Салыстырмалы әдіс. Түрлі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға оны танып білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы елдегі саяси тұрақтылық пен саяси ахуалды бағалауға, нақты саяси шешімдер қабылдауға жағдай туады.
Жүйелеу әдісі. Саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымының бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін, айналадағы ортамен, өзге құбылыстармен байланыстырып зерттейді.
Социологиялық әдіс. Саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және сана деңгейіне т.б. жағдайларына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл. Саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастырады. Бұл әдіс әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақтын мезгілін ескере отырып соның негізінде танып білуді қажет етеді.
Бихевиористік әдіс. Жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын танып білуге негізделген.
Нормативтік әдіс. Қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрлыстың түрін зертейді.
Ғылымның басқа саласы сияқты саясаттану ғылымындада өзіндік категориялары бар. Оларға саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси тәртіп, саяси пратия, саяси өмір, саяси қатынастар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет, демократия, сыртқы саясат т.б.
Танымдық (гносеологиялық). Әртүрлі қоғамдық-экономикалық формациялардағы әлеуметтік- саяси тенденцияларды объективті түрде көрсетудегі рөлмен айқындалады. Саясаттанудың бұл функциясы кездесетін қиындықтар мен қайшылықтарды айқындап, оларды шешудің әдістерін көрсетеді. Ол өмірдегі саяси құбылыстар туралы ғылыми дәледер жинап, сол арқылы қоғамның саяси бағытын ғылыми негіздеуге қызмет етеді. Осы функция арқылы саясаттану ғылымы қоғамдағы әртүрлі негізгі саяси күштердің арақатынасын жағдайын, саяси мақсаттарының іс-жүзінде асырылу әдістерін, жолдарын қадағалап отырады.
2. Бағалау (аксеологиялық). Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
3. Реттеушілік, басқарушылық. Оның ерекшелігі-қоғамның саяси өмірмен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
4. Жетілдірушілік. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылармен саяси-басқарушылық шешімдер алдыа ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғам немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
5. Болжамдық. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымының түп мақсатыда сонда
6. Методологиялық функция саясат пен саяси жүйенің, саяси партия мен қозғалыстардың пайда болу заңдылықтарын ашып, саясатқа адамдарды тартудың формалары мен әдістерін көрсетіп соған жол ашады.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.
Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекеттіақсүйектербилейді.
2.Тимократия - мемлекеттікбилікбірадамқолындаболады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.
Цицеронныңойыншамемлекетменшіктіқорғау, адамдардыңбірігіпөмірсүругетырысатынтабиғиталабынантуады. Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалықбилік.
2.Аристократия.
3.Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы. Ортағасыр ойшылдарының саяси идеялары Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.
Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.
Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.
Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан.
Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең. Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару. Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.
Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:
Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.
Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.
Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.
Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.
4. "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері.
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.
Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.Мемлекет туралы жүйел іілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм. Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.
Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді.
"Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
5. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух;
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жеке меншікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революциялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
4. Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары.
Жаңазаман XVII ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі – ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.
Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды.
Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген.
Келесі ойшыл-Томас Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.
Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.
Пролетариат күресінің алғашқы кезенінде Сен-Симон. Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер болды. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
6. К.Маркс пен Ф.Энгельстің саяси идеялары
1. Капиталистік қоғамды жою туралы қажеттілік.
2. Коммунизмді құру идеясы.
3.Саясат туралы жалпы теорнялық және методологиялық ойлары.
4.Тап күресі, пролетариаттың тарихи міндеті және оның одақтар туралы пікірлері.
5. Мемлекет, пролетариат диктатурасы туралы тұжырымдама.
6.Жұмысшытобыныңазаттықкүресіндекоммунистікпартияныңжетекшілікрөлі.
7.Пролетариаттар күресінің стратегиясы мен тәсілдері жөніндегі принциптері.
8. Ғылыми социализмнің коммунистік қоғамның негізгі белгілері, мәні сипаты туралы қағидалары.
9. Соғыс және әскер, революция жеңістерін қорғау тұрғысындағы саяси ойлар.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық қоғамның таптық күресінің шиеленіске бастауы - марксизм теориясын тудырды.
К.Маркс (1818-1883) философия мен саяси экономияда жаңалық ашты: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар салдарынан қақтығыс туып, аяғы социалистік революцияға айналады, басты рөлде – пролетариат болады. Олар шаруамен одақтасуы қажет деді.
К.Маркс пен Ф.Энгельс пролетариат диктатурасы туралы ілімді дүниеге әкелді. Ал басшылық жасаушы-коммунисттік партия болады деген тұжырымдама жасады.
7. В.И.Лениннің саяси теориялық көзқарастары. В.И.Лениннің идеялары
В.И. Ленин төмендегідей идеялар ұсынды:
1.Жаңа тұрпатты саяси партия туралы ілім.
2.Жұмысшы табының одақтары туралы маркстік идеяларды жаңа жағдайға байланысты тұжырымдауы.
3.Социалистік революцияның лениндік теориясы.
4.Жаңасаясижағдайдакоммунистіпартияныңстратегиясыментәжірибесінұсынуы.
5.Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, имперализм туралы пікірлері.
6.Пролетариат мемлекетінің ұлт саясаты жөніндегі теориялары.
7. Социализм тұжырымдамасының негізгі бағыттары.
В.И.Ленин (1870-1924) К.Маркс пен Ф.Энгельстің ізбасары болды. Ол капитализм дамуының, импералистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландыру мен ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.
8. Қазақ жеріндегі ойшылдар
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы – халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз – мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәукехан "Жетіжарғы" депаталғанқазақәдеп-ғұрыпзаңдарыныңжиынтығынжасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа атсалысқан тұңғыш ұстаз – Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыскөз қараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Достарыңызбен бөлісу: |