«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау»


Дәріс 3. Әлеуметтік- экономикалық болжам жүйесі мен принциптері



бет3/6
Дата05.07.2016
өлшемі353 Kb.
#179420
1   2   3   4   5   6

Дәріс 3. Әлеуметтік- экономикалық болжам жүйесі мен принциптері


1. Әлеуметтік- экономикалық болжам жүйесі.Болжамның негізгі топтары.

2. Болжамның негізгі принциптері


3. Болжамның негізгі қызметтері.

1. Әлеуметтік- экономикалық болжам жүйесі. Болжамның негізгі топтары.

  Әлеуметтік- экономикалық болжам деп болжам әдіснамасының, ұйымдастырылуының, құрылымының белгілі бір деңгейдегі бірлігін айтады, бұл олардың келісіліп істелуін, сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ұлттық болжам кешенді сипатта болады, кеңейтілген қайталап өндірудің барлық деңгейлері мен жақтарын қамтиды. Кез келген дербес ұлттық болжамдар экономикалық дамудың түрлі жақтарын сипаттай отырып шартты түрде дербестелуімен сипатталады және өзіндік ерекшелігі бар мазмұны болады. Алайда олар бір бірімен тығыз байланысқан және тұтас жүйені құрайды, олар төмендегідей болжам түрлерінде берілуі мүмкін.



Технико- экономикалық болжам халық шаруашылығының, оның салаларының, өндірістің орналасуын, өнім өндірудің технико- экономикалық көрсеткіштер динамикасын, оның жаңа түрлерінің игерілуін, өндірісті қаржыландыруды, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді т.б. даму болашағын зерттейді.

Ғылыми- техникалық болжамдар ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін, іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуын, техника мен технологияның жаңа түрлерін, ҒТП- тің салдарын анықтай отырып қарастырады.

Әлеуметтік- экономикалық болжам халықтың өмір сүру деңгейінің өсімін, кірістерді, тұрғындардың азық- түлік пен өндірістік емес товарларды тұтынуын, әлеуметтік инфрақұрылым саласының дамуын, демографияны, халықтың еңбекпен қамтылуын т.б. мәселелерді зерттейді.

  Жаратылыстану- табиғи болжамдар табиғи қорлар мен оларды шаруашылық айналымға тарту мәселелерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайын, қоршаған ортаның жағдайын қарауымен сипатталады



Сыртқы экономикалық болжамдар шет елдермен қарым- қатынастардың болашағын, ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа кірігуі мәселелерін, экспорт пен импортты жетілдіру мәселелерін т.б. мәселелерді қарастырады.

Қазіргі таңда біздің елімізде ұлттық болжамдар жүйесін құрастыру мәселесі әлі аяқталған жоқ және болашақта осы бағытта көп жұмыс істеу мен ізденістерді қажет етеді.



2. Болжамның негізгі принциптері.

Әлеуметтік- экономикалық болжам бірнеше принциптерге негізделеді.Біз солардың ішіндегі ең маңыздыларын қарастырамыз.



Болжамның жүйелілігі принципі мұнда халық шаруашылығы бір жағынан біртұтас обьект ретінде қарастырылса, екінші жағынан- болжамның шартты түрде дербес обьектілері немесе бағыттары жиынтығы ретінде қарастырылады. Жүйелілік көзқарас болжамдардың белгілі бір реттілік пен бағыныштылығымен сипатталатын әдістер мен моделдер жүйесі негізінде құрылуын қарастырады, бұл халық шаруашылығының әрбір обьектісі бойынша экономикалық дамудың келісілген және бір біріне қарама қайшы келмейтін болжамдарын құрастыруға мүмкіндік береді. Алайда көшпелі кезең экономикасы жағдайында әлеуметтік- экономикалық болжамның толыққанды біртұтас жүйесін құрастыру өте қиын да күрделі мәселе.Осыған байланысты блоктық моделдерді жетілдіру, шешімнің есептеуіш әдістерін пайдалану, ақпараттық мәліметтер банкін құрастыру қажет. Саясат пен экономиканың бірлігі принципі экономиканың даму мәселелерін қарастыруда, болжамдар мен бағдарламалар құру кезінде барлық шаруашылық субьектілерінің экономикалық мүдделерінің жиынтығы есепке алынуы керектігін көрсетеді, сонымен қатар болжамның кейбір бағыттары бойынша ең алдымен жалпымемлекеттік мәселелер есепке алынуы тиіс (қаржы жүйесінің тұрақтылығы, елдің біртұтастығын қамтамасыз ету мен сақтау, елдің қорғаныс қабілетін нығайту мен дамыту т.б.).

Ғылыми негізделу принципі барлық деңгейлердегі экономикалық болжамдарда қоғам дамуының экономикалық және өзге де заңдарының талаптарын жан жақты есепке алу қажеттігін, ғылыми құралдарды пайдалануды, болжам құрастырудың отандық және шет елдік тәжірибелерінің жетістіктерін пайдалануды қарастырады.

Болжамның сәйкестілік принципі обьективті заңдылықтар тек анықтау процессі арқылы ғана сипатталмайды, сонымен қатар халық шаруашылығының дамуындағы өзара байланыстар мен тұрақты бағыттарды бағалау және нақтылы экономикалық процесстердің теориялық бірлігін оның толық және дәлме дәл қайталануын қамтамасыз ету арқылы құрастыру болып табылады.

Болжамның нұсқалылық принципі халық шаруашылығы мен оның жекелеме бөліктерінің түрлі даму бағыттары бойынша даму мүмкіндігін түрлі өзара байланыстар мен құрылымдық қарым- қатынастар негізінде байланыстыра қарастырады. Халық шаруашылығының дамуының түрлі нұсқаларының пайда болуының көздері қызметін қайта өндіру жағдайындағы мүмкін болатын сапалық алға жылжушылық, оны шешудің экстенсивті жолдарынан интенсивті жолдарына көшу, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын қалыптастыру мәселелері атқарады.

Мақсаттылық принципі болжамның белсенді сипатын қарастырады, себебі болжамның мазмұны тек болашақты білумен ғана шектелмейді, сондай- ақ мемлекеттік билік пен басқару органдарының белсенді әрекеттері арқылы экономикада қол жеткізілуі тиіс мақсаттарды да қамтиды.
3. Болжаудың негізгі функциялары.

Солардың ішінде келесі функцияларды атап көрсетуге болады.



  1. Экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық үрдістер мен тенденциялардың ғылыми талдауы. Ол үш саты бойынша жүзеге асады: ретроспекция, диагноз, проспекция.

Ретроспекция деп болжау объектісінің даму тарихы оның жүйеленген сипаттамасын алу үшін зерттелетін болжаудың кезеңі ретінде түсінуіміз керек. Бұл сатыда болжауға қажет ақпараттарды, ақпарат көздерін жинау, сақтау және өңдеу, ақпарат көздерінің құрамын, және де өлшеу әдістерін оптималдау және ретроспективті ақпарат ұсыну, болжау объектісінің құрылымын және сипаттама құрамын ақырғы ретті құру жүзеге асады.

Диагноз – болжау объектісінің даму тенденциясын анықтау және болжау модельдерін және әдістерін таңдау мақсатымен оның жүйеленген сипаттамасы зерттеледі. Бұл сатыда талдау болжаудың моделін әзірлеумен қатар болжаудың адекватты әдісін таңдаумен аяқталады.

Проспекция сатысында диагноз ақпараты бойынша келешекте болжау объектісінің дамуы болжаланады, болжаудың дұрыстығын, дәлдігін немесе негізін (верификация) бағалайды, сонымен қатар болжау принциптерінің негізінде (синтез) нақты болжауларды біріктіру арқылы болжаудың мақсатын жүзеге асырады (реализация). Проспекция сатысында болжау объектісі жөнінде жетіспейтін ақпарат анықталады, бұрын алынғандарды нақтылайды , қайта түскен ақпарат бойынша болжау объектісінің моделіне түзетулер енгізеді.

2.Белгілі бір периодта нақты жағдайларда халық шаруашылығының дамуының әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың объективті байланыстарын зерттеу.

Болжаудың үздіксіз сипатында оның объектісінің талдауы сол сияқты үздіксіз болады, болжау құрылуының барлық сатысында қатар жүреді, сөйтіп нақты объект пен оның болжау моделінің арасында кері байланыс жүзеге асады. шаруашылық процестерін және экономиканың даму тенденциясын ғылыми талдау нәтижесінде қабылданған шешімдердің болашақ дамуға қаншалықты сәйкес келетіні анықталады, экономикадағы сәйкессіздіктер табылады, мемлекет жеткен деңгей әлемдік тәжірибемен салыстырылады.

3.Болжау объектісін бағалау детерминирленгендік (анықтық, белгілі) және белгісіздік аспектілерінің бір-бірімен байланысуына негізделеді.



4.Экономикалық және әлеуметтік даму объективті варианттарды анықтау.

Теориялық зерттеулер , қоғам, жаратылыс (табиғи) және техникалық ғылымдар жетістіктер негізінде зерттелетін процестің және оның перспективаға даму тенденциясының объективті варианттары анықталады.

5.Белгілі бір шешімдерді негізделіп таңдау үшін ғылыми материалдарды жинау.

Болжау функцияларын жүзеге асыру екі тәсілдеме негізінде атқарылады: іздеу және нормативтік.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.ЭБ жүйесін түсіну. Болжау деңгейлері. Болжау түрлері.

2.Болжаудың негізгі функциялары.

3.Болжаудың негізгі функциялары.



Ұсынылатын әдебиет:

1.Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

2. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429

3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105


Дәріс4. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың әдістері мен модельдері.

1. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың спецификалық әдістері және олардың классификациясы

2. Болжаудың интуитивті әдістері

3. Болжаудың формализденген әдістері

4. Экономикалық болжаудың модельдері
1. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың спецификалық әдістері және олардың классификациясы (жіктелуі).

Экономикалық болжаудың спецификалық әдістері келесідей жіктеледі:

Формализациялау дәрежесіне қарай, формальді жүйе түрінде қандай да бір мазмұнды білім аймағын үйрену, бұл формальді логика ролі жоғарлатумен және ғылыми зерттеулердің математикалқ әдістерін қолдануымен байланысты, экономикалық болжаудың әдістерін интуитивті және формализденеген деп ажыратуға болады.

Интуитивті болжау әдістерін болжау объектісінің қомақты күрделі болғандықтан көптеген факторларды ескеруге болмайтын жағдайда қолданады.Осы кезде сарапшы бағалауын қолданады. Бұл кезде индивидуальді және коллективті сарапшы бағалауы деп ажыратады, олар ортақ іс принципін біріктіреді.

Индивидуальді сарапшы бағалау құрамына мыналар кіреді: «интервью» әдісі, аналитикалық әдіс, сценарий жазу әдісі, «мақсаттар бәйтерегін »құру . Нұсқалған әдістерді шектеу кезінде жіктеудің үшінші белгісі қолданады болжау ақпаратын алу әдіс-тәсілі. Коллективті сарапшы бағалау әдісіне «комиссия»әдісі, «коллективті идеяларды генерациялау» (ми шабуылы), «Дельфи» , матрицалық әдістері кіреді.

Формализденген әдістер тобына екі топша лар кіреді: экстраполяция және модельдеу. Бірінші топшаға ең кішкентай шаршылар, экспоненциалды тегістеу, орташа сырғулар әдістері кіреді. Екінші топшаға математикалық модельдеу, регрессионды және корреляционды талдау әдістері жатады.

Сонымен қатар, экономикалық болжау кезінде нормативті және баланстық әдістер кең қолданады. Экономикалық болжаудың әдістер классификациясында ерекше орынды комбинерленеген әдістер алады, олар әртүрлі әдістерді қолданады. Мысалы, коллективті сарапшылар бағалауы және моделдеу әдістері немесе статистикалық әдістер мен сарапшылар сұрастыруы.

2. Болжаудың интуитивті әдістері

Индивидуалды сарапшылар бағалау әдісі.

«Интервью» әдісі сарапшының маманмен тікелей байланыс жасау арқылы «сұрақ-жауап» сұлбасы бойынша жүзеге асады, болжаушы арнайы алдын-ала дайындалған бағдарлама бойынша экспертке болжаланатын объект тің даму перспективасына қатысты сұрақтар қояды.

Аналитикалық әдіс қандай да бір болжаланатын жағдайға логикалық талдауды жүзеге асырады және онытаналитикалық жазба түрінде береді. Ол сарапшының болжаланытын объектінің тенденциясы, жағдайын және даму жолдарын бағалауды талдау бойынша өз бетімен жасайтын жұмысын шамалайды.

Сценарий жазу әдісі әртүрлі жағдай кезінде уақыт барысында үрдіс және құбылыстың дамуының логикасын анықтауға негізделген. Сценарийдің негізгі жұмысы – болжаланатын объект дамуының генералды мақсатын анықтау, «мақсаттар бәйтерегінің» жоғары деңгейлерін бағалау үшін критерийлерді анықтау және формулирлеу. Сценарий - бұл сурет, онда міндеттерді шешудің бөлшектеп кезектеп көрсететін, мүмкін болатын кедергілерді анықтау, үлкен кемшіліктерді табу, болжаланатын объект бойынша бұл басталғандарды тоқтату мүмкіндіктері жөнінде немесе жүргізіліп жатқан жұмыстарды аяқтау жөнінде сұрақтарды шешу үшін жасалады.

«Мақсаттар бәйтерегі» әдісі бірнеше құрылымдық немесе иерархиялық деңгейлерді көрсетуге болатын жүйелерді, объектілерді, процестерді талдау кезінде қолданады. «Мақсаттар бәйтерегі» төмендейтін деңгейлерде әрі қарай кішірейе беретін компоненттерді кезектеп белгілеу жолымен құрылады.Суретте әр деңгейде әр бұтақ келесі төменгі деңгейдегі екі бұтаққа бөлінеді. Бұтақтану нүтесі төбесі деп аталады. Әрбір төбеден ең аз дегенде екі бұтақ шығуы керек, және де бұтақ саны жоғарыдағымен шектелмеген, яғни жоғары деңгейде олар үш, бес, және одан да көп болуы мүмкін.

«Мақсаттар бәйтерегін» құрған кезде үш шартты көрсету қажет:


  1. Бір төбеден шыққан бұтақтар тұйық көптікті құрау керек;

  2. Бір төбеден шыққан бұтақтар өзара шығарып тастайтындай болу керек, яғни бір төбеден шыққан әртүрлі бұтақтан шыққан объектілердің бірсыпырасы сәйкес болмау керек;

  3. Нормативтік болжау кезінде пайдалынатын «мақсаттар бәйтерегі» мақсаттар мен мақсатастылар біртұтас деп санау керек.

Коллективті сарапшыларн бағалау әдістері.

«Комиссия» әдісі алдын-ала жеке мамандармен формуленген болжау объектісінің даму перспективті бағыты бойынша сарапшылар ойларын келісушілігін анықтаудан тұрады.

«Дельфи» әдісі сарапшылар бағалауларын жүйелі жинауын ұйымдастырудан тұрады, олардың математикалық өңдеу және өңдеудің әр циклінен кейін нәтижелерге негізделіп өздерінің бағалауын кезекті түзетулерден тұрады.

«Идеяларды коллективті генерациялау» әдісі болжау объектісін мүмкін болатын даму варианттарын анықтау үшін арналған және барлық сарапшыларды белсенді шығармашылық процеске жұмылдыру жолымен қысқа мерзімде өнімді нәтиже алу үшін жасалады. Әдістің мәні «ми шабуылы» кезінде сарапшылардың шығармашылық потенциалын мобилизациялау және идеяларды генерациялау, және сол идеяларды кейін деструирлеу және контридеяларды жасау.



4.3 Болжаудың формализденген әдістері

Бұл әдістер математикалық теорияларға негізделеді, ол болжаудың шынайлығын арттыруды қамтамасыз етеді, оларды орындау мерзімін қысқартады, ақпаратты өңдеу және нәтижелерді бағалау қызметін қамтамасыз етеді.



Экстраполяция әдісі базистік период үшін белгілі болжаланатын периодқа экономикалық процес дамуының тенденциясын қосуы болып табылады, ол болашақта даму процесінің пайда болған шарттарын сақтауға негізделеді.

Бұл әдісті қолданған кезде объектінің болжау мерзімінен 2-3 есе асатын мерзімге даму тенденциясының тұрақтылығы жөнінде ақпаратқа ие болу керек. Экономикалық көрсеткіштер дің өзгеру ұзақ тенденциясын тренд деп атайды.



Модельдеу әдісі.

Модельдеу болжаудың эффектілі құрал деп есептеледі.

«Модель» деген сөз латын «modulus» деген сөзден шықты.

Ғылымда «модель» деген термин зерттеу объектісінің қандай да бір шартты бейнесін, ал болжауда экономикалық немесе әлеуметтік процесстерді білдіреді.

Моделдеу процесінің мазмұны келесі этаптардан тұрады:


  1. объектіні алдын ала зерттеуге негізделген моделді конструирлеу:

  2. объектінің негізгі сипаттамаларын анықтау;

  3. моделді эксперименталды және теориялық талдау;

  4. объектінің фактілі мәліметтерін модельдеу нәтижелерімен салыстыру;

  5. моделді түзеті немесе нақтылау.

Нормативтік әдіс болжау көрсеткіштерін есептеу негізінде қолданады. Норма мен нормативтер заң беруші немесе ведомство негізінде алдын ала әзірленеді. Норма – максимлды рұқсат етілген өлшем. Норматив - өндіріс процесінің элементтерінің қатынасы.

Норма мен нормативтерді ресурстық , экономикалық және әлеуметтік деп ажыратады. Қажет болған жағдайда олар жеке бағыт, объект, аймақ бойынша нақтыланады және дифференцияланады.



4.Экономикалық болжаудың модельдері

4.1 Болжаудың экономика-математикалық, факторлық, құрылымдық модельдер.

Экономика-математикалық модель бұл формаизденген қатынастар жүйесі, экономикалық жүйені құрайтын эелементтердің негізгі өзара байланысын сипаттайды. Экономика-математикалық модельдер жүйесі эконометрикалық типтегі экономикалық және әлеуметтік сипаттағы анағұрлым күрделі процестерді сипаттау үшін арналған.

Факторлық модель сол немесе басқа көрсеткіштердің деңгейін және динамикасының оған әсер ететін экономикалық көрсеткіштер (аргумент және фактор)деңгейі мен динамиасына тәуелділігін сипаттайды. Факторлық модельдерде әртүрлі мөлшердегі айнымалы өлшемдер және соған сәйкес параметрлер кіруі мүмкін. Факторлық модельдердің қарапайым түрлері бірфакторлы болып табылады, ол оның факторы уақытша параметр. Көпфакторлы модельдер болжаланатын көрсеткіштің деңгей мен динамикасына бірнеше факторлар әсер етеді.

Экономикалық болжау тәжірибесінде өнім шығарудың жеке факторлардың ролін бағалау үшін математикалық формула қолданылады.Ол өндірістік функция деген атқа ие болды. Ол микродеңгейде факторлар саны мен алынған өнім көлемі арасында техникалық қатынасты көрсетеді.

Құрылымдық модельдер бір тұтасты құрайтын немесе агрегат тың жеке элементтерінң байланысын қатынасын сипаттайды.Бұл модельдер құрылымдық-баланстық типті модельдер. Мұндай модельдер матрицалық формаға ие және сала аралық және аймақ аралық байланыстарды талдау және болжау үшін қолданылады. Құрылымдық-баланстық моделдің жиі қолданылатын формасы өндірістің және өнімді үлестеудің сала аралық балансы болып табылады.

Динамикалық сала аралық баланс моделі.

Сала аралық баланс экономика-математикалық модел болып табылады, кестенің жол мен колонкаларды қиылыстыру арқылы пайда болады, яғни өнімді үлестеу және нәтиже бойынша оны өндіруге кеткен шығындар балансы. Динамикалық моделдің сала аралық балансы халық шаруашылығының өндірістік байланысын бір қатар жылға сипаттайды, динамикада өндіру процесін көрсетеді. Сала аралық баланс ғылымда және тәжірибеде «шығын-өндіріс» әдісі деп аталады, ол В.В.Леонтьевпен әзірленген. Экономика-математикалық моделдер болжауда әлеуметтік-экономикалық-болжауды макроэкономикалық деңгейде құрастыру кезінде қолданылады. Мұндай моделдерге келесілер жатады:

-экономикалық өсудің бірфакторлы және көпфакторлы моделдері;

-қоғам өнімін үлестеу моделдер(ВВП,ВНП,НД);

-құрылымдық модельдер;

-сала аралық моделдер;

-негізгі қорды өндіру моделі;

-инвестиционды ағындар қозғалысының моделі;

өмір сүру деңгейі мен пайдалану құрылым моделдері;

-еңбекақы мен табысты үлестеу моделі.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Болжау әдістерін сипаттау және олардың нарықтық экономика жағдайындағы мәні.

2. Экономикалық болжау моделдері

3. Динамикалық сала аралық баланс моделі

4. Болжаудың макроэкономикалық моделдері.

Болжаудың экономика-математикалық моделдері



Ұсынылатын әдебиет:

1.Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

2. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429

3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105

4. Стратегия индустриально-инновационного развития РК на 2003-2015годы. – Правительственный бюллетень, № 3, 2003.- с. 126-132.
Дәріс 5. Әлеуметтік –экономикалық жоспарлаудың методологиялық аспектілері

1.Жоспарлаудың методологиясының мәні. Жоспарлау принциптері.

2.Жоспарлау алдындағы зерттеулер әдістер

3. жоспарлау әдістері



1.Жоспарлаудың методологиясының мәні. Жоспарлау принциптері.

Методология – ішкі ұйымдастырылуын және таным процесін реттейтін сипаттайтын құрылым, логикалық ұйымдастырылуын , әдістер мен құралдар туралы білім.

Жоспарлау методология- жоспарларды әзірлеу және негіздеу тәсілдемесін, принциптерін, көрсеткіштерін, методикаларын және әдістерінің жүйесі.

Жоспарлау принципі – жоспарлы құжаттарды әзірлеудің негізгі жағдайлары, негіздеуі және ұйымдастыру ережелері .

Жоспарлаудың негізгі методологиялық принциптері


  1. Ғылымилық

  2. Пропорционалдық және балансталғандық

  3. Қоғамдық _______ эффектілігін арттыру. Әлеуметтік бағыттылық принципі.

  4. Приоритеттік принципі

  5. Қысқа мерзімді және перспективалық мақсаттар мен міндеттер ді келістіру

  6. Саясат приоритеті кезінде экономика және саясат бірлігі принципі

  7. орталықтандыру және дербестік бірлігінің принципі

  8. Басқару шешімдерінің ғылыми негізделуі және эффектілік принципі

  9. жоғары рангілерден қызығушылығының басты болған кезде жалпы және локалді қызығушылықтарды біріктіру принципі

2. Жоспарлау алдындағы зерттеулер әдістер

Жоспарды негіздеу үшін келесі әдістердің біріктірілуі қолданылады:



  1. Жоспарлау алдындағы зерттеулер әдістер

  2. жоспарлау әдістерінің өзі

  3. математикалық әдістер

Жоспарлау әдісі – жоспар құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету және негіздеуі атқарылатын тәсілдер мен жолдардың біріктірілуі.

Жоспарлау алдындағы зерттеулер әдістер жоспарлау шешімдерін негіздеу процесінің методологиялық және логикалық бағыттылығын анықтайды.

Оның негізінде диалектикалық таным әдісі жатыр.

Жалпы әдістер:

Жүйелік талдау (С.А)– бұл күрделі мәселелерді шешудің эффекті жолдарын іздеуге тәртіпке келтірілген және мақсатты бағытталған тәсілдеме.

Экономикалық талдау (Э.А) зерттеу объектісінің қаржылық қызметінің нәтижесін жоспарлы жұмыста қолдануға арналған. Салалардың, сала аралық кешендердің өндірістік-шаруашылық қызметін жөніндегі мәліметтерді өңдеу әдістерінің бірлігі болып табылады..

Жоспарлау алдындағы зерттеулердің нақты әдістері:

1.Экономикалық топтау әдісі

2.Тікелей санау әдісі

3.қатынастар әдісі

4.Құрылымдандыру әдісі

5.Әлеуметтік оқу әдісі

6.Сарапшылар әдістері.

3. жоспарлау әдістері

Болжау, жоспар, бағдарлама әзірлеу әдістері:



Сараптық (бағалау) немесе эвристикалық:

А) массалық бағалау

Б) сарапшылар жұмыстар жүйелерін ұйымдастыру

В) олардың қызметінің ерекше жүйесі негізінде сарапшылар жұмыстар жүйелерін ұйымдастыру



Әлеуметтік-экономикалық талдау әдістері:

Салыстыру, таңдау, топтау, тізбектік подстановкалар,баланстық айырмаларды есептеу, индекстер,______ регресиялары,корреляции, басты компонент әдісі;



Тікелей инженерлі-экономикалық есептеулер әдісі:

өкіметтің экономикалық эффектілігін есептеу, инвестициялар, бағалы қағаздар табыстылық, проценттер өсу және т.б., нормативтік әдістер.



Баланстық әдістер;

ЭММ; жүйелі талдау мен синтез әдісі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Жоспарлаудың методологиясының мәні. Жоспарлау принциптері.

2.Жоспарлау алдындағы зерттеулер әдістер

3. жоспарлау әдістері

4.Нормативтік жоспарлау әдісі

5.Жоспарлаудың баланстықәдісі

6.Бағдарлама-мақсаттық жоспарлау әдісі

Экономика-математикалқ жоспарлау әдісі



Ұсынылатын әдебиет:

1.Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР, 1999. – с.18-36.

2. Статегическое планирование. Под. ред .Уткина Э.А. М.:Экмос, 1999.- с. 414-429

3. Прогнозирование и планирование в условиях рынка.Под.ред Морозовой,М.:ЮНИТИ-ДАНА, 1999, -с.75-105



Дәріс 6.Мемлекеттің экономикалық потенциалы – экономикалық және әлеуметтік болжаудың негізі

1.Мемлекеттің экономикалық потенциалы, оның сипаттамасы және құрамы

2. Мемлекеттің экономикалық потенциалын пайдалану эффектілігі

3.Экономикалық потенциалдың жағдайын және деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер



1.Мемлекеттің экономикалық потенциалы, оның сипаттамасы және құрамы

Мемлекеттің экономикалық потенциалы – мемлекеттің, оның салаларының, кәсіпорындарының, шаруашылықтарының өндірістік-экономикалық қызметті жүзеге асыру , өнім, тауар шығару , қызмет көрсету, халықтың сұранысын , қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, өндірістің дамуын және тұтынуын қамтамасыз етуді жүзеге асыруды мемлекет экономиксының біріктірілген қабілеті.

Мемлекеттің экономикалық потенциалы өзара байланысты потенциалдар кешені түрінде берілуі мүмкін: ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік-өндірістік, аграрлық-өндірістік, инвестиционды және әлеуметтік даму және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет