ЕҢлік – кебек төрт актылы, бес суретті трагедия



бет2/2
Дата11.06.2016
өлшемі341.5 Kb.
#128713
1   2

Есен кіреді.

Е с е н. Кебек! (Кебек екеуі тап беріседі.) Бір-екі ауыз сөзімді айтқыз әуелі,..

К е б е к. Семсер жүзінде айтылған сертті ұмытқам жоқ, шық!

Е с е н. Кебек, батыр болсаң дегбірің қашпасын, үрейленбе!

К е б е қ. Шық!

Е с е н. Кебек; сен мені іздеп тауып тұрған жоқсын. Мен сені іздер кеп тұрмын. Найман тобымен бірге келсем олар меш жекпе-жекте алыстырмас деп ұрлнып әдейі кеп тұрмын. Менің мәнімді осыдан біл. Ёар айтпағым осы ғана. Ёнді келсең келе бер!

Кебек. Олай болса, ер екенсің, кел. Арғын, найман берекесі екеумізге қарамай-ақ қойсын!

Е с е н. Сенімен туғанда жұлдызым қарсы боп туған, ағам Көшен кегі де қарыз мойнымда, Сені өлтірмей тынбақ емес көңілім! Кел бермен! (Ёкеуі қатты алысып, қан- жарласып жүреді. Кебек жеңіп құлатады.)

Е ң л і к. Жасаған, жарлығына ырзамын. Жарығым, жаның аман қалды ма?

К е б е к. Кеудемді жеген бір құрттан құтылайыншы тым кұрса! Өліс депті ғой. Ала өлмей неге кетем?!

Жәуетей. Ал енді кетелік, болшы, жандарым!

К е б е қ, Жәуетей, несіне жабыса бересің сөйлейт. Кебектің дәурені кеткен, оның елге керегі жоқ. Оның орнына қуыс қурай. Қашпаймын мен, осы жерде тосьш алам найманды! Дұрыс айтып тұрғам жоқ па* Еңлікжан?

Е ң л і к. Батырым, сені мен менің ғана басым болса бір. Сәрі (жөргектегі баласын көрсетіп), мына сорлыны қайтеміз! Соры ашылмаған сорлы бейбақ осы бол-май ма? Осының қарызы үшін кетейік, жанымі

Кебек. Шын айтасың ба, сен де тілейсің бе, қалқам?

Е ң л і к. Жалылынамын, жаным, қайтемін!

К е б е к. Олай болса дайындалыңдар. Мен атты әкелейін. Ал енді біз қашқынбыз! Өмір бойы қашқын боламыз. Қоян жүрек қорқақ боламыз! Көрінген адам баласынан тығылып, бұзып қашатын тау тағысы боламыз? Ал біз қаштық,

Жәуетей мен Еңлік дайындалады. Тас арасынан найман қолы кернеп, жинала бастайды.

Д а у ы с. Жау мұнда! Қапта, қапта!

Еспембет. Тоқта! Мынау Есен ғой, өлтіріп кеткен екен ғой.

Д а у ыс. Ойбай, бауырым...

Жомарт. Қанішер тобықты, қанқұйлы тобнқтн қылған екен ғой»..

Еспембет. Доғар... Есен бұл күнге дейін найманның батыры болса, қазірде тобықтының жығылған жасырын қайта тұрғызған найманның бір шірігш жұмнртқасы. Жекпе-жекке шыққанда тапқанн ғой. Жылаған көз жасымның, садағасы, Бір ауыз сөз айтпастан өлейсесін былай апкет. Мұны жайлап қашқан ғой Кабек,

Д а у ы с. Мына қатын біледі ғой, айтқызу кереж осы ғана!

Дауыстар. Айт жаныңның барында,

Е ң л і к. Мені ұстағаннан кейін оны да ұстадыңдар ғой!

Еспембет. Бұл күлгірсіп тұр. Ол қашса да ұзағам жоқ. Мына шатқалды аралап щық шапшаң!

Кебек шыға келеді.

Д а у ы с. Ә, батыр, келдің бе ажал айдап?

Кебек. Келдім Мен Еңлігім әлген жерде өлем деген уәдем бар, сол үшін келдім. Тағы да жастығымды ала жатайын ба. Ажалсыз қай найман барсың, көрінші менің көзіме! (Садағын кезене береді.)

Е с п е м б е т. Ат, мына мен бар, Найман құрып қалса көремін.

Е ң л і к. Сәулем, атпа! Тілеймін! Арғын, найманның қалған елі қарғамасын. Өлсек те жазықсыз өлейік.

К е б е к (садағын кезеп тұрып). Ей, сотқар би ұлың ұлып табысыпсыңдар ғой бөрідей, табысарда сойған өкө қасқаң елдің ұлы-қызы біз болдық қой! Көк бөрі демей не дейін, қан сорнамды ішпесең көңілдерің көншімес. Лағынет босын сендерге. Бірақ сені қарғасам да қарғамаймын сорлы елімді Ер қадірін білер сол ел, елден шыққан не білер! Сонда менің қанымды қарғыс етіп басар сенің маңдайыңа! Мә, білгеніңді істей бер! (Садағын тастайды.)

Еспембет. Ол сөздің керегі жоқ! Байла!

Е ң л ік Ей, азаматтар! Өлтірерде үш тілек бар емес пе? Үш-ақ түрлі тілек айтам.

Дауыстар. Керегі жоқ, тыңдамаймыз.

Еспембет. Тоқта! Айт, не тілегің бар?

Е ң л і к. Кебекпен арыздасайын. Екінші, өлтіргеи соң бір жерге көміңдер. Үшінші, соңғы тілегім: бізде жазық болса да, мына бишара сорлыда жазық жоқ қой. Ата-анамда ұрпақ жоқ, зарлап өтіп еді, енді мен екеш иен де жоқпын, соларға табыс етіңдер. Жетім қозы бұл зарлық зарласа солар баурында зарласын. Бар айтарым осы еді.

Еспсмбіт, Жарайды. Босатыңдар. Қоштаса ғой жарыңмен.

М ат ақ Кебек, ел болып, Көбей болып енді мені саған жіберді, еркек тоқты құрбандық деген еді. Елге, биге айтар сөзің болса айт.

К е б е к. Тобықтыньщ баласына менің сөзім жоқ, Ендігі сезім жетіп олардың жүйесін босатпай-ақ қой- шн. Тобықты осы қаталдығынан таймасын, менің арым, Еспембет, сенде.

Е е п е м б е т. Айт, менде болса.

Кебек. Мойныма арқан тағып өлтірмей Қорламай өлтір!

Еепембет. Босат олай болса, қызбен екеуінің қолын!

К е б е к. Еңлікжан, қимасым, құштарым, кеш маған.„

Е ц л і к. Жалғызым, өзің де кеш!.ч

Құшақтары айқасады. Еспембет садақпен атады. Екі жастың құшақтары жазылмай денелері айқасып түседі. Жұр жым-жырт. Қаралы сұмдық іс бітті, енді бет-бетімен жым-жыр тарп барады. Құндақтағы баланы ешкім алмайды. Жапа-жалғыз қала береді. Сол кезде жапал шығады. Еңіліктерге үнсіз қарап үңіліп тұр. Екі иығы дірілдеп, үнсіз жас төгіп тұрғаны білінедіжай жылжып балаға келеді. Бір жақтан абыз шықан ақ шапанды, ақ сақалды. Өзгеше тіксініп, тұла бойы өрт шалғандай боп келеді. Бұған дейінгі қандай уақиғанының эпилогі түрінде кетеді.

Жапал (Абызды көрмейді. Құндақтағы баланы көтеріп, бауырына алып). Сорлы қозым Қошақаным! Жетпей қалған, жетім бауырым, Алдым сені баурыма. Тастап кеткен. Елсіз, есіз далаға тастап кеткен тас бауырлар, бөрілер!

Абыз (бір қабат ақ шапанын шешіп, өліктердің үстіне айқара жауып.) АҺ, заман! Құшақтарың айқасып кеткен шерменделер!

Жапал (айналып көріп, баланы көрсетіп). Көрші, көрші міне, қамкөңіл ата! Мынаны өлсін деп аш бөріге тастаған. Осы ма еді ел деген? Көріп пе едің аямасты, ататай?

А'быз. Ата!.. Атамын мен аңыраған! Мен ата, сен немере? Бауырыңдағы шаранасы кеппестен шырылдап қалған шөбере! Бауырым өрт, үнім зар! Бауырым өрт, бетім жас... Ата, немере, шөбереміз — үш зарлық! Ел олар емес, бізбіз, ұлым, жан балам! Қара тастай қатал күндер ішінде туар, келер біздей толқын-толқын ата, бала, немере... алып кетсін, жазықсыздар аттарын сақтап өтсін... ақтап өтсін арыстарым арманын... «Жадында тұт, жасыма!.. Жадыңда тұт, жасыма» де, ес кіргенде (баланы нұсқап) бауырыңа,.. Бүгін мен өсиет еткендей, өсиет ет сен оған, шағың жетіп өлерде! Жадыңда тұт, жасыма десін арғыларға, ұрпаққа. Жадыңда тұт, жасыма, ұлым, елім, шермендем!..

Ш ы м ы л д ы қ.



С о ң ы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет