Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жай-күйі және даму перспективалары республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ұсынымдары



Дата17.07.2016
өлшемі49.79 Kb.
#205033
ЖОБА
«Балалар мен жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың өзара байланыс контекстісінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде

әлеуметтік-психологиялық қызметтің жай-күйі және даму перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ұсынымдары

Астана қ. 2012 жылғы 10 ақпан
«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде әлеуметтік-психологиялық қызметтің жай-күйі және даму перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы барысында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлеуметтік-психологиялық қызметтің ұйымдастыру-басқарушылық және ғылыми-әдістемелік қызметің жетілдіруге байланысты мәселелер талқыланды. Қонференция қатысушыларының сөйлеген сөздері практикалық- бағыт беру сипатында болды.

Білім беру жүйесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің өзектілігі орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасының іске асырылуына және білім беру процесінің әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету әдістерін және бірыңғай мазмұнды анықтауды қажет етуге байланысты артуда.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысын белсендірмеу балалар мен жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты, қараусыздықты алдын алу, білім беру процесінің қатысушылары мен басқалардың психологиялық мәдениетін арттыру мәселесі бойынша білім беру жүйесінің алдына қойған міндеттерін шешу мүмкін емес.

Балалар мен жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу мәселесін кешенді шешуге мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды тарту, білім беру процесінің әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету әдістерін және бірыңғай мазмұнды анықтау мақсатында және ұсынылған материалдарды талқылап, жалпы отырыстың қорытындысы бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары ұсынады:



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жоғары оқу орындарымен бірлесіп:

1. Әлеуметтік-психологиялық қызметті дамытудың әлемдік үрдісін ескере отырып, психологтарды, әлеуметтік педагогтарды дайындау стандарттың жаңарту жолын қарастырып, 2020 жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасында білім беруді психологиялық қамтамасыз ету жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу.


2. Абай атындағы ҚазҰПИ ҒЗИ жанынан республикалық психологиялық қызмет зертханасын құру мүмкіндігін қарастыру
Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментіне «Білім арнасы» телеарнасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде «Психологиялық қызмет» бағытын қарастыру.
Мектепке дейінгі және орта білім департаментіне:

1.Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеуін реттейтің нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың штаттық санын көбейту бойынша ұсыныс енгізу.

2. Жалпы білім беру мектептерінде психологиялық қызметтер жағдайына мониторинг жасау.

3. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академиямен бірлесіп, практикалық психология және әлеуметтік педагогика саласында технологияларды, әдістерді, бағдарламаларды зерделеу, электрондық деректер банкін құру.



«Өрлеу» АҚ ұлттық біліктілікті арттыру орталығына


  1. Кәмелет жасқа толмағандар арасында қараусызды және қадағалаусызды болдармау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу аясында психологтардың, әлеуметтік педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды әзірлеу және енгізу.

2. Біліктілікті арттырудың жаңа үлгісі шеңберінде әлеуметтік педагогтарды және педагог-психологтарды курстық жүйелі қайта даярлауды қамтамасыз ету(көпденгейлі курстар);

3. Практикалық психология саласында ғылыми-практикалық бағдарламаларды, әдістемелерді және технологияларды құруға және іске асыруға, қызметтің кәсіби білім беру және әлеуметік педагогтарды, педагог-психологтарды кешенді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге және енгізуге ықпал жасау.

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына



  1. Психологтік-педагогикалық және оқушыларға, тәрбиеленушілерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың үздік инновациялық және практикалық тәжірибесін жинақтау және тарату.

2. Мыналарды құру бойынша кешенді шараларды қолдану:

1) бірыңғай диагностикаға, тәрбиелеуге, түзетуге, оңалтуға, тиімді бейімделуді қамтамасыз етуге, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтендіруге негізделген барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында әлеуметтік-психологиялық қызметті;

2) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары жанындағы әлеуметтік -психологиялық қызметтерінің ведомствоаралық үйлестіру кеңесін;

3) әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың ғылыми-әдістемелік бірлестіктері мен кәсіби қоғамдастығын, сонымен қатар аймақтық конференциялар мен іс-шаралардың: конкурстар, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және т.б. кәсіби шеберлік байқауларын өткізу;

4) Әлеуметтік-психологиялық қызметтерді ақпараттық қамтамасыз ету және қолдау үшін жағдайлар жасау, ата-аналарға, педагогтарға, қоғамға арналған психологиялық ақпарат тарататын бағдарламаларды, соның ішінде, баспа құралдарын, телеарналарды, интернетті.

5) кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы іс-әрекеттерін, құқық бұзышылықтың, қараусыздықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ведомствоаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үшін жағдайлар жасауды.
3. Балалар мен жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша аймақтық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу жөніндегі мәселелерді қарастыру;

4. Практикалық психология және әлеуметтік психология саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдау, халықаралық тәжірибені енгізуге ықпал жасау.


Республиканың білім беру ұйымдарына:

1. Психологтік-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды, әсіресе «қауіпті топтағы» балаларды есепке алуды және анықтауды қамтамасыз ету;

2. Кәмелетке толмағандардың арасында қараусыздықты және қадағалаусыздықты, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, аутодеструктивті мінез-құлықты төмендету бойынша алдын алу жұмысын нығайтуды ескере отырып, білім беру ұйымдарында әлеуметтік-психологиялық қызметті жетілдіру бойынша үйлесімді және жүйелі жұмыс жүргізу .

3. Әлеуметтік-психологиялық қызметің педагогикалық кеңестердің, педагогтардың әлдістемелік бірлестіктері мен жас педагогтар мектебінің жұмыстарына қатысуды ұйымдастыру;

4. Оқушылар және тәрбиеленушілер арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алуға бағытталған жүйелі іс-шараларды қамтамасыз ету.



Конференцияның ұйымдастыру комитетіне
Конференция қатысушыларының ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, ҚР БҒМ, ҚР БҒМ БҚҚК сайтына ұсынымдар мәтінін орналастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет