Елордалық Мемлекеттік кірістер департаментімен жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы



Дата08.07.2016
өлшемі67.06 Kb.
#185525
Елордалық Мемлекеттік кірістер департаментімен жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке жүйелік қауіп-қатер туғызады, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларды жояды, Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған елдер қатарына ену жөніндегі Елбасымен қойылған стратегиялық мақсаттарының орындалуына кедергі болады.

Сондықтан, біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бағдарламалық негізі бар және ұзақ мерзімдік келешекке жүзеге асырылады.

2014 жылғы 26 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) бекітілді.

Аталған бағдарламалық құжат сыбайлас жемқорлыққа және онымен өзара байланысты көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселесін шешуде кешендікті және жүйелілікті қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономика өзара тығыз байланысты екендігін айта кету керек. Өйткені, көлеңкелі экономика сыбайлас жемқорлықты ынталандырады, ал ол өз кезегінде оған сүйеу болады.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет етуге тікелей жауапты мекеме болып табылады.

Біздің мекемеміздің лауазымдық тұлғаларында ауқымды бақылау функцияларының бар болуы, жемқорлық құқық бұзушылық жасауға айқын қауіп туғызады.

Айта кететін болсақ, Қазақстанның салық төлеушілер ассоциациясымен (бұдан әрі - ҚСТА) 2015 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесі, кеден органдарындағы жемқорлық деңгейі салық органдарына қарағанда 10 есеге жоғары екендігін көрсетті (6,9% қарсы 0,7%).

Ең сыбайласқан кеден қызметтері: шекарадағы кедендік бақылау, тауардың құны бойынша қосымша тексеру өткізу, тауарлар сыныптамасы бойынша шешім шығару және есептеулерді салыстыру.

Салық қызметтерінің ішінде – заңды тұлғаны тарату немесе ЖК қызметін тоқтату.

Әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жемқорлықпен тек қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану арқылы күресуде, жетістікке қол жеткізу мүмкін емес.

Сондықтан, Комитетпен, Жемқорлыққа қарсы стратегияның ережелеріне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының қызметтік әрекетінде жемқорлық қаупін жою бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

Шағын және орта бизнес (бұдан әрі - ШОБ) субъектілерінің қызметінде бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде, жемқорлықтың құрамдас бөлігін жою, сондай-ақ, негізделмеген әкімішілік кедергілердің деңгейін төмендетуде, қауіптерді басқару жүйесін жетілдіру, үлкен қор болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдары бүгінгі күннің өзінде, өзінің қауіптерді басқару жүйесін әзірлегендігін және тиімді қолданып жатқандығына назар аудартқан жөн.

Департамент қызметкерлерімен жүргізілген елордадағы қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының салық аударымдарын талдау жұмыстары, мейрамханалар мен кафелердің бірқатары өздерінің нақты табысын жасыратындығын көрсетті. Бүгінгі күнге, төленбеген салық сомасы 52 млн. теңгеден астам.

Мұндай «қара ниетті» салық төлеушілер бойынша Департамент нақты тексерістер жүргізеді. Осы уақытқа дейін 189 бұзушылық анықталды, кәсіпорындарға айыппұл салынды.

Сонымен бірге, нәтижеге, кәсіпкерлерді жалпылама тексеру есебінен емес, болжамды-аналитикалық құрамдас бөлікті және тек «қауіп аймақтары» бойынша акценттелген жұмыстарды күшейту жолымен қол жеткізуге болатынын айта кету керек.

Жемқорлыққа қарсы әрекеттің ең маңызды қағидаларының бірі болып ашықтық қағидасы табылады.

Аталған қағида Жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында кеңінен орын алады.

Жемқорлықтың алғышарттарының бірі ретінде, шенеуніктің азаматпен тікелей қарым-қатынасының бар болуы болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі қаншалықты жеңіл және ашық болса, жемқорлық деңгейі соншалықты төмен болады.

Мемлекеттік кірістер органдарында 2012 жылғы наурыз айынан бастап, алкогольдік тауарларды сатуға рұқсат алу электрондық әдіспен жүзеге асырылады. Бұл тек жемқорлық қаупін жойып қана қоймайды, сонымен бірге, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетеді, рұқсат алу уақытын қысқартады.

Салық төлеушіні ЖК, адвокат, нотариус, медиатор ретінде тіркеу, салық қарыздарының бар/жоқтығы туралы анықтаманы алу, салық есептемесі үлгілерін ұсыну және т.б. жоғарыда аталған әдіспен жүзеге асырылады.

Аталған бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Электрондық әдіспен ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізімін одан әрі ұлғайту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдардың электрондық әдіспен ұсынылатын қызметтерінің тізімін ұлғайту, жемқорлық қаупін төмендетеді.

ҚСТА-ның мәліметі бойынша 2015 жылы электрондық қызметті тұтынушылардың үлесі, бизнеске арналған салық қызметтері бойынша – 35%, халыққа – 24%, кеден қызметтері бойынша – 8,4% жетті.

Қызмет көрсетуді электрондық әдіспен жүзеге асыру жемқорлықты шамамен 4 есеге төмендейтінін зерттеулер көрсеткен болатын. Бақылау жүргізілген сегіз жыл ішінде, салық органдарында заңсыз сыйақы беру фактілері 2008 жылғы 5%-дан 2015 жылғы 0,7%-ға дейін төмендеген болатын.

Келесі назар аударатын мәселе.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы мемлекеттік кірістер органдарына, өз құзыреті шеңберінде, жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, ескерту және оны жасаған айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттілік береді.

Сондықтан, жемқорлыққа қарсы қызметті жүйелік негізде жүзеге асыру үшін, Комитет құрылымында және оның аумақтық органдарында Ішкі қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі - ІҚБ) құрылған болтын.

Біздің Комитетіміздің Төрағасы Д.Е. Ерғожин айтып өткендей: «ІҚБ ішкі (ұйымдастырушылық) қауіпті төмендету жөніндегі барлық іс-шараларды мұқият бақылайтын болады».

Осыған байланысты, елордалық ІҚБ өз қатарының тазалығы, жемқорлық схемаларын анықтау, біздің қызметкерлерімізді заңға қайшы қол сұғудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Департаменттің жеке құрамына ІҚБ қызметкерлерімен тұрақты түрде жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша оқулар жүргізіледі.

Жаңа тағайындалған қызметкерлермен, өзінің лауазымдық құзыретін жүзеге асыру барысында және одан тыс уақытта, Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс және этика кодексінің нормаларының бұзылуына жол бермеуі туралы қосымша әңгіме жүргізуді жүзеге асырамыз.

Өз қатарымыздың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында, кадр бөлімшесімен бірлесе отырып, Департаментке жұмысқа тұратын үміткерлерді тексеру жұмыстарын жүргіземіз.

Жүйелі түрде қызметтік тәртіпті, еңбек тәртібін және т.б. бақылауды жүзеге асырамыз.

Біздің қызметкерлеріміздің тарапынан салық төлеушілердің құқығын бұзу фактілеріне жылдам әрекет ету мақсатында, Департаменттің барлық әкімшілік ғимараттарында, ІҚБ сенім телефондары көрсетілген ақпараттық баннерлер орнатылған.

Сонымен бірге, сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді.

Қосымша, өз тарапымнан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Астана МКД Ішкі қауіпсіздігі» атты аккаунт құрған болатынмын.

Шағымдармен, ұсыныстармен, өтініштерімен салық төлеушілердің маған тікелей хабарласуларына болады.

Таяуда, ІҚБ сенім телефонына, аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері тарапынан болған әрекетсіздік фактісі бойынша, бір компанияның елордалық филиалының өкілі хабарласқан болатын.

Біздің анықтауымыз бойынша, ҚҚС-қа есепке тіркеу кезінде компания атауында қателік кеткен.

Бір мәліметтер базасына өзгертулерді енгізген, ал екіншісіне енгізбеген. 20 күн бойы МКБ қызметкерлері қажетті түзетулерді енгізе алмаған немесе енгізгісі келмеген.

Біз, аталған жағдайдың шешімін табуға көмек көрсеттік. Барлық қажетті өзгертулер енгізілді.

Жағдайды пайдалана отырып, елорданың барлық тұрғындарына және қонақтарына айтарым:

«Егер Сіз Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тарапынан:



  • құқық бұзу;

  • бизнеске күш көрсету;

  • әкімшілік тосқауылдар;

  • жемқорлық

фактілерінің орын алғанын байқасаңыз, 22-73-30 телефоны бойынша Ішкі қауіпсіздік басқармасына хабарласыңыз, не болмаса маған жазыңыздар».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет