3. Келісім шарт тараптарының құқықтары
4. Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы:
1) Үшінші тұлғалардан (мемлекеттік кіріс органдары мен басқа да ұйымдар мен мекемелерден) ШАК алуға өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің кірістері мен мүлкі туралы, оның ішінде банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы қосымша мәліметтерді, сондай-ақ қатысушыны осы Келісім шарт бойынша оның міндеттемелерін орындауы мәніне тексеру үшін әлеуметтік бейімдеу шараларын алу туралы мәліметтерді сұратады;
2) Егер өтініш беруші, отбасы келісім шарттың міндеттемелерін орындамаса, ШАК төлеуді қайта есептеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы уәкілетті орган шешімінің жобасын дайындау үшін алынған ақпаратты пайдаланады;
3) Келісім шарт талаптарының уақытылы және тиісті орындалуын талап етеді және бақылайды;
4) Келісім шарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді;
5. Өтініш беруші ШАК тағайындауға және оның отбасы мүшелерінің:
1) Әлеуметтік қолдау шараларын алуға;
2) Жеке жоспардың іс-шараларын орындауға байланысты консультациялар мен ақпарат алуға;
3) Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің және халықты жұмыспен қамту орталығының іс-әрекеттеріне жоғары тұрған жергілікті атқаруш органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |