Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет61/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Нысандар құрамына қарай оқытудың құралдары: материалдық және идеалдық болып 
бөлінеді. Материалдық құралдарға: оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар, нұсқаулар, 
кестелер, модельдер, макеттер, ақпараттық құралдар, компьютер, оқу-техникалық 
құралдар, зертханалық жабдықтар, оқу орны, жиһаз, сабақ кестесі және т.б жатады. 
Идеалдық оқыту құралдары – оқытушы мен студенттердің жаңа білімдерді меңгеру 
үшін қолданылатын бұрын меңгерілген білім мен біліктері болып табылады. Ойлау 
мұраттық (идеалдық) оқыту құралына жатады. 
Поляк дидакты В.Оконь оқыту құралдарын оқытушының іс-әрекетін ауыстыру мен 
білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. 
Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі. 
Қарапайым құралдар: сөздік, оқулықтар, мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: 
нақты заттар, модельдер, суреттер және т.б. 
Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б.;
аудио құралдар: магнитофон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, 
телевидение, бейнежазба; оқыту үдерісін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық 
кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе. 
 
2.6 (11-дәріс). Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру формалары.
Жоспары: 
1. ЖОО-да оқытудың негізгі формаларына сипаттама.
2. Оқыту формаларын жіктеу тұғырлары.
3. Дәрісті, семинарды өткізудің дәстүрлі емес тәсілдері.
4. Экскурсия физика, химия заңдарын өндірісте қолдануды бақылау ретінде.
Жоғары мектептегі оқытудың құрылымы: мақсатты оқыту, мазмұнды оқыту, құралдар, 
форма, әдістер, түрлері, оқытудың нәтижесі. Жоғары мектептегі оқыту процесінің 
құрылымына мынадай компоненттер жатады: 
- мазмұндық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді; 
мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-
әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды; 
- процессуалды компонент – жоғары білім беру мазмұнын меңгеруде жоғары 
мектептегі мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бағытында оқытуды қабылдау құралдары
әдістері, түрлерін сипаттайды; 
- бақылау, бағыттау компоненті; нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары 
мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне жетуі. 
Оқыту үрдісінің сыртқы қалпы дегеніміз - оқытуды ұйымдастыру формасы. Оқытуды 
ұйымдастыру формасы дегеніміз – оқыту үрдісінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен 
оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі 
Жоғары оқу орындарында білім берудің ұйымдастырудың алуан түрлері кездеседі: 
дәріс, практикалық сабақтар (семинарлар, лабораториялық сабақтар, практикум, 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын 
студенттердің өзідік жұмысы (СОӨЖ), өндірістік практика). Дидактикада осындай оқытуды 
ұйымдастырудың түрлерін белгілі бір дидактикалық есептерді шешетін танымдық іс-әрекетті 
басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен қатар, дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар, 
өзіндік жұмыстар оқытудың мазмұны мен әдістерін түсіндіретін студенттер мен 
оқытушылардың өзара әсері жүзеге асыратын тәсілдер болып табылатындықтан оқытудың 
негізгі ұйымдастыру түрлері болып табылады. Оқыту процесі әртүрлі бақылау түрлерімен 
аяқталады.
Жоғары оқу орындарындағы дәрістер – оқытудың дидактикалық циклінің маңызды 
бөлімі. Оның мақсаты - студенттерге жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет