42
Ол жеке басқа табынған жоқ ат аяғы жетер жердегі қырық рулы қаймана қазақты жинады.
Бүгінгі тәуелсіз ұғым таразысына салар болсақ, ата мен келіннің арасындағы байланыс ел
арасына өсек күйінде тарқады. Құнанбай дәл өсек күйінде қалдыра салуына да болар еді, жоқ
олай етпеді, өйткені, қазақ дәстүрінде жоқ салтты өскелең ұрпақтың
санасынан Қодар мен
Қамқаны өлтіру арқылы бүтіндей шығарып тастады. Осы бір ғана көріністен Құнанбайды –
ақыл иесі, ойшыл, көреген, дала философы, ұлт жанашыры, қайсар, тапқыр, ел басшысы
екендігі өзінен өзі айқындала түседі. Құнанбайдың екінші бір ерекшелігі
бес парыздың бірі
қажылыққа барып өз қаражатына Меккеде ғибадат орны деп мұсылмандар аялдайтын орын
салдыруы көп нәрсені аңғартса керек. Өйткені, Әлемдегі мұсылман қауым бұл тәкияны кім
салдырған деген сұраққа; әрине, Құнанбай. Құнанбай кім? Ол қазақ. Сөйтіп бүкіл
мұсылман
халқына қазақты таныстырып кеткен жоқ па. Бұл әрекетті елінің жанашыры, халқын шексіз
сүйетіндігінің белгісі деп ұққанымыз жөн.
Әр елдің, әр ұлттың рухын көтеретін данасы мен дарасы болады. Қазақ халқының дарасы
да, данасы да Абай. енді әке мен бала арасындағы рухани байланыстардың көзін аршу міндеті
тұр Абай қазақтың бас ақыны. Қазақтың әдебиетіне жан, күш берген, сөздің сыртынан сырлап,
ішін түрлеген, ақын, сыншыл, дарын Абай еді. Ой мен сөздің ұштасуы осы болар, оның Мұхтар
Әуезовтың «Абай жатқан дария, мен одан шөміштеп алдым»- деп айтады.
Абайды танытқан
Әуезов, ал Әуезовты танытқан «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың
басындағы бүкіл қазақ халқының тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-
мүддесін, күрес-тартысын қамтиды. Абай тұлғасын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық
тұлғасын, ақындық жолын таныту арқылы Абайтанудың өрістеп дамуына зор ықпалы болды
деп айтуға болады.
«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен
жалғыз алысып», туған елінің қамын қазыла
ойлап, асыл ой қалдырған данышпан ақын.
(Әбілев Дихан-баба)
Қоғам – көптің, топтың-дүрмектің әлемі. Бұл әлемнің дертті екенін адам өзінің ішкі
әлеміне үңіліп, барып, таниды. Өзінің ішіне үңілмеген, дертіне құлақ түрмеген адам, өзін
қоршаған ортаны тани алмайды. Абай туған халқын барынша сүйгендіктен
оның әлеуметтік
өміріндегі кемшілігін мінеп, жоюға күш салды. Өз мінін көре алмаған халықтың өркениетке
ұмтылмайтынын түсінді. Сондықтан, ол кертартпа салт-дәстүрлерге
қатал да батыл қарсы
күресті, әлеуметтік өмірдің жаңа да озық өлшемдерін уағызады елді бірлікке, татулыққа
шақырды - «Сегіз аяқ» өлеңінің әлеуметтікең күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, біріңді дос
Көрмесең істің бәрі бос-
деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ерекше тебіреніспен айтады.
Достарыңызбен бөлісу: