Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?



бет2/6
Дата29.03.2023
өлшемі0.91 Mb.
#471339
1   2   3   4   5   6
18030 E

1 сурет Топтық жұмыс
Екінші коучингтің сәтті жағы:

  • Дәстүрлі, 12 жылдық білім берудің, оқытудағы Кембридж тәсілінің бағалау айырмашылықтарын талдап, бір- бірінен ажырата алады.

  • «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегияларын үйренді;

  • Уақыт нақты, 35 минутта жоспарлаған барлық шара жүзеге асты;

  • Рефлексияға оқыту үшін бағалаудың стратегияларын үйренгісі келетіндерін бірнеше әріптесіміз көрсетті, яғни, өзгерісті ашық қабылдады.

Бұл коучингте сәттсіз шыққан іс- әркеттерге талдау жасасам, төмендегідей сәтсіздіктер орын алды:

  • Бірнеше үдеріс таңдалып алынған, мысалы тыңдалым, айтылым, ойлану

  • Түрткі болу, бағыттау жағынан коучер қиналды;

  • Қатысушылар таңдап алған тақырыптары бойынша постерге өз ойларын жүйелі түсіре алмады.

Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін коучыммен бірлесе отырып, келесі коучингті ұйымдастыруда пайдаланылатын негізгі дағдылары таңдап алуды және оқыту үшін бағалаудың өзін-өзі бағалаудың белсенді әдістері туралы ақпарат көзін ұсыну, тәжірибелерінде қолдануға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану» тақырыбында өттік. Сыни ойлау модулінің оқыту үшін бағалауына негізделген стратегияларының ішінде әріптестер «кері байланысты» тез меңгерді. «ББҮ» кестесінде Б-білетін мәліметтерін жазу, Б-білгісі келетінін жазу, Ү-үйренгісі келетінін жазу оқыту үшін бағалауда маңызы зор екенін түсінді. Коуч алдыңғы коучингке қарағанда өзін жақсы, еркін ұстады. Әріптестерді өзіне тарта білді. Коучинг қызықты жүрді, ынтымақты қарым-қатынас орнады. Бұл коучингтің сәтті жағы:

  • Коуч коучинг өткізуге төселді;

  • Қатысушыларды баурап алу, әрекетке тарту, қызығушылықтарын оятуды сәтті ұйымдастырды;

  • Әріптестер көрсетілген сыни ойлаудың белсенді стратегияларын жеңіл әрі жылдам қабылдады;

  • Кері байланыс парақшаларына не үйренгісі келетіндерін ашық жазатын болды, көмек сұраудан қысылмады.

  • Топтық жұмыста зерттеушілік әңгімеге төселді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет