«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау»



бет1/6
Дата05.07.2016
өлшемі353 Kb.
#179420
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-1-14/3-2013

ПОӘК

«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

№ 1 баспасы

3.09.2013ж



«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
мамандығы 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

студенттеріне арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013




Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


ГЛОССАРИЙ

Адаптация – жүйе мен оның бөлімдерінің сыртқы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуі. Адаптация белсенді (жүйенің ортаға әсер етуі) және пассивті (ортаның өзгеруіне жауап беру) болуы мүмкін.

Талдау – бүтінді бөлшектерге бөлу және болжаудың, оптималдандырудың, негіздеудің, жоспарлаудың және обьектіні дамыту бойынша басқарушы шешімдерді жүзеге асыру үшін жедел басқарудың сапасын арттыру мақсатында олардың арасында өзара қарым- қатынас орнату.

Апробация – тәжірибеде, нақтылы жағдайларда теориялық жағынан құрастырылған әдістерді, есептерді, сызбаларды, түрлі процесстердің моделдерін тексеру.

Қауіпсіздік – құпия ақпараттың таралып кетуін, құпияның бұзылуын, диверсияны жүзеге асырудың алдын алуға, экожүйе мен адам денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жүйе қалыптастырған жағдайлар.

Бизнес-жоспар – мекеменің жақын жылдарға және оны дамыта отырып стратегиясын анықтауға арналған құжаты.

Виоленттер – «күштік» сиратегиясымен ерекшеленетін, сипатталатын компания түрі.Олар бағаның орташа деңгейіне қанағаттанатын, сапаға «орташа» талап қоятын тұтынушылардың кең ауқымына арналған өнімді жаппай және ірі көлемдерде шығарумен айналысады.

Мекеменің сыртқы ортасы – макроортаның аймақ инфрақұрылымының, мекеме микроортасының оның тұрақтылығына, нәтижелілігіне және бәсекегеқабілеттілігіне тікелей немесе жанама ықпал ететін бөлімдері.

Ішкі факторлар – іс- әрекеті жоғары деңгейде мекеменің өзіне тәуелді болып келетін факторлар.Оларға мыналар жатады: мекеменің дамуының мақсаты мен стратегиясы, менеджмент жүйесінің жағдайы, жұмыс сапасы, жағдайы (тапсырыстар портфелі, өндіріс пен басқару құрылымы т.б.).

Товардың қайта өндірілу циклі – әр товар моделінің шығарылу уақыты мен бағдарламасы шеңберіндегі шығарылып жатқан, жобаланған және болашақта шығарылуы тиіс товарлардың өзара алмасу динамикасы.

Сапаны жалпылама басқару (ТQМ) – басшылық пен барлық деңгейлердегі қызметкерлердің қатысуымен, техникалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып қызметтің барлық салаларын зерттеулер мен құрастырулардан сатқаннан кейінгі қызмет көрсетуге дейінгі басқару әдістері мен жүйесін жан- жақты мақсатты және жақсы үйлестірілген түрде қолдануды қарастыратын концепция.

Қосымша процесс – еңбек затын оны жұмыс істейтін құрал- жабдықтармен, кесетін және өлшейтін саймандармен, отын- энергетика қорларымен т.б. тікелей қамтамасыз ету арқылыөзгерту бойынша негізгі процесстің дұрыс жүруіне ықпал ететін процесс.

Диверсификация – инвестициядағы тәуекел мен белгісіздік деңгейін азайту мақсатында өндірілетін өнім номенклатурасын немесе қызмет саласын кеңейту.

Дисконттау – болашақ шығындарды есептік немесе ағымдағы кезеңге дисконт ставкасын есепке ала отырып байланыстыру әдісі.

Өміршеңдік– техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің белгіленген жүйесінде шектік жағдайға жеткенге дейін товардың жұмыс қабілеттілік жағдайын сақтау қабілеті. Ұзақ мерзімділік көрсеткіштеріне мысалы қызмет етудің нормативтік мерзімі (сақталу мерзімі), бірінші күрделі жөндеуге дейінгі товардың қызмет мерзімі т.б. жатады.

Басымдылық жағдай – шаруашылық жүргізуші субьектінің немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субьектілердің товар нарқындағы ерекше жағдайларға ие болуы, ауыстырушыларының немесе бірін бірі алмастыратын товарлардың болмауы,тиісті товар нарқында товар айналымының жалпы жағдайларына шешуші ықпал ету мүмкіндіктері бар немесе өзге шаруашылық жүргізуші субьектілерге нарыққа енуге қиындықтар жасауы

Заң – табиғатта, қоғамда, адам санасында көрінетін, жүйе бөлімдері арасындағы обьективті және тұрақты байланыстарды көрсетеді.

Онтогенез заңы: әрбір мекеме өз дамуында төмендегідей өмір айналымынан өтеді: қалыптасу, гүлдену, өшу.

Сннергни заңы: ұйымдасқан тұтастың қасиеттерінің қосындысы осы тұтастың құрамына кіретін әр бөлшектің қасиеттерінің арифметикалық қосындысына тең келмейді.

Индексті әдіс – қазіргі нақтылы жағдаймен салыстырғандағы кез келген бір жағдайдың болашақта өзгеруін сипаттайтын, индекстердің көмегімен қазіргі жағдайдағы көрсеткіштерді болашақтағы кезеңмен салыстыруға негізделген талдау мен болжау әдістері.

Инновациялық қызмет – стратегиялық маркетинг, НИОКР, өндірістің ұйымдық- технологиялық дайындығы, жаңалықтарды өндіру мен рәсімдеу, оларды енгізу (инновацияға айналдыру) және өзге салаларға тарату (инновация диф­фузиясы) бойынша жұмыстар.

Инновациялық жоба – уақыт пен кеңістікте ұйымдық- инновациялық процесстерді немесе қандай да болмасын бір мәселені шешу бойынша ғылыми негізделген іс- әрекеттер мен мақсаттар жүйесін анықтайтын құжаттар жиынтығы.

Инновация – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми- техникалық немесе тағы басқа нәтижелер алу мен басқару обьектісін өзгерту мақсатында жаңалықтар енгізудің соңғы нәтижесі.

Құжат сапасы – осы құжат параметрлерінің оны рәсімдеуге қойылатын талаптарға, мазмұнына, оны өз мақсатында пайдалану мүмкіндігіне, бастапқы ақпаратпен салыстыруға, қазіргі заманғы әдістер мен көзқарастарды қолдануға басқарушы шешімдердің негізделуіне қойылатын талаптарға сәйкестік деңгейі.

Өндірісті кіріктіру – өндірісті ұйымдастырудың өндірістің түрлі салаларын технологиялық тізбек бойынша өндірісаралық байланыстарды жеңілдету мақсатында бір ірі мекемеге біріктіруге негізделген түрі.

Коммутанттар – жергілікті нарықтың қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған компания түрлері (біріктіруші стратегия). Олар нақтылы тұтынушының қажеттіктерінің бойынша шағын көлемді қажеттіктерді қанағаттандыруға бейімделеді.

Бәсекелестік күрес – бәсекелес мекемелердің нарықтағы өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын жүзеге асыру мақсатындағы іс- әрекет әдістері.

Бәсекедегі басымдық – басқару обьектісінің артықшылықтары немесе субьектінің бәсекелесіне қарағанда қызметтің кез келген бір саласы бойыншажоғары құзыреттілігі.

Бәсекеге қабілеттілік – обьектінің осы нарықта жұмыс істейтін өзге обьектілермен салыстырғандағы нақтылы қажеттіктерді қанағаттандырудың жоғары деңгейімен сипатталатын қасиеті.

Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі – өндірістің күрделі ашық ұйымдық- экономикалық жүйе ретінде бәсекеге қабілетті өнім шығару, бәсекелестік жағдайында одан әрі даму мен қызмет ету үшін қажетті коммерциялық жетістіктерге жету қабілеті.

Технологияның бәсекеге қабілеттілігі – осы технологияның өзге де ұқсас технологиялармен бәсекелесу қабілеті, ұқсастықты болдырмау, осы технология бойынша жүйеге кіру сапасын төмендетпестен құрастырушы- технологиялық құжаттарға сәйкес сапалы және үнемді өнім дайындау мүмкіндіктері.

Өндірісті бір орынға жинақтау – бір немесе бірнеше ұқсас өнім түрлерін немесе қызметті өндіруді шағын аймақ шеңберіндегі ірі мекемеге орналастыру.

Концепция – проблеманы шешуге, мекеме стратегиясын қалыптастыруға, жеке іс- әрекет ережелерін қалыптастыруға ықпал ететін, көрсеткіштер, факторлар, жағдайлар жүйесін анықтауға мүмкіндік беретін немесе осы құбылыс пен жүйенің өзара байланысының негізін ашып көрсететін негіз қалаушы принциптер, идеялар, ережелер кешені.

Цехаралық өндірістік процесс – мекеме бөлімшелері арасында жүретін процесс.

Модель – басқару обьектісінің шартты түрі.Моделдер логикалық, физикалық немесе экономо- математикалық болуы мүмкін.

Модернизация – жетілдіру, обьектіні жақсарту, оны нарықтың немесе нормалардың жаңа талаптарына сәйкестікке келтіру.

Мониторинг – обьектіні үздіксіз, кешенді бақылау, параметрлерін өлшеу мен олардың қызметіне талдау жасау.

Қызмет көрсетуші процесс – еңбектің осы нақтылы затымен байланысы жоқ, мекеменің «кірісі» мен «шығысында» көлік қызметін көрсету арқылы негізгі және қосалқы процесстердің дұрыс жүруін қамтамасыз ететін процесс.

Оптимизация – обьектінің оның ең жақсы жағдайына қол жеткізілетін параметрлерінің маңызын анықтау мақсатында нәтижеге ықпал ететін көптеген факторларды қарастыратын процесс. Мұнда обьектінің жүйе ретінде шығуының оптималды параметрлері қамтамасыз етіледі.

Ұйымдық құрылым – мекеменің (фирманың) қызмет етуі мен дамуының стратегиялық, тактикалық және жедел басқарылуын жүзеге асыратын, өзара байланысты басқару органдарының жиынтығы.

Өндірістің ұйымдық- техникалық деңгейі (ОТУП) – менеджменттің мақсатты жүйешесінің ғылыми- техникалық процесс және мекеме деңгейіндегі инновациялық саясаттың нәтижелерімен сипатталатын бөлігі.

Ұйым – 1) жүйенің субстанциясы, оның құрылымы мен мазмұны, мекеменің заңды тұлға ретіндегі негізі мен түрі; 2) жүйенің кірісін оның шығысына айналдыру процессі, жүйенің мақсатына жетуі бойынша басқару қызметі.

Әлеуметтік- экономикалық жоспарлау – екі элементтің бірлігі: 1) жүйенің құрылымы мен мазмұнының, оның заңды тұлға ретіндегі түрінің 2) бәсекеге қабілетті товар шығару мақсатында жүйенің кірісін оның шығысына айналдыру бойынша қызметіне сәйкес қызмет ету процессі.

Өндірістік процессті ұйымдастыру – 1) кеңістікте– мекеме территориясында оның «кірісін» «шығысқа» айналдыруды ұйымдастыру бойынша негізгі, қосалқы және қызмет көрсетуші процесстерді үйлестіру әдісі. 2) уақыт ішінде – «кірісті» «шығысқа» айналдыруды ұйымдастыру бойынша негізгі, қосалқы және қызмет көрсетуші процесстерді үйлестіру әдісі

Көрсеткіш – обьектінің жағдайын білуге мүмкіндік беретін өлшем, бірлік.

Пайдалы эффект – обьектінің жемісі, бәсекеге қажеттілікті қанағаттандыратын обьект сапасының нақтылы жағдайдағы дербес көрсеткіштерінің жүйеде қолданылатын кіріктірме көрсеткіші.

Өнім – қызметтің немесе процесстердің нәтижесі.

Еңбек өнімділігі – еңбек қорларын пайдалану нәтижелілігінің көрсеткіші.

Өндірістік процесс – белгіленген мерзімде белгіленген товар сапасы, саны, түрін дайындауға бағытталған еңбек және табиғи процесстердің кешені.

Өнім өндіру – өнім жасау процессі, құрастырушының идеясын нақтылы обьект етіп шығару.

Процедура – қойылған мақсатқа жету үшін орындауды қажет ететін операцияның бір бөлігі ретіндегі нақтылы іс- әрекеттер.

Маңызына қарай іріктеу – факторларды олардың нәтижелілігі, актуалдылығы, кеңдігі, тәуекел деңгейі бойынша маңыздылығын, салмақтылығын, деңгейін анықтау.

Мамандану – еңбекті жекелеме түрлері, формалары бойынша бөлу; қызметті шартты түрде тар, арнайы маманданған бағыттарға, шығарылатын өнімнің немесе жекелеме технологиялық операцияның қызметіне жинақтау.

Құрылым – жүйенің басты мақсатын неғұрлым жақсы орындау үшін жүйенің негізгі бөлімдерін үйлестіру әдісі.

Проблеманы құрылымға бөлу – проблеманы иерархиялық деңгейі бойынша бөлімдерге бөліп орналастыру, олардың арасында өзара байланыс орнату және мақсаттар ағашын құрастыру.

Тактика – стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді қысқа мерзім ішінде орындау үшін пайдаланылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.

Технология – жүйенің товарға енуінің бастапқы материалдық қорларының, ақпараттардың, өзге де бөлшектерінің, шығыстың өзге де бөлшектерінің қайта құрылуының әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Өндіріс түрі – өнім өндірудің мерзімділігі, кеңдігі, номенклатурасымен негізделетін өндірісті ұйымдастыру элементтері мен факторларын үйлестіру ерекшеліктері және ұйымдық- техникалық, экономикалық сипаттамалардың жиынтығы.
2 ДӘРІСТЕР

Дәріс 1. Нарық жағдайындағы әлеуметтік- экономикалық жоспарлаудың ролі. Жоспарлауды ұйымдастыруға мемлекеттік көзқарас

1. ӘЭС- тың нарық жағдайындағы ролі.Әлеуметтік- экономикалық дамуды мемлекеттік жоспарлаудың қажеттігі.

2. Жалпымемлекеттік жоспарлаудың негізгі түрлері: директивті, индикативті және стратегиялық.

1. ӘЭС- тың нарық жағдайындағы ролі. Әлеуметтік- экономикалық дамуды мемлекеттік жоспарлаудың қажеттілігі.

«Мұны істеуге болмайды дей отырып ештеңеге қол жеткізуге болмайды»

«Жоспарлау – бұл дегеніміз кездейсоқ нәтиже алудың неғұрлым тиімді әдісі туралы ойластыру деген сөз » Бирс

«Жоспар - түк емес, жоспарлау – бәрі» Дуайт Эйзенхауэр

«Алдыңа қара, әйтпесе артта қаласың » Бенджамин Франклин

ӘЭЖ ғылым ретінде.ӘЭЖ ғылымының пәні нарықтық экономиканың дамуын анықтайтын обьективті заңдарды тәжірибелік қызметте пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру (болжамдар, жобалар, бағдарламалар, жоспарлар құру бойынша), ӘЭЖ- дың түрлі проблемаларын шешудің әдіснамасы мен әдістемесін құрастыру мен жетілдіру, ӘЭД жоспарларын жүзеге асыруды ұйымдастыруды зерттеу болып табылады.

ӘЭЖ обьектісі – ұлттық экономиканың құрылымдық элементтері мен шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қызметі, жақын және ұзақ мерзімдік болашақтағы жағдайына байланысты елдің бүкіл ұлттық экономикасының қызметі.

ӘЭЖ негізі обьективті экономикалық заңдар жүйесін саналы түрде пайдалану негізінде, экономикалық теорияның негізгі ережелері мен қорытындыларын пайдалану негізінде, жинақталған тәжірибе негізінде жоспарлы құжаттар жүйесін орындау арқылы экономиканың дамуын ғылыми негізделген басқаруды қамтамасыз етуде жатыр.

ӘЭЖ теориясының пәні - әлеуметтік- нарықтық шаруашылық (Людвих Эрхард). Басқарусыз экономикалық және әлеуметтік прогрессті қамтамасыз ету мүмкін емес.
2. Жалпымемлекеттік жоспарлаудың негізгі түрлері: директивті, индикативті және стратегиялық

Басқару субьектілері : әлеуметтік институттар, адамдар топтары, жеке тұлғалар. Макродеңгейдегі және жергілікті деңгейдегі басқару субьектілері. Басқару обьектілері: барлық әлеуметтік институттар, адамдар топтары, жеке тұлғалар.Басқарудың екі жақтылық сипаты : басқарудың ұйымдық- техникалық және әлеуметтік- экономикалық жақтары.

Басқарудың негізгі қызметтері:

Басқарушы шешімдерді дайындау мен қабылдау

Олардың орындалуын ұйымдастыру

Мүдделендіру мен ынталандыру

Шешімдердің орындалуын есепке алу мен талдау

Шешімдердің орындалуын реттеу

Мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық процесстерге араласу түрлері: МЭР (оның түрлері: құқық нормалары (әкімшілік- құқықтық реттеу); бюджеттік- салықтық тетіктері; несиелік- қаржылық құралдары; ӘС)

ҚР бағдарламалық құжаттарының иерархиясы:

2010 ж. дейінгі ҚР ӘС және ҚР 2015 ж. дейінгі индустриялды- инновациялық даму стратегиясы

ҚР атқарушы билік органдарының бағдарламалық құжаттарының иерархиясы:

Қазақстан– 2030 стратегиясы – бұл елдің ұзақ мерзімге арналған бағытын анықтайтын құжат. Мемлекеттің барлық бағдарламалық құжаттарына негіз болады.

Мемлекеттің алдағы кезеңдегі әлеуметтік- экономикалық саясатының маңызды бағыттарын қамтитын және оларды жүзеге асыру шараларын қарастыратын Үкімет қызметінің бағдарламасы.


  1. Индикативті жоспар: ӘЭС мақсатты жақтары және мемлекеттік экономиканы реттегіштердің тізімі.

  2. Бағдарлама: нақтылы әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған билік органдарының жүйелі және кешенді шаралары. Әрбір бағдарлама – бұл түрлі билік органдарының қызметін үйлестіру үшін мерзіммен , қорлармен және міндеттермен шектелген құжат.

Бағдарламаның негізгі түрлері :

  1. Мемлекеттік бағдарламалар – жалпымемлекеттік стратегиялық проблемаларды шешу үшін ҚР территориясының бүкіл аумағында немесе үлкен бөлігінде жүзеге асырылады.

  2. Салалық немесе секторлақ бағдарламалар орта мерзімдік индикативтік бағдарламалар құрамында тиісті орталық атқарушы органдардың кәсіпорындармен бірлесе отырып құрастырылады.Бұл бағдарламаларды бекіту ҚР құқықтық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Аймақтық бағдарламалар

Бағдарламаларды қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, мемлекеттік алымдар, тікелей инвестициялар, халқаралық қаржы органдарының гранттары немесе донор елдердің гранттары.Салалық және аймвақтық бағдарламалар бойынша банкаралық несиелер, кәсіпорындардың өз қаражаттары.

Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. ӘЭС- тың басқару процесстеріндегі ролі.

2. Жоспарлау жүйесі.Жалпымемлекеттік жоспарлау түрлері.

3. ҚР бағдарламалық құжаттарының иерархиясы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР,1999. – С. 5-18

  2. Стратегическое планирование. Под ре. Уткина Э.А. _ М.: Экмос,1999. – С. 6-35

  3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. под ред. Морозовой М: :ЮНИТИ-ДАНА, 1999г. – С. 8-28


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет