Шығармашылық өнердің қандай саласын алумен қатар, толып жатқан (биологиялық, генетикалық, психологиялық, педагогикалық, философиялық т.б.) алуан-алуан ғылым мамандарының да объектісі.
«Әдептеу» («стилизация») - түсінігінің негізінде интеллектуальды мағыналы және эмоционалды психологиялық шығармашылық бірлік бар. Оны графика өнерін тану түсінігінен бүкіл мәдениет ауқымына аударсақ ол графика өнеріндегі образды формалардың жасалу, даму жолдарының жалпы, ерекше және индивидуальді сипаттарын оның күрделі шығармашылығын меңгеруге көмектеседі. Сондықтан, бұл түсінік белгілі бір графика түрінің мазмұнын, түрлі формалардың образға айналу процесінің үлгісін жасауға көмектеседі, әрі графиканың шығармашылық сапасының түп тамырын айқындап, оның болмыс тәжірибесін жалпылап жинақтауға параметр қызметін атқарады. Оны қатып қалған өзгермейтін канон деп есептеуге болмайды. Халық мұрасынан туындайтын графика өнері мен түстердің түрлі формада дамуы арқасында көптеген үлгілер қалыптасады.
Халқымыздың әлеуметтік мәдени мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнеріндегі графиканы оқытып үйрету мен оның шығармашылықпен дамуы туралы методологиялың деңгеймен тереңдікке жету үшін мынадай қағиданы берік ұстау қажет. Ол ұлттық бейнелеу өнеріміздегі графика өнерінің шығу тарихы туралы философиялық, әлеуметтік, білімдердің мәнін толықтырып, оларды ұлттық мүддеміздің желісіне орай жүйелеу.
Көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру саласының бастау көзінде тұрған белгілі білім және мәдениет қайраткерлерінің бейнелеу өнеріне берген аңықтамалары мен ой тұжырымдары, қазіргі зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектеріне педагогикалық талдау жасалды.
Жоғары оқу орындарында бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне графика өнерін оқыту әдістемесінің мазмұны мен оның құрылымы тарихи педагогикалық тұрғыдан бағаланды. Қазіргі заман талабына сай туындап отырған көркемдік білім беруде графика пәні сабағының құрылымын аңықтаудың және мазмұнын іріктеудің принциптері мен алғы шарттары тұжырымдалды. Студенттерге графиканы оқыту әдістемесінде графика пәнінің мазмұнын жасау арқылы оқушылардың әр түрлі өнер түрлерінің әсер ету күшімен оның заңдылықтарына сүйене отырып тұлғасын қалыптастырудың бағыты мен педагогикалық талаптары мен мүмкіндіктері айқындалды.
Графика өнеріндегі көркем шығармашылық қабілет тәрбиеге және әдетке айналдыруға көнеді және осы салада графиканың бір түрінен екінші түріне ауысуға қолайлы ықпал жасайды. Алайда, графика өнеріндегі көркем шығармашылықты дамытуда арнайы көңіл бөлініп, шеберлікті арттыруда оқу мен тәрбиенің міндеттеріне айналғанда ғана орын алады.
Бұл сауалға жауап беру болашақ маманның бейнелеу өнері пәніндегі графика өнерінің өзекті арнасын, оның терең көркем шығармашылық заңдылықтарына бет алған бағыт-бағдарын танып-білу болып табылады.
Сондай-ақ, бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылығын дамыту жүйесінде оның мынадай элементтерін көрсете аламыз:
- графика өнеріндегі көркем шығармашылық процестің мақсатын, құрылымын және кезеңдерін теориялық негіздеу;
- бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа даярлау жүйесінің элементтерін құрайтын көркем шығармашылықтың негізгі әдіс-тәсілдері мен бағыттарын айқындау;
- көркем шығармашылықты қалыптастыруды ойдағыдай қамтамасыз ете алатын негізгі талаптар мен шарттар.
Сондықтан, бұл мәселені тек қана таным мақсатында ғана кездемей, бүгінгі шындық және шеберлік халықтық дәстүрлі графика өнерінің көркем шығармашылығын үйрене білу тұрғысынан алып отырмыз.
Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа даярлаудың негізгі элементтерін айқындай келе, графика өнеріндегі көркем шығармашылықты дамытудың философиялық жүйелерін талдай келе мынадай жорамал ұсындық: «Графика өнеріндегі көркем шығармашылық кең мағынасында шығармашылықтын даму тетігі ретінде, көркемдік дамуға жетелейтін өзара байланысқан әрекет ретінде көрінеді».
Қазақтың графика өнері негізінде халқымыздың мәдени мұрасын - шығармашылық танымын қалыптастыруда болашақ маманның дағдылы еңбегімен қатар білімін үздіксіз толықтыру мен кеңейту қажеттілігіне байланысты. Танымдылық қызығу, егер айтарлықтай терең де тұрақты болса, шығармашылық ойдың жетілуіне әсер етсе, онда ол болашақ маманның білім алуының маңызды көзі ретінде қызмет етеді.
Білім беру ісі ұлттық сананы қалыптастырудағы мәдени-ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде төмендегідей үш бағытта қарастырылуы тиіс:
- танымдық;
- саралаушылық;
-дамытушылық;
Сондықтан, бүгінде ұлттық өнерді қалыптастыруды, онда да жаңаша қарастыру керек. Себебі өзінің ұлттық ерекшелігін, қайталанбайтын қасиеттер-ін көрсететін дәстүрлі ұлттық өнері жоқ халық міндетті түрде көптің ішінде өз ерекшелігін жойып, жоғалып кетеді. Сол себепті де жалпы өнер құндылығын жоғары бағалай отырып, ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескермеуге болмайды.
Мұндайда төмендегі негізгі қағидаларды басшылыққа алудың маңызы ерекше:
- ұлттық өнерді және дәстүрді үйретуде, білім беруде, қызмет көрсету саласын-да мемлекет тарапынан қандай да араласушылыққа шек қою. Бұл талап саяси партиялардың, қоғамдық және діни ұйымдардың, жекелеген адамдардың осы саладағы іс-әрекетіне қатысты;
- көп жылдық орталық езгіден зардап шеккен халықтардың мәдениеті мен ұлттық өнерін жандандыруға деген халықаралық құжаттардың тіркелген ерекше құқын ескеру;
- қоғамда Қазақстанның ұлттық халық өнерінің дамуы мен гүлденуінің маңыз-ды шарты ретіндегі мәдени-этникалық келісімді қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Аталған проблемаларды жүзеге асырудың негізгі шарттары біздің мыналар:
- білім беру мен мектептің ұлттық қайнарларын нығайту;
- ұлттық өнеріміз бен төл мәдениеттің шүбәсіз басымдығын мойындау және қамтамасыз ету;
- ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік тәрбиедегі осы салаға қатысты бүкіл жетістігін қабылдауы мен икемділігі;
- жеке адам мен қоғамның мәдени-эстетикалық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық қызметтің жүйелілігі;
- мемлекеттік бірыңғай бағдарламалар негізінде аталған мәселе бойынша аймақтық проблемалардың болуы.
Осыдан келіп ұлттық өнер дәстүрінің тағы бір міндеті келіп туады. Бұл - Қазақ графика өнеріндегі көркем шығармашылық процесті насихаттау. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың, оның ішінде қазақтың бейнелеу өнеріне қатысты көркемдік қалыптастыру керек. Мәселенің мәні халқымыздың мол мұрасының көркем шығармашылық құрамы қай деңгейде, ерекшелігі қалай, осының бәрі ғылыми педагогикалық зерттеулермен шектескенде қалай көрінеді. Міне, мәнді мол мұрамызға деген сыни зерде, осындай өрістерде атой салып жүруі керек. Сонда ғана халық асылына сеніп, қанаттанып, шығармашылық тұғырға көтеріледі де, намыс отына оянып, жаңа әрекеттерге білек түреді.
Графика өнерінің көркемдік идеялары осылайша анықталып, бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне көркем шығармашылық процесті жетілдіруге жаңаша жол ашылады.
Болашақ мұғалімнің көркем шығармашылық іс-тәжірибесінің жеке тұлғасына әсер етуін бағалау үшін біз мынадай үш негізгі жалпылама өлшемдерді тағайындадық:
- көркем шығармашылық қызмет бағытына сәйкес графика өнеріндегі көркемдік мұраны игеруге деген тұрақты ынтасын қалыптастыру;
- графика өнері арқылы кәсіби мамандықты белгілі мақсатпен таңдап алу;
- жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін өзінің көркем шығармашылық қызметін жалғастыру, яғни графика өнеріне шығармашылық көзқарасын еңбек әрекеті үстінде немесе жұмыстан бос уақытта қарастыру.
Бұл топтастыруға қосымша: графика өнеріндегі көркем шығармашылық-тағы теориялық білімнің өзара байланыстылығы жүйелі, қисынды үш түрін анықтауға болады. Олар: білімнің кіріспесі, оқыту, тәжірибеге бойлау. Осы жағдайды ұштастыра келіп, тұжырымдамалық шешім ретінде графика өнеріндегі мәдени-этникалык, білімнің мазмұндық мағынадағы келесі құрылымын ұсынуға болады.
1. Білімнің кіріспесінде графика өнеріндегі мәдени дамудың мәселесін шешуге алғашқы талпыныс жасалады. Халықтық көркемдік, мәдениетімен, графика өнерімен алғашқы таныстық басталады.
2. Көркем мәдени-теориялық білімнің негізгі арқауы-оқу орындарында білім алу. Мұндағы басты міндет оқыту көркем мәдени-теориялық білім жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады. Оның міндетті шарты графика өнері арқылы өз халқының мәдени мұрасына, салт-дәстүріне тәрбиелеу, графика өнеріне көркем шығармашылық қабілетін қызығушылығын, ынтасын арттыруға мүмкіндік жасау.
3. Көркем мәдени-теориялык, білім беру жүйесінде оқу орындарынан тыс білім беру мен өмірден тәлім алудың орны ерекше. Олар сөз жоқ, оқу орындарында білім берудің де алдында тұрған тәрбиеге бойлау. Бұл орайда мәдени-теориялық білім кеңістігін ұлттық-мәдени орталықтар, арнайы ұйымдастырылған курстар, телерадиохабар, баспасөзде жарияланған мақалалар, түрлі конкурстар, көрмелер, мәдени кеңістіктің, шығармашылықтың өрісін кеңейтеді.
Графика өнеріндегі шығармашылықты игеру процесі бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне көркемдік танымдық құқын қалыптастырумен бірге шығармашылық қабілетін өрістетумен тығыз, сабақтас өрбуі тиіс. Графика өнеріндегі шығармашылық мазмұн бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің танымына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етуі қажет.
Графика өнерінде көркем шығармашылық танымға қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
- бейнелеу мазмұнының жаңғыртылуы, берілген тақырыпқа сәйкес графика түрлеріне жаңаша сипаттау, орындалған шығармаға тарихи бағдар беру, туындының көркем шығармашылық мәнін ашып көрсету және бейне образын жүйелі бейнелеу;
- бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне шығармашылықты меңгеруде өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлеріне негізделген көркемдік тәсілдердің мәнін ашып көрсету;
- студенттердің көркем шығармашылық қабілеттерін ұштау, олардың көркем шығармашылық мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, қабілетті талап қою;
Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі шығармашылыққа даярлауда білім беру мен өнердегі шеберлікті жетілдіруге, ең алдымен шығармашылықты менгерудің маңызды құралы әдіс-тәсілдері ретінде осы әрекеттерді кеңінен қолдануға болады.
Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнеріндегі көркем шығармашылықты қалыптастыруда әрбір кезеңнің айқын көрініс тапқан нәтижесі болады, бірінші кезеңде графика өнеріндегі шығармашылықтың ойға қонымды, шығарманың образы ұғымды тапсырма болып табылады; екіншісінде - көркемдік идеяны графика арқылы шығармашылықпен іске асыру мүмкіндігіне дейін жеткізу; үшіншіден - графика өнеріндегі көркем шығармашылықты практикалық іске асыру. Ал графика өнеріндегі көркем шығармашылықтың нәтижесі деп, тек қана графика элементтерін түрлендіру, жетілдіру ғана емес, сонымен графика өнеріндегі образды сомдау деп түсіну керек.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақаулықтарға ең жауапты адам – ұстаздар. Білім беруді дұрыс жолға қоюды ұстаз даярлаудан бастау керек. Болашақ мамандық иесін таңдау мемлекеттік деңгейде шешілгені дұрыс. Ол үшін өкіметтің тиісті қаулы-қарарларына сәйкес өз мектебіне қажет мұғалімдер таңдауды жергілікті жердің билігіне жүктеп, мектеппен, жұртшылықпен ақылдаса отырып шешу қажет. Сондай таңдаудан өткен, ұстаз болуға бейімі бар жастар педагогикалық жоғары оқу орындарына, оның тиісті мамандықтарына емтихансыз қабылданса. Оларға бөлінетін оқу қаржысын жергілікті орын, жоғары оқу орындарына аударатындықтан, болашақ мұғалімнің дайындығына екі жақ бірдей жауапты болып шығады. Оның үстіне студент өзі еңбек ететін мектеппен, оның педагогтар ұжымымен тығыз байланыста болады. Өйткені, барлық практиканы сонда барып өтіп тұрады.
Біріншіден, барлық жағдайда жас маманға еркіндік берген жөн. Адам баласы табиғатынан білсем, танысам деген талабын қанағаттандыру үшін «мұны білуге тыйым саламыз», «әлі қоя түр» дегендей тежеулерді алып тастап, жас маманға бостандық берген дұрыс. Бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны студентті білімге, шығармашылыққа жетелеудің бір арнасы деп ұғу керек.
Екіншіден, студенттердіоқытуда адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты, ұлттық өнерді сүйе білуге үйрету керек. Тегінде графика өнеріндегі шығармашылықты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы көркем шығармашылық деген әлемнің қадір-қасиетін танытқан жөн.
Үшіншіден, шығармашылықтың ақиқатын, болмысты ашық бүкпесіз көрсеткен халық даналығының ұлылығын ұғындырған дұрыс. Ендігі мектеп – шындықты, нағыз шығармашылықты үйрету мектебі болуы керек.
Осы басты және негізгі қағиданың үшеуі де қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісінен алынып отыр. Халқымыз келешек ұрпағын осыларды басшылыққа ала отырып тәрбиелеген. Бұл – орта ғасырға шегіну емес, ұлттық сана мен нанымдарды қайта қалыптастыру деген сөз. Ұлттық мәдени қазыналар арқылы тәрбиелеп, әлемдік мәдениет пен болашақ ұрпақтың жан-дүниесін одан әрі байытуға ұмтылу деген сөз.
Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибесінің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқытудың әдіс-тәсілдерінің бірі – модульді оқыту әдісі.
Модульді оқыту әдісін оқу үрдісіне енгізудің ғылыми мектебінің негізін салған Л.М.Твердин, Н.Д.Никаноров, Л.А.Толкачев т.б. арнайы зерттеулерінде атап көрсетілген. Модуль – латынның– «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі.
Зерттеліп отырған графика өнерінің көркем шығармашылық мәнін сипаттаумен қоса көркемдік жүйесін функционалдық байланыстармен қоса ашып көрсетеді. Әр модуль – графика өнеріндегі жүйелі образды графикалық үйлестіруді қамтамасыз етумен, түрлі көркемдік әдіс-тәсілдермен сипатталады. Яғни, графика өнерінде көркем шығармашылықты модульдік оқытудың әдіс-тәсілдері бірнеше ерекшеліктерден тұрады. Ол–ерекшеліктер графика элементтеріндегі шығармашылық бірлік, шама, көркемдік мөлшер.
Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнері арқылы көркем шығармашылыққа даярлаудың жүйелі ерекшеліктері:
– графика өнеріндегі көркемдіктің тиімді жолдарын қарастыру;
– графика өнеріндегі шығармашылықтың көркемдік мазмұнын терең меңгеру;
– бейнелеу өнері мамандығы студенттерін көркем шығармашылық белсенділігін туғызу, графика өнеріне қызықтыру;
– болашақ мамандардың графика өнеріндегі көркем шығармашылық қабілетін қалыптастыру, көркемдік логикасын дамытуға ықпал ету.
Өнертанушы ғалым Б.Байжігітовтің пікірінше сомдайтын бейне «модельдеу» арқылы жасалады деп тұжырымдайды. «Біздің жағдайымызда «модельдеу» рәмізді көркемдік және дүниетанымдық категорияларға ие.
Модульдеу әсіресе графика өнерінде түрлі образды форма құрастыра білу мәдениетімен тікелей байланысты. Графика өнеріндегі түрлі форма образды бейненің, көркем шығармашылық процестің эмоционалды мазмұндық шешімдерінің бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдері деп есептеуіміз керек. Сондықтан біз бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа үйреткенде графика өнеріндегі форма мен көркемдік мазмұн сәйкестігін аңғара білу мәдениетіне үйретеміз.
Модульдік жүйе жоғары оқу орындарында бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылық жұмыстарды игеруде мамандыққа бағытталған дағды мен іскерлікті арттырудың кепілі болып есептеледі. Жоғары оқу орнында модуль негізінде бір-бірімен байланысқан және біртұтастықты құрайтын екі қағида қойылған. Біріншіден, оқу-тәрбиелік жұмыстар көп дәрежелік теориялық жүйе ретінде, екіншісінде белсенді көркем шығармашылықта шеберлікті қалыптастырудың жүйесі ретінде қаралады. Сонымен бірге көркем шығармашылықты қалыптастырудың модульді түзу үшін үш әдіснамалық негіз туады.
1. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін көркем шығармашылыққа дайындаудың теориялық негіздері және танымдық міндеттерді шешуі.
2. Көркем шығармашылықты қалыптастыруда ғылыми-педагогикалық моральдық психологиялық іс-әрекеттерді меңгеру, графика өнерінің көркем образын ғылыми тұрғыда білу.
3. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графикалық шығарманы көркем образды әдептеу арқылы адамның сана-сезіміне әсер ететін көркемдік іс-әрекетке ізденуі, шеберлікті қалыптастырудың жолдары.
Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнерінің көркем шығармашылығын оқытып үйретудің модулі үшеу: оған әдістемелік, ғылыми-педагогикалық және көркем шығармашылық пайымдау блоктары кіреді. Бұл блоктардың негізгі мақсаты графика өнеріндегі іскерлік пен әр түрлі іс-әрекетті көркем шығармашылыққа қолдана білу. Сондықтан да, педагог мамандар дайындауда үш тәсілді пайдаланады.
1. Бұрынғы бар білімдерге сүйене отырып, бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне алдына тапсырыс қойып, оған аудиторияның назарын аударады. Мұның мәні – қажеттілік туғызу.
2. Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне алдына арнайы шығармашылық талап қою. Олар қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін ізденеді, өз көзқарастары бойынша көркем шығармашылықты пайымдайды.
3. Жалпы талқылау процесінде оқытушы өз пайымдауларының шынайы-лығын дәлелдеуге әрекет етеді. Студенттерден орнықты көркем шығармашылықты талап етеді.
Оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын дәріс, практикалық немесе дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстар барысында түрлі ақпараттар-мен қамтамасыз ету – модульдің негізі болып есептеледі.
Модульдестіру ісін тиімдірек ете түсу үшін шығармаларды әдептеу процесіне шешу, талдау, өзгерту, графиканың жеке элементтерін орындау аса маңызды.
Қазіргі кезеңде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа оқытуды қалыптасқан оқу үдерісіне айналдырудың мазмұнды педагогикалық жүйесі мен модульдік құрылымын қажет етеді. Сондықтан да соңғы кезеңдердегі ғылыми-педагогикалық концепция графика өнеріндегі көркем шығармашылықты қалыптастыруда теориялық білім берудің түрлі принциптерінде қарастырады.
1. Қазақ графика өнеріндегі шығармашылықта ұсынылған теориялық деңгейлерді әрбір пәнде қарастыруды көздейді. Сол себепті әрбір пәннің ерекшелігі мен аралық байланыстың мазмұндық ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Бірінші деңгейде графика өнері арқылы көркем шығармашылыққа даярлаудың үлгілі жоспары бойынша теориялық модульдік негізі анықталады. Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгерудің моделін жоспарлы түрде ұсына отырып қарастыру. Бұл деңгейде графика түрлері сарапталып, оларды өткізудің мазмұны мен мүмкіншіліктері жүйеленеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа оқытудың жоспарлары жасалады.
2. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнері арқылы көркем шығармашылыққа оқытудың екінші деңгейі ұсынылған әрбір графика тақырыбындағы негізгі көркемдік мазмұнды ашу болып табылады. Бұл деңгейдегі негізгі мақсат шығарманы көркем образдың графика элементтерімен сәйкес келуі, яғни шығармашылықтың қалыптасуындағы бағдарлама жасалуы.
3. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнері арқылы көркем шығармашылыққа оқытуда үшінші деңгей көркемдік материалдардың ерекшеліктерін қарастырады. Яғни, үшінші деңгейдің модульдік әрекеті графика өнеріндегі көркемдікті қабылдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру.
4. Графика өнеріндегі көркем шығармашылықты қалыптастыру әрекетінің төртінші деңгейі ғылыми педагогикалық жүйені көркем шығармашылыққа толық енгізу мен шығармашылық тәсілдерді қолдана білуді меңгеру жатады. Бұл деңгейде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа оқыту әрекетінің моделі графика өнеріндегі шығармашылықты меңгерудің мазмұны мен іс жүргізудің аспектілерін анықтайды.
5. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа даярлаудың бесінші деңгейі графика өнеріндегі көркемдік құрылымның мазмұнын анықтау. Бесінші деңгей графика өнеріндегі көркем шығармашылық әрекетке жүйелі талдау жасау арқылы толықтырылып отырады. Бұл деңгейде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа оқытуда түрлі көркемдік әрекеттердің жаңа аспектілерін жетілдіріп дамыту.
Жоғарыда аталған үш деңгейде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнері арқылы көркем шығармашылыққа даярлаудың теориялық моделі жасалынып, көркем шығармашылықтың ұғымы ғылыми-педагогикалық жүйеде қалыптасады. Жалпы, көркем шығармашылықтың негізінен танымал үш белгісі бар: көркемдік ой, ойды көркем өндеу, көркем ойды іске асыру. Ал, жоғарыда аталған әрбір деңгейлердегі көркем шығармашылық әрекеттердегі ерекшеліктер белгілі бір кезеңдерде әсерлі мазмұндық қажеттіліктер пайда болады.
Студенттер графикалық шығарманы әдептеуде шығармашылық әрекеттерге кірістіріп қосуды, олардың шығармашылыққа даярлығы мен интеллектік белсенділік деңгейін ескере отырып, көркем шығармашылық процестің әрбір дара кезеңінде жүзеге асыруға болады (4-кесте).
Алайда осы аталған дәлелдеулер, көркем шығармашылық процесс деп шығармашылықтың толық циклін, яғни қажеттіліктің көрініс табу сәтінен бастап (графика элементтерінің образды әдептелуін сезіну және идеяны қабылдау), оны практикалық іс-әрекетке асырғанға дейінгі жоғарыда аталған барлық негізгі төрт кезеңі қабылданған жағдайда ғана іске асыруға болады. Бұл болашақ мұғалімдердің алған теориялық білімі мен шығармашылық қабілетін педагогикалық практикада іске асыруға өте қажет (5-кестені қараңыз).
4-кесте.
Студенттердің графика өнеріндегі көркем шығармашылықты графикада қолданудың компоненттері
Графика өнерінде көркем шығармашылықтың теориялық бөлігі
|
Шығармашылық жүйені қалыптастырудың практикалық бөлігі
|
Алайда Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартын бекітуге байланысты қазақтың графика өнері негізінде болашақ мамандар оқытудың нақты бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуде арнайы модельдік қажеттілік пайда болды.
Бұл қажеттілік негізінен үш компоненттен тұрады: жеке шығармашылық, теориялық және практикалық (4-ші кестені қараңыз).
1. Жеке шығармашылық компоненті графика өнерінің шығармашылық танымын қалыптастыру процесіне ықпал жасайтын факторлар жүйеленеді.
2. Теориялық компонентіне графика өнерінің шығармашылық тұрғыдан бейнелеу мазмұнын анықтайтын, оқу іс-әрекетінің мақсаттары мен түрлерін, педагогикалық жүйені, бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика шығармаларының көркемдік және мәдени бағасын терең түсінуге бағытталуы.
3. Практикалық компонент халық мұрасындағы графика өнерінің мазмұны мен шығармашылық дамуын оқытып-үйретудің жүйелілігін оңтайлы құруды қамтамасыз ету әдістемесі бейнелеу өнеріндегі графика өнерінің шығармашылық танымын қалыптастыруды оқыту үдерісіне бейімдеу.
Болашақ мұғалімнің қазіргі графика өнерін оқытып, үйрету бағдарына назар аударғанда, көркемдік формалардың баюын, шеберлік әрекеттердің (бейнелеу, ажарлау, әсерлеу, құбылту, даралау, айшықтау, жинақтау т.б.) көркемделуін атау қажет. Сондықтан да шығармалардың әдептелінуінің танымдық үлгілері, шығармашылық әдістемелік тұрғыда талдана отырып дамуы керек. (5 кесте).
Біріншіден, бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің шығармашылық шеберлігін графика өнері арқылы сана-сезімін оятып, тәрбие беретін, үлгі-өнеге көрсететін дәрежеге кетерілуі.
Екіншіден, студент өз ұлтының дарынды өнерпаздары мен белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ақыл ой өрісін жетілдіре түседі.
Үшіншіден, мұғалім үшін графика өнерінен дәріс берудің әдістемесін жетілдіруде, тақырып таңдауда үлкен талғам қажет.
5-кесте.
Графикалық тапсырмаларды әдептеудің әдістемелік жүйесі
Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін кәсіби оқыту жүйесі, нақтырақ айтқанда, оның әдістемелілігін, жалпы жүйені өңдеуді және жеке өлшемдерді қарастырады. Жалпы өлшемдер қатарына біз мыналарды жатқызамыз: а) педагогикалық жүйенің мақсаттылығы; даярлықгың жүйелілігі мен тұгастығы; ә) педагогикалық жүйенің бейімділігі.
- Педагогикалық жүйенің мақсаттылығы оның арнайы мамандық бойынша бейнелеу өнері мұғалімін даярлауға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл политехникалық бағытта оқытудың мазмұнын дифференциациясын қарастырады яғни, меңгерілетін әдістеменің өзіндік ерекшелігіне жалпы-педагогикалық даярлықгың болуы көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |