3. Гипофиз
Гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар — питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялыұқ жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонынын екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі.
Олар гипофиздің 1 артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі питменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге күйген кезде тотығуы осығаң байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедин әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипоталамус реттейді.
4. Қалқанша без
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) — біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) — 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин.
Достарыңызбен бөлісу: |