Осыған сәйкес аталмыш модельдегі әрбір компоненттің критерийлері мен көрсеткіштері негізінде болашақ мамандардың инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды.
Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігі қалыптасуының жоғары деңгейі. Студенттің өз кәсіби құзыреттілігінің деңгейін жоғарылатуға деген ұмтылысы бар; инновациялық іс-әрекетке деген қызығушылығы жоғары; барлық мүмкіндіктерді қолданғанда инновациялық іс-әрекеттің нәтижелі болатындығына сенеді; инновациялық технологиялардың мәні мен түрлерін біледі; сабақ түріне қарай оларды дұрыс таңдай алады; педагогикалық үдерісті жоспарға сай жүзеге асыруға дайын, инновациялық технологияларды іскерлікпен сабақта қолдана алады; инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға және оған өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізуге қабілетті.
Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігі қалыптасуының орта деңгейі. Студенттің өз кәсіби құзыреттілігінің деңгейін жоғарылатуға деген ұмтылысы бар болғанымен, инновациялық саладағы құзыреттілікті аса қажетті деп санамайды; инновациялық технологияларды біледі, бірақ сабақ түріне қарай оларды дұрыс таңдай алмайды; инновациялық технологияларды іскерлікпен сабақта қолдана алады; инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асырып, оған өзіндік жаңалықтар мен өзгерістер енгізе алмайды.
Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігі қалыптасуының төмен деңгейі. Студенттің өз кәсіби құзыреттілігінің деңгейін жоғарылатуға деген ұмтылысы жоқ; инновациялық іс-әрекетке қызықпайды; инновациялық іс-әрекеттің нәтижелі болатындығына сенбейді; инновациялық технологияларды білмейді; педагогикалық үдерісті жоспарға сай жүзеге асыруға дайын емес; инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға және оған өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізуге қабілетсіз.
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерге, мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелеріне және жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттері аспектіндегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру тәжірибесіне талдау жасау біз зерттеп отырған үдерісті жетілдірудің кейбір мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндіктерді біз болашақ физика мұғалімінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар деп атаймыз. Олардың жиынтығын мынадай шарттар құрайды: болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби даярлаудың мазмұнын дайындауға құзыреттілік тұрғысынан келу; болашақ мұғалімдердің инновациялық технологияға және оларды меңгеруге құндылық қарым-қатынастарын (қызығушылықтарын) қалыптастыру; жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінің студенттерде инновациялық технологияларды жобалау және мектептің оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруға бағдарлануы; студенттердің өзіндік жұмыстарында инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың көрініс табуы; педагогикалық іс-тәжірибенің барлық кезеңдерінде студенттерді белсенді инновациялық іс-әрекетке кірістіру; студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының инновациялық технологияларды жобалаумен және жүзеге асырумен байланыстылығы.
Осы теориялық қағидалардың объективтілігі мен анықталған педагогикалық шарттардың тиімділігі олардың жоғары оқу орнындағы болашақ мамандарды кәсіптік даярлау үдерісіне ендіру арқылы зерттелді.
Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің ғылыми –теориялық негіздерін анықтау бізге аталмыш мәселені тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында шешудің тиімді жолдарын онан әрі іздестірудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстардың алғашқы кезеңінде біз айқындаушы экспериментті жүзеге асырдық. Оның мақсаты – жоғары оқу орнындағы студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің шынайы жай-күйін анықтау болды. Мұнда сауалнама, тестілеу, сұрақ-жауап, әңгіме әдістері пайдаланылды.
Айқындау кезеңіндегі алынған мәліметтер жоғары оқу орнының бітіруші түлектерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға құзыреттілігі қалыптасуының төмен деңгейде, яғни студенттердің инновациялық технологиялар туралы біртұтас білімдерінің болмауын, жаңа технологиялардың маңызылығы, қажеттілігі, мәні, ерекшеліктері туралы білімдерінің төмен екендігін, студенттердің инновациялық технологияларды пайдалану және оларды нақты жағдайға байланысты таңдау іскерліктерінің қалыптаспағандығын көрсетті. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімшілігі Білім Басқармасының білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығындағы мектеп мұғалімдерінен алынған сауалнама нәтижелері олардың көпшілігінің инновациялық технологияларды жүзеге асыру бойынша арнайы білімдер мен қабілеттерді қалыптастыруға деген қажеттіліктерінің бар екендігін дәлелдеді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін жалпылау барысында біз студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігі қалыптасуының негізінен орта (30,4%-БТ, 34,8%-ЭТ) және төмен (45,1%-БТ, 40,8%-ЭТ) деңгейлерінің басымдығын анықтадық. Инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігі қалыптасуының жоғары деңгейі респонденттердің тек 24,5% -БТ, 24,4%-ЭТ -да ғана байқалды (сурет 3).
Сурет 3 – Айқындаушы эксперименттің нәтижелері бойынша
студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігінің қалыптасуы деңгейлері (%)
Жүзеге асырылған талдау жұмыстары болашақ мамандардың инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігінің қалыптасқандығы көрсеткіштерінің төмен болуын шарттайтын мынадай кедергілердің бар екенін көрсетті: студенттердің инновациялық оқыту технологияларын үйренуге деген қызығушылықтарының болмауы, жаңа технологияларды оқу процесінде қолдану қажеттілігін ұғынбауы; инновациялық технологиялар туралы білім берудің мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылмауы; жоғары оқу орындары оқытушыларының бұл бағыттағы жұмыстарының жеткіліксіздігі.
Осындай кемшіліктерді жою арқылы біз инновациялық технологияларды пайдалану дағдылары қалыптасқан, құзыретті мамандарды даярлау мақсатына қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Осы мақсаттан туындаған келесі міндеттерді анықтауға болады: студенттердің келешек кәсіби іс-әрекетте инновациялық оқыту технологияларын пайдалануға деген қызығушылықтарын ояту; болашақ мамандарда инновациялық технологиялар туралы тұтас білімдерді қалыптастыру; студенттерде инновациялық технологияларды пайдалану іскерліктерін қалыптастыру; студенттерде инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруда оған қосымша жаңалықтар енгізе алу, оны өзгерту іскерлігін дамыту.
Келесі кезеңде болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділігін айқындау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қалыптастырушы кезеңі жүзеге асырылды. Ол үшін жоғары оқу орындарының - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универси- тетінің (Шымкент институтының) 050110- «физика» мамандығының 247 студенті таңдап алынды. Осылардың ішінен эксперименттік топқа 125 студент, ал бақылау тобы үшін 122 студент бөлінді. Эксперименттік жұмыстар 2006 - 2009 ж.ж. аралығында жүзеге асырылып, бұл эксперименттік топтарда жүргізілген педагогикалық жұмыстардың біртұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қалыптастырушы эксперименттің мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешумен байланысты болды: студенттерде қалыптастырылатын сапаны қалыптастыру үшін кәсіптік-білімдік оқу пәндерінің, педагогикалық іс-тәжірибенің мүмкіндіктерін пайдалану; жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіптік құзыреттілігін арнайы семинар өткізу арқылы жоғарылату; студенттерге арналған «Мектептегі физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» атты элективті курсты дайындау және тәжірибеге ендіру; болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды анықтау және тәжірибелік негіздеу.
Жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты – білім беру сапасы, оның ішінде оқытушылардың педагогикалық инноватика саласындағы құзыреттілігінің жоғары деңгейі болып табылады. Осыған байланысты жоғары оқу орнының оқытушыларына арналған «Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігін қалыптастыру» атты тақырыбындағы арнайы семинар дайындалып, ол жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді. Оның мазмұнында педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізгі теориялық, әдіснамалық және практикалық аспектілерін қамтитын тақырыптар қамтылып, өткізілу барысында оқытушылар инновациялық технологиялар саласындағы білімдерді жүйелі түрде меңгерумен қатар, оларды жоғары оқу орнының білім кеңістігінде қолдану қабілеттерін де меңгерді. Сонымен қатар осы кезеңде жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында «Мектептегі физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» атты элективті курс дайындалып, болашақ мамандардың инновациялық технологиялар саласындағы білімдері мен іскерліктерін қалыптастыру мүмкіндіктері сынақтан өткізілді (кесте 3).
Кесте 3 - «Мектептегі физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» атты элективті курстың бағдарламасы
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сағ. саны
|
1-модуль. Мектептегі инновациялық технологиялардың мәні мен ерекшеліктері
|
1.1
|
Инновациялық технологиялардың мәні, құрылымы және ерекшеліктері
|
3
|
1.2
|
Мектептегі физика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар
|
3
|
2-модуль. Мектептегі физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері
|
2.1.
|
Физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттары мен жолдары
|
3
|
2.2.
|
Білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған технологиялар
|
9
|
2.3.
|
Сабақты ұйымдастырудың және басқарудың тиімділігін арттыруға негізделген технологиялар
|
9
|
2.4.
|
Белсенділікті арттыруға бағытталған технологиялар
|
9
|
2.5.
|
Инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі
|
6
|
2.6.
|
Мектептегі физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін диагностикалау
|
3
|
|
Жалпы
|
45
|
Жоғары оқу орнының білім беру үдерісіне ендірілген бұл элективті курс оқу үдерісін ұйымдастыру түрі ретінде теориялық білімдер мен практикалық іс-әрекеттердің үйлесімді бірлігіне негізделеді. Элективті курс болашақ мамандардың инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігінің мотивациялық, танымдық, процессуалдық компоненттерінің интеграциясын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл элективті курсты сынақтан өткізу барысында студенттермен әдебиет көздеріне талдау жасау, жеке, топтық, ұжымдық жұмыс түрлері, рефераттарды, курстық жұмыстарды дайындау, шығармашылық тапсырмаларды орындау, СӨЖ-ді ұйымдастыру, педагогикалық жағдаяттарды үлгілеу, іскерлік ойын сияқты жұмыс түрлері мен әдістері қолданылды. Сонымен қатар педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттердің инновациялық технологиялар туралы теориялық білімдері, меңгерген біліктіліктері, дағдылары мен қабілеттері іс жүзінде сыналды. Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша студенттердің алған бағалары олардың әдістемелік дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.
Тәжірибелік - эксперименттік жұмыс барысында алынған көрсеткіштер, эксперименталдық топтағы студенттердің кәсіптік құзыреттіліктерінің жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетті. Бұл көрсеткіштер динамикасының пайыздық қатынасы біз анықтаған кәсіптік құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттары кешенінің тиімділігін дәлелдейді. Осыған байланысты эксперименттік топтардағы кәсіптік құзыреттіліктері төмен деңгейдегі студенттердің саны кеміп, ол 23,3 % -ды көрсетті, ал эксперименттің басында бұл көрсеткіш 40,8% -ды көрсеткен болатын. Сонымен қатар мұндағы кәсіптік құзыреттіліктері орта деңгейдегі студенттер 42,6%- ға және жоғары деңгейдегі студенттер 34,1% – ға жетіп, ал бақылау тобындағы осы көрсеткіштер бойынша төмен деңгейдегі студенттер 39,8 %-ды көрсетсе, ал орта деңгейдегі студенттер саны 34,0% -ды және жоғары деңгейдегі студенттер 26,2 ды %-ды құрады (сурет 4).
Сурет 4 – Қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері бойынша студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігінің қалыптасуы деңгейлерінің динамикасы
Эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жүзеге асырылған зерттеу нәтижелерін салыстыру мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: болашақ мамандарды даярлау үдерісі дәстүрлі әдістеме бойынша жүзеге асырылған бақылау топтарындағы зерттеу нәтижелері тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың соңына қарай мұнда айтарлықтай өзгерістердің болмағандықтарын, яғни болашақ мамандарды даярлау үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігін қалыптастырудың жүзеге асырылмағандығын дәлелдеді. Ал, эксперименттік жұмыстардың бастапқы және соңғы кезеңдерінде эксперименттік топтарда алынған нәтижелерге талдау жасау аталмыш топтардағы процессуалдық қабілеттерінің қалыптасуы төмен деңгейдегі студенттердің екі есеге дерлік кемуін (40,1 %-дан 24,2 %-ға дейін) көрсетті (кесте 4). Бұл, өз кезегінде, осы бағыттағы жұмыстардың жалғасын табуы қажеттілігін шарттайды.
Кесте 4 - Студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру құзыреттілігі қалыптасуының деңгейлерін бақылау нәтижелері (%)
Компоненттер
|
Деңгейлер
|
Айқындау кезеңі
|
Қалыптастыру кезеңі
|
БТ(%)
|
ЭТ(%)
|
БТ(%)
|
ЭТ(%)
|
Мотивациялық
|
Жоғары
|
22,5
|
23,8
|
26,5
|
45,2
|
Орта
|
32,7
|
33,6
|
34.0
|
34,7
|
Төмен
|
44,8
|
42,6
|
39,8
|
20,1
|
Танымдық
|
Жоғары
|
23,6
|
27,5
|
25,6
|
42,5
|
Орта
|
21,0
|
32,8
|
34,0
|
32,5
|
Төмен
|
45,4
|
39,7
|
40,4
|
26
|
Процессуалдық
|
Жоғары
|
24,5
|
22,1
|
26,5
|
40,2
|
Орта
|
30,4
|
37,8
|
34,4
|
35,6
|
Төмен
|
45,1
|
40,1
|
39,1
|
24,2
|
Осылайша, тәжірибелік- эксперименттік жұмыстардың нәтижелері болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін шешуге педагогикалық шарттар кешенін ескеру негізіндегі жүйелілік тұрғысынан келу студенттердің келешек кәсіптік іс-әрекетке қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту бойынша жағымды өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деуге негіз болып табылады.
қорытынды
Сонымен, зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
1. Қазақстандық білім беру жүйесін «құзыреттілік» негізінде жетілдіруді жүзеге асырудың тұжырымдамалық міндеттері, сонымен қатар отандық білім беру жүйесі дамуының инновациялық тәртібіне ауысуы жоғары оқу орындарындағы болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің көкейкестілігін, әлеуметтік маңыздылығын арттырады. Бұл мәселенің осы уақытқа дейін зерттелмегендегі, студенттердің мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттарын айқындап, соның негізінде мазмұны мен әдістемесін дайындау қажеттілігін өзектейді.
2. Болашақ физика пәні мұғалімдерінің мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыруға құзыреттілігі - бұл теориялық білімдердің, практикалық дайындықтың, инновациялық іс-әрекеттің барлық түрлерін, формалары мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруға қабілеттіліктің бірлігінде көрініс табатын маман тұлғасының сапасы. Мұғалімнің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігі когнитивтік және іс-әрекеттік құрамдас бөліктер, тұлғалық сапалар мен тәжірибенің жүйелі интегративті тұтастығы ретінде түсіндіріледі.
3. Болашақ физика мұғалімдерінің мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігі инновациялық іс-әрекеттің түрлерімен анықталады. Зерттеу жұмысында жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекет түрлері, болашақ педагог - мамандардың бойында қалыптастырылатын инновациялық технологияларды жүзеге асыруға құзыреттіліктері нақтыланып, олар жобалаушылық, ұйымдастырушылық - жоспарлаушылық, технологиялық-әдістемелік, ғылыми-зертеушілік топтарына біріктірілді.
4. Болашақ физика мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтау кезеңі мұғалім тұлғасының кәсіби маңызды сапасы ретіндегі аталмыш құзыреттіліктің төменгі деңгейде екендігін, ал бұл жағдай педагог мамандар даярлаудың қалыптасқан жүйесінің салдары екенін көрсетті. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыруға құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге асыру арнайы дайындықсыз, студенттерде қарастырылып отырған құзыреттіліктің төменгі деңгейде болып, болашақ мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді.
5. Жоғарғы оқу орындарында физика пәні мұғалімдерін даярлаудың мазмұнын және тәжірибесін жан-жақты талдау және қорыту негізінде болашақ педагог мамандардың жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері және жолдары анықталды. Оқу және педагогикалық іс-тәжірибе үдерісінің барлық сатыларында студенттердің жаңа нәтижеге, құралдарға, оларды алудың тәсілдеріне қол жеткізу, дәстүрлі іс-әрекеттің ескірген компоненттерінен арылу бойынша іс-әрекеттерін ұйымдастыру болашақ мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігінің тиімді қалыптастырылуына және дамытылуына жол ашады.
6. Болашақ физика пәні мұғалімдерінің мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарттарына мыналар жатады: болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби даярлаудың мазмұнын дайындауға құзыреттілік тұрғысынан келу; болашақ мұғалімдердің инновациялық технологияға және оларды меңгеруге құндылық қарым- қатынастарын (қызығушылықтарын) қалыптастыру; жоғары оқу орнында оқыту процесінің студенттерде инновациялық технологияларды жобалауға және мектептің оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруға бағдарлануы; студенттердің өзіндік жұмыстарында инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың көрініс табуы; педагогикалық іс-тәжірибенің барлық кезеңдерінде студенттерді белсенді инновациялық іс-әрекетке кірістіру; студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының инновациялық технологияларды жобалаумен және жүзеге асырумен байланыстылығы.
7. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылған педагогикалық шарттар және олардың негізінде дайындалған болашақ физика пәні мұғалімдерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесінің тиімді екенін көрсетті.
Ұсынылып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Осыған сәйкес зерттеу болашағы, біздің ойымызша, төмендегідей мәселелерді қарастыру бағытында дамуы қажет: болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлау үдерісінде оқу пәндері деңгейінде студенттерде кәсіптік құзыреттіліктердің құрамдас бөліктерін қалыптастыру; студенттердің кәсіптік құзырларын қалыптастыру мен дамыту аспектісінде жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы физика пәні мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттерін қалыптастыру мен дамытудың өзара байланысы; мектептегі физика пәні мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін диагностикалау негізінде студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға құзыреттілігін қалыптастыруды жобалау.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі:
1 Некоторые возможности активизации познавательной деятельности студентов в преподавании вузовского курса физики // Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру: тықырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Шымкент, 2005.– Б.197-200 (Р.С. Жанабековамен авторлық бірлестікте).
Достарыңызбен бөлісу: |