«элеваторлы өндірістің ЖӘне астықты жинағаннан кейінгі өҢдеу технологиясы»



бет1/5
Дата30.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#167723
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-7.1.56/03-2013





«Элеваторлы өндірістің және астықты жинағаннан кейінгі өңдеу технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Басылым №1

«18» 09 2013



«ЭЛЕВАТОРЛЫ ӨНДІРІСТІҢ ЖӘНЕ АСТЫҚТЫ ЖИНАҒАННАН КЕЙІНГІ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандығы үшін



ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013






Мазмұны

















1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

4

3

Зертханалық сабақтар

4

4

5


Студенттердің өздік жұмыстары

« Элеваторлы өндірістің және астықты жинағаннан кейінгі өңдеу технологиясы» пәнінен емтихан сұрақтары





5

















  1. ГЛОССАРИЙ

Калибрования – ірілігі бойынша кейбір дәнді дақылдарды бірнеше фракицяларға бөліп сұрыптау үрдісін айтады.

Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады.

Микроорганизмдер – астық түйірінің қаша алмайтын серіктестігі, олар астық түйірінің сапасын төмендететін негізгі факторлар болып табылады.

Сорбция – қоршаған орта буларынан әртүрлі газдар мен заттарды сіңіру қабылетін айтады.

2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1 тақырып: Астықты сақтау
Дәріс сұрақтары:


  1. Әмбебаптығы мен маңыздылық дәрежесі бойынша астық сапасы көрсеткіштер топтарына сипаттама

  2. Орташа үлгіні алу реттілігі

  3. Орташа үлгінің зертханалық анализі

Дәріс мақсаты: Әмбебаптылығы мен маңыздылық дәрежесіне байланысты астыққа сипаттама беру


Астық массасындағы арам-шөп қоспалары қажетсіз, сондықтан олардан арылу керек. Бұл мәселені маңызды бір әдіс жинаудан кейінгі өңдеу – астықты тазарту арқылы шешеміз.

Астық тазалаушы машиналарға әртүрлі жұмысшы органдарды қолданады, астық массасының бөліну белгілерін анықтау үшін негізделген жұмыстар.

Астық массасының бөліну белгілері: өлшемдері(ұзындығы, қалыңдығы және ені); аэродинамикалық қасиеті(ұшу жылдамдығы), жоғары беттің қалпы және қасиеті (фрикционды қасиеті), магниттік қасиеті, серпімділігі және т.б.

Бөліну белгілері астық мәдениетінің ( 59-кете) физико – механикалық қасиетінің әртүрлілігі есепке алады.

Астық пен қоспалардың бөліну негіздері мен түрлері практикада кеңінен қолданылады.


  • ені бойынша – тесіктері домалақ електерде;

  • қалыңдығы бойынша – тесіктері ұзыншақ електерде;

  • ұзындығы бойынша – ұяшықты жоғарғы бет;

  • қалпы бойынша – фасонды қуысты електерде ( мысалы, үшбұрышты) немесе иілімді майда жоғарғы бетте.

  • аэродинамикалық қасиеттері бойынша – пневмосеператорлық каналдарда;

59-кесте. Астық массасының физико- механикалық қасиеттері.

В.Гортинский, А.Б.Демский, М.А.Борискин бойынша.

Мәдениет

Өлшемдері,мм

Тығыздығы, г/см3

1000 дән

салмағы


табиғаты ,г/л

Көлемді масса, кг/дм3


Ұшу жылд.м/с

өзектілік

Сыртқы үйкелу коэф.

ұзындығы

ені

қалыңдығы

Ағаш б/ша

Болат б/ша

Бетон б/ша

Бидай

4,8-8,0

1,6-4,0

1,5-3,3

1,2-1,5

20-40

730-840

0,76

8,5-11,5

54,0

0,40

0,37

0,40

Қара бидай

5,0-10,0

1,4-3,6

1,2-3,5

1,2-1,5

13-32

680-750

0,73

8,3-10,0

38,0

0,40

0,37

0,42

Сұлы

8,0-18,6

1,4-4,0

1,0-4,0

1,2-1,4

20-42

400-450

0,45

8,0-9,0

68,0

0,45

0,37

0,45

Арпа

7,0-14,6

2,0-5,0

1,2-4,5

1,2-1,4

31-51

580-700

0,65

8,4-10,8

47,4

0,40

0,37

0,43

Күріш

5,0-7,0

2,5-2,8

2,0-2,5

1,19-1,26

19,0

440-550

0,52

8,0-10,5

49-56

0,44

0,34

0,43

Қарақұмық

4,2-6,2

2,8-3,7

2,4-3,4

0,85-1,25

21,0

560-650

0,72

2,5-9,5

55,5

0,44

0,37

0,42

Жүгері

5,5-13,5

5,0-11,5

2,5-8,0

1,35

286,0

680-820

0,73

10,0-17,0

35-55

0,35

0,37

0,42

Бұршақ

4,0-8,8

4,0-9,0

3,0-9,0

1,40

135

750-800

0,83

7,0-16,0

-

0,32

0,37

0,30

Тары

1,8-3,2

1,5-2,0

1,5-1,7

1,1-1,2

7,0

680-730


0,85

2,5-9,5

30-50

0,40

0,34

0,34





  • жоғарғы беттің қалпы мен күйі бойнша – кеңістікті иілімді жазықтықта;

  • серпімділігі және соққылы үйкелу коэффициенті бойынша – дірілді айырғыш;

  • магниттік қасиеті бойынша – магнитті бөлу;

  • тығыздығына және үйкелу коэффициентіне – вибрациялы ауысып орналасу;

  • тығыздығы – дөңгелекті және түсетін ауытқу кезіндегі соңғы жоғарғы беттегі өздігінен сортталу кезінде;

  • өлшемі үйкелу коэффициенті, мықтылығы бойынша - әлсіз иілімді елеуіште.

Астық тазалағыш машиналардың көп түрі кездеседі, жұмысшы органдарда астықты бөлудің бір немесе бірнеше принциптері қарастырылған.

Мысалы: елеуіш сеператорлар(елеуіште), кеуекті – елеуішті сеператорлар(елеуіш және пневмобөлгіш каналдарға), тирерлер (ұяшықты жоғарғы бет), аспирационды бағана, ауа сеператоры(аэродинамикалық қасиеттері), вибропневматикалық тас бөлуші машиналар, сорттайтын столдар, тас бөліп алатын машиналар, магнитті сеператорлар және т.б.



60-кесте. Арам-шөп қоспаларының физико – механикалық қасиеттері.

Қоспалар

Өлшемдері, мм

Тығыздығы,

г/см3



1000 дән массасы,г

Ұшу жыл-

дамдығы,м/с



ұзындығы

ені

қалың-дығы

Сұлы

8,0-20,0

1,75-3,0

1,25-3,0

0,9-1,1

15,0-25,5

5,5-8,3

Татар қарақұмығы

4,0-5,6

2,2-3,6

2,2-3,6

1,0-1,3

2,0-6,0

-

Қарамықша

2,8-4,4

2,0-3,0

1,6-3,0

1,1-1,3

7,0-10,0

-

Қастауыш

2,0-8,5

1,0-3,0

0,8-1,8

0,9-1,14

2,0-2,2

6,0-9,5

Жабайы шомыр

3,0-8,1

2,0-5,8

1,7-5,0

0,85-1,0

8,0-10,0

3,1-7,3

Вьюнскалы қарақұмық

2,0-3,6

1,6-2,8

1,6-2,6

1,0-1,3

2,0-6,0

-

Вьюнск

2,4-4,3

1,4-3,4

1,1-2,8

0,97

10,0-11,0

5,1-8,9

Ржаной костер

7,0-10,0

1,75-2,0

1,5-1,75

0,3-0,4

6,0-8,0

-

Головки осота

2,5-3,5

0,8-1,5

0,4-0,9

0,74

0,37

-

Тары(куриное)

2,4-5,0

1,2-2,6

0,7-2,0

0,8-1,25

1,5-2,0

2,2-4,4

Күрішті тары

3,0-3,5

2,0-2,5

1,2-2,0

1,15-1,25

4,0-3,0

-

Курмак

4,0-5,0

1,7-3,5

1,2-2,8

0,8-1,15

6,0-7,0

-

Қурай

5,5-8,5

1,7-2,5

1,6-4,5

0,9-1,1

2,0-2,5

-

Астық тазалаушы машиналарды қолдану реттілігі:

  • електі сеператорлар- астық массасындағы үлкен және ұсақ арамшөп қоспалары;

  • ауалы-електі сеператорлар – үлкен, ұсақ және жеңіл қоспаларды, солып қалған дәндерді , шаңды сорттау үшін;

  • триерлер – астық массасынан сұлы және қарамықшаны бөліп алу;

  • аспирационды бағаналар және ауалы сеператорлар – жеңіл қоспалардан және солып қалған дәндерді тазалау үшін;

  • вибропневматикалық тас бөлуші машиналар – минералды қоспаларды бөлу үшін;

  • магнитті сеператорлар – металды магнитті қоспаларды бөлу үшін.

Астық тазалау кезінде инструкцияға сәйкес және нан қабылдау мекемелерінде дән тазалау машиналарын қолданады.

Эксплуатацичя үрдісі – астық тазалу машиналарының жұмыс істеу тәртібін қасыздандырады, ол астық тазалаудың максималды нәтижелігіне қол жеткізеді.

Дән тазалаудың технологиялық эффектілігін Е(%) мына фориула бойынша есептеледі:

,

Мұндағы А – құрамында бөлек қоспалар бар,кг;

В – дән тазаланғаннан кейін құрамындағы қоспалардың болуы.

Технологиялық үрдістерді дайындау кезінде, бөлек астық партияларын тазалау кезінде зертханалық мәліметтерге сүйене отырып, басқа қоспалардың және дән құрамының ылғалдылығы анықталды, жабдықтардың өнімділік техникалық нормаларына дән тазалағыш тәртіптерін орнатады.

Технологиялық желілерде алдын – ала тазартуды ескереді, сеператорларда кептіру алдында (ірі және жеңіл қоспаларды ажырату үшін); бір ретті немесе екі ретті дән тазалауды ауалы – електік сеператорларда кептіргеннен кейін дәндә қоректі консистенцияға жеткенге дейін.

Егер бұл жеткіліксіз болса, қосымша тазалау жұмыстарын жүргіземіз, бұл кезде триерлер, тас тазалаушы және де басқа да машиналар құрамына байланысты және қалған қоспалардың тазаланған күйінде.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Астықты қабылдау барысында ортатәулікті үлгінің мәніне сипаттама беріңіз?

  2. Астықты қабылдау барысында ортатәулікті үлгіні алу принципі?

  3. Астықты тазарту машиналарында тазарту үрдісінде, одан кейін және оған дейін астықты бақылау жиынтығын түсіндіріңіз?

  4. Астықты кептіру кезінде бақылау жүргізу шараларының кешендерін тізіңіз?

  5. Токсикалық элементтердің микотоксикалыққа қарағандағы айырмашылығын түсіндіріңіз және мұнымен зақымданған астықтың кейінгі ақаулары қандай?


Қолданылатын әдебиеттер:

1. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.

2. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.

3-4 тақырып: Жылумен кептіру кезінде астық түйірлерінің физика-химиялық және биохимиялық өзгерісі, оның салдары
Дәріс сұрақтары:



Дәріс мақсаты: Астықтың төзімділігін арттыру, тазалық бойынша қойылған кондицияға дейін астықты жеткізу

Жаңа жиылған үйіндіде тек қана негізгі астық мәдениеті болып қана қоймай, арамшөп және дәндік қоспалары да болады, олар астықтың сапасын нашарлатып, оны сақтауға кері әсер етеді. Қоспалардың астық массасындағы мөлшері қатаң түрде стандарттар мен кондициялармен шектелген. Егер қоспалар саны берілген шектен артық болса, астықты іске асыруға болмайды, бұндай астықты мемлекет сатқанда жеңілдіктер береді. Қоспалардан тазарту үшін астықты астық тазалағыш және үйінді тазалағыш машиналрды қолданады. Жаңа жиналған астықты тазалауды комбайнда ақ бастайды, оның ішінде үйінді тазалағыш қондырғы бар.

Сонымен тазалау дегеніміз – астық массасынан артық қоспаларды жою деген технологиялық операция екенін үғамыз. Тазалау нәтижесінде негізгі астық мәдениетінің сапасы жоғарлап оны сақтау жеңілдейді, астықты азық-түліктік, техникалық, тұқымдық, жемдік мақсаттарда қолдану қамтамасыздандырылады. Алайда тазалау кезінде бөгде қоспалар қоса негізгі астық мәдениетінің белгіленген мөлшерге сәйкес келмейтін бөлігі де жойылып кетеді. Бұл бүлінген зиянкестермен зақымдалған, дамымаған, солып қалған, жаншылған дәндер. Азық-түліктік астық қолдануына байланысты оның құрамындағы арамшөп және дәндік қоспалары бойынша үшке бөлінеді: таза, жартылай таза, тазартылмаған. Таза астық әдетте базистік кондицияларға сай келіп тазалауды қажет етпейді. Жартылай тазаланған және тазаланбаған астықта қоспа саны базистік кондиция мөлшерінен жоғары болса, оны тазалау қажет етеді.

Тұқымға қойылған астықтың тазалығына аса көп мән беріледі. Дәндер үш класқа бөлінеді. Бірінші класында қоспалар 1% - дан аспау керек. Соның ішінде арамшөп және мәдени өсімдіктердің дәндері дана бойынша есептейді. 1кг бірінші класс дәндерінде басқа өсімдіктердің дәні оннан көп болмау керек, ал арамшөптердікі бестен көп емес.

Тазаланған астық массасы құрамы мен қасиеті бойынша біркелкі емес. Тұқымдық мақсаттарда қолданған кезде негізгі астық мәдениеті(оның ішінде солған, бүлінген дәндер алынып тасталғаннан кейін де) сепкеннен кейін жоғарғы өнімділік беруі мүмкін емес. Дәндердің әртүрлі сапалылығын төмендету үшін дән массасының биологиялық қасиеттеріне байланысты сұрыптайды – фракциялайды. Бұл технологиялық операция негізгі астықты бір уақытты физикалық және биологиялық қасиеттері бойынша екі бөлікке бөледі (фракцияға). Оның біреуі тұқымдық материал ретінде, екіншісі жемдік мақсаттарда қолданылады. Сұрыптау кезінде өнімнің ең жақсы бөлігін бөліп алу дән сапасын жоғарлатудың жақсы әдісі болып табылады. Сұрыптау кезінде дән партиясының орташа сапа көрсеткіші жоғарлайды, бірақ оның жекелеген биологиялық қасиеттері бұрынғыдай қала береді.

Кейбір мәдениеттер үшін оның ішінде жүгеріге де қосымша технологиялық операция қолданылады – сұрыпталған астықты ірілігі бойынша бірнеше фракциға бөлу. Бұл үрдісті калибрования деп атайды. Бұл операция егістікке дәндерді сепкен кезде сепкіштің жұмысын жақсартады.

Бастапқы астық қоспасын тазартып, сұрыптап, калибрлейді. Ол үшін әртүрлі күрделіліктегі машиналарды қолданады. Астық қоспасын айыру үрдісі сепарациялау деп, ал қолданылатын машинаны сепаратор деп атайды. Қоспаның құрамдас бөлігі ол – оның ең қарапайым бөлігі. Сапасы және физика – механикалық қасиеттері бойынша аз да болсын біркелкі болып келетін астық қоспасы. Құрамдас бөліктер қолдану мақсаты және сапасы бойынша әртүрлі болады. Қоспаның бір компонентін бөліп алу қиын. Айыру нәтижесінде астық қоспасынан әдетте бір-біріне жақын бірнеше компоненттер бөлініп шығады, ол дегеніміз фракциялар. Фракция дегеніміз айыру процесі кезінде бастапқы астық қоспасынан бір немесе бірнеше ерекшеленетін өнімдер. Фракция шығымы бастапқы қоспа санынын бөлінген астық мөлшері %-дық сипаттамада. Сепараторларды жай және күрделі деп бөлуге болады. Жай сеператорлар астық қоспасын екі фракцияға бөледі. Ондай жұмыс органдарына елеуіш, триерлі цилиндр, ауа каналы және т.б. жатады. Күрделі сеператорлар дегеніміз бірнеше жай сеператорларда бір машиналарда жинағанды айтамыз, олар астық қоспасын үш және одан көп фракцияларға бөледі. Жұмыс үрдісін олар бірінен кейін бірін, параллельді немесе комбинирленген түрде атқара алады.

Көбінесе ауылшаруашылықта дән тазалағфыш машиналар күрделі болып келеді. Оның іші 5-7 жай сеператордан құралуы мүмкін.

Сеперациялау үрдісінің міндетті технологиялық ережесі ол қоспаны тазалау нәтижесіндегі алынған фракция бастапқы астық қоспасынан сапасы жоғары болу керек. Өндірісте қолданатын жұмыс органары қандай да бір астық қоспасынан оның компонентін таза түрде бөліп шығара алмайды. Әдетте фракциялар алынады, ол дегеніміз жаңа қоспа. Бірақта оның белгілері көбірек ұқсас келеді. Фракцияның біркелкілігі жоғары болған сайын оның тазалығы да жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет