Елге қайтар алдында делегация Сталинге елдегі қалыптасқан жағдайды түсіндіріп кетті: мүлдем қарусыз, әлі толық ұйымдаспаған, бұрын әскери қызметте болып көрмеген қазақтар кеңес өкіметін мезгілінен бұрын, ашық, белсенді түрде қолдап шығатын



бет7/8
Дата17.06.2016
өлшемі467 Kb.
#142840
1   2   3   4   5   6   7   8

Осы іс бойынша Досмұхамедов Жаһаншаны мына қылмыстық әрекеттері үшін айыпкер ретінде тергеу астына алынсын, ол: 1). 1921 жылы айыпкерлер М.Тынышбаевпен, Х.Досмұхамедовпен бірге Ташкент қаласында қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымын құрған, ол ұйымның бағдарламасын жасауға қатысқан, ұйымды кеңейтіп, оның бағдарламаларын тарату үшін ұйымға жаңа адамдар тартқан, мысалы 1922 жылы Алматы қаласында айыпкер Біләл Сүлеевті ұйымға тартқан.

Осыған қосымша мынаны мәлімдеймін: мен кеңес өкіметіне қарсы ұйымдастырған астыртын жұмыстарыма қатты өкініш білдіремін. Бұл өкімет бұрын қанауда болған ұлттар үшін бірден-бір лайықты өкімет. Егерде маған мүмкіндік берілсе, онда осы өкіметтің көркеюіне бар күшімді жұмсаймын. Мен бұл сенімге түрмеде емес, одан көп бұрын келген болатынмын.

Осыдан кейін Халел: «Егер Жаһанша қарсы болса, онда бұл ұйымды құрылмады деп есептеу керек. Одан да бұрынғы «Алашорда» тұсындағы саясатқа көшейік. Қоқан автономиясы кеңес өкіметі жағына шықсын. Оларға саяси қылмысқа саяси айып тағылмасын. Кешірім жасалсын», – деді. Мен: 17-жылдың ортасында қабылданған ескі бағдарламамызды қайтадан жаңғыртуға түбірімен қарсы болдым. ... Мурзин Әзиз бұған қарсы шығып: Тынышбаев екеуің Орынбордағы қазақ құрылтайы қабылдаған «Алаш» партиясының бағдарламасын қабылдамадыңдар, десті. Мен ондай бағдарламның есімде жоқ екенін және орындаудан бас тартатынымды айттым. Алайда жолдастарымның қысымымен жобаны екі-үш күнде жазып бітіріп, «Ақжолға» (газет – Т.Ж.) бердім. Ол жобаны өзгертті ме, жоқ па, білмеймін. Ол жоба Бұқараға жіберілді ме, жоқ па, одан да хабарсызбын. Жоба Байтұрсыновқа және басқа адамдарға жіберілді ме, одан да хабарсызбын. Ешқандай жауапхат алғаным жоқ, ешқандай мәлімдемеге қол қойғаным жоқ. Заки Валидовтің Ташкентке келгенін білгенім жоқ. Оны менен жасырған болуы керек. «Түркістан Халық Республикасы жарияланды!» деп түн ортасында мені ұйқыдан тұрғызып айтса да сенбес едім. Бұған кеңес өкіметі де, компартия да келісе қоймайтын. Ташкенттегі қазақ зиялыларының мәжілістеріне қатысқан емеспін. Өйткені мен ол кезде Түркістан атқару комитетінің тапсыруымен Прежевальскіге іссапармен кеткем. Халел Досмұхамедовтің Өтегеновті қалай үгіттеп көндіргені туралы ешқандай мағлұматым жоқ.

Отырыста біз осы мәселелерді талқыладық. Еркін саяси мүмкіндік беретін үйірме құрудың мүмкіндігі туралы алып қашпа сөздер қалада кең таралды. Біз осы мүмкіндікті пайдалануға ұмтылдық және өзара пікір алысатын ұйым құруға уағдаластық. Айтылған мәселелерді Тынышбаев екеумізге қағазға түсіруді ұсынды. Біз оны Жаһанша Досмұхамедовке көрсеттік. Сіздердің бағдарлама деп жүргендеріңіз осы. Бағдарламаның бір данасын Әділевке беріп, пікірін білдіру үшін және өздерінің ұйымдарының мақстын білдіру үшін оны Байтұрсыновқа жіберуді өтіндік. Аз уақыттын кейін: барлық жағдайды Биахмет Сәсеновтен ұғысыңдар, – деп Байтұрсынов Әділев арқылы бізге сәлем айтыпты. Сондай-ақ Байтұрсынов: Сендердің ұйымдарыңды және бағдарламаларыңды, сондай-ақ оған қатысқан мүшелеріңді біз мойындамаймыз, – деген сәлем айтыпты. Осы жауаптан кейін біз өзіміздің үйірмеміздің жұмысын кейінге қалдырдық. Тек күнделікті оқиғалар туралы пікір алысып жүрдік. Ақпан айында Түркістандағы жағдай туралы толық баяндалған мәліметті Омаров Уәлихан арқылы Орынборға жолдадық. Жағдайдың қиындап кетуіне байланысты ол мәлімет тиісті жерге жетпей қалды.

Өйткені бұл Ту – 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының І құрылтайында Халел Досмұхамедов:



Өйткені мұндай нысаналы адамдардың азаттықта жүруі кеңес өкіметі үшін аса қауіпті әрі «намысқа» саналатын.

Өкілдіктің кеңестік Россияға жіберілуінің өзіндік себебі де болды: ол – ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылымын өзі шешуі құқын жариялаған Кеңестердің III съезінің қаулысы болатын, сондықтан да ұлт мәселесі бойынша Россиядағы ең сенімді өкімет – (кеңестер) деп танылды. Өкілдік 1918 жылдың наурыз айында Москваға келді. Жоғарғы кеңес мекемелерінің Петроградтан Москваға көшу кезеңіне тап келген өкілдік мүшелері өз өлкесінің мұң-мұқтажын ұлт істері жөніндегі Халық Комиссары И.В.Сталинге баян етті. Сталиннің кеңесімен азық-түлікке байланысты мәселелер Азык-түлік Комиссариаты жанындағы Коллегия мәжілісінің қарауына ұсынылды.

өкімет пен партияның Қазақстанда жүргізген шаралары мен науқандарына бөгет жасау мақсатында жерге орналастыру, мәдени-ағарту мен оқу орындарындағы, баспасөз мекемелеріндегі қызметкерлерді өз ықпалдарында ұстағаны үшін;

ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы коллегиясының қаулысы бойынша ұлтшылдықпен айыпталып, 1930 жылдың 14-қыркүйегінен бастап 5 жылға жер аударылған едім. 33-жылы өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауырдым. Сондай-ақ ұсынылған құжаттарда көрсетілгеніндей бүкіл денемді дуылдататын жүйке қышымасына да ұшырадым. Аурудың себебі – ауыр жұмыс, ауа райының жақпауы, тұрмыстық нашар жағжай (тар және сыз пәтер, еңбекақының тамаққа жетпеуі). Мен 5 адамнан тұратын үйдің жалғыз асыраушысымын, әйелім және 14-16 жастағы 3 балам бар, оның біреуі туберкулезбен, екіншісі туботоксинациямен (?) ауырады. Қазіргі жайсыз жағдайға байланысты менің үй-ішімнің өкпе туберкулезін жұқтырып, тарату қаупі бар. Менің дертім барған сайын асқынып, меңдеп барады. СЧО (сслкадағы төтенше орын –Т.Ж.) аймағындағы ем өкпеге қонбайды. Маған жыл сайын бірнеше ай бойы Қырым мен Кавказ санаторийларында емделу қажет. Жер аударылушы ретінде мен ондай мүмкіндіктен айырылғамын. Мұндай жағдайда мен өзімнің жұмыс қабілетімді ғана жойып қоймаймын, сонымен қатар мен мүгедектікке ұшырасам, бүкіл жанұям асыраушысыз қалады. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере келіп СССР-дің ОГПУ-нің коллегиясынан мені босатуды не кесімді мерзімді азайтуды өтінемін.

Революцияның басында қазақ халқы ұлттық автономияны Құрылтай жиналысы арқылы да алмақ болды, бірақ, кейінгі Октябрь ревоюциясы мен елдегі азамат соғысы қазақтардың көзін ашты. Бостандықтың құны қымбат, сондықтан да билік басындағылар бостандықты оңай бере қоймайды. Тәуелсіздік пен бостандыққа тек ұйымдасқан күрес арқылы ғана жетуге болады. Күрес нәтижелі болу үшін қоршаған қоғамдық ортадағы әртүрлі саяси ағымдарға бейімделе білудің және күрес жолында сенімді одақтастарды таңдай білудің де үлкен маңызы бар.

Рысқұлов бір жас жігіттен беріп жіберген бе, жоқ, почтамен жолдаған ба, әйтеуір Сарымолдаевқа хат жіберіпті. Ол хат Жаһанша Досмұхамедовтің үйіне келеді (Жаһанша Досмұхамедов пен Рысқұлов бажа болатын). Жаһанша Досмұхамедов хатты ашып оқиды. Онда ол өзінің жақтастарына: «Алашордашылармен» ауыз жаласудың қажеті шамалы, қайта олардың үстінен айғақтар жиып, ГПУ-ға хабарлау керек. Қожановты ұлтшыл деп әшкерелеуге тырысыңдар», – деп жазыпты (Өз басым ол хатты оқығамын жоқ). Жаһанша Досмұхамедов хатты Халел Досмұхамедовке көрсетіпті. Соңғысы хатты Тынышбаевқа оқыту үшін өзімен бірге алып кетіпті. Сол кезде Әділев те қайтып оралды. Үшеуі ақылдаса келіп хатты Қожановқа көрсетіпті. Соңғысы хатты өзімен алып кететіндігін және Жаһанша Досмұхамедовтің үйіне тінту жүргізетінін, оны оған хабарламауын тапсырыпты. Халел Досмұхамедов мұны Жаһанша Досмұхамедовке айтыпты. Жаһанша Досмұхамедов пен Қожанов Халел Досмұхамедовтің үйінде кездесіпті. Қожанов қасарысып көнбепті. Келесі күні тінту жүргізіп, хатты ГПУ-шілер алыпты. Сол кезден бастап бөліну басталды: бізбенен Рысқұловтың арасында, Халел Досмұхамедов, М.Тынышбаев пен Жаһанша Досмұхамедовтің арасында жік пайда болды. Біздің ұйым мүшелерінің аты аталғандардан басқа сол кезде Ташкентте тұрғандар: мен, Есполов, Әділев. Мен және Есполов екеуміз Жаһанша Досмұхамедовті жақтадық, Әділев өзін қорланған адамдай сезінді. Х.Досмұхамедов пен Тынышбаев: «Рысқұловшылардың тыңшылық әрекетінен ертерек сақтандырайық деп ойладық. Сондықтан да Қожановты қостық»,– деп өздерін ақтауға тырысты. Жаһанша Досмұхамедов: «Жеке бас пайдасы үшін және Қожановқа жағыну үшін Халел Досмұхамедов мені пайдаланды», – деп кінә тақты.

Сайлау кезінде де солай. Оған ешнәрсені қарсы қоя алмайсыз. Бүкіл халықты қорқытып қойған. Олар үндемейді. Ең өкініштісі сол, осыны көре тұрып сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді. Біз халыққа көмектесеміз деп қиялдаймыз. Қашан? Осының барлығы жүректі ауыртады. Тек сен ғана мені түсінесің, маған жаның ашиды. Ойланшы. Болыстыққа Адай Өжекті (19 шар алған) немесе Жылсүйімбетті (11 шар алған) сайлауға болмас па екен? Әйтпесе, болыстыққа Гадучевтердің компаниясынан сұмырай Жұмағұлды сайлауы мүмкін. Онда тағы да халық оның қанауынан қан қақсайды», – деп өршіл де намысты қаламмен жазылған осынау хаттың астарынан оянып келе жатқан күрескер рухтың тегеуіріні анық танылады.

Саясаттың құралы – амал, айла. Қысылтаяңнан – қиялап, тығырықтан – тізерлеп, ажалдан – арбап жол табатын айлакер қаракеттің иесі ғана саясат мінбесіне көтерілуден дәмелі. Соңынан ел-жұртты ерте алатын көсемдік – мансапқорлық болып табылмайды. Сондықтан да орта қол көсем-коммунист Ә.Әйтиев: Х.Досмұхамедовтің көсемдік қасиетін – мансапқор; қиыннан жол табатын айлакерлігін – авантюрист, арандатушы; қатал билік иесін – атамандардың «оң қолы» – деп түсінген деуге толық негіз бар. Ендеше, өзінің ата жауы – казак атамандарымен келісімге баруы бұл «мінездемелерді» толық ақтайды. Себебі:

Семейдегі Әлихан Бөкейхановқа берілген хатты тапсыра алмаған, Х.Досмұхамедовтің ісінде алғашқы жауабы тіркелген Уәлихан (Уәлитхан) Омаровтың көрсетіндісі:

Сол жасыл тудың шылауымен арада тура бір жыл өткен соң қызыл империяның көсемдері Ленин мен Сталиннің алдында қазақ елінің мемлекеттігін мәселе етіп қойды:

Сол қысқа мерзімде оған «ешкім құқық бермеген, ешкім мойындамаған» 1921-1922 жылы құрылған «астыртын ұйымның құпия мәжілісін» өткізіп үлгереді. Сөйтіп Д.Әділевтің:

Сондай орнықтылықпен хатқа түсірілген бұл жолдардың аранды астары «атақты алаяқ Шәріп Сейкетовтің» орынбасарлыққа тағайындалуын «оңбағандық» деп бағалаған тұста бір-ақ ашылады. Қазақ зиялысының бір ұлттық ерекшелігі, ол дұшпанының осы дүниедегі барлық қылмысын кешіруге, оны ұмытуға бар, тек ру тартысы мен сайлау тұсындағы бақталастықты кешірмейді де, ұмытпайды да. С.Тұрғымтаев қазақы екі майданда да Х.Досмұхамедовтің қарсыласы С.Меңдешевтің тобынан табылған адам сияқты. Өйткені Халел Досмұхамедовтің ұлт үшін қолданған шараларының бір де біреуі оған жақпады әрі дұшпандық боп көрінді (Біз бұл көрсетінділерге тек өмірлік дерек ретінде ғана қарап, тергеу ісіне қатысты мағлұматтарды ғана тілге тиек еттік).



сондай ұйымды Қазақстанда құруға ұмтылғаны үшін;

Сондықтан да пролетариат көсемі Ленин «Алашорда» үкіметіне о бастан екіжүзді саясат ұстанды. Оларды бетпе-бет келгенде сондай бір безбүйрек «бауырмалдықпен» бауырына тартып, «Алашорда» қайраткерлеріне кешірім жасау туралы Қаулыға қол қоя отырып, ту сыртынан Орынбордағы әскери кеңеске:



Соны тағы да қайталаймын: 1) «Алаштықтармен» 24-жылдың қыркүйегінен бастап барлық байланысымды үздім және олардың Қазақстандағы қылмысты әрекетеріне ешқандайда қатысым жоқ. 2) «Алқаға» қатысқамын жоқ. Білетінімнің барлығын тергеу кезінде хабарлағамын. 3) Мен Қазақстанда 28-жылдың күзінен бастап тұрамын. Тек 26-жылдың жазында ғана Қызылорда қаласында 2,5 ай тұрдым. Негізінен 28-жылға дейін Ташкентте болдым. Қазақстан үкіметінің жүргізген шараларына кедергі келтірген емеспін. Қазақстан үкіметінің шараларын бұзатындай ешқандай қастандыққа ешқашанда барған емеспін. 4) Мен жер жөніндегі мәселелерден мүлдем мақұрыммын. Бұрынғы «алашордашылар» да бұл жөнінде менімен ақылдаспайтын. Олардың бұл мәселе туралы менімен санаспауының өзі де тегін емес. 5) Байларды тәргілеуге қарсы еш жерде ешқандай үгіт жүргізген емеспін. Жер және тәргілеу туралы пікірімді 14-қыркүйек күнгі көрсетінімде жазғанмын. Ташкентте де, Алматыда да оқушылар мен оқытушылардың арасында бұл бағытта ешқандай үгіт жүргізбедім. Бір сөзбен айтқанда 24-жылдан бастап тұтқындалғанға дейін кеңес өкіметіне қарсы ешқандай да қылмысты әрекетке қатысқан емеспін.

Сонымен, 1930 жылы 14 қыркүйек күні: ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің Каз ССР-і бойынша өкілі Попов, Қылмысты істер кодексінің 58/7 58/33 59/3 баптары бойынша айыпталған Мұхамеджан Тынышбаевтің үстінен қозғалған №2370 істі қайта қарап шығып, осы істе тергелетін қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымының мүшесі ретінде 1883 жылы Гурьев округінің Қызылқоға ауданында туған, Алматы қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, шаруадан шыққан, жоғары білімді, мамандығы дәрігер, КазГУ-дің профессоры, партияда жоқ, үйленген, қарамағында асырайтын 5 адамы бар, 1920 жылдан Қазақстанда тұру құқы шектелген, сотталмаған және тергеуде болмаған Халел Досмұхамедовті:

Сонымен, «Алашорда» үкіметінің қайраткерлері «сенімді одақтастан бітім» іздеп – Мәскеуге, ал С.Меңдешев пен Иванов «әшкерелеуші айғақ жинау үшін» Жымпитыға аттанды. «Алашорданың» батыс бөлімін тарату үшін Қызылқоғаға барған бұл екеуі іссапардың есепті қорытындысында жоғарыдағы «халық мұғалімінің» арызына сүйене отырып:

соның ішінде капиталистік елдерден қару алуға ұмтылғаны үшін;

Сот пен тергеу ісін, іс жүргізу хаттамасын білетін кәсіпқой заңгердің жауабы нақты әрі сенімді. «Алашорданың» ескі бағдарламасын естелік үшін жаңғыртып жобаға түсіру мен астыртын ұйымның арасындағы айырмашылық үлкен, оларға қолданылатын заң баптары да мүлдем басқа. Алғашқы жауап пен соңғы көрсетіндінің арасында қандай айырмашылық бар? Шамалы. Тек өзгелердің көрсетінділерінде ғана: «Ж.Досмұхамедов Ташкенттегі астыртын ұйымның бағдарламасын жасады», – делінеді.



сөйтіп, ақырында кеңес өкіметін құлатып, оның орнына буржуазиялық-демократиялық мемлекет орнатпақ болғаны үшін

Сөйтіп, олар кеңес өкіметінің ажал тырнағынан бірінші рет осылай аман құтылды. Ең бастысы – халыққа арналған қаражатты аман-есен сақтап қалды. Әрине, бас амандығына не жетсін, бірақ мына қаржының құндылығы оның қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қызмет ететіндігінде еді. Сондықтан да басты бәйгеге тігуге тұрарлық тәуекел сапары еді бұл.

Сөйтіп, олар Қазақстанда тұру құқынан айырылып, Ресейдің ішкі облыстарында бақылау астында өмір сүру мүмкіндігі берілді. Бұл биресми жер аудару деген сөз еді. Лениннің жоғарыда келтірілген:

Степановтың: «Орал кеңесінің мүшелері сымсыз байланыс арқылы бізге басқаша мәлімет берді. Казак әскери үкіметінің шешімімен орталықтан қомақты ақша алып, оны бізге қарсы жұмсауға жіберілген өкілдер осылар емес пе. Бұлар Орал кеңесінің рұхсатынсыз кетті»;



Сұрақ жауап алған: Попов».

Сұрақ-жауаптың мазмұны дұрыс жазылған, сол үшін қолымды қойдым …(Халел Досмұхамедов)».

Сіз айтып отырған 21-22-жылдары Ташкентте өткен Тынышбаев, Досмұхамедов және басқалар қатысқан жиналыс туралы тіпті естісем бұйырмасын. Заки Валидовтің кім екенін де білмеймін, өмірімде ол туралы естіп көрмеппін. Әділевті естуім бар, бірақ өзін көрмеппін».

Сіз маған: қазақтың әлдекімі әлде қайда Ташкенттен сырт қалаға барды ма?, – деп сұрақ қойып отырсыз, ол туралы мен ештеңе білмеймін. Өз басым ондай жолдыбайшылыққа жүргемін жоқ».

Тағдырдың таразысына таң қаласың. Жоғарыдағы «қызылдардың қызыл көзі түскен» ақша «қызыл көзқарасты» кеңес тарихшысының да көкірек құртын қоздырыпты. Қазақ ССР Жоғарғы сотында «Алашорда» ісі ақталуға бет алғанда Л.Ж.Күдерина әкесі Мәжит Күдеринді ақтау туралы КППС орталық комитетіне хат жазып, жалпы алаш ардагерлерін ақтау туралы мәселе көтереді. Бұл хатқа кеңестік идеологияның көрнекті маманы, партия тарихы институтының директоры Б.Төлепбаев жауап бере келіп, Х.Досмұхамедовке:

Тағыда Мурзиннің айтқаны (Тыңшының жазғаны – Т.Ж.): Сіздердің ұйымдарыңыз бар екенін баяғыда-ақ білген, бірақ та ол кезде қозғамаған. Әуелі бірінші топты, содан кейін екінші топты іріктеп тұтқындаған. Енді үшінші топтың да тізімін жасауы мүмкін. Мұның барлығы сыртқы дүниеге (немқұрайлы адамдарға) қыр көрсетіп: ГПУ тергеушілері тергеу барысында жаңа астыртын ұйымды әшкереледі дегенге сендіру үшін жасалып отыр. Ал тұтқындалғандардың барлығын айыпты етіп, мәселесі шешіліп қойған. Олар тергеуді тұтқындағаннан кейін емес, тұтқындағанға дейін жүргізеді. Сіздер астыртын ұйым құрды дегені жай сылтау ғана, мәселе басқада. Орталық комитеттің былтырғы қаулысында ұлттық интеллигенциямен күресу туралы шешім қабылданған болатын. Бұған не себеп болды, мен білмеймін. Бірақ та біздің тұтқындалуымыз сол қаулыны жүзеге асырудың нәтижесі екені анық».

Тергеу барысында қилы-қилы қитұрқы арандату тәсілдері қолданылған. Алдыңғы тергеулердің тұсында тақыстанған «төтенше комиссияның мамандары» екінші топта жауапқа тартылғандарға ерекше дайындықпен келген және жауаптарын тиянақты түрде хаттап, бірден Д.Әділев көрсеткен «астыртын ұйымның жұмысы» туралы сұрақтан бастаған. М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовке тағылған айып та, қойылған сұрақ та, олардың реті де бірдей. Соған орай қайтарылған жауап та мазмұндас. Олардың алғашқы көрсетінділерінде абдырап қалғаны байқалады. Қалай дегенмен де, олардың берген алғашқы көрсетінділерінде астыртын ұйымның болғанын мақұлдауға бейімділік бар. Ал кейінгі жауаптарында: ешқандай да ұйым болған емес, тек көзқарасы ұқсас адамдардың екеуара пікір алысуы ғана болды – деген уәжді ұстанады. Мұндағы қарастырылған жайлардың мазмұны мен қисындары, себеп-салдары алдыңғы тарауларда, әсіресе, Д.Әділевке қатысты тұстарда барынша қамтылғандықтан да және қайталауға ұрынбас үшін біз мәтіннің өзін бөліп-жармай толық беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бір сарынды, қайталана тәптіштелген хаттамалардың ішінен негізділерін таңдап тәржімаладық. Біздің пайымдауымызша, сондай кең ауқымды мәтіннің бірі Х.Досмұхамедовтің қарашаның 6 жұлдызындағы жауабы. Мұнда алдыңғы және кейінгі сұрақтарға берілген жауаптардың басы қосылып, тұтастық сыпат алған. Сонымен:

Тергеу ісінде тыңшылар қағазға түсірген Иса Қашқынбаев пен Уәлитхан (Уәлихан) Омаровтың екеуара жауаптасуы бар. Зады бұл екі азамат өзара сөйлесіп отырғанда олардың сөзін үшінші бір «үндемес» қағазға түсіріп отырған сияқты. Х.Досмұхамедовтің жоғарыдағы көрсетіндісіне қатысты болғандықтан да осы араға кіріктіріп беріп отырмыз. Ескерте кетеріміз, хаттамада Қашқынбаевтің фамилиясы «Кошкинбаев» деп көрсетілген. Ал мұндай адамның тергеу ісіне тартылмағандығын ескеріп, біз Қашқынбаев деп алдық.

Тергеу ісіндегі барлық хаттамада осы арада: 1З.Валидов Т.Рысқұловпен кездесті ме, жоқ па?1, – деген сұрақ қойылатын. «Батыс Алашорданың» көсемі Т.Рысқұловтың орынына С.Қожановтың атын атайды.

Тергеу, қалыптасқан дәстүр бойынша, анкеталық сұрақтарға жауап беруден басталған:

Тергеушіге берілген жауаптағы бұл көрсетінді 1921 – 1922 жылғы астыртын ұйымның емес, «Алашорданың» мемлекет билігі туралы басты құрылымдық ұстанымы болатын. Онда:

Тергеушілердің ендігі нысанаға алған адамы «Алаштың» жас жолбарысы Әлімхан Ермеков екені осы хаттамадағы қойылған сұрақтан-ақ аңғарылады. М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовтен Ә.Ермеков жөнінде жарыстыра «сыр» суыртпақтайды. Мұның алдында М.Тынышбаев: Халел Досмұхамедов пен Әлімхан Ермеков бір-бірімен араз. Сондықтан да олардың арасында ұйымдық байланыс болуы мүмкін емес, – деген мазмұнда жауап берген болатын. Әрине, бұл қалайда Ә.Ермековтің атын хаттамаға түсірудің амалы. Әйтпесе, екі адамның арасындағы қарым-қатынасты реттеу төтенше комитеттің міндеті болмаса керек-ті. Сөйтіп, М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедов беттеседі.

Тергеушінің: «Өзбектерден кім бар еді? –деген сұрағы жауапсыз қалған.



Төтенше өкіл – Попов. «Келісемін»: ОО бастығы үшін – Волохов».

Троцкийдің: «Сталин қазақтың жауапты қызметкерлерін бір-біріне қарсы қойып, қырқыстыру арқылы бұл халықты зиялылардан айырды», – дегенге саятын пікірі ақиқат. Бұрын бұл жазалау саясатының көп қитұрқысының бір тәсілі ретінде қаралатын. Құпия құжаттармен дендеп танысқан сайын мұның нақты және ең аяр саясат екені нақтылана ашыла бастады. Және Каширин, Якубовский, Альшанский сияқты кәнігі арандатушыларды олардың соңына тұрақты түрде салып қойған. Олар, бірінші кітапта айтылғанындай, үш айда, жарты жылда, жыл аяғында Мәскеуге есеп беріп, арандатудың жаңа тәсілдерін алдын-ала қарастырып, жансыздарды дер кезінде «сіңіріп» отырған. Сонымен қатар «ескі көздер» мен «жаңа көздердің» жазбаларын, мұрағаттарын, құпия күнделіктерін, өзара жазысқан хаттарын тіміскілікпен де, сұғанақтықпен де пайдаланды. Тіпті ерлі-зайыптылардың екеуара «жүрекжардысы» да тергеудің кәдесіне жаратылды. Сондай қатерден сақтанған алаш қайраткерлері өзінің жеке мұрағаттарын құпия сақтады немесе үнемі көзін жойып отырды. Сондықтан да «Алашорда» туралы жинақ құрастырғанда өздерінің тек құпия тыңшылар мен жандармереяның жасырын мәліметтеріне сүйенгенін Брайнин мен Шафиро:



Тынышбаев, Ермеков және басқалары тұтқындалғаннан кейін Әзиз Мурзин өте сақтық жасап Мұхтар Мурзинмен, Кәрменовпен, Бекентаевпен, Мұңайтпасовпен, Мұратбековпен жазысқан хаттарын өртеді. Хаттарды мен жақтым. Ал ол іші қағазға толған үлкен папканы өртеді. Сөйтіп ол тінту кезінде айғақ қалтырмауға тырысты. Сақтық шарасын қолданған себебі: менің артымнан тыңшы еріп жүр, үйді күдікті адамдар аңдып жүр – деп жиі айтатын. Әзиз Мурзин Мұхтар Мурзин мен Қадырбаевтің әйелдерімен сөйлескеннен кейін: Ғаббасовқа, Нұрымовқа, Тынышбаевқа сенуге болмайды, олар ГПУ-дің шпиондары, – дейтін. Халком кеңесінің төрағасы Исаевпен жақсы болатын. Онымен төрт рет кездесіп Мұхтар Мурзиннің неге сотталғанын білгісі келді. Алайда ол әрекетінен ештеңе шыққан жоқ. Сондай мәліметті білмек боп Масановқа да барды. Исаев пен Масанов Мұхтар Мурзинмен байланысы бар деген сөзге қалмас үшін мұның тілегін орындаудан бас тартты.

Тынышбаевқа сұрақ: Бұл араздықтың негізгі себебін сіз қалай түсіндіресіз?

Тынышбаевқа сұрақ: Досмұхамедов пен Ермековтің араздығына не себеп болды?

Тынышбаевтің жауабы: 29-жылы мен Ташкентте Ермековпен әңгімелескен емеспін (Қолы). 14 қыркүйек 31 жыл».

Тынышбаевтің сөзі: Досмұхамедов пен Ермековтің арасында болған жайдың мерзімі жөнінде жаңылысып айтқанымды, оның Байтұрсыновты тұтқындаудан бұрын өткенін ескерте кетемін. Оқиға жыл аяғында өткен. Әйтеуір қыс кезінде өткені есімде қалыпты (Досмұхамедов пен Тынышбаевтің қолы қойылған).

Ұсыныс қабылданды. Қалыптасқан жағдайда шарт қоя сөйлеу қатерлі еді. Сонда да Х.Досмұхамедов:

Фолькиннің: «Қазақтар Омбыда Уақытша үкіметке қарсы шыққан, алайда қытығын басқан соң оны мойындады. Кеңес өкіметі орнағанда оны да мойындады. Бұларды казактардан оқшау ұстап, үндеуді тарату керек»;

Х. Досмұхамедовке сұрақ: 1921-22 жылдардағы Ташкентте құрылған сіздердің астырттын ұйымдарыңызға Жаһанша Досмұхамедовтің мүше болғандығын растай аласыз ба және ол бұл ұйымда қандай міндет атқарды?

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «14) Коммунистердің ішінен Қожановпен етене таныспын. Қожанов біздің ұйым туралы ештеңе білген жоқ. Өткен жылы менен ұйым жөнінде сұрағанында: ешқандай да ұйым болған жоқ – деп жауап бердім. Сұлтанбековті Ермеков жақсы біледі. Орынбордағы ұйымға мүше болуы мүмкін, оның тізімі бізге белгісіз. Байтұрсыновтың тұтқындалуына байланысты Ермеков менен біздің ұйым туралы сұрады. Асфандияровпен таныспын, тек университеттегі жұмыс жөнімен ғана қарым-қатынас жасадық, ұйым туралы ол ештеңе білмейді. Байтұрсынов тұтқындалғаннан кейін ол бізден саяқсынып кетті. 29-жылы кездескенімізде біздің сақ жүруімізді емеуірінмен білдірді. Ораз Жандосовпен оқу-ағарту комиссариятында істеген кезінен 28-жылдан бастап көрші тұрдық. Біз оны нағыз берілген коммунист деп есептейтінбіз. Байділдинмен таныспын, оны 28-жылы Орынбордан қызмет бабында байланыс орнату үшін Ташкентке келгенінде көрдім. Ол көз алдындағыдан алысты болжай алмайтын адам, байқауымша, ол тез өзгеріпті, өзінің шын берілгендігін танытуға тыраштанған жолбике коммунист болып шығыпты.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «17) 1924 жылдан кейін контрреволюциялық әрекетпен шұғылданған жоқпын. Кеңес үкіметіне қарсы шықпасам да «Алашорда»» идеясынан бас тартқам жоқ. Мұны іскерлік-төңкерістік идея десе де болады. Ресми аты болмаса да, біз оны өзара «Ұйым» және «Өркениетті ұлтшылдар партиясы» деп атайтынбыз.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «18) Рысқұловтың жолдаған хаты Жаһанша Досмұхамедовтің қолына тиді. Хат Сарымолдаевқа жолданған. Ол кезде тұрақты мекен-жай болмағандықтан да Жаһанша Досмұхамедовтің қолына кездейсоқ түскен.

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «Жер мәселесі туралы нақты ешнәрсе айта алмаймын. Бұл мәселемен мүлдем таныс емеспін. Ал жастармен Жәленов пен Әділев тікелей жұмыс істеді. Олардың нақты міндеттері болды. 25-жылға дейін комсомол ұйымы құрылғанша жұмыс істеді...

Х.Досмұхамедов (жалғасы): Ұйымның басты құрылымы екі жағдайды ескере отырып қарастырылды: бірінші, кеңес өкіметі құлаған жағдайда, екінші Әнуар паша жеңілген жағдайда не істеу керектігі басты назарға алынды. Бірінші жағдайда – кеңес өкіметі құлаған жағдайда Қазақстан демократиялық-федеративтік республика дәрежесінде Түркістанның негізгі бір құрылымы ретінде өмір сүреді. Ал екінші жағдайда: Қазақстан Түркістанның құрамына кірмейді, ССРО-ның құрамына дербес республика ретінде кіретін болады, деп ұсыныс жасалды. Біз ол кезде сіздердің федерация туралы шешімдеріңізді білмейтін едік, ол кезде Түркістанды өзбек басшылар билеп-төстейтін, жобаны жасаған да солар болатын. Қазақтардың өзбектермен аралас тұратынына қарамастан, біз өзбектердің бұл ұсынысына мүлдем қарсы болдық. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барлық қазақтың басын қосу болатын. Біз тіпті қытайдағы қазақтарды да қосып алудың жолын қарастырдық. Әрине, олар өздері мекендеп отырған территориясымен қазақтың құрамына кіру керек деп есептедік. Бұл жоспар сол қиял күйінде қалды, іс жүзінде еш нәрсе де атқарылған жоқ. Бұған қазақстандық қазақтардың қалай қарайтыны маған белгісіз. Жат жердегілердің жағдайы өте ауыр күйде, өмір сүру дәрежесі төмен, сондықтан да бірігуге қарсы бола қоймас деп ойладық.

Х.Досмұхамедов «іштарта қараған» С.Сәдуақасовтың сол жылдары мерзімді баспасөз арқылы білдірген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет