егіс арасындағы арам шөп міндетті түрде болатындай, біз көтеріп отырған қоғамдық індетті
шорт кесіп тастай алмайтынымыз өзінен-өзі белгілі болды. Қазақтың аңыз әңгімелерінде ең асыл саналатынгауһар тасты да кеміріп жүрген жегі құртты ақылды-дананың алдын ала болжауы.Бидай арасындағы зиянды шөптерді түгел тазалай алмаса да азайтуға болатыны белгілі. Осы ел арасына тарап кеткен дертке қарсы тұрудың табиғи екі түрлі жолы бар екен; бірі - рухани, яғни іштей, екіншісі – қол күшімен, яғни сырттай әсер ету. Данышпан Абай қоғамдағы келеңсіз әрекеттерді оған көзқарас білдірудің бір жолысықақ жанрын өткір де қуатты құрал етіп пайдаланды. Олардың ұнамсыздығын,
зияндылығын жете көрсету үшін әжуалау, мысқылдау, келемеждеу сияқты көркемдік әсерлеу
тәсілдерін ұстанды. Ел өміріндегі теріс көріністерді сынға алып «Болыс болдым мінекей», «Мәз болады болысың», «Дүтбайға»атты өлеңдері жеке тұлғалардың әділетсіздік әрекеттерін,
халықтық тұрғыдан шенейді. «Болыс болдым мінекей» деп, өз атынан бүгінгі күнгі биліктің
суретін бұлжытпай сызады:
Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Бастық айтса бітті оны ойға салмай дұрыс па, бұрыс па қарап отырмай өзінен жоғарғы жақ
не айтты өз жеке басы үшін көңілжықпастық іс-әрекет ететіндердің әсіресе, жағымпаздар мен
басшылардың бет құбылысына қарай әрекет ететіндердің қынжылтады. Абай «Тұрлауы жоқтар» ел тағдырына топастардың араласуын терең ашып, қатал сынайды.
Қайнайды қаның Ашиды жаның Мінездерін көргенде. Осындай типтік бейнелерді баяндау арқылы бүгінгі күндегі ел тағдыры, халық қамы дегенді
ойламайтын билікті елге таныту, халықты солардан жирендіру. Оларды Абай:
Ынсапсызға не керек, Істің ақ пен қарасы.