Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)



бет1/2
Дата30.10.2022
өлшемі463.03 Kb.
#463640
  1   2
Масс-медиа, технологиялар және қоғам (1)


«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
ДӘРІС Масс-медиа, технологиялар және қоғам
Лектор: Мухитов О.М.
Дәріс жоспары:
3.Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация.
1. Ақпараттық қоғам ұғымы.
2. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
«Ақпараттық қоғам» туралы ұғымды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жапон ғалымдары ұсынған еді. Қазірде бұл озық идея адамзат өркениетінің, ғылым мен білімнің өрлеуіне, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылымының жетілуі мен оның тұрақты дамуына әсер ете отырып көптеген елдердің назарына ілікті. Идеяның негізгі тұғыры – желілік – ақпараттар технологиясы болып табылады. Және бүкіл әлемде ерекше қарқынмен дамып келеді. Себебі қазіргі таңда қоғам тұрмысындағы қажетті барша ресурстарды басқаруды ұйымдастыру мен азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал болып отыр. Ал бұл үрдісті әлем әлеуметтанушылары адамзат қоғамы өзінің даму жолында «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда.
Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына:
экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсетуге қайта бейімделуі;
интеллектуалдық технологияның өндірістік жəне технологиялық салаға теңесуі;
материалдық меншіктің құндылықтар жүйесіндегі маңызының кемуі;
материалдық өндірістегі ақпараттық жəне ғылыми қызметтің бəсекелестік басымдылығының артуы;
қоғамның технологиялық жəне саясиəлеуметтік құрылымы негізіндегі білім, ғылым маңызының артуы;
кез келген саланың ғылыми жəне білім берушілік қызметіне ерекше мəн берілуі;
əлеуметтік ұйымдар құрылымындағы өзара бірлесу, яғни мəдени саладағы өзгерістер.

Ақпараттық қоғам құруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөлге ие болып отыр. Сондықтан ақпарат кеңістігінде жергілікті, өңірлік, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, əлемдік ақпарат көздері тұрғындарға кеңінен таралып, медиажаһандастыру үрдісі бізге таңдаудың жаңа формулаларын ұсынып отыр.


Қазіргі кезде масс-медиа термині бұқаралық коммуникация құралдары мағынасын білдіруде: баспа басылымдары, теледидар, радио хабарламалар, интернет беттеріндегі ақпарат қайнарлары, сонымен қатар кино, видео, ұялы телефондық байланыс және т.б. Бүгінгі күнде олардың маңыздылығы соншалықты, әрбір адам өз өмірін оларсыз есестету мүмкін емес. Қоршаған ортамыздың барлығы ақпараттандырылған, сондықтан біз ақпараттандырылған, медиаландырылған қоғамда өмір сүрудеміз. Бұл мақаланың мақсаты – масс-медиадағы тілдік жіктелістің үлес салмағына қатысты статистикалық мәліметтерді саралау.
Медиа термині (латын тілінде «media», «medium» – құрал, тасымалдаушы) XX ғасырда «бұқаралық мәдениет» құбылысын анықтап көрсету үшін енгiзiлген. Масс-медиа ұғымы БАҚ ұғымымен пара-пар мәнде қолданылып жүр. БАҚ-тың рөлі қоғамда орасан зор.
Белгілі саясаттанушы әрі публицист Э. Берк 1776 жылы баспасөзді төртінші билік ретінде танытып, айрықша пікір қалдырып кеткен.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал.
Жалпы, масс-медианың қоғамдағы тілдік жағдайды аңғару, тілдік таңдауды байқау, тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Ол тек біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде тілдері дамыту барысында бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. БАҚ-тың қоғамда атқаратын қызметін шартты түрде: ақпараттық, әлеуметтік, бақылауыштық, реттеуіштік, ағартушылық, саяси, делдалдық, бейтараптылық, орталықтандырғыштық т.б. қасиетін айтуға болады.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттанған қоғам қалыптаса бастады, бүгінгі күнде қоғамдағы ең басты құндылық ақпарат пен білім. Саяси-əлеуметтік қатынастарды реттеу жолындағы қоғам үшін ақпараттық процестер маңызды болып табылады. Ақпараттық технологиялардың дамуы жəне кең қолданылуы экономика, саясат, мəдениет пен ғылым сияқты барлық қоғамға қажетті салаларға ықпал етеді. Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі болатын қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. Негізінен ақпарат, үгіт-насихат алып ағаш ретінде ортақ тамыр арқылы тарайды жəне дами түседі. Оның негізгі бастауы – бұқаралық коммуникация мен телекоммуникация.
Мысалы білім беру саласында ақпараттық –коммуникациялық технологиясы электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Интерактивті тақта;
- Мультимедия;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет