғындарды мына сегізінші сөзінде 
де нысанаға алатын тұсы кездеседі: «Байлар...өзінде жоқты малымен сатып алады,...мал 
болса Құдайтағаланы да паралап алам дейді», деген ұлы Абай заманымыздың 
атжалмандарына осылай сипаттама беріпті. 
Парамен «ауырған» жалмауыздардан құтылудың бірден бір жолы, үндінің зиялыларының 
бірі айтқандай «адамның денесінен асқазанын алып тастау керек» деген қорытындыға келіпті. 
Адам баласының асқазансыз өмір сүре алмайтынын ескерсек, гауһар тастағы жегі құрт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет