87
Абай «Үндістан тарапынан», яғни, оңтүстіктен келген жұрт білімді, «ертерек ғылымға
үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер» [2:226] деп аз сөзбен ислам мәдениетінің тарихты
білудегі жетістіктерін мегзейді.
Ислам әлеміндегі ұлы тарихшылар ат-Табари,
ибн әл-Әсир арабша жазған
шығармаларынан деректер тауып, Семейге келіп, айлап, апталап жатып жүргенде парсы,
шағатай тілдеріндегі бай рухани мұраны меңгерумен болды.
Мұхаммед ибн Жарир ат-Табаридің X ғ. басында жазылған «Та’рих ар-расул уа-л-
мулук» ұлы шығармасы XIX ғасырда Голландияның Лейден қаласында 1879-1890 жылдары үш
топтама, он үш том көлемінде шығып, Ресейде үзінділерімен ғана белгілі бола бастаған
заманда, Абай, кейін Абай ізімен Шәкәрім де бұл шығарманың қолжазбалық үлгілерімен
танысып шыққан. Шәкәрім шежіреге қатысты оқыған кітаптарының тізімін осы Табариден
бастайды. Қазақ оқымыстыларының қолына 1874 жылы Парижде шыққан парсы тіліндегі
басылым түсті-түспегені белгісіз.
Ұлы тарихшы Ибн ал-Асирдің XIII ғасырдың 30-жж. аяқтаған «Та’рих ал-Камил»
шығармасы да толықкөлемде он төрттомдықбасылымболып Швеция мен Голландияда 1851-
1876 жж. жарияланғанболатын.
Семейге бұл жеткізілмегенмен, Һ.1301 /1883-1884 жж.
Мысырда (Қаһира бөлігі Бұлақта) арабша шыққан әл-Асир басылымы Абайға жетуі мүмкін.
Осман империясында - Ислампұл мен Мысырда - шығыптұрғанкітаптарАбайдың да,
Шәкәрімнің де назарындатұрған.
Шыңғыс хан заманынан бергі тарих әдебиеті патшалық Ресейде жақсы жариялануда
және зерттелуде болды. Олардың көбі Семейге де жетіп, Абай зерделеуге мүмкіндік алады.
Абай заманы Атамелік Жувейнидің Та’рих-и Жаһан гуша-и» тарихының (XIII ғ. 70-80-жж.
басы) әлі баспадан жарық көрмеген, әлемге тарамаған, шағын үзінділері арқылы ғана
зерттеушілерге белгілі бола бастаған заман-тын. Ал, заманынан озған ұлы тарихшы Рашид ад-
Диннің XIV ғ. басында жазған «Жами’ ат-тауарих» шығармасы XIX ғасырда парсы тілінде де,
аудармада да жарияланып, таралған болатын. Шоқан да, Абай, осы «Жылнамалар жинағымен»
1861 жылы Қазанда шығыстанушы И. Березин шығарған парсы мәтінімен танысу мүмкіндігінде
болды.
Абайдың оқыған, зерделеген кітаптары туралы өз қолымен жазғандарынан көшіп-қонып
жүрген қазақ өмірінің тұрмыс-тіршілігіне және XX ғасыр басындағы Абай ауылына төнген
қиыншылықтарға, соңы кең даладағы халықтың қоғам дүрбелеңі
мен ашаршылыққа
ұшырауына байланысты жұрнағы ғана сақталды. Рашид ад-Дин «Жылнамалар жинағының»
парсы мәтінімен Абай 1868, 1888 жылы Ресей Археологиялық қоғамы шығыс бөлімінің
еңбектері басылымы [4] арқылы таныс болса керек.
Абай тарихи танымдығы мол шығыстық ғылыми мұраның ішінен поэзияны, әсіресе,
таңғажайып мемуарлық шығармасымен шағатай тіліндегі прозаны дамытып, тарихты әсерлі
баян еткен Захиретдин Бабыр кітаптарын зерделейді. Бабырдың «Бабырнамасын» ғана атап,
басқа мұсылман авторларын тізбектемесе де, шығыстық қатпарлы тарих жазбалары арқылы
өткен замандарды зерделегені Абай шығармаларынан көрініп тұрады. «Бабырнаманы» шағатай
тілінде
оқығанын сілтеме жасап, Абай өзі көрсеткен. Абай да, кейін Абай ізімен Шәкәрім де
1856 жылы Н. Ильминский Қазанда басып шығарған шағатай тіліндегі «Бабырнаманы» [5]
зерделегендері айқын. Шағатай тілінде шыққан бұл кітап қана емес, Cемейдегі медреселер мен
дін иелерінде жинақталған қолжазбаларды есептемегенде, түпнұсқа тілінде жарияланған шығыс
халықтарының мәтіндері жеткілікті болды.
Ресей патшалығында шыққан сондай кітаптың бірі татар ғалымы Хұсайын
Файызхановтың (Хөсәен Фәезханов) «зор текстологиялық және археографикалық қызметінің»
88
[6] арқасында В.В. Вельяминов-Зернов шығарған «Қырым хандығы тарихынан материалдар»
құжаттар жинағы [7] күні бүгінге дейін Семейдің тарихи-өлкетану музейі қорында сақталуда.
XIX ғасырдан сақталып келген бұл кітаппен де Абайдың таныстығы күмән туғызбайды. Абай
Қазанда арабша, парсыша, ескі татар тілдерінде шыққан көптеген діни-философиялық, тарихи-
танымдық кітаптарды кең көлемде меңгерген. Абай қараған кітаптардың ішінде Ресейдің ірі
шығыстанушы ғалымы, тегі әзербайжандық Қазымбек аударып, 1832 ж. шығарған Сейід-
Мұхаммед Риза Қырымидің «Ассеб ус-сейяр» тарих кітабын атаймыз [8]. Әрине, татар
халқының шығармашылығы жалпытүркілік мағынаға ие ұлы тұлғасы Шиһабетдин Маржанидің
1885 ж. басылып шыққан «Мөстәфад әл-ахбар фи әхуали Казан уә Булғар» зерттеуі де [9] , түркі
халықтарының, әсіресе, османлы түрік әдебиетшілері мен тарихшыларының,
оның ішінде
Мұстафа Нури-паша, Ахмет Вефик-паша, Ахмет Жевдет-паша кітаптары да [10] назарынан тыс
қалмайды.
Ресей империясындағы шығыс-танушыларға кең тараған және олардың орта ғасырлар
тарихын танудағы көзқарастарына қатты әсер еткен шығарма, әрине, XVII ғасырдағы Әбілғазы
Баһадүр ханның «Шежіре-и түркие» кітабы. Ол патша заманында бірнеше рет жарияланды,
орта ғасырлар тарихын зерттеушілерге сол заманның өзінде кітапханаларда. Далалық түркі
тіліндегі, бұл күнде «сыйлыққа арналған» деп айтуымызға лайық, азғана таралыммен Қазанда
1825 жылы шығарылған тамаша басылым [11] Мәскеуде Ресей Мемлекеттік кітапханасының
(бұрынғы «Ленинка») Кітап музейі бөлімінде су жаңа шыққан күйінде сақталып тұр.
Әбілғазы хан кітабының Абай, кейін Шәкәрім танысқан басылымы түпнұсқа тілінде
және шығыстанушы П. Демезонның француз тіліне аудармасымен екі том болып 1871-1874
жылдары шыққан [12].
Мұсылман авторларының орта ғасырларды тану шығармалары Абайдың рухани
әлемінде өмір бойы қызмет етті. Абай сол шығармалар арқылы,
атап айтқанда, түркі
этногенезінің тамыры тереңде екеніне көз жеткізеді, жаңа замандағы түркі халықтарының
туыстығы туралы деректерге сүйенген тарихи көзқарасы қалыптасты. Кейін «өлеңі бар, өнерлі
інісі» Шаһкәрімге де тарихты, шежірені зерттеуді тапсырғанда шығыс тарихшыларының
еңбектерімен жете танысуға Абайдың кеңес бергені жақсы белгілі.Шығыс халықтарының
тарихынан дара ел билеушілер ретінде Ескендір, Шыңғыс хан мен Әмір Темірді атайды [3: 236],
бірақ олардың қырғын істерін, «араны ашылып», жер жүзін жаулап алу істерін тойымсыздыққа
балап, құптамайды [3: 319-325].
Достарыңызбен бөлісу: