Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет85/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

 
 
 
 
 
Аудармадағы Абай деңгейі күні бүгінге дейін 
 
 
 
 
қол жеткісіз шырқау шың тәрізді.
(С.Сейітов) 
 
1. Абай – аударма өнерінің бастаушысы. 
Абайдан басталған ұлттық аударманың алғашқы қарлығаштары болған Абайдың 
аударма туындылары тұтас бір шығармашылық бірлік аясында қарастырылды. Аударма 
жанрының қалыптасып, дамуын Абайдың аударма мектебінің қазақ әдебиетіндегі орнын 
белгілеу мақсатымыз. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым, еркін, нәзиралық 
түрінен бастап әлемдік деңгейге дейін өскен даму жолдарымен танысамыз. 
Абай жас шағында Семей қаласындағы медреседе оқып жүріп, орыс мектебі «Приходская 
школаға» да барады. Өзінің ерекше қабілеттілігімен зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі 
арқасында Абай аз уақыттың ішінде орыс тілін игеріп алады. 1870 жылдарда Петербургтен 
айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург 
университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. 
Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат 
зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-
жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-
демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: 
Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, 
тәлім-тәрбие алады. 
Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан кезекті бір жаңалығы – кәсіби деңгейдегі аударма 
жанрын әкелуі десек, ол - аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден биікке 
шырқатқан шебер аудармашы. Төл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең 
таңдаулы туындыларын кереметтей шеберлікпен қазақша сөйлеткен. 
Абайдың аудармалары жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен ақын таңдауы түскен өлеңді дәл 
аударуды мақсат еткенде орысша айтылған ойды қазақша жеткізудегі асқан шеберлігімен таң 
қалдырады. Өйткені, аударма деп саналып жүрген бірталай өлеңдері, әрине осы сөздің бүгінгі 
қалыптасқан, қолданылып жүрген тура мағынасындағы аударма емес. Абайдың орыс 
классиктерінің өлеңін қызықтап жазып, өзінің ой-сезімін, өз көңілін толғап, еркін кететіні, 
сөйтіп, қазақ тілінде тың төл шығарма тудыратыны оның ақындық шабытының
қуаттылығының бір көрінісі деп қараған жөн.
Орыс әдебиетінен оқығаны қаншалықты көп болса да Абай поэзиялық шығармаларды 
аударуға келгенде, үлкен талғампаздықпен таңдап, кейбір өлеңдерді іріктеп қана алған. 
Пушкин, Лермонтов, Крыловтан басқа ақынның шығармасын аударуы сирек. Полонскийден 
«Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы», Буниннен «Қорқытпа мені дауылдан» деген өлеңдерді 
аударған. 


101 
Абай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Мәселен, «Татьяна сөзі» атты 
аударма өлеңінде:
Қаймақ еді көңілімде 
Бізге қаспақ болды жем - дегенде Абай Пушкинді сөзбе-сөз 
аударударғаннан гөрі мазмұндай аударған қазақтың ұғымына жеңіл тиіп тұр.
Қай шығарманы болсын өз көңіл-күйіне үйлестіре қазақы ұғымға сай етіп еркін 
аударады. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес 
шығып жатса, ол - оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі. Бірі қызықтап, бірі 
қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен өз ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі. 
Сондықтан болар Абай жинақтары баспадан шықпай-ақ қолжазба күйінде ел арасына тарқап 
кетті. 
Абайдың «Евгений Онегин» сарынымен шығарған өлеңдері, бара-бар, түгелдей алғанда бір 
желіге түсірілген, біртұтас топтама шығарма деуге лайық. Пушкин ұлылығын сол заманда сол 
ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың 
Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір 
кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды және сондай жүкті көтеруді мақсат 
етті. Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты үлгі тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың 
мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын», «Қараңғы түнде 
тау қалқыпты» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды. 
Ұлы ақын тілдерден екінші тілге аударудағы мақсаты, шығармалардың түпкі маңызын 
жоймай, өз елінің талғам таразысын ескерген халде халықтық ұғымға сай етіп аудару. 
Пушкиннің «Евгений Онегин» қазақ сахарасының төл туындысы, Татьяна қазақтың қара 
домалақ қызындай әсер қалдыратыны, Татьянаның хаты қазақ жастары арасында ән болып 
шалқығанынан байқуға болады. 
Крыловтың «Бұлбұл мен есек», «Жарлы мен бай», «Шегіртке мен құмырсқа» т.б. көптеген 
мыслдарды өз тілінде Абайдан естіді. Лермонтовтың «Теректің сыйы», «Желкен», «Қайтсе 
жеңіл болады жұрт билемек», «Күлімсіреп аспан тұр» мұндай тізімді тізе беруге болар еді. 
Абайдың сүйікті ақыны Леронтовтан көп аударған, жоғарыда айтқанымыздай Еуропаның 
классик ақындарының өлеңдерінің басым көпшілігін осы Лермонтов арқылы қазақшалады. 
Абайдың аудармашылық шеберлігін жан-жақты зерттеген академик ғалым, З.Ахметов «Абай 
және Лермонтов» атты монографиясында түбегейлі талданған. 
Орыстың көрнекті жазушысы, ақын (тегі литван) И.А.Бунин (1870-1953) бірнеше 
прозалық шығармаларымен таныс Абай 1893 жылдары «Не пугай меня грозой» атты өлеңін 
«Қорқытпа мені дауылдан» деген атпен мазмұндай еркін аударма жасаған. Абайдан кейін ақын 
Ғ.Қайырбеков Буниннің көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Бунин большевиктер билігін 
мойындамай 1920 жылы Ресейден Францияға қоныс аударып сонда дүние салғандығы тарихтан 
белгілі.
Абайдың 37-қара сөзінде елі үшін қандай қиындықтан болса да бас тартпаған ержүрек 
Француз қызы Жанна Д, Аркті (1412-1431) «Оны отқа жаққан кім?» - деп сұрақ қойып, ұлы 
ақынның өзі «Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ» деп жауап береді. Ағылшын 
басқыншылығымен 100 жылдық азаттық күресін басқарған Жанна Д, Аркті жау 19 жасында 
өртеп жібергенін білеміз. 
Ұлы ақын өзінің шығармашылық кемеліне шыққан кезде орыс әдебиеті арқылы батыс 
әдебиетімен сусындап, оны қазақ жұртшылығына таныстыруда басқа аудармашылардан ерекше 
дараланып тұратын тұстарына тоқталдық. Кеңес дәуірінде түбегейлі зерттелген Абайдың 
Еуропамен ара қатнасы туралы біршама айттық. Абай қазақ даласына жаңа өркениеттің келе 


102 
жатқанын ақындық сезімталдықпен ерте болжам жасағанына, тағы да бір көз жеткізу 
мақсатымыз болатын және сахарада жүрген Абай аударма мәдениетінің ең жоғарғы үлгісін 
ұсынғанын айтқымыз келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет