ӘОЖ: 378 [37. 035: 37. 013] Қолжазба құқығында Иманбетов Аманбек Нұрқасымұлы



бет2/3
Дата27.02.2016
өлшемі439.09 Kb.
#27994
түріДиссертация
1   2   3

Мотивациялық компонент педагогикалық қызметке жауапкершілік қарым-қатынас жасаумен және Отанды қорғауға деген құлшынысымен, Отан алдындағы әскери қызыметтің маңызын түсінумен, өздігімен білімін жетілдіруге ұмтылуымен анықталады.

Мотиавциялық компонентіне сонымен қатар өздігімен білім алу, қызығушылық, қажеттілік, түсіну қабілеті жатады.



Когнитивтік компонент – немесе танып білу компоненті студенттердің патриоттық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін қажетті теориялық білімдерін игеру.

Мінез-құлық компоненті патриоттық тәрбиедегі іс-шаралардың мәнін түсініп, бағалай білуі. Студенттерді патриоттылыққа тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың ерекшелігін бағалай біліп, өзіндік мінез қалыптастыруы.

Сөйтіп, біздің зерттеуіміздің көзқарасы тұрғысынан алғанда, студенттерді қазақ этнопедагогикасы негізде патриоттық тәрбие беру сапасын анықтайтын өлшемдердің жиынтығы, біріншіден тәрбиелеудің мотивациялық ком-понентімен байланысты болып, патриоттық тәрбие қызметін жүзеге асыруға ұмтылысымен және оның тиімділігіне талпынумен, студенттердің патриот-тылығының жалпы деңгейін көтеруге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге құштарлығымен сипатталады. Екіншіден, зерттеліп отырған тәрбиенің когнитивтік компоненті патриоттық тәрбиені танып білу туралы теориялық, әдістемелік, білімдерінің кешенді жиынтығы, қаралып отырған процестің мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Үшіншіден, мінез-құлық компоненті студенттердің тәлім-тәрбиелік қызыметі барысында жүзеге асырылатын халықтық мінез-құлық, менталитет арқылы патриоттық тәрбие беру процесінің практикалық іскерлігі мен дағдыларын меңгеруде көрініс табады.

Дегенмен, жоғарғы оқу орны студенттерін қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру үшін біз ұсынып отырған патриот студент тұлғасын қалыптастыру моделі соңғы нәтиже болып табылмайды, сондықтан, басқа негіздерде басқа модельдердің жасалуы мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі қандай да бір нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Осыған байланысты патриоттық тәрбие берудің деңгейін анықтаймыз.

Біз сүйеніп отырған моделіміз қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру. Біз елестету формасына қарай патриот студент идеалын көреміз. Дәлірек айтатын болсақ, моделдеу бір нысанда келесі нысанның сипатын елестететін ғылыми зерттеу әдісі.

Студенттерге қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру негізінен, тәрбиенің кез-келген түрін, теориялық білімінің жоғары деңгейі ұлттық құндылықтар арқылы патриоттық тәрбиенің құрылымдық бөліктерін қарастырып әдістемесін жүзеге асырып, меңгеру, нақты педагогикалық міндеттерді шеше білу, студенттердің педагогикалық міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыру және жетілдіруден құралады.

Зерттеуді одан әрі жалғастыру үшін «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» деген түсініктің мәнін анықтап алуымыз керек. Бұл түсінікті бір мағынада пайдалануды мазмұнды белгілі бір шеңберде нақтылауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, одан арғы жұмысқа теориялық негіз қалауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, біздің көзқарасымызша, жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру дегеніміз – студенттердің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығының болуы, тұлғалық және кәсіби қабілеттерінің жетілуі, патриоттық тәрбие мен қазақ этнопедагогикасы туралы теориялық білімдерінің болуы және оларды жүзеге асыру іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуы, педагогикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, оқу-құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды пайдалануы. Бұны біз өзіміз зерттеу нысаны етіп алған, жоғарғы оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беру процесіндегі патриот-студент моделі негізінде анықтадық.

Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруге болатынын біздің көп жылғы іс-тәжірибеміз дәлел бола алады. Сонымен қатар біз қазақ этнопедагогикасы мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың теориялық-әдіснамалық еңбектеріне сүйенеміз. Бұл студенттерге патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл көкейкесті мәселенің шешімі «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты курс бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды (кесте2).


Кесте 2 – «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курстың жоспары


Тақырыптар аттары

Дәріс

Семи-нар

СӨЖ

Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің мақсаты және міндеттері

2






Қазақ ағартушылары шығармаларындағы патриоттық тәрбие беру мәселелері

2

4



Қазақ хандары мен билерінің патриоттық қасиеттері және олардың бүгінгі күндегі маңызы

2

4

4

Қазіргі халық шығармашылығының патриоттық тәрбиедегі көрінісі

2

4

4

Ұлттық жауынгерлік дәстүрлер арқылы патриоттық тәрбие беру мазмұны

2






Қазақ этнопедагогикасы арқылы патриоттық тәрбие беру жолдары

2




4

Барлығы

12

12

12

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы мен әскери құрылыс тұжырымдамасында «елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу қажет» деген ұсынысын негізге алып, халқымыздың ерлік және жауынгерлікке байланысты бай мұрасын зерделей отырып «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты курс бағдарламасының мазмұнын қарастырайық.

Курс бағдарламасын жасау барысында қоғамның саяси-әлеуметтік, қазіргі саяси-әскери өзгерістер, мемлекеттің әскери-қорғаныс доктринасының мақсаты мен міндеттері, егемен еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығын қорғаудағы әскери іс-әрекеттерге қойылатын талаптар ескерілді. «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру негіздері» атты курс бағдарламасының мақсаты студенттерге ұштасқан ұлттық дәстүрлер, ата салтқа, туған өлке, жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы әскери міндетін атқаруға психологиялық, моральдық дайындықтарын қалыптастыру.

Біздің айқындаған өлшемдеріміз қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру деңгейлерін көрсетуге негіз болды. Тұтас педагогикалық процесс барысында студенттерге патриоттық тәрбиенің негізі туралы мағлұматтардың болуы-ол патриоттық тәрбиенің қалыптасу деңгейі болып есептелінеді.

Патриоттық тәрбиенің деңгейлері негізгі өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сандау, саналық сипаттамалардың жағдайын және олардың өзара бір-бірімен қатынасынын көрсетумен айқындалады.

Осының бәрін ескере отырып, жоғарыда ұсынған студенттерге берілетін патриоттық тәрбиеге байланысты айқындалған өлшемдер мен көрсеткіштердің ара қатынасын жоғары, орта, төмен деңгейлермен белгіледік.

Осы мәселеге байланысты жеке-жеке талдап, қарастырдық.

1. Төменгі деңгейі: Отанының алға басуына, Қазақстандық патриотизмнің маңызын түсінуге және Қазақстан халқының тарихи тағдырын, саяси рәміздеріне құрметтеп қарауға білім деңгейі жеткіліксіз, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығы жоқ, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіртуге құлшыныс танытпайды, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жалғастырушы екеніне сенім білдірмейді.

2. Орта деңгейі: жоғары дәрежеде азаматтық жауапкершілік, қарапайымдылық, мейірімділік көрсеткенімен, бұл деңгейдегі студенттер қазақстандағы халықтардың салт-дәстүріне мән бермейді, қазақстандағы халықтардың тағдырына өзінің мүмкіндіктерінің таяздығынан, белсенділік көрсете алмайды, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығы тұрақсыз, қазақ этнопедагогикасында студенттерге патриоттық тәрбие берудің мән мағынасының бар екенін ескермейді.

3. Жоғары деңгейі: Отан тағдырына алаңдаушылық білдіріп Отанының алға басуына жұмыс жасап қазақстандық патриотизмнің маңызын түсініп білімін арттырады, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген тұрақты қызығушылығы бар, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қызығушылғын білдіріп, оның болашақ ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеуде мән мағынасының бар екенін түсініп өмірде қолдана алады.

Осылардың барлығы студенттердің патриоттық тәрбиедегі даму деңгейлерімен, әр түрлі өмірдегі әлеуметтік жағдайларда дұрыс адамгершілікті мінез - құлық көрсетіп, нақтылы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.

Тәжірибиелік-педагогикалық жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетттік университетінің дене шынықтыру мәдениеті және спорт факультетінде, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене мәдениеті және спорт факультетінде және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және дене тәрбиелеу мәдениеті факультетінде 2005-2007 оқу жылдарында жүзеге асырылды.

Экспериментке 231 студент қатысты. Оның 119 эксперименттік, 112-бақылау тобына кіреді. Анықтаушы эксперимент барысында сауалнама көмегімен үш компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық) студенттердің бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиенің деңгейін анықтадық.

Сауалнама жауаптарын сараптау, бізге студенттердің қазақстандық патриотизмнің мәні, жалпы патриотизм, патриотизм туралы субьективті көзқарастары мен білімдері туралы хабардар етті. Студенттердің қазақстандық патриотизм туралы білім деңгейлері қанағаттанарлық болғанымен қазақ этнопедагогикасы негізіндегі патриоттық тәрбие жайындағы білім деңгейлерінің төмендігі байқалды.

Анықталған жағдайды негізге ала отырып біз студенттердің патриоттық білімін тереңдету мақсатында, қалыптасушы тәжірибе алдында біз эксперементалды және бақылау топтарының студенттерінің алдында патриоттық тәрбиенің қалыптасу деңгейлері бойынша жүргіздік.

Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриоттық тәрбие компоненттерін анықтадық (сурет 4).


Сурет 4 – Студенттердің патриоттылығын анықтайтын компоненттер көрсеткіштері (анықтауыш эксперимент)

Эксперименттік топ студенттерімен біздің зерттеу болжауымыздың мүмкіндіктерін айқындайтын арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілсе, ал бақылау топтарында патриоттық тәрбиенің қалыптасуының мәнін анықтауға арналған сабақтар өтілді. Тәжрибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері эксперименталды топ студенттерде патриотизмнің қалыптасу деңгейін әр–уақытта жоғарылатуға мүмкіндік беретіні біз қолданған әдістемелер өзінің жоғары нәтижелігін көрсетті. Студенттердің қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие қалыптастырудың деңгейлері анықталды (сурет 5). Кестеде Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриотизм идеясы компонентері қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) болашақ мамандарда патриотизмнің қалыптасуы деңгейі эксперименталды топпен бақылау топттары арасында көп айырмашылық бар. Эксперименттің басы (сурет 6, кесте 5) мен соңында (сурет 7, кесте 6) алынған бақылау кесінділерінің нәтижелері тәжірибелік жұмыстың елеулі өзгеріс әкелгенін көрсетті.

Сурет 5 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриотизм компоненттерінің даму көрсеткіші
Кесте 5 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерде патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері (анықтауыш эксперимент)


деңгейлер топтар

жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ


8,33%

29,17%

62,5%

Бақылау тобы


14,55%

30,91%

54,54


Сурет 6 - Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерде патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері (анықтауыш эксперимент)


Кесте 6 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбиені қалыптастырушы эксперимент нәтижелері


деңгейлер

топтар


жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ

42,5%

32,5%

25%

Бақылау тобы

15,45%

40%

44,55%


Сурет 7 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері

Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша студенттердің патриотизм деңгейі экспериментальдық топта 8,33 пайыз болса, бақылау тобында 14,55 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш эксперимент соңында экспериментік топта 42,5 пайыз, бақылау тобында 15,45 пайызды көрсетті. Эксперимент басында орташа деңгейі эксперименттік топта 29,17 пайыз болса, соңында 32,5 пайыз. Бақылау тобында эксперимент басында 30,91 пайыз, соңында 40пайыз. Төменгі деңгей бойынша эксперимент басында эксперименттік топта 62,5 пайызды құраса, эксперимент соңында 25 пайызды құрады.

Бақылау тобында эксперимент басында төменгі деңгейі 54,54 пайызды құраса, соңында 44,55 пайызды құрады. Сонымен педагогикалық тәжрибие көрсеткендей жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беруде тұтас педагогикалық процестің жұмыстық гипотезасы расталды.



Зерттеу барысында теориялық тұрғыда негізделіп іс-тәжірибеде алынған нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің деңгейі теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылып, студент тұлғасында патриоттық қасиеттерді дамытуға бағытталған патриоттық тәрбиенің бағыт-бағдары анықтады;

  • студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерінің мәнін ашуға мүмкіндік туғызды.

  • қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісінің негізделуі осы тәрбие процесінде патриот студент тұлғасының қалыптасуына нақты жағдай туғызады;

  • студенттерге қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды қолдану студенттердің патриоттығын қалыптастырудың тиімділігін арттырды;

  • біз ұсынып отырған қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру моделі, студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасы негіздерімен шектелмей, қазақ халқының дана тұлғаларының мұрасын танып білуге, қастерлеуге жол аша отырып толыққанды патриот студент тұлғасын қалыптастыруға негіз болды.

Жоғарыда келтірілген теориялық қағидалар мен іс-тәжірибе жұмысының нәтижелерін пайдалануға төмендегідей ұсыныстар беруге негіз болды:

  • жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беруде, қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдануда «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасын пайдалануға болады;

  • Республикамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттылығын арттыру үшін газет журналдар шығарылып, теле хабарлар ашылып тұрақты беріліп тұрса тиімді болады;

  • студенттерге патриоттық тәрбие берудің негізінде қазақ халқының ұлттық ойындары ғылыми тұрғыда зерттеліп, қазақ этнопедагогикасына байланысты зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, басқарылып үйлестіріліп отырса педагогика ғылымына қосылған үлес болар еді.

Біз зерттеу жұмысында алға қойған мақсатты орындадық, бірақ бұл диссертацияда қазақ этнопедагогикасына байланысты барлық мәселелерді толық қамтыдық деп айта алмаймыз. Өйткені қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруде төмендегідей бағыттарда зерттеулер жүргізу болашақ ғалымдардың еншісінде дегіміз келеді. Мысалы, студенттерді кәсіби даярлауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру жолдары; студенттердің патриоттық-саяси көзқарасын қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасын негізге алу; бастапқы әскери дайындық мамандығына дайындауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру сияқты тағы басқа мәселелерге арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге болады. Бұл ғылыми жұмыстарды зерттеушілермен бірлесе отырып, жүзеге асырсақ қазақ этнопедагогика ғылымына қосылған сүбелі үлес болар еді.

Диссертацияның негізгі мазмұны мен нәтижелері төмендегі еңбектерде көрініс тапты:
1 Әскери ойындардың ұлттық ойындардан ерекшелігі және патриоттық тәрбиедегі алатын орны мен маңызы //Адам денсаулығының және қоршаған ортаның қалыптасуының актуалды мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. - Қарағанды, 2002. - Б.110-112. (Ж.Жолымбетовпен авторлық бірлестікте).

2 Жастар өміріндегі патриоттық тәрбиенің орны //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. -2003. - №4 (32) - Б.212-215.

3 Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6. - Б.3-5.

4 Қазақ этнопедагогика құндылықтарын патриоттық тәрбиеге қолдану. //Экологияның өзекті мәселелері: ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.2. - Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.234-235.

5 Жаңа қоғамдағы студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Экологияның өзекті мәселелері: ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.2. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.235-237.

6 Салт-дәстүрлермен ұлттық ойындар негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру //Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, педагог, ойшыл: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды, 2005. - Б.57-59.

7 Жастардың бүгінгі таңда қылмысқа баруы және олардың алдын алу шаралары //Жастардың және қазіргі заманның өзекті мәселелері: ІІ аймақтық жас зерттеушілерінің ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. -Қарағанды, 2003. -Б.250-252. (Б.Нұрлановпен авторлық бірлестікте).

8 Жеке сайыс және оқыту әдістемесі. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2003. - Б.12. (Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).

9 Саптық дайындық. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.12. (Н.Р.Рамашов, А.Ж.Күлейменовпен авторлық бірлестікте).

10 Кәсіптік-педагогикалық іс-тәжірибе. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.20. (А.Ж.Күлейменов, Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).

11 Жаттығу практикасы. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. Қарағанды, ҚарМУ. 2004. -Б.15. (А.Ж.Күлейменов, Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).

12 Спорттық күрес әдістемесінде патриоттық тәрбие: Әдістемелік нұсқау. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.33.

13 Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2004. - №4(36). - Б.160-163. (Ж.Ш.Балкеновпен авторлық бірлестікте).

14 Студенттерге ұлттық ерлік негізінде патриоттық тәрбие беру формалары мен әдістері //Жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың республикалық ғылыми-конференция материалдары. Т.15. Жас ғалымдар. - Павлодар, 2005. -Б.144-147.

15 Қазақ мемлекетінің идеологиясында жастарға патриоттық тәрбие беру //Білім саласындағы инновациялық технологиялар. Қазіргі кездегі дамуы және келешегі: Республикалық ғылыми-методикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2005. - Б.226-229.

16 Қазіргі қоғамда халықтық педагогика негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: Е.А.Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғыылми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.68-70. (Н.Р.Рамашовпен авторлық бірлестікте).

17 Жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы. //Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспектива: Материалы республиканского научного практического конференции. - Астана, 2005. - Б.53-55.

18 Оқу-тәрбие үрдісінде студенттерге патриоттық тәрбие беру //Моделирование профессиональной деятелности в условиях информационной инфраструктуры: Сборник научных трудов. - Караганда, 2005. - С.228-231.

19 Студенттердің бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселелері //Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2006. - Б.184-186. (Е.Ж.Қожамжаровпен авторлық бірлестікте).

20 Студенттерге Отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру: Әдістемелік нұсқау. – Қарағанды: ҚарМУ, 2006. - Б.26.

21 Студенттерге халқымыздың ерлік дәстүрлері негізінде патриоттық тәрбие беру //Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - №2. - 2006. -Б.179-183.

22 Патриот студенттер тәрбиелеу-уақыт талабы //Павлодар мемлекеттік университеті хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №2. - Б.107-115. (Н.Р.Рамашовпен авторлық бірлестікте).

23 Қазақ этнопедагогикасында студенттерге патриоттық тәрбие берудің кейбір мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №4. - Б.166-170. (Қ.М.Арынғазинмен авторлық бірлестікте).

Резюме
Иманбетов Аманбек Нуркасимович


Патриотическое воспитание студентов на основе казахской этнопедагогики
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
Актуальность исследования. В Послании «Казахстан - 2030» Президент страны Н.А.Назарбаев обозначил основные направления устойчивого развития страны.

Одна из основных задач системы образования – воспитание гражданина, патриота своей страны. Поэтому «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм» являются показателем воспитанности студентов. Необходимость воспитания патриотизма у студентов высших учебных заведений с учетом этнических особенностей народа, на примерах подвигов народных героев подчеркивает актуальность проблемы исследования.

В условиях формирования новой государственности эта проблема требует переосмысления целей и задач, содержания, форм и методов патриотического воспитания. Поэтому не случайно в «Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы» воспитание казахстанского патриотизма определено как одна из приоритетных задач всей системы образования.

Вопросы воспитания казахстанского патриотизма рассмотрены в работах многих ученых. Однако, недостачная разработанность проблемы воспитания патриотизма на основе казахской этнопедагогики требует соответствующих научных исследований.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет