Педагогикалық жүйенің мақсаттылығы мынадай көрсеткіштермен: оқыту-дың жүйе құрастырушы элементтерін көрсете алатын ұқсас коэффициенттер мен жүйе кұрастырушы жекелеген элементтерге қатысты, білім беру аймағындағы «Графика өнерінің» мазмұнын құрастыратын, студенттердің әдістемелік даярлығының мазмұнын бейнелейтін көрсеткіштермен бағаланады.
- Педагогикалық жүйенің тұтастығы мен жүйелілігі бір жағынан
формальды иерархияға сай: жалпы педагогикалық, өзіндік көркемдік-
шығармашылық-конструкторлық даярлықпен анықталады.
Материалдарды конструкциялық өңдеу әдістемесін меңгеруде өзіндік әдістемелік даярлық ерекше буын болып саналады. Бұл жерде белгілі бір айқындалған кезеңдер қажет. Бұл кезеңдер мыналар: -материалдарды білу және дайын нәрсені алудың әдістері(конструкциялық материалдардың әдістемесі); - әдістемелік процестерді жобалау қарапайым үстіртін алғашқы дағдыларын қалыптастыру; - құрал-жабдықтарды таңдаудың тиімді әдістерін, шығарма жасаудың тиімді әдістерін айқындау (тұлғаны бейнелеу, мольберт және графикалық материалдар); – тапсырманы бітіру және бейнелеудің әдістемелік үдерісін кешенді технологиялық жобалау (адам портретін құрастырудың әдістемесі).
- Педагогикалық жүйенің бейімділігі арнайы жинақталуымен, экономика-ның нақты бір секторында жұмыс негіз болатын және шаруашылық өндірісінің талабына сәйкес, оның толықтығын қамтамасыз ететін бірлігіменен бағаланады. Осы критерилер оку жоспарының аймақтық және базалық компоненттерін бейнелейтін айқын көрсеткіштері бола алады.
Демек, оқытудың мазмұнына сәйкес өлшемдерді таңдау, ең алдымен бейнелеу өнері мамандығы студенттері даярлығының саласын айкындайтын априориленген іргелі жалпы дидактикалық принциптерге сәйкес келуі тиіс: білім берудің, тәрбиенің және дамудың міндеттерін кешенді шешу; ғылымилық жеткіліктілік; жүйелілік және бірізділік; оқытудың қоғаммен байланыстылығы; оқытудағы шеберлілік; студенттің белсенділігі.
Кесте - Кәсіби іс-әрекеттің білім сапасы мен әдісіне берілген баға өлшемдері
р\с
|
Білім сапасы
|
Ойлау формасы
|
1
|
Білім толықтылығы ,демек, оның көлемі жөніндегі ақпарат
|
-
Талдау, синтез, жинақтау
-
Абстрактілеу, нақтылау, жинақтау
-
Индукция, дедукция, аналогия
-
Ассоциация құрылуы; түсінік қалыптасуы; түсінік классификациясы; түсінік жүйесі;
-
Білімге көңіл қою формасы (білімді талқылау мен ұсыну)
|
2
|
Білім тереңдігі- зерттеу тақырыбының мәніне тереңдей түсу, бұл ойлау қабілеті мен білім көлемі мінездемесінің бірі ретінде танылады.
|
3
|
Білім шапшаңдығы- студенттің шамасына лайық жетілдіретін эвристиканы қолдану, мақсатқа жетуге вариативті тиімді іздену, ойлану қабілеті
|
4
|
Білім икемділігі- жетілдірілген, жағдайдың өзгеруіне байланысты оңтайлы жолдарды тез табу
|
5
|
Тұрақтылық пенжинақтылық (абстрактілік- жинақтылық дәрежесі ретінде нақтылықтық тұрақсыздығы), яғни бір жинақтау деңгейінен келесіге ауысатын ойлау қабілеті, индукция мен дедукцияны қолдана отырып нақтылықтан абстрактілікке ауысатын ойлау қабілеті.
|
6
|
Білімнің ықшамдылығы мен көлемділігі – жаңалықты белгі қойып кодпен жазудың тиімділігі, жаңалықтар сыйымдылығы мен ойлау қабілетінің, «дешифровка» дәрежесінің көлемділігі
|
7
|
Білім жүйелілігі- оның қорытындылығы, дәлелдігі, бір білімді басты білімге кіріктіре білулігі
|
8
|
Білім жүйесі
|
9
|
Білім меңгерімділігі- олардың арасындағы байлынысты білім алу арқылы және оны дәлелдеу арқылы түсіну
|
10
|
Білім ғылымдылығы
|
11
|
Автоматтандырылудың игеру дәрежесі
|
12
|
Білім мықтылығы
|
Білім мазмұнының тұрақты бөлігінде оқу орнының түріне, оқыту тіліне, алған бағдарына қарамай міндетті түрде оқытылатын пәндер жиынтығы болады. Дәлірек айтсақ, адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің танымдық мүмкіндіктеріне сай, қоғам дамуының қазіргі талабынан туындаған мемлекеттік білім беру саясаты көрініс табады. Ал білім мазмұнының жылжымалы бөлігі, негізінен графика өнеріндегі көркем шығармашылықты бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің өз талап-тілегіне сай білім алу сұранысын, жергілікті жердің мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері бойынша білім беру талпыныстарын мүмкіндігінше қанағат-тандыруға бағытталған.
Осы үрдіске сай елімізде біртіндеп жүзеге асып жатқан жаңа білім мазмұнында бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа дайындауда жеке танымдық мүмкіндіктерін, талап-тілектерін ескеру екі жолмен жүреді. Біріншісі, білім мазмұнының жалпы деңгейінде оның тұрақты бөлігімен қоса жылжымалы бөлігін нақтылау. Екіншісі, міндетті оқылатын жеке пәндердің білім мазмұнында бейнелеу өнері мамандығы студенттері міндетті түрде игеретін және оқу мүмкіндігіне қарай игеретін көркем шығармашылықтың деңгейлерінің нақтылануы. Ол жеке пәннің білім стандарты деп аталып, жоғары оқу орындарында дайындалады.
Әрине, графика өнерінің көркем шығармашылығында сатылай үйрету жүйесі оқытушы ұсынған әдіс-тәсілдерге де байланысты. Біріншіден, бейнелеу өнері мамандығы студенттерін өзіне тартып қызықтыра алатын анық тақырыптар қажет. Екіншіден, мәдени мұрады ұлттық графика шығармаларының ықпал етуші көркемдік образын пайдалану қолайлы. Үшіншіден, нақтылы тақырыптар бойынша түрлі графикалық көркем шығармашылықпен әдептеу, бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің бойында игеріліп жатқан материалдарды терең сезіну, бағалау сезімін ояту маңызды.
Оқытушы өтілген дәріс материалдарын болашақ мамандардың өздері бағалауын ұсынады. Бұл бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнерінде дұрыс көркемдік бағыт алуына көмектеседі.
Төртіншіден, бейнелеу өнері мамандығы студенттері үшін графика өнерінің көркем шығармашылығындағы әрбір игеріліп жатқан тақырып туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндік жасалады.
Бесіншіден, әрбір тақырып бойынша қажетті мағлұматтар беретін әдебиеттерді тұрақты түрде іс жүзінде насихаттау қажет.
Осындай оқыту жүйесін қолдана отырып жоғары оқу орындарында дәріс алып жатқан бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа және жүйелілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері мол (11- кестені қараңыз).
11-кесте.
Графика өнерінде көркем шығармашылыққа бейнелеу өнері мамандығы студенттерін даярлаудың көрсеткіштері
|
Кәсіби даярлықтың қажетті компо-ненттері
|
Өлшемдер
|
Көрсеткіштер
|
1.
|
Теориялық даярлық
|
Мәдени мұрадағы бейнелеу өнерінің көркем шығарма-шылық қалыптасу жүйесі саласындағы білім-ілімі
|
- Қазақстан территориясындағы саңталған көне көркемдік бейнелер мұраларды-тастағы үңгірлердегі, балбалтастардағы жазулар мен көркем түрлі бейнелерді, мазарлар мен бейіттердегі әсем айшықтар сырларымен терең таныса отырып, мәдени мұрадағы графика өнерінің негізгі идеялары мен көркемдік ұғымдарды терең меңгере білу;
- графика өнерінің көркем шығармашылық дамуына дәуірмен, тарихпен теңестіре, салыстыра білу, білім мен өнердің қайнар көзі ретінде түрлі ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу, оларға өнер тұрғысынан баға беру;
- графика өнерінің көркем шығармашылығының ғылымилығы, идеялық ұлағаттылығы, өмірлік іс-тәжірибемен байланыстыруға көркемдік материалдарды нақтылы еске түсіру, түрлі көркемдік ұғымдарды қалыптастыру;
- мәдени мұрадаға көркем өнерге қатысты терминдерді жинау, зерттеу символикалық мәнін ашу;
- мәдени мұрадағы түрлі таңбаларды рәміздік белгілердің көркемдік танымын терең талдай білу;
|
2.
|
Ғылыми педагогика-лық, психоло-гиялық даярлық
|
Мәдени мұрадағы бейнелеу өнерінің көркем шығармашы-лығына аялы көз қарасы, бейнелеу түрлерін эмоционалды тұрғыда қабылдап, көркемдік қабілетін жетілдіру
|
- мәдени мұрадағы графика өнерінің этнопедагогикалық-этнопсихологиялық қалыптасуын теория жүзінде айқындау;
- мәдени мұрадағы графика өнерінің көркем шығармашылығын педагогика саласында тәрбиемен байланыстыра білу;
- графика өнерінің көркем шығармашылық процестерге еліктеу, ұмтылу, түсіну, т.б. психологиялық қасиеттердің қажеттілігін түсіну;
- графика өнерінің көркем шығармашылығы арқылы көркем образды қалыптастыру, сана-сезімді, мінез-құлықты, іс-әрекетті, ықпалды әдептеулер арқылы дамыту;
|
3.
|
Әдістемелік даярлық
|
Бейнелеу өнерінде көркем шығарма шылықты қалыптастыруда білім мен іскерлікті ғылыми-әдістемелік қызметте қолдана білу
|
- графика өнеріндегі көркем шығармашылықты, іскерлікті қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдер мен көркем құралдарды пайдалана білу;
- бейнелерде көркем шығармашылықпен әдептеуде түрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді ойлап табу және іскерлікті дамыту;
- көркем шығармашылықты қалыптастыруда арнайы бағдарламаларды тәрбиелік мазмұнына кешенді тұрғыдан қарай білу іскерлігі;
-графика өнерінде көркем шығармашылықты қалыптастыруда ауызша баяндау тәсілін меңгеру;
- графика өнерінде көркем шығармашылықты қалыптастыруда графикалық әдіс-тәсілдерді және шығармашылық іс-әрекетті меңгеру;
|
|
Практикалық
даярлық
|
Бейнелеу өнерінде
көркем шығармашылық
іс-әрекеттердің
қалыптасуы және дамуы
|
- мәдени мұрадағы графика өнерінің көркем шығармашылық дәстүріндегі құнды материалдарды таңдай білу;
- графика өнеріндегі көркем шығармашылықты қалыптастыруда ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізе білу іскерлігі;
- графика өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгеруді - графиканы жасау, табу, әдептеу, образды қалыптастыру және көркем идеяны іс жүзіне асыру.
|
Төменгі деңгей – бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің мәдени мұрадағы графика өнерінің көркем шығармашылығына деген қызығушылығы төмен. Оны графика өнерінде көркем шығармашылыққа пайдаланудың қажеттілігін жете түсінбейді, сенімі тұрақсыз; графиканың тарихи дамуы мен тәрбиелік мақсатын жетік білмейді, оларды тәрбие жұмысында, оқыту мен көркем шығармашылық жұмыстарында пайдалана алмайды.
Мұның өзі бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа қол жеткізу тәсілдерін игеруге тиянақсыз бағдарланудың пайда болуымен ерекшеленеді. Графика өнеріндегі көркем шығармашылықты жаңғырту тек графика үлгілерін пайдалану деңгейінде игеріледі. Ең басты нәрсені графика өнеріндегі көркем шығармашылықта графика элементтерін көркемдікпен қабылдап жаңғыртудан және шығарма-шылық қызметте негізгі пайда анықтауға тырысушылықтан көрініс табады.
Орта деңгей – бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің мәдени мұрадағы графика өнеріне деген ынта-ықыласы бар болғанымен, жүйелі емес және білімінің тұрақтылығы жоқ. Графика өнерінің дәстүрлік ерекшеліктерін білгенмен, оны өнермен байланысты қажеттілігін түсініп айқындай алмайды, сенімі тұрақсыз, шығармаларды көркем шығармашылықпен әдептеуді іскерлікпен пайдалана алмайды; тарих пен практикадан алған білім мен іскерлік дағдысын көркем графикадағы шығармашылық жұмыстарында анық көрсете алмайды.
Бейнелеу өнері мамандығы студенттері өз бетінше шеберлікті жетілдірумен жүйелі түрде шұғылдана бастайды. Шығармашылық мақсаттарға – уәждерге қайта бағдарланады, мұның өзі көркемдік таным барысында елеулі қиындықтар болса да шығармашылық қызметті аяқтауға талпынушылықты айқындайды. Көп ретте графика өнеріндегі алдыға қойған көркем шығармашылық қызметтің ең басты мазмұнын қабылдап жаңғыртады.
Жеткілікті деңгей – бейнелеу өнері мамандығы студенттері біршама жетілгендігі байқалады, мәдени-рухани мұрадағы графика өнерінің дәстүрлі көркем шығармашылығын ізденіп оқиды, оған деген қызығушылығы жоғары. Графика өнеріндегі қөркем шығармашылықты пайдаланудың қажеттілігін түсінеді, оның мүмкіндіктеріне сенеді.
Графика өнерінде халық шығармашылығы жанрларынан білімі жеткілікті, теория мен практикадан алған білім, іскерлік дағдысын шығармашылық жұмыстарында мүмкіндігінше пайдалануға талпынады.
Жеткілікті деңгей бейнелеу өнері мамандығы студенттері графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа қол жеткізу тәсілдерін жетілдіруге тиянақты бағдарлануымен ерекшеленеді. Игерілген білімдер мен шеберлікті болашақ мамандар графика өнерінде кез келген тұрпаттағы шығармашылықты жасау үшін пайдаланады.
Жоғары деңгей – бейнелеу өнері мамандығы студенттері қалыптасқан көркемдік дәстүр мен халықтық фольклорлық үлгілердің даму тарихын өздігімен ізденіп оқиды, оған деген қызығушылығы жоғары. Графикалық жұмыстарды көркем шығармашылықпен әдептеуде әдістемелік жүйелердің қажеттігін сапалы түсінеді, оның мүмкіндіктеріне сенімі мол. Халық шығармашылығы жанрларын жетік меңгерген теория мен практикадан алған білім, іскерлік, дағдысын оқыту мен тәрбие жұмыстарында еркін пайдаланады.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университетінде өткізілді. Тәжірибелік-эксперимент үш кезеңде жүргізілді. I кезең–анықтау эксперименті. ІІ кезең–қалыптастыру эксперименті. ІІІ кезең – бақылау, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру эксперименті.
I кезең. Анықтау эксперименті – педагогика және мәдениет факультетінің студенттерімен жүргізілген сауалнамалар беру, сұхбаттасу, бақылау жүргізу арқылы ұлттық графика өнерінің көркем шығармашылығы жөніндегі білім деңгейі мен шығармашылық іскерліктері анықталып, сарапталды. Мақсат – студенттердің бейнелеу өнері мұғалімі ретінде графика өнерінің шығармашылық деңгейін қалай түсінеді, оған деген көзқарастары қандай, графика өнерінде көркем шығармашылықты қалыптастырудың қандай жолдарын біледі, мәдени мұрадағы графика өнерінің дәстурлі көркемдік тәжірибенің әсері бар ма, т.б. мәселелер төңірегінде көзқарастарын анықтап білу.
ІІ кезең. Қалыптастыру экспериментінің мақсаты – бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа даярлауда қажетті білім мен дербес көркемдік іс-әрекеттерге дағдыландыру. Оның міндеттері бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі қалыптасқан көркемдік дәстүрмен графикалық үлгілердің даму тарихын арнайы оқыту, арнайы курс бағдарламасын жасап сынақтан өткізу, болашақ мамандардың алған теориялық білімдері мен көркем шығармашылық іс-әрекеттерін педагогикалық практика кезінде бекіту болып табылады. Қалыптастыру эксперименті үш сатыда өткізілді.
1-сатыда бейнелеу өнерінің мәдени мұралардағы графика өнерінің шығармашылық қалыптастыру жүйесі саласында теориялық білімді қалыптастыру.
2-сатыда графика өнерінде көркем шығармашылықты, іскерлікті қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдер мен көркем құралдарды пайдалана білу.
Қалыптастыру экспериментінің 3-сатысындағы төртінші курстардағы педагогикалық практика мүмкіндіктерін пайдаландық. Соның негізінде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін қазақ графика өнерінің көркем шығармашылығына даярлығын педагогикалық іс-тәжірибе барысында жүргізілетін әдістемелік және шығармашылық іс-әрекеттерді жетілдіру мақсатында өткізілді. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа даярлауда арнайы алған білім нәтижелерін, көркем шығармашылық іс-тәжірибелерін тексеру мақсатымен мынадай тапсырмалар жүктелді:
– мәдени мұрадағы графика өнерінде көркем шығармашылықты қалыптастыру саласына байланысты оқушылармен сауалнамалар жүргізу;
– графика өнерінде көркем шығармашылық іс-әрекеттерге оқушыларды қызықтыру мүмкіндіктеріне бақылау жасау;
– оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, графика өнерінде көркемдікке үйретудің әдістемелік іс-шараларын жасау;
– графика өнерінде көркем шығармашылықты қалыптастыруда оқушылар арасында түрлі бейнелерді әдептеудің әдіс-тәсілдерін үйрету, тақырып таңдау, көрме ұйымдастыру.
Жүргізілген жұмыс барысында бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа бейімдеумен қатар теориялық білімдері толығып, көркем шығармашылықты қалыптастыруда игі әсері болды.
Педагогикалық практика кезінде бейнелеу өнері мамандығы студенттері әр түрлі тақырыпта графикалық жұмыстарды әдептеудің түрлерін пайдалана отырып, шығармашылық іс-әрекеттер жасауға талпынды. Мысалға, «Оңтүстік өңірінде мекендейтін түрлі аңдардың іздеріне арнап бейнелеу түрлерін әдептеу» т.б. Мұндай материалдарды әдістемелік тұрғыдан пайдалана білу бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыруына септігін тигізеді.
III кезең. Соңғы бақылау эксперименті барысында бейнелеу өнері мамандығы студенттері графика өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды графика түрлерін арнайы әдептеуді негізге ала отырып педагогикалық практика кезінде жүргізілген іс-шараларды негізге ала отырып көркем шығармашылық деңгейлерді анықтау жұмысымыздың нәтижелі болғанын байқатады. Графика өнерінде түрлі әдептеулерді көркем шығармашылық бейнелеу нәтижесі анықтау экспериментінің барысындағы бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстырғанда бейнелеу өнері мамандығы студенттері графика өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекеттері мен ілім, біліктілігінің анағұрлым артық екенін көрсетті.
12-кесте
Студенттердің графика өнеріндегі көркем шығармашылық
деңгейінің сипаттамасы
№
|
Деңгейлер
|
Эксперимент тобы саны 55
|
Бақылау тобы саны 50
|
р/с
|
|
Экспери-ментке дейін
|
Экспери-менттен кейін
|
Экспери-ментке дейін
|
Экспери-менттен кейін
|
|
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
1.
|
Төмен
|
37
|
67,27
|
6
|
10,91
|
17
|
34.00
|
14
|
28,00
|
2.
|
Орта
|
10
|
18,18
|
13
|
23,64
|
23
|
46,00
|
21
|
42,00
|
3.
|
Жеткілііегі
|
8
|
14,55
|
24
|
43,64
|
10
|
20,00
|
13
|
26,00
|
4.
|
Жоғары
|
-
|
-
|
12
|
21,81
|
-
|
-
|
2
|
4,00
|
4-диаграмма
Эксперимент тобындағы болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылық деңгейінің диаграммасы
Бақылау тобы – бейнелеу өнері мамандығы студенттері графика өнеріндегі көркем шығармашылықты дәстүрлі әдістер қолданатын топ. Ал, эксперимент тобы – біздің зерттеу жұмысымыз кезіндегі жүйелі көркем шығармашылық әдіс-тәсілдерді қолданған топ.
Тәжірибелік-эксперимент және бақылау топтарындағы бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекеттің елеулі өзгеріске ұшырағанын аңғартады (12-кестені және 4, 5- диаграмманы қараңыз).
5-диаграмма
Бақылау тобындағы бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің графика өнеріндегі көркем шығармашылық деңгейінің диаграммасы
Егер экспериментке дейін жоғары деңгей көрсеткен бейнелеу өнері мамандығы студенттері жоқ болса, эксперименттен кейін жоғары деңгейде 21,81%-і, бақылау тобынан 4,00%-і орта деңгейді эксперимент тобында 23,64%-і, бақылау тобында 42,0%-і, жеткілікті деңгейді эксперимент тобында 43,64%-і, бақылау тобында 26,00%-і, ал төмен деңгейді эксперимент тобында 21,81%-і, бақылау тобында 4,00%-і көрсетті, яғни бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
Зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа даярлауда ұлттық мәдени мұраның және көркемдік әдістемелердің мүмкінділігі мол деп тұжырым жасауға толық мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |