Әһлю-Сунна ғалымдарының Таблиғ жамағаты туралы айтқан сөздері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен



Дата23.02.2016
өлшемі181.35 Kb.
Әһлю-Сунна ғалымдарының Таблиғ жамағаты туралы айтқан сөздері
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау мен мадақтар, әрі Пайғамбарымызға, оның отбасы мен сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Таухид (бірқұдайшылық) сенімі – Ислам діннің тамыры және Ислам үмметінің негізі. Осы таухидті Өз құлдарына жеткізу үшін Аллаһ Тағала Нухтан бастап, Мухаммадқа, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дейінгі барлық пайғамбарларды жіберді. Аллаһтың Діні – жалғыз және біртұтас. Ол қауымдардың қарсылығымен немесе уақыт пен кеңістіктің ауысуымен өзгеріп түрленбейді. Аллаһ Тағала былай дейді: «Біз әрбір қауымға: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар және Тағуттан аулақ болыңдар!», - дейтін елші жібердік» (ән-Нәхль; 36)1.

Бірқұдайшылыққа шақыру – бұл тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған басқа біреуді серік қоспауға нұсқау (мейлі ол періште, елші, әулие, пір және тағы басқа болсын). Осы ұлы шақыру және оған иман келтіру кез келген адасқан топтар мен адамдардың жалған дәстүрлері мен құлшылықтарына қарсы күресуді талап етеді. Ардақты Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолын мығым ұстанған Ислам үмметінің алдынғы және соңғы ұрпақтары (сәләфтар мен хәләфтар) осы дағуаттың түрін бекіткен. Олар Сүннетті ұлықтап, дінді ширк (көпқұдайшылық) пен бидғаттардан (дінге енгізілген жаңалықтар) тазартқан. Олар өз құлшылықтары мен өзара қарым-қатынастарын барынша Құран мен Сүннеттің негіздеріне сәйкес етуге талпынды. Ал қазіргі кезде көптеген адамдар өз сенімдері мен мінез-құлықтарында, дінді амалға асыру және тарату жолында топтар мен партияларға бөлініп алды. Кәпірлер мен пасықтар мұсылмандардың Аллаһтың дінінен тайып, тура жолдан ауытқығанын оңтайлы пайдаланды. Бұл шындық мұсылман аймақтарында тұратын адамдардың бәріне белгілі. Мұсылмандардың әлсірегені соншалықты – тіпті кәпірлердің өздері оларды аяйтын дәрежеге жетті.

Уа, Аллаһ Тағала, Өзіңнің пайғамбарың – Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолында берік тұруымызды нәсіп ет! Адамдардың өздері ойлап тапқан бидғаттарынан сақ болуымызды нәсіп ет! Бізді Өзің жақсы көретін, әрі разы болатын істеріңе бастай гөр! Біздің отанымызды және мұсылман елдерін жаулардан, әуестер мен құмарлықтарға ергендердің жамандығынан сақтай гөр! Сен бізге жетіп асасың және Сен - құтқарушылардың ең Жақсысысың! Әлемдердің Раббысы - Аллаһқа сансыз мақтаулар мен мадақтар әрі біздің Пайғамбарымызға, оның отбасы мен сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ислам үмметі топтарға, партияларға бөлініп, мұсылмандар бір-біріне деген өшпенділікке жолықты. Ол туралы Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтып кеткен еді: «Шынында, сендердің араларыңнан ұзақ өмір сүретіндерің көптеген келіспеушіліктерді көретін болады, сондықтан менің сүннетімді және менен кейінгі ізгі (әділетті), тура жолдағы халифалардың сүннетін ұстаныңдар! Оған (Сүннетке) азу тістеріңмен жабысып, берік ұстаныңдар! Бидғаттардан аулақ болыңдар! Әлбетте, кез келген бидғат – адасушылық хадисті Абу Дауд, әт-Тирмизи, Ибн Мажжәһ риуаят еткен.

Имам Ахмад ибн Ханбәл, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Әрбір заманда өздері қиыншылықтар көрсе де, адасқандарды тура жолға бағыттайтын білім иелерін пайғамбарлардың мұрагері еткен Аллаһқа мадақтар болсын! Олар Аллаһтың Кітабы арқылы өлі жүректерді тірілтіп, Аллаһтың нұры арқылы соқырларды тура жолға бастайды. Олар Іблістен жеңілген қаншаларды тірілтті, адасып кеткендердің қаншасын тура жолға салды. Олардың адамдар арасындағы қалдырған ізі нендей керемет, ал оларға қарсы сөйлеп, тіл тигізгендердің адамдар арасындағы қалдырған ізі нендей жаман! Олар Аллаһтың Кітабын шектен шығатындардың өзгертпелерінен, адасқандардың орынсыз пікірлерінен және бидғат туын жоғары көтеріп, бүліктерді шырмауынан босатқан надандардың түсіндірмелерінен тазартады».

Осы мақаламызда отқа, сиырға және басқа да заттарға табынатын Үндістан аймағында пайда болған ағым туралы сөз болмақ. Бұл ағым сопылық тариқаттардағы пірлерге ант беріп, бидғаттардан ластанған секта болып табылады. Тіпті әйел адамдардың өздері қисынсыз салттарға сеніп, пірге ант беру үшін арнайы сапар шегіп, осы аймақтарға келеді. Аллаһ Пәк, адамдар соншалықты надан болғаны ма, әлде дін әлсіреді ме? Исламда сахабалардың Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және мұсылмандардың басшыларына ант беруінен басқа ешкімге ант беруіне болмайды. Сөзсіз, бұл әрекет – адасушылық. Шын мәнінде, мұндай әрекеттердің барлығы олардың арасында білім иелерінің болмауынан орын алуда.

Шейх Мухаммад ибн Насыр әл-Аринидің хижра жыл санауымен 06.01.1422 (2002 жыл) жылы шыққан «Кейбір қауіпті уағыздардың әшкереленуі» атты кітаптың кіріспесінде Салих ибн Фаузан ибн ’Абдуллah әл-Фаузан былай дейді:



«Мен «Кейбір қауіпті уағыздардың бет пердесін ашу» атты кітапты көріп шықтым. Бұл кітапта қазіргі кезде көптеген адамдарды әуре-сарсаңға салған секта туралы айтылған. Ол секта – «жама’ат таблиғ». Көптеген ғалымдар аталмыш жама’ат өзінің сенімі (ақида) мен жолында (манһаж) адасқан топ екендігін түсіндірді. Сонымен бірге ғалымдардың айтуынша, олармен қарым-қатынас жасау, оларға көмектесіп, бірге (уағыз айтуға) шығу тыйым салынған болып табылады. Мұсылмандар бұл сектадан аулақ болып, басқаларды да сақтандыруға міндетті. Мен осы жама’аттың жауапты адамдарының барлығын тәубеге келіп, Әһли Сунна уәл-жама’аның манһажына оралуға шақырамын. Сондай-ақ мен оларға Аллаһқа шақыруды өз отандастарынан – Үндістан мен Пәкістаннан бастауын нұсқаймын. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Өзіңнің ең жақын туыстарыңды сақтандыр». Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деді: «Олар өз тайпаларына оралған соң, оларға ескертсін, мүмкін олар сақтанар» (әт-Тауба; 122).

Жама’ат таблиғ (бірігуі қажет болса) өз сенімдерін (ақидасын) дұрыстау үшін бірігуі керек, себебі сенім – бұл негіз, ал Мухаммад Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа да барлық пайғамбарлар өз дағуаттарын осы негізден бастаған. Осы негізді басты қағида етіп алмаған кез келген дағуаттың еш пайдасы жоқ. Егер таблиғ осыны қабылдаса – жақсы. Ал қабылдамаса, онда мен әрбір мұсылманды аталмыш сектаның кесірінен өз ақидасының бұзылып, қасіретке ұшырауынан алдын-ала сақтандырамын».
Шейх Хамуд ибн ‘Абдуллаһ әт-Тууәйжири Таблиғ жама’аты туралы былай дейді: «Жама’ат таблиғ – бидғатшыл әрі адасушы топ. Олар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары мен оларға ізгілікте ерген табиғиндердің жолында емес. Шын мәнінде, олар – сопылар мен бидғатшылардың жолында».

Шейхтан: «Дағуат жасау үшін олармен бірге шығуға болады ма?», – деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Мен сұрақ қоюшыға және өз дінін ширк пен шектен шығушылықтың, бидғат пен жалған сенімдердің кірінен таза ұстауға ұмтылған әрбір адамға таблиғтарға қосылмауды насихат етемін. Олар Сауд Арабиясының жерінде де, одан басқа жерлерде де таблиғтармен бірге шықпасын». Қз.: «Әл-Қаулюль-балиғ фит-тахзири мин жама’атит-таблиғ», 30-бет.

Шейх Салих әс-Сухайми жама’ат таблиғ туралы былай деді: «Бұл жама’ат – сопылықтың, нақшбандияның, сехрудияның, қадария мен жәштияның жама’аты болып табылады. Таблиғтар жоғарыда атап өткен ағымдардың мүшелеріне ант береді. Олар Құран мен Сүннеттің мағынасын өзгертіп, бұрмалайды; әрісесе жихадқа байланысты аяттарды: «таблиғтардың шақыруы, дағуат қылу үшін арнайы сапарға шығуы және сол сапар кезінде өз нәпсісімен күресуі», - деп бұрмалайды».

Шейх Са’д әл-Хасим өзінің «Хақиқатуд-да’уа» атты кітабының 82-бетінде былай деп жазады: «Мысалы, «Таблиғи нисаб» атты кітап - жама’ат таблиғтың жолын түсіндіретін араб еместерге арналған жалғыз ғана кітап. Бұл кітапта аяттардан, сенімді хадистер мен жақсылыққа шақырудан бөлек мынандай нәрселер де қамтылған:



1) Қажылықтан кейін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне бару үшін Мәдинаға арнайы сапар жасауға ұмтылдыру. Оған дәлел ретінде олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деген мына сөздерді келтіріледі: «Кім қажылық жасап болған соң, менің қабіріме келмесе, шынында, маған әділетсіздік істеген болып табылады». Алайда бұл - өтірік және ойдан шығарылған хадис, сондықтан ол дәлел ретінде пайдалануға жарамсыз.

2) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне қарап келесі дұғаны оқуға ынталандыру: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен сенен шапағат етуіңді сұраймын».

3) Қабірде жатқан Абу Бакр мен ‘Умарға сәлем ретінде былай деп айтылады: «Біз сендердің екеуіңе де келдік. Сендерді Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біздің арамыздағы дәнекер етеміз. Ал, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Раббымыздан біздің күнәларымыздың кешірілуін сұрайды».

4) Шейх Ахмад Рифаи Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолын еш қиындықсыз сүю үшін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хижраның алтыншы ғасырында тоқсан мың мұсылманның көзі алдында қабірінен қолын шығарыпты.

5) Күдіксіз, Қағба кейбір тақуа адамдардың үйіне келеді».

Міне, осы - таблиғтардың сенім жүйесі!

Мұның барлығы – таблиғтардың кітаптарындағы жалған сенімдер. Олардың не айтып тұрғанына тағы да назар бұрыңыздыр!

«Шейх Ахмад Рифаи Пайғамбардыңған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолын еш қиындықсыз сүю үшін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хижраның алтыншы ғасырында тоқсан мың мұсылманның көзінше қабірінен қолын шығарыпты». Бұл - Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жала жабу болып табылады. Ол өз өмірінде (яғни тірі кезінде) қолын сүйдіру үшін ешкімге бермеген, ал қайтыс болған соң қалайша қолын біреуге сүйдіру үшін бермек?! Аллаһпен ант етемін, шын мәнінде, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) о дүниелік болды.

Шейх Мухаммад ибн Салих әл-‘Усәймин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, Таблиғ жама’аты туралы былай деді: «Егер олар адамдарды шақырып жүрген алты негіздерін Жәбрейілдің, ‘аләйһи-ссәләм, хадисіндегі негіздерге алмастырса еді, онда бұл хадисте дін толығымен түсінідірілген ғой. Шынында, егер олар осы хадистегі таухидтің мағынасын түсіндіріп, адамдарды ширк пен оның қауіптілігінен сақтандырса, онда өте жақсы болар еді. Алайда Әр-Рияд мешітінде таухид туралы сабақ жүріп жатқан кезде таблиғтар орындарынан тұрып, кетіп қалғандығы туралы хабарлар бізге сенімді жолмен жетті. Бұл аздай, олар таухидтің өзіне қарсы шығып, адамдарды таухид ұстанушылардың кітаптарын оқудан тосады. Егер таблиғ мүшелерінің жағдайлары осындай болса, онда олардың қоғам үшін қандай пайдасы болуы мүмкін? Егер шақыру Аллаһтың таухидіне болмаса, онда дағуат басқа не нәрсеге бағытталуы керек?»

Таблиғ жама’аты хижра жыл санауы бойынша 1344 жылы (1926 ж.) Үндістанда құрылған. Оның негізін салушы – Мухаммад Рияз Мухаммад Исмаъил әл-Ханафи әд-Дайлубәнди әл-Жәшти әл-Киндәхләуи. Дайлубанд қаласы – ханафилердің ең үлкен медресесі орналасқан жер болатын. Медресенің басшыларының айтуынша, оқу орны шейх Мухаммад Қасим ән-Нәнуутидің өмір сүрген кезінде, яғни хижраның 1283 жылдың 15 мухаррамында (1867 ж.) бастау алып, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) медресенің негізін өзі келіп қалаған. Олардың сөзіне сенсек, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің халифалары және сахабаларымен бірге жиі-жиі келіп, медресенің жұмысын тексеріп тұрады екен.
Бұл Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның халифалары мен сахабаларына жабылған ұлы жала және арсыздықтың шегі болып табылады.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бидғатшылардың медреселерін құрмайды, сондай-ақ, кейбір сопылардың айтқанындай, олардың жасаған мәулідтеріне қатыспайды. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет Күніне дейін барзах әлемінде болады. Ал, күнәларды Кешіруші - тек Аллаһ.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кімде-кім біле тұра менің атымнан жалған сөйлесе, оның орны – Тозақ». Бухари, Муслим.

Бір кісі имам Ахмадқа келіп: «Мен үшін: «Пәленше – анандай, түгенше – мынандай», - деп айту қиын», – деді. Сонда имам Ахмад, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Егер сен де үндемесең, мен де үндемесем, онда білімсіз адамдар дұрыс нәрсені дұрыс емес нәрседен қалайша ажыратады?» Қз.: «Мажму’уль-фатауа», 28/231.

Еш күдіксіз, Таблиғ жама’аты адамның ақылы мен дінін бұзады. Дәрігер өзінің ауруханасын жауып, жер өңдеуші өзінің егістігін тастап кетсе, имам – өзінің мешітін, оқушылар – мектепті, күйеуі – екіқабат әйелін тоғыз айлық уақытында еш қараусыз қалдырса, сатушы – дүкенін, көмекке мұқтаж кемпір-шал мен балаларды тастап кеткен қоғамды қалай елестетуге болады? Шынына келгенде, осы сектаның адамдары Аллаһқа шақыруды желеулетіп бірнеше ай бойы басқа мемлекеттерге сапар шегеді. Олар барған мемлекетінің тілін білмейді, тіпті оларды басқарып жүретін жетекшінің өзі - араб емес, қайдағы бір сопы. Осыдан кейін, олардан қандай жақсылық күтуге болады? Олардың көбісі дәретті қалай алу керек екенін және намазды қалай дұрыс орындау керек екенін де білмейді. Рүкін (тірек) мен уәжіптің (міндетті) айырмашылығын білмейді. Осылардың барлығынан кейін, таблиғтардан қандай сапалы дағуат шығады?

Шейх Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх (өз кезінде Сауд Арабиясының муфтийі болған), Аллаһ оны рахым етсін, Таблиғ жама’аты туралы былай деді: «Олар қабірлерге құлшылық етуге және ширкке шақырады. Бұл туралы үндемей отырмау керек. Сондықтан да біз, ин ша-Аллаһ, олардың адасушылығы мен өтіріктерін әшкерелеу үшін оларға қарсы теріске шығару жасаймыз». Хижра жыл санауы бойынша 24.01.1382 жыл (1964 жыл)

Ол, сондай-ақ, былай деді: «Таблиғ жама’атында ешқандай жақсылық жоқ, өйткені бұл жама’ат бидғат пен адасушылықтың жама’аты болып табылады! Олардың кітаптарын оқи отырып, біз олардан адасушылық пен бидғатшылдықты байқадық, сондай-ақ олар қабірлерге құлшылық қылуға және көпқұдайшылыққа шақырады!» Қз.: «Фатауа уә расаиль» 1/268.

Имам ‘Абдулазиз ибн Базға, Аллаһ оны рахым етсін, мынандай сұрақ қойылды: «Мен Таблиғ жама’атымен бірге Үндістан мен Пәкістанға бардым. Біз сол жерлерде ішінде қабірлері бар мешіттерде намаз оқыдық. Қабірі бар мешітте оқылған намаз қабыл болмайды дегенді естіп едім. Менің сол намаздарым туралы не айтасыз? Мен сол намаздарды қайта оқуым керек пе? Таблиғтармен бірге сондай жерлерге бірге шығудың үкімі қандай?»

Шейх былай деп жауап берді: «Бисмилләһ, уәлхамдулилләһ. Одан кейін: Таблиғ жама’атында ақида мәселелеріне байланысты еш білім жоқ. Сондықтан олармен бірге шығуға болмайды. Таблиғтарды тура жолға бағыттап, насихат айту және оларға ізгі амалдарда көмектесу үшін ғана шынайы Әһлю Сунна уәл-жама’аның ақидасын білген адамға ғана олармен бірге шығуға болады. Себебі олар жақсы амал істеуге тырысады. Дегенмен, олар білімдерін толықтыруға, таухидке және Сүннет ғалымдарының насихатына өте мұқтаж. Аллаһ Тағала бізді дінді дұрыс түсініп, онда нық тұруымызды нәсіп етсін! Дегенмен, қабірі бар мешіттегі оқылған намаз дұрыс емес. Сен сол жақта оқыған намаздарыңды қайтадан оқуың керек. Себебі Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналадырған яхудилер мен христиандарды Аллаһ Тағала лағынет етсін».

Ұлы имам Ибн Базға, Аллаһ оны рахым етсін, Меккеде, хижра жыл санауы бойынша 06.12.1416 жылы мынандай сұрақ қойылды: «Уа, шейх! Біз Таблиғ жама’аты туралы және олардың дағуаты туралы естідік. Маған сол жама’атпен бірге болуға кеңес берер ме едіңіз? Сіз маған насихат айтып, тура жолға бағыттайды деп үміттенемін. Аллаһ Тағала сіздің сауаптарыңызды көбейтсін!»

Шейх былай деп жауап берді: «Аллаһқа шақырушы әрбір адам «мубаллиғ» – «жеткізуші» деп аталады. Хадисте: «Менен бір аят, бір хадис болса да жеткізіңдер», - деп айтылған. Алайда танымал үндістандық Таблиғ жама’атытың жалған сенімдері, бидғаттары мен ширктері бар. Олармен бірге шығуға болмайды. Оларды теріске шығару үшін және оларды үйрету үшін ғана білімді адамдарға олармен бірге шығуға болады. Бірақ оларға еріп шығуға болмайды. Олар осы жалған мазхабын тастап, әһлю-Сунна уәл-жама’аның мазхабына орнығуы үшін оларға насихат жасау керек».

Шейх Мухаммад ибн Салих әл-‘Усәйминге, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп сұрақ қойылды: «Мен бір уағыздаушылармен бірге дағуат жасауға шықтым, Аллаһ оларды тура жолға салсын. Олардың дағуатқа шығу тәртібі былай: белгілі бір уақытта зікір ететін шеңбері бар. Олар екі-үш адам болып осы шеңбердің ішінде отырып, Құранның соңғы он сүресін оқиды. Содан кейін олар куәлік пен Ибраһимий салауатын (яғни намаз кезінде оқылатын салауатты) айтады. Аллаһқа жақындау үшін осы әрекеттерді үнемі жасай беру туралы не айтасыз?»



Шейх былай жауап берді: «Құлшылық нақты бекітілген (таукифий) (яғни құлшылықты Аллаһ және Оның Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бекітеді. Құлшылық біреулердің ақылына, қиялы мен ой тұжырымына негізделмейді, сондықтан «ондай әрекеттерге Аллаһ разы болып, қабылдайды» деу қателік болып табылады). Адам шариғатты өзі ойлап таппауы керек. Шариғат тек Аллаһ және Оның Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бекіткен кезде ғана шариғат деп аталады, себебі Аллаһ Тағала Өзінің және Өзінің Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бекіткен шариғатынан басқа шариғаттарға еруге тыйым салды. (Шариғатта бұған өте көп дәлелдер бар.) Сондықтан құлшылық кейіпінде де, мөлшерінде де, уақытында да, орнында және себебінде де бекітіліп қойылған. Құлшылық шариғатқа сай болуы қажет. Сұрақ қоюшының атап кеткен Аллаһты зікір ету мен Құран оқудың тәртібі дәлелді қажет етеді. Егер олардың осындай бейнеде жасалатындығы туралы Пайғамбарымыздан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, хабар жеткен болса, онда жақсы. Ал егер ондай хабар жетпеген болса, онда одан жеткен хабарлар бізге жеткілікті. Дегенмен, менің ойымша, таблиғтардың осы әрекеттерінің мұндай кейіпте жасалатындығы туралы Пайғамбарымыздан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ешқандай хабар жетпеген. Сондықтан осы әрекеттерді жасап жүрген бауырларыма насихат етемін: ол әрекеттерді тастаңыздар да, Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бекіткен шариғатына сай әрекет жасаңыздар! Міне, осы бәрінен жоғары, әрі нәтижесі жемісті және сенімді!»

Шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбаниге, Аллаһ оны рахым етсін, мынандай сұрақ қойылды: «Таблиғ жама’аты жөнінде қандай пікірдесіз? Осы қатысып отырғандарға және басқаларға Аллаһқа шақыру мақсатында дағуат ету үшін олармен бірге шығуға болады ма?»



Шейх былай деп жауап берді: «Таблиғ жама’аты Аллаһтың Кітабы мен Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде және ізгі алдыңғы ұрпақтардың жолында емес. Ал, осылай болғандықтан, олармен бірге шығуға болмайды, себебі олар ізгі алдынғы ұрпақтардың жолын жеткізуде бізді теріске шығарады. Аллаһқа шақыру жолына ғалым шығу керек. Дегенмен, олармен бірге шығатын адамдар өз аймағындағы мешіттерде білім алуға міндетті. Аллаһқа шақыруға шығудың реті оларға келген кезде, арасынан ғалым адам сол жолға шықсын. Дәл солай осы қатысып отырғандар Таблиғ жама’атының мүшелері мен қарапайым адамдарды Құран мен Сүннетті оқып-үйренуге бағыттауы тиіс. Жалпылай айтсақ, Таблиғ жама’аты Құран мен Сүннетке шақырудан бастамайды. Олар бұл дағуатты бөлінушілік деп есептейді. Олар ихуануль-муслимин (тобына) ұқсайды. Ихуануль-муслимин жама’аты да өз дағуатын Құран мен Сүннеттің үстінде құрдық деп айтады. Бірақ бұл - бос сөздер ғана. Оларды ақида біріктірмейді: мынау – матуриди, анау – аш’ари, үшіншісі – сопы, ал мынада тіптен мазхаб жоқ. Бұлай болуының себебі - олардың дағуатының басы адамдарды біріктіруге, ал тек содан кейін ғана олардың түсінуіне бағытталған (сакофат). Олардың пайда болғанына жарты ғасырдан асты, бірақ олардың арасынан бірде-бір ғалым шықпады. Ал біз былай айтамыз, ең алдымен дінді дұрыс түсіну болуы керек, содан соң ғана дұрыс тірекке негізделген қоғам болуы үшін бірігу қажет. Таблиғ жама’атытың дағуаты осы ғасырдың сопылық дағуатына жатады. Олардың дағуаты көркем мінезділікке бағытталған. Адамдардың ақидасын дұрыстауға келер болсақ, онда таблиғтар мұнымен айналыспайды, себебі бұл олардың ойы бойынша, бөлінушілікке әкеледі. Біздің бауырымыз Са’д әл-Хасийн Пәкістан мен Үндістандағы Таблиғ жама’атытың басшыларымен хат алысып, көп хабарласты. Осы хаттардан Таблиғ жама’атында уәсила, жәрдем тілеу және сол сияқты ұғымдар бар екені белгілі болды. Олар өздерінің топ мүшелеріне төрт жолдың біріне ант беруін талап етеді. Солардың бірі – нақшбандия жолы, әрбір таблиғ осы сектаның басшысына ант беруге тиіс. Кейде мынандай сұрақ тууы мүмкін: «Таблиғтардың еңбектенуінің арқасында көптеген адамдар Аллаһтың жолына келді ғой. Көптеген кәпірлер олардың ықпалымен мұсылман болды. Осының өзі олармен бірге дағуатқы шығып, оларға көмектесуге рұқсат етуге жеткілікті емес пе?» Біз бұл сөздерді білеміз және көп естідік. Біз бұл сөздерді сопылардан да естідік. Мысалы, олардың ішінде қате сенімдегі бір шейх бар делік. Ол Сүннеттен еш нәрсені білмейді. Керісінше, қате тәсілмен басқаларға тиістіні иемденеді. Осыған қарамастан, көптеген күнәһарлар оның ықпалымен тәубеге келеді. Әрбір жақсылыққа шақыратын жама’аттың ізбасарлары болады. Алайда біз бұл дағуаттың тазалығына қараймыз. Ол адам Аллаһтың Кітабы мен Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне қай жерде болса да, қай уақытта болса да еруге шақырады ма, әлде жоқ па? Таблиғ жама’атытың білімге негізделген жолы жоқ. Олардың бағыты – өздері орналасқан мекеннің ғана жолы. Олар өзара да бөлінеді». Қз.: «Әл-Әлбанидің матуридия туралы пәтуалары» 73-сұрақ, 38-бет; «Әл-Фатауа әл-имәратия 38″

Шейх ‘Абдураззақ Афифи былай деді: «Шындыққа келгенде, Таблиғ жама’аты бидғатшыл болып табылады. Олар аяттар мен хадистертің мағыналарын бұрмалайды. Олар - қадария және басқа да ағымдардың өкілі екені шүбәсіз түсінікті. Олар Аллаһ үшін шықпайды, керісінше Ильяс үшін шығады. Олар Кітап пен Сүннетке шақырмайды, керісінше Бангладештегі өздерінің шейхі - Ильясқа шақырады. Алайда Исламға шақыру үшін шығу – бұл Аллаһтың жолындағы жихад. Ал бұл нәрсе Таблиғ жама’атында жоқ. Мен таблиғтарды баяғыдан білемін. Олар қай жерде болса да, Мысырда болсын, Израильде болсын, Америкада болсын, Сауд Арабиясында болсын, бәрібір – бидғатшылар. Олардың барлығы өздерінің шейхі Ильяспен байланысты…» Қз.: «Шейх ‘Абдураззақ Афифидің пәтуалары мен мақалалары» 1/174

Әл-Ләжнәту-ддаимаға (Сауд Арабиясының Пәтуалар жөніндегі Тұрақты Комитеті) таблиғтер мен олардың іс-әрекеттері туралы мынандай сұрақ қойылды: «Олар мешітте екі рет немесе одан да көбірек жиналып, Құранның соңғы он сүресін оқиды, үнемі бейсенбі сайын и’тикаф жасайды, дағуат жасау үшін арнайы мезгілдер: әр ай сайын үш күн, әр жыл сайын қырық күн және өмірінде төрт ай - бекітіп алған. Сонымен қатар, олар бірігіп дұға жасайды. Осы жама’атпен бірге шығып, олармен біріксем болады ма?»

Шейх Ибн Баз, ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, Салих әл-Фаузан және Бакр Әбу Зайд былай деп жауап берді: «Сен келтірген осы жама’аттың іс-әрекеттерінің барлығы – бидғат! Олар Құран мен Сүннеттің манһажына оралып, бидғаттарын тастамайынша олармен бірігуге рұқсат етілмейді!» Қз.: «Фәтуа әл-лләжна» № 17776.

Шейх Салих әл-Фаузан, Аллаһ оған есендік берсін, былай деді: «Таблиғтармен бірге шығу – Аллаһтың жолына шығу емес. Аллаһтың жолына шығу – бұл әскери жорық (ғазуа). Ал олардың шығуы бидғат, әрі ізгі алдынғы ұрпақтарымыздан бізге ондай әрекеттер жетпеген. Адамның Аллаһтың жолына шығуы белгілі бір күндерге байланып қойылмауы керек. Ол мүмкіндігіне қарай, әрі арнайы жама’атқа тіркелмей-ақ Аллаһқа шақырады. Дәл 40 күн де емес, аз да емес, көп те емес. Аллаһқа надан күйіңмен шақыруға болмайды». Қз.: «Сәләсу мухазарат филь-‘илми уәд-да’уати лиш-шәйх әл-Фаузан».

Шейх ‘Абдуллаһ ибн Ғудайан былай деді: «Таблиғ жама’атына ермеңдер, Аллаһтың Кітабы және Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне еріңдер!» Қз.: «Фатауа әл-‘уләма филь-жама’ат»

Шейх Муқбиль, шейх ‘Абдуль-Қадир әл-Арнаут, шейх ‘Абдуль-‘Азиз әр-Ражиһи, шейх Салих әл-Люхайдан, шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад сияқты ғалымдар дәл осындай сөздерді айтқан. Қз.: «әл-Фатауа әл-мухимма фи табсыриль-умма».
Соңында әлемдердің Раббысы - Аллаһқа мақтаулар айтамын!

Дереккөз: http://www.al-hanifiya.kz



1 Аллаһ Тағала Өз елшілерін дағуатты (Исламға шақыруды) ширктен сақтандырып, таухидке шақырудан бастау үшін жібергенін осы және басқа да көптеген аяттардан байқауға болады. – Аудармашыдан.

Каталог: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> ҰШАҚтарды басып алуғА Қатысты сұРАҚтарға имамдардың берген жауаптары
manhaj -> Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шығарған шешімі
manhaj -> Сауд Арабиясы Корольдігінің ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шығарған шешімі
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> КҮпірлікте айыптау мәселесі бойынша шешім ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің күпірлікте айыптау мәселесі бойынша мәлімдемесі
manhaj -> -
manhaj -> Шейх Жибриннің 2003 жылы Әр-Риядта орын алған терактілер туралы пәтуасы
manhaj -> Шейх Абдуль-Мухсин ‘Аббадтың «Талибан» қозғалысы туралы сұраққа берген жауабы
manhaj -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
manhaj -> Тағы да бір-біріңе деген жұмсақтық пен ізгілік, уа, Сүннеттің жақтаушылары! Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бадр


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет