Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет37/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Алғашқы жылдары Қазақ педагогикалық институты республикаға қажетті мамандар
ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, білікті мұғалім кадрларының бір 
шоғырын даярлап шығарды. 
Соғысқа дейінгі жылдар Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты үшін 
қалыптасу мен дамудың ең бір маңызды кезеңі болды. ҚазПИ-дің оқытушы-профессорлары 
мен студенттері жетілу, кемелдену сынағынан абыроймен өтті. Институт атағы бүкіл 
реуспубликамен одан тыс жерлерге де таралып, белгілі болды. Осы кезде ҚазПИ 
қабырғасынан түлеп ұшқан мұғалім мамандардың саны артып, кадрлар даярлау сапасы 
жақсарды, студент жастарды оқыту мен тәрбие беру дәстүрлері нығайып, бекіді. Институт 
республикадағы ғылыми ой орталықтарының біріне айналды. Мұнда Қазақстан тарихы, 
қазақ тілі мен әдебиетінің даму мәселелері зерделеніп, жаратылыстану ғылымдары 
саласында іргелі зерттеулер жүргізілді. 
Тәжірибе жинақтау, материалдық-техникалық базасының жақсаруы, білікті ғылыми-
педагогикалық кадрлар қатарының көбеюіне байланысты ҚазПИ-дің оқу-ғылыми орталық 
ретіндегі рөлі үнемі артып отырды. ҚазПИ- дің республикада жоғары оқу орындарын, 
Ғылым академиясын және басқа да білім, ғылым, мәдени мекемелер қатарын молайтып, 
оларды өркендетіп дамытудағы үлесі мол. 
Ұлы отан соғысы жылдары ұжым үшін ең бір ауыр, сындарлы кезең болды. 
Институтта оқыту мерзімі қысқартылып, үш жылдыққа көшірілді. Сабақтар 8-ден 23 сағатқа 
дейін жүргізілді. Көптеген оқу корпустары мен жатақханалар әскери қажеттіліктерге 
босатылып берілгендіктен, аудиториялар мен бөлмелер жетіспеді. Қыста отын болмай, 
сабақтар суық аудиторияларда өткізілді, көптеген студенттер әскери зауыттарда күндіз-түні 
жұмыс істеп, ұйқы-күлкіні ұмытты, ашқұрсақ жүрді. Соғыс уақытындағы осындай 
қиыншылықтарға қарамастан студенттер білім алуда белсене және табандылықпен 
еңбектенді. Жақсы оқу әркімнің патриоттық борышы болып саналды. 
Соғыс қарсаңында оқытушылар В.Е.Турумов, А.А.Аветякин, С. Қожахметов және т.б. 
қызыл армия қатарына шақырылды. Педагогтер В.В. Синюкин, Д.М.Загодский, 
А.А.Савченко, А.И.Кузнецов, И.Г.Рыбин, Х.М. Әділгереев, С.А.Аманжолов, М.Д.Исаев, 
А.Тоқмағамбетов, В.М.Зимин, В.Ф.Боярчук, Т.П.Топчий, А.Закарин, Ш.Ахметов, 
И.М.Шаукенов, Д.И.Ларин, П.В.Симонов, К.Игенов, П.А.Исаков, Д.Четвериков, 
К.Мұсағалиев және т.б. отан қорғауға алғашқылардың бірі болып аттанды. Соғыс 
басталысымен-ақ елу жеті студент майданға аттанды. 
Соғыстың алғашқы жылдарында оқытушылар саны күрт азайып кеткендіктен, КСРО – 
ның әртүрлі қаласынан Алматыға қоныс аударған көрнекті ғалымдар педагогикалық
қызметке тартылды. Олардың қатарында академиктер И.И.Мещанинов, В.И.Чернышев, 
Ф.Г.Фисенко, КСРО ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н.Н.Баранский, 
профессорлар А.А. Глаголев, 
П.М.Рубинштейн, И.А.Палунск, Н.Ф.Бельчиков,
Н.Ф. Черномордник, Р.А.Фридман, Д.И.Макеев, Г.А.Какиев және т.б. бар болатын. 
Ұлы отан соғысы жылдарында жауынгерлік және еңбектегі ерлігі үшін ҚазПИ-дің көптеген 
оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері орден және медальдармен марапатталды. 
Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рақымжан 
Тоқатаев, Ахмедияр Хұсайынов, Сәду Шәкәрім Отанымыздың жоғары наградасы Кеңес 
Одағаның Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейінгі жылдары мектептерде маман 
мұғалім 
кадрларына деген қажеттілік 
күрт өсті, сондықтан 
студенттер 
қабылдау, әсіресе сырттай оқуға қабылдау саны артты. Егер 1946 жылы күндізгі бөлімнің 
бірінші курсына 362 студент қабылданса, сол жылы инситутты сырттай 60 адам ғана 
бітірді. Ал 1956 жылы күндізгі бөлімге 567 студент оқуға түссе, сыртай оқуды 594 адам 
тәмамдады. 
ҚазПИ өзінің 50 жылдық мерейтойын лайықты табыстармен қарсы алды. Бұл кезде 
иниституттың 39 кафедрасында 400 оқытушы, оның ішінде 16 ғылым докторы мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет