Елтай ауылдық округінің әкімі А. Баясилованың халыққа есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері



жүктеу 30.66 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі30.66 Kb.
Елтай ауылдық округінің әкімі А. Баясилованың халыққа есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері.
Елтай ауылдық округі 1963 жылы құрылған. Ауылдық округінің аумағында төмендегідей елді мекендер орналасқан : Қаражиде, Сарыбұлақ ауылдары. Орталығы Қаражиде ауылы. Округ бойынша халық саны -1630 адам, округтегі аула

саны - 230. Қаржиде ауылында - аула саны 178, халық саны-1312 адам. Сарыбұлақ ауылында - аула саны 52, халық саны – 318 адам. Аудан орталығына дейінгі жолдың қашықтығы-23,8 км.

Ауылдық округ аймағында 5 ұлттың өкілдері тұрып жатыр.

Округте экономика саласында істейтіндер - 806; оның ішінде, кәсіпорындарда - 78, шаруа қожалықтарында - 215, шағын кәсіпте - 7, жалдамалы жұмыстағылар - 92, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 414, жұмыссыздар – 15 адам.

Экономикалық белсенділігі жоқтар- 359 адам.

Ауылдық округ аймағында төмендегідей ауылшаруашылық субъектілер мен мекемелер орналасқан : 1-мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп, 1-18000 кітап қоры бар кітапхана, 1-мәдениет үйі, 180-абонентті АТС, 1-фельдшерлік пункт, 1-ауылдық амбулатория, 2- дүкен, 1-сауда киоскісі, 1-ЖШС, 59 шаруа қожалықтары.



2013 жылы қаңтар айында халыққа есеп беру кездесуіндегі түскен ұсыныстар:

1. Сарыбұлақ ауылынан бастауыш мектеп салу ұсынысына облыстық бюджеттен 123 млн 988 теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында мектептің ашылуы жоспарлануда.

2. Каналдарының тазалануы демеушілердің күшімен атқарылып, бақшалық су жүретін 20 шақырымдық каналдар тазаланып, халыққа су берілді.

3. Мал өлексесін тастайтын мал қорымын салу. Сарыбұлақ ауылынан 4 шақырым қашықтық жерде мал өлексесін жоятын Беккер шұңқыры 2 млн 534 мың теңгеге салынып, 2013 жылдың шілде айында қолданысқа берілді.

4. Үштөбе – Талдықорған трассасынан округке кіретін жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілді.

5. Қаражиде ауылындағы Тілеуғабылов көшесіне асфальт төсеу.

Тілеуғабылов көшесіне асфальт төсеу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеу керек, бірақ қазіргі таңда қаражат тапшылығына байланысты, аталған ұсыныс қарастырылмай отыр.

6. Халыққа қызмет көрсететін шаштараз ашу. Ауыл тұрғыны Әділбек Қанат бүгінгі таңда шаштараз ашып, құжаттары рәсімделуде.

Округте бір ақпараттық насихат тобы жұмыс жасайды. Тобтың міндеті

ел басы Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстан Халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп насихаттау. Жыл басынан мекеме басшыларының қатысуымен АНТ 3 рет отырысы өткізілді.


2013 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының 9 – айлық қорытындысы.

Ауыл шаруашылығы: 670 га күздік бидайдан 15900 тонна, 361 га жаздық бидайдан 566 тонна, 136 га арпа егіліп 195 тонна, 220 га соядан 3080 тонна өнім алынды. 45 га көкөніс, 35 жүгері,15 га күнбағыс егіліп, бүгінгі таңда жиналуда.

Мал шаруашылығында округі бойынша 2179 бас міқ 11854 қой, ешкі, 17 бас түйе, 997 жылқы бар. 9 айда 289 ірі қара малдары қолдан ұрықтандырылды. Округ бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 13 шаруа қожалығы бар, соның 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды бағытта мал өсіреді.



Салық: Болжам бойынша бюджетке 149 000 тг орнына 199 667 тг түсіріп, 134% орындалды.

Әлеуметтік салада: 18 жасқа дейінгі 11 балалы отбасына жардемақы, 8 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып 234 356 теңге төленді. 10 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды .

Білім саласында: Мектепке дейінгі шағын орталығы бар 1 мектеп бар. 147 оқушылыр білім алып, 30 мұғалімдер дәріс беруде. Мектепте 14-компьютер, 6- интерактивті тақта бар. 1- буфет жұмыс жасауда.

2012-2013 оқу жылында 8 бала 11 сынып бітіріп, оның 6 ҰБТ-ға қатысты, білім сапасы 76,3 % құрады.



Мектеп биылғы оқу жылына 23 т. сұйық отынмен қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы: Округте 1 ауылдық амбулатория, 1 фельдшерлік пункт бар. 1 -дәрігер, 5 орта медициналық қызметкерлер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Амбулаторияда 2-орынды күндізгі стационарлық емдеу бөлмесі бар және 1 жедел автокөлігімен қамтылған. 2013 жылдың 9 айында туылған бала саны- 19, 6 адам қайтыс болды. Окруте әлеуметтік мәні бар туберкулез, бруцеллез аурулары тіркелген жоқ.

Қоғамдық тіртіп: Ауылдық округтегі учаскелік инспектор екі округке қызмет көрсетеді. 2013 жылы 9 – мал ұрлығы тіркеліп, 1 қылмыс ашылды.

Инвестиция: Округте 2 млн 700 000 теңгеге асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды, «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша Қаражиде ауылының екі тұрғыны мал шаруашылығын дамытуға 3 млн теңге несие 4,5 жыл мерзімге алды. 6 млн теңгеге ауыл шаруашылық техникалары алынды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет