Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
жасалғандардың барлығы. Ғылым мақсаты – жаңа білімді меңгеру мен оны әлемді тану
тәжірибесінде қолдану. Ғылым екі маңызды элементтерден тұрады: өз ерекшеліктері мен
мақсаттары бар ғылыми білім жүйесі мен ғылыми іс-әрекет. Ғылыми білім жүйесі
элементтері: теория, заң, гипотеза (болжам), ұғым, ғылыми әдістер. Ғылым спецификасы ‒
әлемді түсіну мен оның заң, теория күйінде бейнелеуінде. Ғылыми теория – белгілі бір
теорияның объектісіне байланысты ақиқаттың аймағындағы заңдылықты беретін ғылыми
білімді ұйымдастыру формасы. Ғылыми теория – білім жүйесі бола отырып, айналадағы
объективті шындықты танудың негізгі құралы болады. Ғылыми теория оқытушының іс-
әрекетін
танымдық
деңгейде
талдап,
педагогикалық
құбылыстардың
өзара
байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің
теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан
әрі дамыту мүмкіндігін айқындап тереңдетеді. Педагогикалық теория – сан-алуан
педагогикалық құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі.
Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес,
оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын- ала болжауға мүмкіндік береді.
Сонымен, педагогикалық теория оқытушының педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі
ретінде қарастырылады (М.А. Лукацкий, Ш.Т. Таубаева).
Педагогикалық теориялар: Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар
теориясы. Басқару теориясы. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы.
Ғылыми заң – адам санасында бұрыннан жинақталған тәжірибелердің объективті
моделін беру, жинақтау.
Гипотеза – (гипотеза – грек. hypothesis – негіздеме, алдын-ала ұйғарым); тәжірибеде
әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болуға
мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми болжам, білім.
Ұғым – зат пен құбылыс объектісінің аталуы немесе олар туралы ой.
Ғылыми әдістер – ғылыми мәселелерді шешу мақсатына жету жолы, амал-тәсілдері.
Ғылым нәтижесі – білім. Білім ‒ адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдардың, деректер
мен пайымдардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |