Мықын белдеуіндегі тері қабаты да әрқалай. Ең қалың жері бөксенің үстінде, ол жердің тері
астындағы шелді май қабаты да жақсы жетілген. Май шығаратын бездер өте тығыз орналасқан.
Жамбас артериясынан басталған тамырлар аяқты канмен қамтамасыз етеді. Лимфа тамырлары
аяқты қанмен қамтамасыз етеді.
Лимфа тамырлары белден таралып, шаптағы, тақымдағы лимфа
түйіндеріне қарай бағытталады.
Тереңде орналасқан қан тамырлары өзара тығыз байланысып жатады. Ал
тереңдегі лимфа
тамырларының бағытымен бірге жүреді.
Аяқ және мықын белдеуі бел мен сегізкөз аймағындағы нервтік өрімдерден сезім күшін алады.
Аяқ массажының өзі бірнешеге бөлінеді: аяқтың ұшы, балтар- табан, тізе буындары , сан ұршық
буыны, бөксе, нерв стволдары т.б. – осы аталғандардың бәрін жеке –жеке массаждайды.
Ол үшін науқасты өз ыңғайына қарай жатқызып қояды. балтырдың санның бұлшық еттері
босаңсу үшін шалқадан
жатқанда тақымның астына,ал етпеттен жатқанда балтыр – табан
буындарының астына жастық не білік салып қояды.
Табан мен саусақтарға массаж жасау. Саусақтарды қимылдатуға
балтырдың аяқ басына
созылған бұлшық еттері және қысқа еттері қатысады.табанда бекінген бұлшық еттер саусақтарды
иеді,ал аяқ еттер орналасқан бұлшық еттер жазатын еттерге қарағанда ілдеқайда күштірек болады.
Массаж жасағанда кейбір ғалымдар
табаннан бастау керек дейді, ал кейбіреу аяқтың үстінен
бастаған дұрыс дейді.табанды тірей отырып аяқтың үстін қолмен бірнеше рет сипайды,
одан соң
саусақтардың ұшымен ысқылайды. Бас бармақпен батыра сүйектердің арасына массаж жасап
жұмсартып,артынша тағы сипайды.
Осылай балтыр табан буынынан дейін мүмкін болатын тәсілдің бәрін қолданады.
Саусақтардың тек ауырғанда
ғана жеке массаждайды, әйтпесе табанмен не аяқтың басымен
тұтас массаждап шығады. Массажд буындардан қимылдату мен бірге өткізеді.
Қажет болса әр саусақты жеке жеке қозғайды
.
Достарыңызбен бөлісу: