Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
«Педагогикалық менеджмент» немесе «Білім саласының менеджері» деген атау қазір
кезде жиі қолданылатын болды, өйткені ол білім саласын жетік меңгерумен қатар,
қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және
психология ғылымдарымен қаруланған маман.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттық
өркениеттің прогрестік даму ерекшеліктеріне, қоғамдық – тарихи, саяси – әлеуметтік,
экономикалық жағдайларға бейім жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Сондықтан
қазіргі кезде менеджент білім беру жүйесіне де еніп отыр.
В.П.Симонов «Педагогикалық менеджмент» - деп педагогикалық жүйелердің өмір
сүруін жетілдіру мен дамытуға бағытталған басқарудың технологиялық тәсілдері мен
ұйымдастыру формаларының, әдістерінің, ұстанымдарының кешенін түсінеді.
Ж.Қ.Түймебаевтің бас редакторымен шыққан «Білім және ғылым» атты
энциклопедиялық сөздікте: «Педагогикалық менеджмент –оқу-тәрбие процесін, оның
тиімділігін арттыруға арналып бағытталған, басқару принциптерінің, әдістерінің, ұйымдық
формалары мен әдістемелік тәсілдерінің кешені» деп анықтама берілген.
К.Өстеміров, Н.Шәметов, И.Васильев үш автордың бірлескен оқулығында:
«Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру үрдісін басқарудың кешенді принципі мен
технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық
потнецялын көрсетіп қана қоймай, педагогтер, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән
міндеттер ауқымын жүктейді – деген анықтама берілген.
«Педагогикалық басқару» ұғымы «бiлiм берудi басқару» ұғымынан кең, өйткенi ол
тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (отбасы,
қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т.б.) қызмет етедi, яғни
педагогикалық басқарудың кез-келген «адам – адам» жүйесiнде орны бар.
Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты нысаны – өсiп келе жатқан
ұрпақтың іс-әрекетi. Оларды оқыту мен тәрбиелеудi басқару не тiкелей (мұғалiмдер,
тәрбиешiлер арқылы), не жанама – мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |