Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет69/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

 
Сен ғылымға болсаң ынтық, 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл сөзімді әбден ұқ: 
(Шәкәрім Құдайбердиев) 
 
 
 
2. Абай - ғылым-білімнің негізін қалаушы. Ұлы Абай - халықты білімге, ғылымға, 
еңбекке көп үндеген ақын. Абай халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елдегі жастарды адал 
еңбек етуге, өнер үйренуге, білім-ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат етіп, ой-пікірін 
жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал сөз 
өнері деп санайды. Ойшыл ақын ғылым-білім жолында өнімді еңбек етіп, көп оқып, талмай 
ізденіп, өлеңмен де, қара сөздерімен де болашақ ұрпаққа өнеге етіп білім таратты. Осылай 
ғылымға, білімге көп көңіл бөледі. Қайтсем халықтың «көңлін қойып, көзін ашпақ» ниетте 
күндіз-түні бір дамыл таппай, елін еңбекке, оқу-білімге, ерлікке шақырды. 
Абай өзінің 32-қара сөзінде жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынады. Ол: «Білім-
ғылымды үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек» - деп, өзінің танымындағы алты 
түрлі шартын ұсынады: бірінші - «... білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана 
білмектіктің өзін дәулет біл...» оны керек болып қалар деген ниетте емес, жан азығына азық 
болар деген құмарлықпен үйренсең «...білім-ғылымның өзі де мейірленеді» деп түйіндейді. 
Екінші - ғылым жолына түскендерге Абайдың талабы күшті: «ғылымды үйренгенде, ақиқат 
мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе...» - деген, ғылымды бәсеке, 
тартыс немесе біреуді егесте жеңіп шығу үшін емес, шын құмартуды ұсынады. Үшінші - ғылым 
ақиқатты сүйетін сала, сондықтан ғылымға адал болуды меңзейді. Төртінші - Абай іргесі 
қаланған білім-ғылымның мәртебесін асырудың екі түрлі жолын ұсынады: «...бірі - мұлахаза 
екінші - мұхафаза» дегені, ғылым мен білімді ғалымдардың ой-пікірімен санасу арқылы, оны 


70 
сақтап дамытудың тиімді тұстарын қарастыруды айтады. Бесінші – Абай осы шартын жаза 
отырып өзінің 19-қара сөзіне сілтеме жасайды, онда салғырттық туралы сөз қозғалған. 
Алтыншы - ғылым мен білімді сақтап және оны дамытуда адамның мінезі де ерекше рол 
ойнайтындығына ақын баса мән берген.
Абайдың қай еңбегін алсаңыз да, тіпті басқадан аударған аудармасының өзі өнер-білім 
алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса «Сен де – бір кірпіш дүниеге, 
кетігін тап та, бар қалан» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, 
бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдеттерін 
ашына ескертіп, одан аулақ болуға үгіттеді. Сондықтан «ғылым-білімді әуел бастан бала өзі 
іздеп таппайды» оған жол-жобаны көрсететін алдыңғы толқын ағаларға жүктейді. 
Абай он сегізінші қара сөзінде «Тегінде. адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез 
деге нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымактық» – дейді. 
Жастарға ғылым-білімнің қасиетін білу, ол үшін ғұлама ғалымдарды үлгі өнеге тұту жолына 
мән бере келе.
Ғылымды ол әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, мемлекеттің әлеуетін 
көтеруге апаратын жол деп түсінеді. Ғылымның әлеуметтік орнын адамдардың жақсы 
қасиеттерімен байланыстыра қарады. 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек... 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек,- 
Деп ақылды тереңдетіп, шалқыта түсетін, адамның жігерін, қайратын өсіріп, жөніне жұмсауға 
жол көрсететін, оны тасыта түсетін, жүректі де ізгілікке, адалдыққа баулитын, адам бойындағы 
осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын осы ғылым 
деген қорытындыға келеді. Абай ғылымның әлеуметтік ролін терең талдап, қайрат, ақыл және 
жүрек үшеуін айтыстыра келеді де ғылымға жүгінеді. Абайдың он төртінші, он жетінші, отыз 
сегізінші қара сөздерінде «жүрек» туралы ұғымдар кездеседі. Мысалыға, он жетінші қара 
сөзінде - қайрат, ақыл, жүректің арасында дау туып, олардың ғылымға қалай жүгінгендері 
туралы сөз бар: «Мен адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен
қылады, менсіз тіршілік жоқ» дейді.
Абайдың жүрек туралы айтылған өлеңдері де жеткілікті. Мысалы: «Жүрегім менің қырық 
жамау», «Жүрек нені сезесің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Жүрек - теңіз, қырықтың бәрі 
асыл тас», «Жүректе қайрат болмаса» - Ғылым жүректің әділеттілік, ұят, рақымшылық, 
мейірбандық қасиеттерін артықшылығын қолдайды. Бұдан, Абайдың топшылауынша, 
әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы адамдардың ұятына, рақымшылдығына, 
мейірбандылығына байланысты. Ғылымды бақталастық үшін емес, ақиқатты білмек үшін 
үйрену керек екенін баса айтады ұлы Абай.
Абай дүниенің табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі даму үстінде 
болады, адамды қоршаған ортаның - табиғаттың ішкі-сыртқы сырын білім-ғылым арқылы 
білуге болады деп қарастырады. Сондықтан да Абай «Талап қыл артық білуге» деп, білімге 
тереңірек баруға оның ғылыми тетігін табуға үндеді. Адамның ең қымбат шағы – жастық 
шақты оқуға, ғылымға жұмсауды, ойын-сауыққа салынбай оны кейінге қалдыруды ғылым 
жолына ертерек түсуді «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: 
Дүние де өзі, мал да өзі, 


71 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз - дейтіні де содан. Сол алған біліміңді «Ятілмаш, я адвокат 
болу» («Интернатта оқып жүр») ғана емес, сол білімді өз халқыңның өнерімен мәдениетіне, 
тарихымен тіліне жұмса. Қарабасының қамынғана ойлайтындарды «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі 
үшін оттаған хайуанның бірі боласың» (37-қарасөз) яғни тән қажеттігін өтеудіғана 
ойлайтындарға «Интернатта оқып жүр» өлең жолдарымен ескертіп:
Пайда ойлама, аройла 
Талап қыл артық білуге. 
Артық білім кітапта 
Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырады. 
Заңғар жазушы М.Әуезов: «Ғылымның артынан еріп, көрсеткен жолмен жүрген жұрт бұл күнде 
өмірдің төрінде» - деген өсиеті өркениетті 50 елдің қатарында тұру негізін бағдарлап, нақты 
баға беріп отыр. 
Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылармен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, 
«білімдіден шыққан сөз, талаптыға болса кез», - дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбекпен білім деп 
ұққан Абай еңбектің сипатымен мазмұнын көрсеткенде Абай 1903 жылы жазған бір шумақ 
өлеңінде, баянды еңбек – егін салушылық, білім алушылық деген қорытындыға келіп: 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған мақсат емес, 
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған. –деп тұжырымдайды.
Ел 
болу үшінқаласалып, отырықшылықта болу керек, мектепсалып, оқуоқып, 
білімалуқажет, тіршіліктіңтұтқасыеңбек пен білімдеғанатұрдеп жар салды. Еңбекпен келетін 
ырыс екенін түсіндіре келіп, «алдау қоспай адал еңбегін сауған қол өнері - қазақтың әулиесі 
сол» деп адал еңбек етіп, қол өнерімен айналысқан кісіні өте жоғары бағалаған. 
Өзі өмір сүріп отырған ортасының әлеуметтік мінін қатал сынай отырып, Абай оны 
жөндеудің жолдарын да жазып отырды. 
Абай «Ғылым таппай мақтанба...», «Интернатта оқып жүр...», «Жігіттер ойын арзан, күлкі 
қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық...» деген өлеңдері мен 15,18,19,36,37,39 т.б. қара 
сөздерінде әлеуметтік өмірде қандай нәрседен қашық болып, қандай мінез-құлық, адамдық 
қасиеттерге асық болу қажеттігін ескертеді. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ, 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рахым ойлап қой, 
Бес асыл іс көнсеңіз, - деп, адамның адамдық қасиеттерін жинақтап 
«Адам болу» мақсатына топтастырады. Байлықпен озбай ақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсы 
мінезбен озуға меңзейді. Жоғарыда айтқанымыздай өсек, өтірік, мақтаншақтық, елден-ерек 
шашу-төгу адамды жақсылыққа жеткізе қоймайды. Мұндай жаман әдетке, бейім адамнан жақсы 
адам шыға қоймайды. Терең ақыл-ой, саналы еңбек, талмас талант, талап қана адамды көрікті 
қылады. Біреуге қарсы өшпенділік жасаудан аулақ болуға шақырады Абай. Қайырымды, білімді 
адам ғана өзіне де халқына да пайда әкелмек. Пайдакүнемдікті мақсат етіп, соның жолында 
күресу жақсы адамның ісі емес. Өзіне де халықына да әркез адал болуға тырысу керек. 


72 
Кемеңгер Абайдың қоғамдық ойлары қазақ халқының әлеуметтік іліміне қосылған үлкен 
үлес деп карағанымыз дұрыс. Абайдың ғылым, білім, өнер туралы айтқан ойлары бүгінде 
қанатты сөзге айналып отыр. «Ғылымды, өнерді білгенге дүние арзанырақ түседі» (25-қара 
сөзі). «Өнер - өзі де мал, өнерді үйренбек - өзі де ихсан (жақсылық)» (38-қара сөзі). «Егерде – 
мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.» (33-қара сөзі) деген 
Абайдың әрбір сөздері қазақтың бай, қуатты болудың ең бір баянды бағыты деп түсінуіміз 
керек. «Сүйтіп жүріп-ақ ақыл, мал таптық, байыдық. Сол малды сарып қылып ғылым табу 
керек... Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ» (10-қара сөзі) – деп қазақтың тек байлық 
ойлап, білім, ғылымға көңіл аудармайтынына өкінішпен қарайды. 
«Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз.» деп ғылым арқылы баюға болатынын ұлы 
ойшылдың 38-қара сөзінен табамыз. «...барыңды салсаң да, балаңа ғылым үйрет. Балаң бала 
болсын десең - оқыт, мал аяма» (25-қара сөзі) мал табу үшін табыс көзінің тиімді тетіктерін 
тауып ғылымға айналдыру керек. 
Абайдың асыл мұралары таусылмас асыл рухани қазынамыз екенін халық әлдеқашан 
мойындаған. Абай еңбектерінің құндылығы, оған жүгіну, одан өзімізді толғантқан мәселелердің 
жауабын іздеу үшін Абайды танып-білуіміз керек. «Адал жүріп, адал тұр» - дейді Абай. Адам 
баласы қашанда артық білуге ұмтылуы керек. Адам өзін-өзі батыр болуға, жұртты сүюге 
тәрбиелеуі қажет. Сонда ғана өзімшілдіктен, масаттанушылықтан құтылуға болады. Білім арқылы 
ғана қазақтың көзі ашылады, халықты, жерді заң бойынша қорғай алады, басқа өркениетті 
елдермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Адам бірін-бірі, тұтас халықты жақсы көруі 
жолында күресе білуі керек. Адам мен адамның арасы бөлінсе, ол бір-біріне дұшпан болады. 
Өзіне ғана емес, басқаларға да жақсылық, қайрымдылық жасай білу керек, басқаларды да осылай 
болуға төрбиелей білген жөн. Өзіңе-өзің сын көзбен қарауды ұмытпа. «Күллі адам баласын қор 
қылатын үш нәрсе бар: сонан қашпақ керек. Әуелі -надандық, екінші - еріншектік, үшінші - 
залымдық деп білерсің» - дейді Абай. Адам анадан бірден есті, білімді болып туа салмайды ғой. 
Есейе келе айналаға көз жіберіп, көріп біліп, таңсық нәрсенің сырына көз жеткізгеннен кейін ғана 
жақсы мен жаманның парқын ажыратып, айыра алатын халге жетеді. Бұл ретте оны қоршаған 
адамдар қандай, есті ме, есер ме, білімді ме, білімсіз бе? Көп нәрсе соған байланысты. Абай да 
мұны қалт жібермеген. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір 
естілік жеке өз ісіне жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман 
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» (19-қара сөз).
Абай қазақтың өз тұсындағы ауыр әлеуметтік өмірін көп зерттеген, талдаған, жаһандық 
дәрежеде пайымдар жасаған. Абайдың философиялық ойлары әлемдік дәрежеде зерттеліп 
жатыр, бірақ әлі Абайды толық зерттеп шығу мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет