Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


«Порэ» сөзінің шығу төркіні парсы тілінен аударғанда - ұсақ тиын, теңгенің бір бөлігі



Pdf көрінісі
бет61/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

«Порэ» сөзінің шығу төркіні парсы тілінен аударғанда - ұсақ тиын, теңгенің бір бөлігі, 
ал, «хур» - парсының «хурдан» «жеу», «жұту» деген етістігінің негізгі түбірі.
Демек, «порэхур» - «ұсақтап жеу» деген мағынаны білдіреді екен. Ұсақтап жеу құла 
дүзге кетіп, түйені түгімен, вагонды жүгімен жұтатындар бүгінде көз алдымызда таң қалдырмақ 
емес. Парақорлар бірте-бірте мемлекеттік деңгейге көтеріліп «жемқорлық» («коррупция») - деген 
атқа ие болып қоғамдық-саяси деңгейге жетіп, ел тұтқасын ұстаған билік пен мемлекеттік мекеме 
қызметкерлерінің ақшаға сатылуына алып келіп соғуға мүмкін.
«Жемқордың» әуелгі мағынасы – «жемге үйренген құс», «қомағай мал» сипатында 
пайдаланған сөз тіркесі, бүгінде, адамның «малына» айтылатын болып жүр.  
Бір шоқып екі қарайтын пысықайлар үшеу; пара беруші, пара алушы және арадағы делдал 
бұлар Абайдың «дүниеге дос» дейтін өз еңбегімен күн көрмейтін, өзгенің еңбегін жеп 
байитын, бұл фәнидегі серігі адам емес, мал болған атжалмандар. «Оның діні, құдайы, 
халқы, білім-ұяты, ары, жақыны, бәрі - мал» (Сегізінші сөз) - деген, ақын айқын қорытынды 
жасайды.
Лауазымды тақ иесі мемлекеттік адал қызмет ету орнын жеке мүддесіне пайдаланып 
қоғамның дамуына қауіп туғызатындар, біріншіден - қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу;
екіншіден - экономикалық өсу қарқынын тежеу;
үшіншіден - ұлттық мүддеге немқұрайды қарау.
Осылай өрши келе жоғары лауазымды қызметкерлер жемқорлығын құқық қорғау мекемесі 
ауыздықтай алмауы «сыбайлас жемқорлық» деп аталады. Оған қарсы біздің елімізде алғаш 1998 
жылы арнайы заң қабылдады.
«Адам баласының тәрбиешісі - әдебиет» (Бальзак). Сыбайлас жемқорлық, парақорлық 
індеттеріне қарсы кітапты әлем кітапханасынан іздемей-ақ Абайдың ақындық кітапханасына 
неге жүгінбеске.
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына экономикалық әрі рухани кедергі келтіретін іс-
әрекет екендігі баршаға аян. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттегі лауазымды 
адамдардың сатылғыштығы - Қылмыстық істер заңын теріс пайдалану (228-бап), қызмет 
өкілеттілігін теріс пайдалану (307-бап), билікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап) 
сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама баптары қызмет жасайды.
Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы жүйеленген 1995 жылы «Мемлекеттік қызмет 
туралы», 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» құқықтық қаулылар
қабылданды. Сонда да болса бұл қоғамдық кертартпалық әрекеттер толастар емес. Абайдың 
«кемел адам» ілімін «толық адам» идеясымен жалғастырғанда ғана «камилли инсан» 
қалыптасатыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін негізгі мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет