Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3



Дата28.06.2016
өлшемі75.1 Kb.
#164314


Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы
3 хаттама

Қарағанды қаласы 2010 жылғы 9 желтоқсан



Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру, жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы шешім
Облыстың ірі кәсіпорындарындағы әкімшілікпен еңбек ету жағдайы мен жұмыскерлердің денсаулығын жақсарту шаралары қабылдануда. Мұнда еңбекті сақтау қызметі құрылған, қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ету іс-шаралары өткізілуде, жұмыскерлердің медициналық қаралуы тұрақты өткізілуде, сауықтыру-санаториларына жеңілдікпен жолдамалар ұсынылады, өндіріс мәдениетінің нақты деңгейі қалыптасқан.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды металлбұйымдар зауыты – Имсталькон» ЖШС және т.б. сияқты ұйымдардың өз Демалыс үйлері, сауықтыру-санаториі, жазғы балалар сауықтыру орталықтары бар.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-да Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау және еңбек ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуға дайындалуда. Аталған бағдарлама өндірістегі жазатайым оқиға қауіп-қатері мен кәсіби сырқатты төмендетуге, жұмыс орындар мен еңбек ету жағдайының сапасын арттыруға, корпорация жұмыскерлерінің денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің еңбек ету жағдайын қамтамасыз етуге, еңбек ету жағдайына байланысты өндірістік нысандардың аттестациясын 5 жылда бір рет өткізіп тұруға міндетті.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен және Еңбек ету тазалығы мен кәсіби сырқаттану ұлттық орталығымен облыс кәсіпорындарындағы жұмыскерлердің денсаулығын сақтау жағдайына байлынсты маңызды мәселелер қозғалды.

Ұлттық орталықтың мәліметтері бойынша Қарағанды облысында 166,1 мың жұмыскер бар, оның ішінде 78,2 мыңы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді, оның ішінде 12,6 мыңы әйел адамдар. Қарағанды облысы кәсіби сырқаттану деңгейі жағынан республикада 2 орынға ие, сонымен бірге кәсіби сырқаттанудың өсуі байқалуда. Осылайша, 2007 жылы 274 кәсіби сырқаттану жағдайы тіркелген болса, 2009 жылы – 353 тіркелді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтері бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да металлургиялық комбинат бойынша 2010 жылдың 9 айы ішінде кәсіби сырқаттанудың саны 2007 жылғы деңгейден 1,7 есе артық. Өсудің негізі себептері Карметкомбинаттың негізгі цехтарындағы еңбек етудің қолайсыз жағдайлары – лабораторлық-құралдық өлшеулермен расталған жоғары шаңдылық, жұмыс аймағындағы ауаның газдалуы, микроклиматтың қолайсыздығы, шу мен тербеліс деңгейінің жоғарылығы болып табылады. Осылайша, жұмыс орындарындағы шаңның концентрациясы шекті жол берілген нормадан 5 есеге, фенолмен газдалу 1,5 есеге, күкірттік ангидридпен газдалу 1,2 есеге артық және т.б.

Сол департаменттің мәліметтері бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарында жұмыскерлердің кәсіби сырқаттануы 2007 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 2,3 есеге өскен. Кәсіби сырқаттанудың пайда болуына жағдай болған – технологиялық процесстердің жетілмегендігі (36%), машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың, құралдардың құрылымдық жетіспеушіліктері (41%), бекітілген еңбек пен демалыс тәртібінің техника қауіпсізідігін бұзу (4,7%), жеке қорғану құралдарын қолдану (18,7%). Бұдан басқа, жұмыс орындарындағы микроклимат пен жарық түсу шамалары санитарлық нормаларға жауап бермейді.

Сонымен бірге кәсіби сырқаттанудың өсу себептері ішінде Ұлттық орталық көрсетілетін медициналық қызметтің тиісті еместігін, денсаулықты жоғалтқаны үшін тиісті өтемақының жоқтығын да атады. Профилактикалық медициналық қаралулар кәсіби сырқаттанудың бастапқы белгілерін анықтауға мүдделі емес жұмыс берушінің қаражаты есебінен медициналық мекемелермен өткізіледі.

Жезқазған таулы-металлургиялық комбинаттың медициналық орталығы мен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің медициналық-санитарлық бөлімінің медициналық қызмет көрсету саласын бақылауға Комитетпен өткізілген тексерістің және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның КД жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетуге Бас прокуратурамен өткізген тексерістің қорытындысы бойынша келесі анықталды: тиісті біліктілігі бар мамандармен медициналық ұйымдардың жеткіліксіз жинақталуы, нашар материалдық база, бірыңғай диагностикалық белгілердің жоқтығы және т.б.

Жұмыскерлердің еңбек пен денсаулық сақтаудың пайда болған жүйесі мен тәжірибесі кәсіпорындарда зиянды факторлардың жұмыскерлердің денсаулығына әсерін тигізуді талдау жүйесінің және оны оңалту шаралар жүйесінің жоқ екенін көрсетеді.

кәсіпорындар жұмыскерлерінің денсаулығын сақтау жағдайына қатысты маңызды мәселелердің болуына байланысты Еңбек ету тазалығы мен кәсіби сырқаттану ұлттық орталығымен облыста зиянды және қуаіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен сақталуын жақсарту жөніндегі іс-әрекеттер бағдарламасы әзірленіп, қабылдау ұсынылған болатын. Бағдарлама жұмыс орындарында кәсіби қауіп-қатерді бағалау жүйесін құру мен бақылауды, басқаруды қамтамасыз етуге; еңбекті сақтау шараларын көпшілікке таратуға, еңбек етудің тиісті жағдайларын қамтамасыз етпегені үшін және жұмыскерлердің кәсіби сырқат алу жағдайына жол бергені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігіне шараларды анықтауға; аудандық кәсіби патология қызметін дамытуға, еңбекті сақтаудың нормативтік талаптарын сақтау үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіруге; зиянды еңбек ету жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлерге профилактикалық медициналық қызмет көрсету ұйымдарының сапасын жақсартуға және кәсіби сырқаттармен ауыратындарды оңалтуға бағытталуы тиіс.

«Қазақтелеком» облыстық дирекциясымен жұмысшылардың денсаулық жағдайының өсуін анықтау мен жұмысшылардың кәсіби сырқаттануын уақытында анықтау мақсатында кәсіпорындардың медициналық мекемелермен одан да ұзақ қызмет көрсету мерзіміне «Мезгілде медициналық қаралуды өткізу туралы» келісім шарттарын жасасу жөніндегі мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізуге тиісті ұйымдарға кеңес ету ұсынылды.

Аталған мәселені талқылау нәтижесінде әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссия мүшелері шешім етті:



  1. Облыстың жұмыс берушілер кеңесі (Д.В. Павлов), Кәсіпкерлер ассоциациясы (Т.К. Доскенов, Г.Т. Құрбанбаева, Ж.Т. Алданғаров), облыстың кәсіподақтары (А.А. Мадиярова, С.Л. Белкин) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға ерекше назар аударылсын, еңбектің сақталуын жақсарту, жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, жұмысшылардың денсаулығын қалпына келтіру шараларын ойластырсын.

  2. Жұмыс орындарында кәсіби қауіп-қатерді бағалау жүйесін құру мен бақылауды, басқаруды белгілеу, еңбектің сақталуы бойынша нормативтік базаны жетілдіру, еңбек етудің тиісті жағдайларын қамтамасыз етпегені үшін және жұмыскерлердің кәсіби сырқат алу жағдайына жол бергені үшін еңбек қатынастары субъектілерінің жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұсыныспен Республикалық үш жақты комиссиясына хат жазылсын.

ҚР Еңбек министрлігінің 23.08.2007 жылғы № 203-б бұйрығының 14-тармағының 2) тармақшасына өзгеріс енгізу туралы жер асты өндірісіндегі жұмыс орындарындаеңебк процессінің ауырлығын және қиындылығын зертханалық және құралдық өлшеу мен зерттелуін міндетті түрде өткізу.

  1. Мемлекеттік мекемелермен тиісті медициналық куәландыруды, кәсіби тексерілудің сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларында 4 профилактикалық кабинеттердің ашылу мүмкіндігін қарастырсын.

  2. 2011 жылдың 3 тоқсанында комиссияның отырысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС әлеуметтік серіктестері зиянды өндірістік факторлардың жұмысшылардың денсаулығына әсер етуін жүйелі талдауы және оларды оңалту жүйесі туралы тыңдалсын.

  3. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Ж.А. Әбішев), Денсаулық сақтау басқармасы (Е.А. Әбілқасымов), Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті (А.С. Шалабаев), Еңбек ету тазалығы мен кәсіби сырқаттану ұлттық орталығы (Ж.Е. Баттакова) «зиянды және қуаіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен сақталуын жақсарту жөніндегі іс-әрекеттер бағдарламасын» әзірлесін және оны 2011 жылдың 2 тоқсанында комиссияның отырысында қарасытыру үшін ұсынсын.

  4. Денсаулық сақтау басқармасы (Е.А. Әбілқасымов), Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті (А.С. Шалабаев), Еңбек ету тазалығы мен кәсіби сырқаттану ұлттық орталығы (Ж.Е. Баттакова), облыстың кәсіподақтар федерациясы (А.А. Мадиярова) 2011 жылдың екінші жартыжылдығында республиканың мамандарын, прокуратураны, ТЖ қызметін және басқа да мүдделі ұйымдарды шақыра отырып, еңбектің сақталуы мен салауатты өмір салты мәселесі жөніндегі конференцияның өткізілуін ұйымдастырсын.

  5. Қаржы басқармасы (С.Б. Өтешов), Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігі (С.М. Төрегелдин), Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті (А.С. Шалабаев) жұмысшылардың денсаулық жағдайының өсуін анықтау мен жұмысшылардың кәсіби сырқаттануын уақытында анықтау мақсатында кәсіпорындардың медициналық мекемелермен одан да ұзақ қызмет көрсету мерзіміне «Мезгілде медициналық қаралуды өткізу туралы» келісім шарттарын жасасу жөніндегі мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастырсын.

  6. Ұйымдар 2011 жылдың бірінші және екінші жартыжылдықтарының (20.07.2011 ж. және 20.01.2012 ж.) қорытындысы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарласын.

  7. Жұмыс тобы (Н.Крюкова) және комиссияның үйлестірушісі (М.Құсайынова):

  • еңбекті сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, еңбектің сақталуы бойынша нормативтік базаны жетілдіру мәселелері жөнінде Республикалық үш жақты комиссияның атына хат жазуды дайындасын;

  • аталған шешімді облыс әкімінің сайтында орналастырсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау жұмыс тобына (Н. Крюкова) және облыстық үш жақты комиссияның үйлестірушісіне (М. Құсайынова) жүктелсін.


Тараптар:

Үш жақты комиссияның төрағасы


Облыстың кәсіподақта федерациясының төрайымы

Облыстың жұмысберушілер кеңесінің төрағасы

Т. Рақымбеков

А. Мадиярова

Д. Павлов




Қазақстандық кәсіпкерлер ассоциациясының президенті

Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының президенті

Т. Доскенов


С. Белкин

Қарағанды облысының кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры

Еуразиялық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы

Г. Құрбанбаева

Ж. Алданғаров




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет