Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет20/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
категориялары: ЖОО тәрбие, ЖОО оқыту, ЖОО білім беру, педагогикалық жүйе, 
педагогикалық үдеріс, педагогикалық іс-әрекет, ғылыми-зерттеу іс- әрекеті, оқытушы және 
студент (білім алушы) т.б. 
Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі заманғы мәселелері:
• Жоғары мектептегі оқыту, білім беру, тәрбиелеу мәселелері; 
• ЖОО оқыту әдістері, құралдары, формаларының жаңа жүйесін табу; ЖОО оқытудың 
инновациялық технологиялары; ЖОО оқытудың болашағын болжау; 
• Жаһандану жағдайына сәйкес жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру; 
• Заманауи жоғары білім берудегі интеграциялық үдерістер; 
• Жоғары білім беру аймағындағы салыстырмалы зерттеулер; 
• Педагогикалық іс-әрекет контексіндегі құзіреттілік; 
• Кәсіби білім берудегі тәрбие компоненттері; 
• ЖОО білім алушыларды әлеуметтендіру; 
• Жоғары мектепті басқару заңдылықтарын анықтау; 
• Жоғары 
педагогикалық
білім беруде 
оқытушының 
шығармашылық 
құзіреттілігін дамыту мәселелері; Оқытушының ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту; 
Оқытушының педагогикалық шеберлік деңгейін диагностикалау; Оқытушы-студент қарым-
қатынасындағы мәселелер; Оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; Оқытушының 
кәсіби құзіреттілігі; ЖОО білім алушы тұлғасы; 
• ЖОО академиялық ұтқырлықтың білім беру сапасын арттырудағы орны; ЖОО 
дуальді білім беруді жетілдіру; ЖОО-ғы қос диплом мәселесі және т.б. 
 
1.2 (2-дәріс). Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері. 
Жоспары: 
1. Педагогика ғылымының құрылымы.
2. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық тұғырлары (тәсілдері).
3. Құзыреттілік тұғыр жоғары мектеп педагогикасының негізгі басымдылығы.
4. Құзыреттіліктердің қазіргі заманғы сан алуан түрлері: іргелі математикалық, 
жаратылыстану-ғылыми, экологиялық, техникалық саладағы мамандарды кәсіби, тілдік 
даярлау.
5. XXI ғасырдағы жаратылыстану-ғылыми білім беру 
 
Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу 
және logos – сөз, түсінік): 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру 
принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3) 
белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық 
сөздік). Әдіснама – ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге 
қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар 
негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып 
табылады. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігін және мазмұнын ашуда 
педагог- зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», 
«парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады. 
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы 
ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі 
педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, 
философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері 
туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский) 
Ғылым әдіснамасы, оның ішінде педагогика әдіснамасы көптеген шетелдік, отандық 
ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелуде: М.А. Данилов, А.М. Арсеньев, Ф.Ф. Королев, 
Н.К. Гончаров, Э.И. Моносзон, В.Е. Гмурман, С.И. Архангельский, М.Н. Скаткин, В.С. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет