Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



Pdf көрінісі
бет94/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103
Педагигика

орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) әдістемелік тұрғыда дұрыс 
ұйымдастырылуы тиіс. БӨЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: студентердің пәнді жүйелі 
түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және 
семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену 
дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар 
жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық 
ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен 
пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды 
талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде 
объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен 
іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір 
теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Мыс.: салыстырмалы-тарихи. Жеке әдіс жекелеген 
әдіс-тәсілдерді құрайды. Мыс.: компоненттік талдау, трансформациялық анализ, т.б.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз 
зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық 
тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.  
 
1-Модуль. Педагогиканың жалпы негіздері 
 
1.1 БӨЖ тақырыбы және тапсырмалары. Педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі 
ғылым. 
1. «Педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі ғылым» тақырыбы бойынша презентация 
дайындау. 
2.Жазбаша түрде негіздеу: «Педагогика дербес ғылым болып табылады. Философиядан 
бөлініп шыққан, ол басқа ғылымдармен тығыз байланысын жоғалтқан жоқ: 
1) философиямен; 
2) психологиямен; 
3) әлеуметтанумен; 
4) жаратылыстанумен. 
3. Негізгі педагогикалық ұғымдардан глоссарий құрастыру.
Бақылау формасы - презентация, жазбаша жұмыс, глоссарий.
БӨЖ тапсыру мерзімі: 1-ші апта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет