еңбегінің кемуіне душар етті. Күнделікті
өмірде транспорттың көбеюі, лифтінің пайда болуы және
теледидар алдында ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру да организмге зиянды әсер етеді. Ол дағдыға
айналып
кеткен соң, оған, тіпті, мән де берілмейді. Адамның аз қимылдауы – бұлшық еттердің
дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі
ағзалардың қызметі төмендеп, зат алмасуы
бұзылды деген сөз. Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан жүйке-тамырға, жүрекке айтарлықтай күш
түседі. Мәселен, қан айналымы әлсіреп, жүрек-тамыр
аурулары байқалды, буындардың қозғалысы
кеміп, омыртқалар арасындағы шеміршек жұқарып, семіп, остеохондроз және т.б.
ауруларға
шалдығуға мәжбүр етеді.
Гиподинамия зардабын болдырмай, аурудың алдын алып, денсаулықты нығайтып, адамның
күш-қуатын арттырып, көңіл-күйін көтеріп, жұмыс қабілетін өсіру үшін ең қажетті нәрсе –
денені
шыңдап, жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдану керек.
Емдік гимнастиканың басқа емдеу әдістерінен ең үлкен айырмашылығы – науқас оны барлық
сана сезіммен, зор ықыласымен белсенді түрде орындайды.
Қолданған емнің қандай да оған шын көңілмен сеніп қабылдаса, оның шипа болуына күмән
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: