Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


«Мен шама келгенше, ғылым жолымен өмiрiн, ақындығын зерттемекпiн. Ал, шығармалық



Pdf көрінісі
бет30/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

«Мен шама келгенше, ғылым жолымен өмiрiн, ақындығын зерттемекпiн. Ал, шығармалық 
еңбектерiмнен пьеса, роман туралы да өз ойым ақынды ғылымдық зерттеумен негiзi бiр 
деймiн» (ЛММА архивi, 249 папкi, 7 бет) деп ғылыми-творчестволық зерттеулерiнiң негiзi бiр 
екендiгiн қадай айтатыны бар. «Абай жолы» творчестволық тұлғаға арналған туынды 
болғандықтан, ол басқа тарихи романдардан өзiндiк ерекшелiгiмен дараланатын шығарма болып 
қалыптасты.
Абайтанудың негiзiн қалаған М.Әуезовтiң ұлы ақын мұрасы жолындағы орасан зор 
ғылымдық творчестволық iзденiстерiмен қатар басқа ғалымдар да айтарлықтай бұл салада елеулi 
үлестерiн қосып жатты. Алғашқы диссертациялық зерттеу еңбектерi де осы тұста туындап жатты. 
Әдебиеттен алғаш рет проф. Қажым Жұмалиев «Абайға дейiнгi қазақ поэзиясы және Абай 
поэзиясының тiлi» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғауы абайтану саласында елеулi 
мәнi бар құбылысқа айналды. Абайтанудың М. Әуезов дәуiрiнде С.Мұқанов, М.С. ильченко
Қ.Бейсембиев, Қ.Мұқаметханов, Ә.Жиреншин, З.Ахметов, Полибина,
М.Фетисов т.б. абайтанудың әр түрлi саласынан ғылыми монографияларын жариялап үлгердi. 
Абайтанудың ғылыми деңгейiн көтерген зерттеу еңбектерi дүниеге келдi. Бiрақ бұл ғылыми 
зерттеу жұмыстарының бәрi де сол тұстағы кеңестiк жүйенiң таптық идеологиясы қойған 
тегеуiрiндi талабының шеңберiнен шыға алмады. Осы себептi зерттеу жұмыстарының денi 
Абай мен орыс әдебиетiнiң қарым қатысы туралы мәселеге арналған тақырыптарға қарай ойысуы 
уақыт пен заман талабы болды.
Абайтану саласындағы бүгiнгi күнде орын алып отырған бiр ерекшелiк ұлы ақын мұрасын 
зерттеуде сала салаға жiктей отырып зерттеу бағыты анық белгi беруде. Әрине, зерттеушi жас 
ғалымдар Абай мұрасын сала салаға жiктей қарастырғанда, М. Әуезов ұстанып келген сегiз түрiлi 
тақырыптық дәстүрдiң ықпалында бола отырып, сол дәстүрдiң бүгiнгi жалғасын өз 
зерттеулерiнде дамытып отыр дей аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет