Keywords: science "Ecology", ecological education, ecological education, ecological awareness, ecological ethics, ecological literacy, ecological thinking
«Экология» ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз – табиғатты пайдалануды қғылыми- теориялық негізі.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мынадай мақсаттарын алдымызға қойуымыз керек:
қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының мынадай түрлері бар:
Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау; пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;фенологиялық бақылау жүргізу.
Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
Сонымен бірге экологиялық білім беру проблемасы да өзекті мәселе болып тұр.Біріншіден, адам қазіргі кезде табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болуы, алайда мұның арты орны толмас экологиялық қиын жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екіншіден, онда биосфераны сақтап қалуға тырысу керек, ол үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Бұны, БҰҰ мен бірқатар мемлекеттердің адам және оны қоршаған орта туралы жаңа бағыттағы білім жүйесін қалыптастыратын, биосфераны сақтап қалуға бағытталған, энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізуді міндеттейтін тұрақты даму стратегиясын қабылдауына байланысты түсіндіруге болады. Экологиялық білім беру проблемасына қоғамның назар аударуының тағы бір себебіне, антропогендік түрдегі (табиғи ресурстардың азаюы, биоалуантүрліліктің төмендеуі, қоршаған орта жағдайының төмендеуі, зиянды қосылыстардың көбеюі және т.б.) экологиялық проблемалардың пайда болуы жатады. Қазіргі кезеңде экологияның ғаламдық мәселелері көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай деп көрсетілген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» [1].
Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар.
«Экология» термині грек тілінен «үй туралы» (қоршаған табиғи орта) ілім деп аударылады да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады. Ғылыми әдебиеттерде оған «табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқыпты пайдалану» деген анықтама беріледі.
Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.
Достарыңызбен бөлісу: |