76
сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе,
күнінде
бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің
жайында өзіңнен өзің есеп ал», - дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы
мен мәніне ерекше тоқталады.
Абайдың ұлағатты мұрасын педагогика ғылым салаларында ғана емес басқа
мамандықтардан да Абай идеяларын табуға болады. Мәселен:
экономика, әлеуметтік-қоғам,
саясат, ел басқару, Алланы тану, өзін-өзі тану сияқты барлық техника мен жаратылыс ғылым
салаларын ұлы Абай «Заһири ғылым» деп атаған.
Қазіргі бизнес мәдениетіне баулу үшін
кәсіпкерлікке дұрыс бағыттап, олардың адал болуы
жолында, бизнесі бекем болу үшін Абайға жүгіну керек:
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас. – деген Абай бизнестің қас жауы
«тәуекелсіз» «талапсыз», «еріншек» сияқты бойкүйездіктен қашып, ерінбей адал еңбек етуге
шақырады.
Абайдың
заңгерлігі өзінің тікелей әрекетімен орындалған; 1885 жылы Абай жазған 93
бабтан тұратын Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін бекітті.
Бұдан
былай билер, осы заң аясында билік айтатын болды.
Заң шеңберінде де Абай азғана қызмет етпегені көрініп отырады. 1876-1878 жылдары
Қоңыр-Көкше еліне Абай болыс болады. Ар жолындағы Абай ел ішінде әділдік таразысын тең
ұстап, қорғансыздарға пана болуға тырысты. Ұрлық жасағандарды ашықтан-ашық әшкере етті.
Бір топ шонжарлардың жолын кескен ақын үстінен «Абай барымта алды, ауыл шауып, әйел
қорлады» деген жала расталмай Абай ақталып шықты.
Мәселен; Абай өзі тілге алған Шығыс ғұламаларының бірі Ғұламаһи Дауанидің «Ахлақ-э
Жалали» еңбегінің 63-бетінде құқықтық ілім шарттары жөнінде айтылған.
1886 жылғы патшалық империя қазақтардың үш жүзге және руларға бөлінетінін бақылай
отырып өз арасына іріткі салу мақсатында білімсіз етіп «жаңа өмірге бейімдейміз» деген болып,
«Уақытша ереже» - «Жаңа низам» сияқты заңдарды ойлап тауып елубасы, жүзбасы, болыстық
билік қазақтар үшін тиімсіз басқару жолдарын
ойлап тапқан отаршылдар, шағын елді
мекендерде билер санын көбейту арқылы дау жанжалға ерік берді.
Достарыңызбен бөлісу: