82
Жүз қайғыны қозғайды. - деген, физика заңдылығындағы «қозғалыстың» түбірі «қозғау» болса,
қозғалыс өзінен-өзі пайда болатын құбылыс емес, басқа бір дененің әсер ету күші. Физикалық
заңдылықпен басталатын 20-қара сөзінде. «Дүние бірқалыпты тұрмайды» деген ұлы ақын «біз
пендеміз, өзгереміз...» Тағдырдың жасаған өзгерісін ешкім ақылмен жасамайды, ол табиғи
құбылыс, оны:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі
суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. - деген бір шумақ өлеңінің өзінде физикалық құбылыстың бар екендігі
«ойлы адамдарға» (Абай) түсінікті. «Желсіз түнде» судың беті дірілдегені несі деген сұрақ
туындайды. Оны физикадағы интерференция құбылысы арқылы түсіндіруге болады.
Интерференция - өте нәзік құбылыс. Ол (жарық немесе дыбыс) бір-бірімен
қабаттасқанда бір
нүктеде бірінің күшейуі, екінші нүктеде әлсіреу құбылысы. Оны Абай өлеңіндегі соңғы сөздері
«дірілдептен» гөрі «гүрілдеп» күшейіп тұрғанын байқау қиын емес, жоғарыдағы бір шумақ
өлеңде кездесетін интерференция құбылысы бірінің әлсіреп екіншісінің күшейуімен ерекшеленіп
тұр.
Достарыңызбен бөлісу: