Әлеуметтік экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады



жүктеу 216.64 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі216.64 Kb.



Кіріспе

2011 -2015 жылдарға арналған Шахтинск аймағының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95- IY Бюджеттік Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы «Әлеуметтік – экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесінің тәртібін бекіту туралы» № 1251 қаулысы, 2011 – 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму болжамына сәйкес әзірленген.

Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін көтеруге жағдай жасайды, қалалық ортанының дамуын қалыптастыратын әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асырады. Қала инфраструктурасы жоғарғы республикалық үлгілерге жақындатылады. Бағдарламалардың іс – шараларын тәжірибеде енгізу Шахтинск қаласының дамуында оң тенденцияны бекітуге мүмкіндік береді, ортамерзімдік, сонымен қатар ұзақ мерзімдегі макроэкономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуын талдаудан, ортамерзімдік мақсаттар мен міндеттерді, оған жетуге қабілеттіліктер және қаражат, негізгі проблемаларды шешуді қарастырады, оның өсу тенденциясын, қаланың әрі қарай дамуының бағытын анықтайды, сонымен қатар ұзақ мерзімді және нақты өсімнің негізін қалайды, бес жылғы кезеңге нысаналы индикаторлары және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері, үш жылға бюджеттік параметрлер болжамының негізін қалайды.

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады:



  • аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;

  • аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;

  • 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;

  • 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;

Аймақтың бюджеттік параметрлері (қосымша түрінде) және әлеуметтік – экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері.


1. Шахтинск аймағының экономикалық даму тенденциясы
Экономикалық өсім
Қазіргі уақытта қала экономикалық өсімнің тұрақты фазасында тұр. Өндіріс өнімдерінің көлемін өсіреді, күрделі құрылысқа инвестиция құю, тұрғын үйді қалпына келтіру, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыс, бюджетке салық пен төлемдер жинау.

Аймақтың әлеуметтік – экономикалық жүйесін анықтайтын бөлігі экономиканың өнеркәсіп секторы құрайды. Экономика дамуының басым және келешекті бағыттары болып кең өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп саналады.

Өндірістік өнімдерді өндіру көлемі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өсуі есебінен 1,6 % өскен, электрқуатын, суды және газды 21 % үлестіру, 2030 млн. теңгені құрады (2008 жылы – 1996,8 млн. теңге). 2009 жылы қайта өндеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6 % төмендеген және 1388 млн. теңгені құраған (2008 жылы – 1480,4 млн. теңге). 2009 жылы шығарылатын өнімнің көлемін көбейту мақсатында «Апрель - Кулагер» ЖШС «АрселорМитталТемиртау» КД АҚ кәсіпорындарына шұжық өнімдерін жеткізуге «Нэрли Ас» ЖШС және «Корпус Групп» ЖШС келісім шарттар жасалған.
ИФО өндірістік өнімдер

Ауыл шаруашылық өндірісті кеңейтуге тенденция сақталған. 2009 жылы жалпы өнім көлемі 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1051,2 млн. теңге немесе 124,8 %. (2008 жылы – 842 млн. теңге). 2010 жылға болжамды жоспар 1 144 млн. теңгені құрайды. 2009 жылы өсімдік өнімдері – 702, 9 млн. теңгені құрады. Өсім 2008 жылы 111,7 % құраған. 2009 жылы мал шаруашылығында өнім көлемі – 348,3 млн. теңге деңгейінде тіркелген. 2008 жылы өсім 102,6 %. 2010 жылы өсім 105,8 % құрайды.Жеке индекс көлемі 108,7 %. 2010 жылы есеп беру кезеңіне өсім қарқынынан асып кету 102,2 % байқалады.


Жалпы өнім көлемі (млрд.теңге)

Жүк тасымалдау көлемі 2009 жылы өткен жылдың ұқсас кезеңіне 1,4 %, бөлшек сауда 4 %, мердігерлік жұмыс 52 %, байланыс 23,9 % өсуі байқалған. Шахтинск қаласының индустриальды – инновациялық дамуының негізгі бағыттары өнімдерді сертификаттау және кәсіпорындардың сапаны басқару халықаралық стандарттарына көшуі және қолданыстағы өндірістік қуаттылықтың қайта құрылуы және жаңартылуы; аудан аралық және халық аралық байланыстың дамуы бәсекеге қабілетті ресурс жинақтайтын, экологиялық таза технологияларды пайдаланатын өндірістерді қолдау; міндетті жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының базасында білім беру жүйесінің дамуына және өндіріске білікті мамандарды қайта дайындауға себепкер болу; интегралданған құрылымды құру; ғылыми - өндірістік және ғылыми – білім беретін комплекстерді құру.

Жоғарыда айтылғандардың шеңберінде келесі іс – шараларды жүзеге асыру қажет: жаңа құрылыс технологияларына көшу, соның ішінде қуат, ресурс үнемдеу, экологиялық таза және жоғарғы сапалы тауарларды өндіріс номенклатурасын кеңейту: басқа аудандарға дәстүрлі құрылыстық өнімдерді жеткізу, шығару бойынша өндірісті қайта бағдарлау; ИСО халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін халықаралық сапа менеджмент жүйесін азықтық өндіріске және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу бойынша кәсіпорындардың жедел ауысуы; жаңа инновациялық өндірістерді құру.


Инфляциялық үдеріс
Әлемдік қаржы тұрақсыздығы жағдайында негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаны ұстау мәселесі барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, Үкіметтің басты назарында.

Бағаның өсуін ұстау мақсатында тауарлар мен қызметтерге инфляциялық үдерісті ұстау бойынша аймақта іс – шаралар әзірленген, жұмыс тобы құрылған, кеңестер өткізілген, осы кеңестерде инфляциялық үдерісті ұстау бойынша іс – шаралар әзірленген, пайдаланатын тауарлардың барлық топтары бойынша әсіресе азықтық және азықтық емес тауарларға бағаның баяу өсуіне себепкер болды. Әзірленген жоспарға сәйкес іс – шаралар өткізілген: қажетті азық – түлік қорын құру бойынша меморандумдар жасалған, негізгі тауармен қызметтерге, жаңар – жағармай материалдарына баға мониторингі жүргізілген, рейдттер өткізілген, қайта сатып алушылардың санын қысқарту бойынша жұмыстар жасалған, тауар базарларында тауарды өткізу кезінде баға келісімін болдырмау және анықтау, ірі сауда кәсіпорындарының иелерімен бағаның өсуін болдырмау бойынша шара қабылданған және көмек көрсету қажеттілігі туралы кеңес өткізілген, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілген және ұйымдастырылған.


Бюджет
Шахтинск қаласының бюджеті бағдарламалы, мақсатты қалыптасады және қаланың әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарын айқындайды.

2008 жылы бюджеттің табыс бөлігі 100,5 % орындалған. Есеп беру кезеңіне түсім және қаржыландыру жоспарының кассалық орындалуы 100 % құрайды. Әлеуметтік салаға, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған сатысына, білім беруді және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамытуға, мәдениетті көтеруге, дене шынықтыру және спортты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға баса назар аударылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға толығымен нысаналы ағымдық трансферттер үлесі жұмсалған. ТКШ даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру. «Су беру жүйесін дамыту» бағдарламасын дамытуды жүзеге асыруға арналған нысаналы трансферттер. 2008 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін мемлекеттік коммунальдық тұрғын үй қорын салу.

2009 жылы бюджеттің табыс бөлігі 101,1 % орындалған. 2008 жылмен салыстырғанда 120 % өсімін атап өтуге болады.

2009 жылы жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге қаржыландыру 20 % өскен, білім беру саласына қаржыландыру 30 %, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына 80 %.

2008 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорын салуға, ТКШ дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, білім беру саласында мемлекеттік жүйеде жаңа технологияларды енгізуге, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына 2009 жылы нысаналы трансферттер бөлінген.

2009 -2010 жылдар разрезінде бюджеттің шығыс бөлігін қарастырып, 132 % өскенің байқауға болады. 2008 және 2010 жылдарды ұқсастырып салыстырғанда 181, 2 % ұқсастық өсімде өскенің белгілеуге болады.

Білім беру саласында қаржыландыруды көбейту 2010 жылы тұрақты динамика қарастырылады.

Қаланы дамытудың қажетті жағдайлары әр адамның мәдениетінің деңгейі және белсенділігі, сондықтан стратегияның басымдылығы тұлғаны дамытады, мәдениеттің беделін қалыптастырады, осыған байланысты мәдениет саласында, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласы 40 % өскен.

Аймақтың стратегиялық есебінің бірі қаланың автомобиль жолдарын жөндеу және сақтау, осыған байланысты көлік және коммуникация саласында қаржыландыру 40 % өскен.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің көтерілуінің ең маңызды аспектісі табыстың көтерілуі. Рыноктық экономикада бағаның және тарифтің өсу жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғау жоспарға бірінші қойылады, осы салада қаржыландыру 50 % өскен.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммунальды тұрғын үй қорына тұрғын үй салуға, спортты, тұрғын үй – коммунальдық шаруашылықты дамытуға, «2002 – 2010 жылдарға арналған ішетін су» аймақтық бағдарламасына сәйкес су бөлу жүйесін дамытуға мақсатты трансферттерден қаржы бөлінген. Сәулет және қала құрылыс саласында қызметті қаржыландыру үлесі 2 есеге өскен.

Ресми трансферттер бойынша түсімге қысқаша талдау жасап 2008 жылы (2,22 млрд. теңге), 2009 жылы (2,43 млрд. теңге) 2010 жылы (2,75 млрд. теңге) келесі динамикалық өсу байқалады: абсолюттік мағынанын 210,6 млн. теңгеге өскен немесе 109 %, 2010 жылы 322,2 млн. теңгеге өскенін көрсету салыстырмалы 113 %, 2008 жылды 2010 жылға сәйкестендіру, өсу нәтижесін береді, базалық кезеңге 532,8 млн. теңге, салыстырмалы 123, 9 %.
Жол картасы
2009 жылғы 6 наурыздағы Ел басының Қазақстан халқына «дағдарыстан жаңару мен дамуға»Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметімен іс қимыл Жоспары (Жол картасы) бекітілген. Жоспарға сәйкес аймақта екінші жыл Жол картасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны орындау қорытындысы бойынша 2 жыл ішінде 38 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілген, соның ішінде: әлеуметтік нысандар, білім беру, мәдениет, ден саулық сақтау нысандары, ТКШ жүйесін дамыту саласы нысандары. Бағдарламаның жалпы соммасы миллиард теңге көлемінде, 1855 адам жұмысқа тұрғызылған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы болып жұмысқа тұрғызу, қоғамдық жұмыстарға қатысу. Кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктілікті арттыру. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызу, жастар тәжірибесіне қатысу.

2009 жылы экономикалық белсенді тұрғындардың саны 0,66 мың адамға азайған және 34,1 мың адамды құраған (2008 жылы – 34,7 мың адам). Экономикалық белсенды тұрғындар санының артуы жұмыссыз тұрғындардың азаюына оң динамикасын тигізеді.

2009 жылмен салыстырғанда жұмыссыз тұрғындар саны 4,7 % азайған және 2010 жылы 1,62 мың адамды құраған (2009 жыл – 1,7 мың адам).

Еңбек ресурсының көпшілігі аймақта жалдамалы жұмыспен қамтылған. Оларда жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі 2009 жылы 77,7 % (25,2 мың теңге) құраған. 2008 жылдың көрсеткішінен 6,1 пайыздық пункты көп. Қалған 22,3 % (7,3 мың адам) өз бетімен жұмыспен қамтылған, олардың үлесі жұмыспен қамтылғандар арасында 6,1 пайыздық пунктқа азайған (2008 жылы – 28,4 %).

2008 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі сол қалыпта қалған.

2009 жылы 4,8 % құраған. 2010 жылы бұл көрсеткіш 0,2 % пайыздық пунктқа төмендеген.

Тіркелген жұмыссыздардың саны 2009 жылы 239 адамды құраған, ал тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,7 %. 2010 жылы тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3 % төмендеген байқалады және жұмыссыздардың тіркелген саны 70 % (139 адам).

2008 – 2010 жылдарға арналған тұрығындарды жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру бойынша қалалық іс – шаралар Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде аймақта тұрғындарын еңбек рыногында белсенді жұмыспен қамту саясаты жүргізіледі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында басым бағыттар болып:


  • әлеуметтік әлжуаз тұрғындардың жағдайын нашарлатпау үшін шаралар қабылдау;

  • қартайған жалғыз басты азаматтардың қиындықтарын шешу;

  • аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету;

  • қажетті қызмет көрсету саласында қиындықтарды анықтайтын аймақта кедейлік мониторингін жүргізу, уақытылы әлеуметтік көмек көрсету;

  • кедейлік шегінен төмен тұратын адамдардың санын азайту;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға медико – педагогикалық және әлеуметтік даму бойынша қызметті жетілдіру;

  • әзірлеу бойынша қызметті жетілдіру, азаматтардың жекелеген санатына, соның ішінде мүгедектерге, Ұлы отан Соғысына қатысқандарға, еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетім – балаларға, көп балалы аналарға және т.б. әлеуметтік төлемдер жүйесі және әлеуметтік көмек түрлері бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

  • әлеуметтік жұмыскерлердің еңбекке деген ролін көтеру.

Осыған байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша орындау қажет комплексті іс- шаралар: азаматтарды жұмылдыру, мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарда аз қамтылған мүгедектерге және зейнеткерлерге көмек көрсету үшін облыстық іс – шаралар өткізу; тұлдыр жетім балалар, жастайынан мүгедек балаларға, көп балалы отбасынан шыққан балаларға және жетім балалар үйінің балаларына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне жоғарғы оқу орнында оқу үшін әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жалғастыру.
2. 2011 -2015 жылдарда Шахтинск аймағы экономикасының даму жағдайы және факторлары
Әлеуметтік – экономикалық үдерісті дамудың сапалы және көлемді болжамды бағалары аймақта ішкі және сыртқы факторлардың әсерінде тұр.
2.1. Дамудың сыртқы факторлары
Сыртқы факторларға аймақ экономикасының келешекті дамуына жататындар экспорттық өндірістің дамуы, экспорт тауарларының негізгілеріне баға динамикасы, импорт тенденциясы, отандық экономикаға шетелдік инвестрлердің көз қарасы.

Қазақстанды әрі қарай әлемдік экономикаға интеграциялауға байланысты сыртқы факторлардың әсері маңызды.

Қала экономикасы әлемдік, сондай – ақ отандық экономика істің жағдайына тәуелді.Осыған байланысты сыртқы және ішкі қауіптің факторларының әсерін есептеу керек.

Ішкі қауіптер:



Қысқа мерзімдік кезеңде:

- экономикаға мемлекеттік құйылымның жедел тоқтауы ең маңызды қауіптің бірі болып келеді, қаржы және нақты сектор өз бетімен қызмет етуге әліде дайын емес

- дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы және экономиканың қалған секторларының ақырындап қалпына келуі қаржы реформасын өткізуді тежеуі мүмкін және қаржы жағдайын қайталап нашарлатуы мүмкін

- дамыған елдерде әлсіз ішкі сұраныс;



Орта мерзімдік кезеңде:

шаралар нәтижесінде) әлемдік экономиканың әрі қарай өсуінің қауіптерінің бірі

қаржы секторының тұрақсыздығы, елдердің мемлекеттік қарыздарының өсуі инвесторлардың қаупін туғызады, шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы, яғни өз кезегінде пайыздық үлестің жылдам өсуіне және ұлттық валютаның құнсыздануына әкеліп соғуы мүмкін

- ресурстарға әлемдік баға динамикасы, АҚШ долларында сатылатын, АҚШ долларынын курсын ауыстырудан тәуелді болады;


2.2. Ішкі даму факторлары
Ішкі қауіптер:

Шикізат секторына экономиканың тәуелділігі экономика салалары арасында ресурстарды дұрыс таратпауда.

«Голландиялық аурудың» елде дамуы


  1. Пайдалануды жандандыру, резерв құру есебінен инвестицияны белсенді ету және ұдайы үдерісті қолдаудың оңтайлы үйлесімділігі;

  2. Фискальдық құралдармен келісім, ақшалай – несиелік саясаттың инвестициялық және құрылымдық саясат шараларымен үйлесімділігі.

Портфелдың нашарлауы және БВУ активтерінің сапасы, зейнеткақылық қор және басқа да қаржылық ұйымдар

1. Экономикаға қаржыландыру инвестициясының қысқаруы;

2. Банктық дағдарыс жүйесінің қаупі:

3. Тұрғындардың қаржылық ұйымдарға сенімін жоғалту;

4. Депозиттер, зейнетақылық жиналымдар және басқа да активтер бойынша тұрғындардың жинақ ақшаларын жоғалтуы.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша алғашқы істі жүзеге асыру және банктық секторды сауықтыру бойынша шараларды өндіру.

Пайданың және молшылықтың төмендеуі:

1. Проблемалық активтердің өсімі және екінші деңгейдегі жұмыс істемейтін банктерді және банк секторының капиталын жою;

2. Қарызға алу шарттарының қаталдығы және төлемдерді төлемеуінің өсуі;

3. Қазақстандық банктерді капитализациялаудың жетіспеушілігі;

4. Өтімділіктің дефициты;

5. Клиенттер, инвесторлар және кредиторлар қатарынан сенімділікті жоғалту;

6. Экономиканы несиелендірудің және активтер сапасының төмендеуі;

7. Рыноктағы қолайсыз өзгерістерге банктардың ұшырағыштығы.

Экономика табысты дамуы үшін жоғарғы тиімді және жоғарғы технологиялық өндірістің дамуына жағдай жасау қажет, инвестиция тарту, басқарудың қазіргі заманға сай әдістерін енгізу, әлеуметтік проблемаларды шешу.

Ішкі фактор экономикасының өсуін қамтамасыз ету тобына жататындар: жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпорындардың инновациялық қызметі, олардың ғылыми және инженерлі – техникалық әлеуеті; отандық өндірістің бәсекеге тәуелділігі, кәсіпорын деңгейінде институиональды қайта өзгерту (корпоративтік мәдениеттің деңгейі, жеке меншік құқығын қорғау және т.б.).

Жаңа өндірістерді енгізу есебінен экспорттық өнімдердің ішкі сұранысы өндірістік өнеркәсіптердің өсімі әлемдік экономиканың жандануынан қайта қалпына келтіріледі, сонымен бірге кең өндіру және оған қатысты салалардың белсенділігі артады.

Аймақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайына әлемдік дағдарыс салдарын жұмсарту, болашақта экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша, экономикалық өсімнің, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік инфраструктура нысандарын енгізуді қамтамасыз етуді, инновациялық, инфраструктуралық жобаны, тұрғындардың әлеуметтік сәттілігін және оларды қорғауды, бәсекеге қабілетті шикізатты емес саланы дамытуды, жүзеге асыру шараларын қарастыратын іс- шаралар жоспары жүзеге асырылады.

Көрсетілген комплексты іс – шараларды жүзеге асыру өндірістің құлдырауын болдырмайды, аймақ азаматтарының қол жеткен өмір сүру деңгейін сақтауын қамтамасыз етеді.Дағдарыс кезеңінде экономикалық дамудың тұрақтылығы ішкі фактор сұранысын және ұсыныстарын, экономиканың дерек көздерін қайта бағдарлау, олардың өсім ролын көтеру, бәсекеге қабілетті шикізат емес секторларын дамыту.

Экономиканы диферцификациялауға және шикізатты емес салалардың дамуына индустриальды – инновациялық саясат себепкер болады. Әлемдік экономиканың дамуына сәйкес индустриализация, экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға себепкер болады, оның сапалы өсуіне себепкер болады. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аймақ экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.



3. 2011 – 2015 жылдарға арналған аймақ экономикасының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы және мақсатты индикаторлары
Экономиканың өсуі, табыс деңгейі, жұмыспен қамту және инфляциялық деңгейі 2011 – 2015 жылдарға арналған Шахтинск аймағының даму бағдарламасында айқындалады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметінің негізгі бағыттары 2011 -2015 жылдардағы кезеңде экономика өсуін және әрі қарай сапалы өсуі және теңгерімділігін қалпына келтіреді.

Аймақтың индустриальды – инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде, сапа стандартын енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру және міндетті сертификаттауға жататын қызметтерді бірігіп сертификаттау.

Аймақта синтетикалық жуғыш заттарды шығару бойынша зауыт қалпына келтіріледі. Соған байланысты, осы жобаны іске асыру аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді, өндірістік өнім көлемін және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды.

Аймақта шағын және орта бизнесті дамыту жалғастырылады, әрі қарай шағын бизнесті дамытуға және нығайтуға жағдай жасалады, ол өз кезегінде экономикалық белсенділіктің өсуін қаматамасыз етеді, бәсекелі ортаны құрады және жұмыс орнын және бюджетті толықтырады. Бизнестің дамуы жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауға тәуелді және шағын кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту үшін жағдай жасалады.

Кәсіпорындар деңгейінде күш бағытталады:



  • өндірілетін өнім және қызмет көлемінің өсуін қамтамасыз етеді:

  • инвестиция легінің өсуін қамтамасыз ету;

  • консалтинг жабдықтарын дамыту және пайдалану;

  • экономика секторының кластерлік дамуы;

  • халықаралық стандарт бойынша сертификация және енгізу, қауіпсіздік және сапа басқару жүйелері (ISO).

Аймақтың бағдары өндірістің дәстүрлі факторын тиімді пайдалану, және де мамандандырылған даму факторы, инновациялық әлеует, білікті жұмыс күші, қазіргі заманға сай инфраструктура және институциональды орта.

Басқаруды қазіргі заманға сай ету және аймақ экономикасын жедел дамыту мақсатында шаралар қабылдау:



  • аймақтың әлеуметтік саласының дамуы үшін жаңа нысандарды салу және қайта жөндеу;

- тауар, жұмыс, қызмет өндірісінің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық орта құру;

  • аймақтық деңгейде бизнес – форумдар өткізу;

  • экономиканың басым секторларына тартымды инвестицияны өсіру.

2015 жылы кәсіпорындық өнім көлемінің өсіміне қайта өндеу өндірістерінің көлемінің өсуі.

ИФО болжамды өсуі бөлшекті тауар айналымы 2011 жылы 5,4 %- тен, 2015 жылы 7 % - ке дейін өседі.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемінің өсімі 2015 жылы 5 % құрады.

Тұрғындардың әлеуметтік стандарттарын және сапаның тұрақты көтерілуі экономикалық өсуінің басымдылығының негізінде тұрақты қарқынын әрі қарай қолдау және қалпына келтіру саясатын жүргізу.

2011 жылы жұмыссыздық деңгейінің 4,8 %- ден 4,6 % - ке дейін төмендеуі болжамдалады.

2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамудың болжамды көрсеткіштері 1 қосымшада ұсынылған.


4. Шахтинск аймағының бюджеттік параметрлерінің болжамы
Салықтық – бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары
Алдыңғы уақыттағы орта мерзімдік кезеңдегі фискальдық саясат бір уақытта үш бағыттан тұрады, әлемдік экономикалық және қаржылай дағдарыстың салдарын өткеру, мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесінің жетілдіру және сауықтыру және жылдам қалпына келтіруді қамтамасыз ету мен әрі қарай экономиканың сапалы өсуі.

Бірінші бағыт – экономиканы қолдау жөніндегі алғашқы шараларды өткізу, әлеуметтік проблемаларды шешу саласында қабылданған шараларды жүзеге асыруды жалғастыру, аймақ тұрғындарының өмір сүру деңгейін өсіруді қоса алғанда және жұмыссыздық өсуін болдырмау, қаржы секторын тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік комплексті дамыту және инновациялық, индустриальдық және инфраструктуралық жобаларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, жағдайға байланысты бюджеттік саясатты түзететін жедел шаралар қолданылады, соның бір бюджет параметрлерін нақтылау.

Екінші бағыт – мемлекеттік қаржыны сауықтыру, нақты дәлденген мемлекеттік жоспарлауға сәйкес бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру шамаланады: мемлекетті мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық тапсырмалары - іс – шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде, бюджет оңтайлы шараларды бюджеттік қаржы көлемін анықтауға құрылады, ол экономикаға оң әсерін тигізеді және қолайсыз орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік – инфляцияға әкеліп соқпайды, бюджеттік дефициттің жылдам өсіреді. Сонымен қатар 2009 жылы шығындарды оңтайландыру нәтижесінде қысқарған бюджеттің ағымдық шығындарын ұстау жоспарлануда, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қалпына келтіру, жаңа жобаларды жүзеге асыруда созуды болдырмау, соның ішінде әр түрлі бағыт бойынша жобалардың көптеген түрлерін қаржыландыру.

Үшінші бағыт – дағдарыс кезінде экономика негізінің сапалы өсуін қамтамасыз ету, басым бағыттар бойынша жұмыспен қамту деңгейіне бағытталған экономикалық саясатты реттейтін шаралады ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау басымдықтарын қосарландыру.


Бюджеттік және салықтық саясат
Бюджеттік саясат жақсы тұрмыс деңгейінің қамтамасыз етуге және азаматтарды әлеуметтік қорғауға, қаланың әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталады.

Мемлекет басшысының 2008 жылы 6 ақпандағы жыл сайынғы жолдауындағы «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан азаматтарының әл ауқатын жақсарту» (әрі қарай – Жолдау) халыққа берген тапсырмасын орындау үшін, жаңа Салық кодексі қабылданған, экономиканы жетілдіру және саралау, бизнестің «көленкеден» шығуы.

Жаңа салықтық Кодекс қарастырады:


  • нақты қимылды заңдар принципін жүзеге асыру;

  • экономиканың шикізат секторына жалпы салмақты төмендету;

  • экономиканы жетілдіру және саралауға жағдай жасау;

  • салықтық процедураны оңайлату және әкімшілік салықты жетілдіру есебінен бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту;

Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде регресивтік салық шкаласын ауыстыру 13 – тен 5 % - ке тік шкала 11 %. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай мөлшерлеме 10 % деңгейінде сақталған.

Сонымен қатар салықтық кодекспен мүліктік салықты реформалау қарастырылады, мүлікке салық салу нысандары барлық мүліктен қысқарған, жеке тұлғалардың қымбат тұратын мүлкіне мөлшерлеме құны 120 млн. теңгеден 0,5 – тен 1 %- ке дейін өскен, сонымен қатар автокөліктерге салықты есептегенде автокөлік құралдарына түзетілген коэффицент алынып тасталған.

Қазақстанның дамуының жаңа сатысына сәйкес салықтық әкімшілік жеткізілген. Салықтық реформаның басқа да бағыттарына сәйкес, Салықтық кодекс тігінен қызмет ететін заң болуы, сонымен бірге салық төлеушілердің мүддесін және әкімшілік сапасын есептелуі керек. Осыған байланысты Салық кодексіне салық төлем саласында нормативті құқықтық актілер шектеулі көлемде енгізілген, салықтық процедуралар жеңілдетілген.

Шағын және орта кәсіпкерліктің, экономиканың шикізаттық секторын дамытудың маңызды стимулына жатады. Кодексте ұсынылатын жаңа өзгерістер, баптарды түсіндіруге, салықтық жеңілдіктерді және инвестициялық пұрсаттылық ұсыну тәртібін жетілдіруге, сонымен бірге экономиканың көлеңкеленген секторының көлемін төмендетуге жағдай жасалады.

Бюджеттік саясат азаматтардың әл – ауқатын және әлеуметтік қорғау деңгейін, қаланың әлеуеттік мүмкіндігін жүзеге асыруды жоғарғы деңгейге жеткізуге бағытталады. Болжамды кезеңге салықтық саясаттың басым бағыттары болып: салықтық әкімшілікті жақсарту, қаланың жеке меншігін пайдалану тиімділігін арттыру есебінен салықтық емес түсімдерді өсіру; қала тіршілігін қамтамасыз ету әр түрлі саласын қаржыландыру үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту, салық салу базасын кеңейтуге жәрдемдесу, заңды және жеке тұлғалардың қаржы – экономикалық тиімділігін арттыру үшін жағдайды қалыптастыру; көлеңкелі экономика үлесін азайту, кәсіпкерлік қызмет субъектілерін есептеуді жақсарту, залалды кәсіпорындарда нақты залалды анықтау мақсатында қаржы – шаруашылық қызметті тексеруді уақытында толығымен өткізу, бағыттары: қалалық кедейлікті төмендету бағдарламасын жүзеге асыру және мүгедектерді оңалту; білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны, мәдениетті қорғау бағдарламаларын қаржыландыру; инженерлік инфраструктураны және транспортты дамыту;

Қаланы дамыту жетістіктеріне жету үшін келесі іс- шаралар жүзеге асырылады: қала бюджетінің шығындары мен табыстарын жоспарлау деңгейін көтеру; бөлінген бюджеттік қаржының мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету және бюджеттік қаржыны шығындау тиімділігін арттыру; әлеуметтік маңызды (денсаулық сақтау, білім беру) шығындар баптары бойынша қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі орта мерзімдік шағын нормативтерді енгізу; бәсекелі ортаны қолдау үшін ұзақ мерзімді институциональды стимул құру, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік климат; қалалық бағдарламаларды тұрақты жүзеге асыру мониторингі және олардың орындалу нәтижесі туралы тұрғындарды кең ауқымда ақпараттандыру.



Табыс түсімін болжау

Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің қосымшасын орта мерзімдік макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерінің базасында 2010 – 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет табыстары анықталған.

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің жалақысының 30 % өсуі есептелген және 2010 жылы 5 % дейін Мемлекеттік сақтандыру қорына жарналардың өсуі нәтижесінде әлеуметтік салықтың түсімі, 2011 – 2013 жылдарда еңбекақынынң орташа мөлшерінің өсуіне байланысты жеке табыс салығының өсуі.

2011 – 2013 жылдарға арналған Шахтинск қаласы бюджетінің табыстары бойынша көрсеткіштер болжамы:

2011 жылдарға болжам 934 093 мың теңге соммасында, соның ішінде:

- салықтық түсімдер – 900 855 мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 7 645 мың теңге;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсім – 24 610 мың теңге.

2012 жылдарға болжам 996 913 мың теңге соммасында, соның ішінде:

- салықтық түсімдер – 961 805 мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 8 180 мың теңге;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсім – 26 333 мың теңге.

2013 жылдарға болжам 1 036 826 мың теңге соммасында, соның ішінде:

- салықтық түсімдер – 999 260 мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 8 753 мың теңге;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсім – 28 176 мың теңге.

2010 жылға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу әдістемесі 2011 – 2013 жылдарға арналған қала бюджетін болжамды анықтау кезінде қабылданған.

Табысты болжау кезінде салықтың әр түріне жеке жақындау жолы қолданылған.

Салық түсімдерінің кұрамындағы түсімдер көлемінің көбі әлеуметтік табыстан және жеке табыстан мүлік салығы, төлем көздерінен алынатын, оларға салық салу базасының қоры болып еңбекақы қоры, мүлік салығы, жер салығы жатады.

Салық түсімдерін болжау динамикасы келесідей болып келеді: 2010 жылға базистік жағдайда. 2011 жылы өсім 105 %, 2012 жылы 113 %, 2013 жылы 121 %. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімнің оңтайлы өсімі: 2011 жылы 115 %, 2012 жылы осындай өсім 119 %, 2013 жылы 130 %. Қала бюджетінің табысын қарастырып, оның 2011 жылы 112 % болжамды өсімін байқауға болады, 2012 жылы 119,6 %, 2013 жылы 2010 жылғы базистік жағдай бойынша 124,4 %.



2011 – 2013 жылдарда бюджет табысының динамикалық болжамы

Оның ішінде, салық түсімдерінің үлесі, барлық қарастырылған кезеңге 96 %.

Салықтық түсімдерінің құрылымы

Бюджет шығындарының болжамы
Сонғы жылдар ішінде қала экономикасы тұрақты өсімді көрсетті және бюджет профицитін қамтамасыз етті.

Мемлекеттің әлеуметтік кепілдігін сақтауға және келесі экономикалық өсімге дайындыққа бағытталған бюджет қаржысын ұтымды пайдалану саясаты және үнемдеу жүргізіледі.

2009 жылғы бюджетті нақтылау кезінде сәйкес шаралар қабылданған, бағыттар бойынша шығындар қысқартылған, соның ішінде жергілікті мемлекеттік органдардың әкімшілік шығындары, сонымен бірге оларды қаржылай – техникалық жарақтау және күрделі жөндеу.
2009 – 2013 (млн. теңге) жылдарға бюджет шығындарының динамикасы

Бес жылғы кезеңге бюджет шығындарының динамикасын талдау, 2010 жылы шығындардың 27,2 % өсуін белгілеуге болады, 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 25,5 % өсуі болжамдалады алдыңғы жылға қатысты және 2009 жылғы базалыққа қатысты 59,6 % өскен. 2012 жылы болжамды жоспарлау 2011 жылға қатысты 111 % деңгейінде өсуін белгілеуге болады, ал 2009 жылмен салыстырғанда 78 % өскен. 2013 жылы шығындарды болжамы 102, 4 % өсуін құрайды, 2012 жылға 2009 жылға қатысты 183 %.

2011 жылға арналған шығындар түрлері бойынша бюджет шығындарының құрылымын болжау

2011 жылға шығын түрлері бойынша шығындар құрылымын талдай отырып белгілеуге болады, яғни:

- еңбекақы, әлеуметтік төлемдер, коммунальдық төлемдер 60,1 % алады;

- жолдарды ұстауға және жөндеуге, абаттандыруға, қаланы жарықтандыруға 20,7 % келеді;

- ғимаратты жөндеу- 6,3 % құрайды,

- негізгі қаражатты алу – 3,3 % құрайды;

- алғашқы қажеттілігі бар тауарларды сатып алу- 3,3 %;

- тұрғын үйді қалпына келтіру- 1,8 %;

- жалпы міндетті оқу шығындары – 1,5 %,

- басқа да шығындар - 3 %.

Жоспарлы кезеңде бюджеттік саясатты жетілдіруге және мемлекеттің барлық алынған міндеттемелерін уақыттында жүзеге асыруға бағытталады, бірінші кезекте, әлеуметтік міндеттемелер, сонымен бірге аймақ тұрғындарының әлеуметті қолдауға бағытталған жұмыспен қамтуды қосқанда іс – шаралар.

Сонымен қатар, бюджеттің әлеуметтік бағыты әлеуметтік келешекте сақталады және жоспарлау кезінде негізгі шығындар басымдықтары аймақ тұрғындарының қолайлы жағдайы, оларды әлеуметті қолдау, денсаулық және білім беру, сондай – ақ экономиканың дағдарыс кезінде сапалы өсіміне жағдай жасау.

Қала бюджетінің шығындарын болжау кезінде Ел басының Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауында айтылған «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан азматтарының әл ауқатын арттыру», «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» тапсырмасын орындау үшін іс – шаралар есептелген

2011 – 2013 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы 2 қосымшада көрсетілген.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет