Әож 793. 3 Хореография – би мен музыканың ажырамас байланысы



Дата11.07.2016
өлшемі76.74 Kb.
#191020
ӘОЖ 793.3

ХОРЕОГРАФИЯ – БИ МЕН МУЗЫКАНЫҢ АЖЫРАМАС БАЙЛАНЫСЫ
Мурзабаева Гүлбану Елубайқызы, академиялық доцент
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қызылорда қаласы, Қазақстан


Би өнері ежелгі заманнан келе жатқанын білеміз. Би - өз көңіл-күйіңді, сезімінді ырғақтық қадамдармен дене қимылдары арқылы көрсететін тәсіл. Белгілі хореограф Джордж Баланчин музыканы «бишінің басып жүретін айдыны»деп атады. Алғашқы кезеңнен бастап билер музыкалық сүйемелдеуде орындалған. Музыка ырғақтың көмегімен би қимылдарымен өте жақын байланыста, оның дыбыстарының кезектесуі және әртүрлі дыбыс үзілісінің ұзақтығы. Билер - бұл ырғақ пен қимылдардың комбинациясы, сонда музыка – ырғақ пен дыбыстың тіркесімі. Бізді жан-жақтан ырғақтар – құстардың шырылдауы, жаңбырдың дыбысы, краннан аққан су т.б., осының барлығы қоршап алған. Керек десең, біздің денеміздің ішінде де ырғақты сезінуге болады – пульсте, демімізде.

Ырғақты сезініп және естіп үйреніп қалғандықтан, ырғақты музыка ойналғанда, биге деген құштарлығымызды баса алмай қаламыз. Сонымен, би мен музыка табиғаттың берген біртұтас дүние деуге болады.

Биге арналған музыканы әртүрлі дыбыстардан құруға болады. Қазіргі заманда адам баласы сан қилы аспаптарда ойнайды – электрондық синтезатордан, қоқым салатын ыдысқа шейін, осы музыкаға билейді. Сөйтіп жүріп, бишілер өздері де музыканы шығарады, қол қағысымен, аяқтың ұрысымен немесе ыңылдап, дауыс шығарады. Музыкалық дыбыстарды киімдегі заттар да шығарады – білезіктер, қоңыраугүл тігілген костюмдер, ағаш сабосы немесе тақа қақтырған бәтенкелер. Сонымен қатар, бишілер музыкалық аспаптарды да қолданады, мысалы, тамбурин. Кейбір билерге, пост - модерн стиліндегі, орындаушылар костюмдеріне микрофондарды тігеді. Сондықтан көрермендер бишілердің тынысын, киіміндегі сыбдырын, музыкаға ұқсайтын оғаш дыбыстар естиді.

Барлық билер белгілі бір ырғақта негізделген. Музыканы жазу үшін нотаны қолданады, ол әрбір дыбыстың ұзақтығын көрсетеді. Ырғақтық суреттеме дыбыстардың бірдей тізбектесуі мен олардың арасындағы үзілістерден тұрады. Хореографты музыканың эмоционалды күші шабыттандырса да, бишілер негізінен оның ырғағына сүйенеді. Ырғақ бишілерді «жетектейді» және биге басқаша бір форма келтіреді.

Көптеген хореографтар би қою үшін, биге арнап жаңа музыкалық шығармаларға тапсырыс береді. Осылай, биге келетін ырғақты да өздері іздейді. Көп жағдайда биге дайын музыкалар қолданылады.

Музыка биге қалай көмектеседі деген сұрақ туындайды. Музыканың ырғағы бишілердің бір-бірімен орындалатын қимылдарында бір элементті қашан, қалай жасау керектігіне көмектеседі. Сондықтан да бишілерге қарап отырғанда, біз олардың бір-біріне қарамай-ақ қимылдары бідей орындалатынын байқаймыз. Сондай-ақ, музыка биде көңіл- күйді көтеруге көмектеседі. Мысалы, рок-н-ролл музыкасы өте шапшаң, қарқынды. Ол бұл жалынды биді шапшаң айналмаларымен, секірістерімен, одан да көңілді, қуанышты етіп көрсетеді.

Кейбір билер музыканың сүйемелдеуісіз-ақ орындалады. Музыканың орнына хореограф бишілерге ырғақты ұстатқызып, іштерінен санап, би қимылдарын орындайды. Бұны біз естілмейтін «музыка» деп атаймыз. Хореограф Мерс Каннингем би мен музыка бірге болуға шарт емес деп санайды. Ол көпіне билерін музыкасыз қояды, өзіңнің динамикаңа бағындырады. Қойылым кезінде би музыкамен сүйемелденеді, бірақ дайындықта бишілер көп уақыт бойы ырғаққа ереді.

Би түрлері - тарихи тұрмыстық, халықтық және классикалық екенін білеміз. 20 ғасырда би өнері заманға сай байланысты өзгеріп дамыды. Олар :



  1. Модерн стиліндегі би

  2. Джаз

  3. Чечетка

  4. Танымал билер...

Модерн стиліндегі би 20 ғасырдың аяғында пайда болды. Билердің біразы классикалық биді бишінің пластикасымен биді эмоцияға толықтыруға өте көп шектеу қоятының білді. Американдық екі биші Айседора Дунканмен Луи Фуллер модерн би мектебінің ашылуының негізің қалаушылар болды. А. Дунканның би стилінде дене қимылдары манерлі, шапшаң болды. Фуллер болса театралдык жарықтану және костюмді фантазиялық әсер беру үшін қолданды.

1914 ж Американдық бишілер Руд сен –Дени мен Тед Шон би мектебін ашты және оны кейінен Денишон деп атады. Олардың би стилі заманауи және театралды болды. Мектепте барлық әлемнің билерін үйретті. Жаңа әртістер, өзгеше техника қолданылды. Денишон мектебінің түлектері қазіргі заман биінің бастамаларына ат салысты. Марта Грехем – Денишон мектебінің түлегі,кейінен ол өз жеке модерн стилінде би техникасын ойлап шығарып, 1924 жылы Нью-Йоргте өзінің мектебін ашты. Марта Грехем балетмейстер және драммалық билердін шебер орындаушысы ретінде танымал болды оның стилі жабык қалыптардан тұрды. Көптеген заманауй би мектептері Марта Грехем техникасында негізделген.

Р.Ф.Лабон идеялары 1920 ж пайда болған заманауи би стилінде көп ықпал жасады. Лабон би қимылдарын жазу системасын шығарды онда ол эмоциямен артистік көніл күйді білдірді. Оның геометр суреттемелеті артістік ымдары. Мысалы, қолды созу немесе отырып тұру, ден мен кеңістік арақатынастары өзгертеді.

Мерс Канниегем- америкалык биші, пост-модерн биінің негізін қалаушы. Марта Грэхеммен бірге жұмыс істеп. 1953 жылы жеке авангардтық би труппасын ашты. Қазір де оның мектебі әлем бойынша заманауи би мектептерінің арасында белгілі. Коннингем стилі қимылдардың қарапайымдылығы мен көркемдігін біріктіріп, биде жай еркіндікті көрсетеді.

Пост-модерн биі алғаш рет 1960 жылы Нью-Йоркте шықты. Бұл термин сонғы жылдары пайда болған, қазіргі заман биінің әртүрлі эксперименттік формаға жатады. Пост-Модерн стилі импровизациялық орындауды білдіреді. Пост-Модерн биі өзгеше басқа жерлерде орындалады. Мысалы: көркемдік галереяларда, далада. Бидің жаңа түрлері бұл-эксперимент.

Қазіргі заман биінің маңызы біріншіден сезімді,көңіл күйді көрсету. Сондықтан бұл би бостандықты қалайды, және әр қилы болу керек. Әр адамның ой-сезімдері әр-қилы болғандықтан бишілер әрдайым жаңа қимылдарды ойлап ізденуде. Олар белгілі бір техникаға тоқталып қалмайды. Балеттен өзгешелігі қ.з биінде ер жігіттін ролі қызбаламен бірдей болып келеді.

Классикалық бидің қ.з.б айырмашылықтары:


Балет

Қазіргі заман биі


1) қимылдармен қалыптар көрікті әрі әдемі.

1) биде өмірдің әдемілігіде тартымсыз жақтарыда көрсетіледі.


2) бишілердің дене бітімі жастайынан жаттығу қылы пайда болған

пропорционалды болу керек.





2) бишінің бойы, салмағы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол иілгіш күшті болу керек.


3) жеңіл көріну керек, секіртпелер болу қажет.

4) негізгі қимылдар белгілі бір қалыппен көрсетіледі, барлық балеттерде осы қибұларды жеке үйренуге мылдар үйретіледі.




3) көп қимылдар еденде орындалады.

4) әртүрлі би стильдері бар

бұларды жеке үйренуге болады.


5) әр балет бір мазмұнды және персонаждар көрсетіледі.


5) билер сезіммен көңіл-күйді көрсетеді.


6) ерекше костьюмдер бар:

пачкалар, пуанте.



6) би костьюмдері әртүрлі болуы мүмкін, күнделікті киімдерде кездеседі, жалаң аяқ биленеді.

Рок-н-ролл 1950 жылы Американдық әнші Билли Хейри және «Кометы» тобы орындаған «танцы круглые сутки» әні арқылы танымал болды. Американдық жастар сол кезде 2-ші дүниежүзілік соғыс кезінде танымал болған ырғағы ауыр «энд блюз» атты қаралардың музыкасына билеген. Рок әншілері, оның ішінде ең танымал Блюзбен Кантриді жәнеде басқа стильдермен қосып, жаңа музыка түрі Рок-н рол пайда болды. Америкада Рок-н-рол биін «Джиттер Баг» деп, ал Британияда «Джайвинг» деп атады. Бастапқыда Джиттер Баг деп 30 жылдары Свинг стиліндегі биді атады. Бұл би өте шапшаң, динамикалық, акробатикалық қимылдармен орындау болды. Рок-н-ролл соншалыкты қарқынды дамыған жоқ, бірақ өте тез және энергетикаға толы би. Би де музыка да жетістіктерге ие болды және америкадан бүкіл әлемге тарады. Рок-н-ролл стиліндегі музыка өте экспрессиялық, оның би ырғағы қарапаым және ол жастарға аралған классикалық рок-н-роллдың нұрлануы 1953-1959 жылдар аралығында болды, ол кезде альбомдардың саны көбейді. Рок-н-ролл көптеген адамдарды естен тандыратындай жағдайға жеткізді. Ол кезде рок-н-роллды жабайы және бүлікшіл деп санады. Кафеде жиналған кісілер рок музыкасын автомобильдерде тыңдайтын. 1950 жылдың аяғында рок-н-ролл комедиялық шоуларда орындала басталды. Style және басқа да би түрлері пайда болды.

Диско термині әртүрлі стильдерден құралады. Ол кештер мен дискотекаларда достармен бірге биленетін билерден бастап, кәсіби бишілер орындайтын қимыл мен атлетикалық билер түрінен аяқталады. Дисконы билеу үшін басқа бишілердің қимылдарын қайталап үйренеді. Диско 1960 жылы Францияда алғашқы дискотекалар пайда болды. Жаңа клубтарда жастар оркестрге емес,пластинкаға жазылған танымал музыкаларға биледі. Дискотекалар америка мен англияда тез дамыды. Бұл билерде партнелар бір-біріне жақындамау керек. Сондықтан бұл жаңалық бүкіл әлемге танылды. Ең бірінші «жалғыз би»твист болды. Бұл өте қарапайым би. Чобби чанкер атты музыкант «твист» записін шығарған соң, бұл би тез әйгілі болып, бұдан соң басқа да диско стиліндегі билер: пони, фруг.мэдисон тарала бастады.

Хэппи кезеңінде диско биі біраз ұмытылды. Бірақ 70 жылдары «Лихорадка субботнего вечера» фильмі экранға шыққаннан кейін диско қайта нұрланды. 70-80 жылдарда диско стилі мода талабына қарай әрдәым өзгеріп тұрды. Диско биі біркелкі ,қимыл қайталана береді. Сондықтан оны кез келгенадам билей алады. Диско байқаулары 1977 жылы әртіс Джон Травалто диско биі жайлы «Лихорадка субботнего вечера»атты фильм түсіреді. Мұнда қыз бен жігіттің диско байқауындағы жеңісі көрсетіледі. Осыдан кейін диско биі өте әйгілі болып,диско байқауын өткізу идеясы коптеген елдерге тарады. Би байқауларында орындалатын дисконың дискотекалық билерден айырашылығы бар.Бұл шеберліклті талап ететін және көптеген қиын элементтерді құрайтын атлетикалық би. Бишілер өте жақсы физикалық формада болып, тәрбиесі дұрыс болу керек.

Бүгінгі дискотекалар бұл жарықтануы тамаша және дыбыстық системасы зор, ертегідей атмосфера. Дискотекада ди-джейлер музыка тандауда ерекше рөль ойнайды. Дисконың ырғағы динамикаға қарап келеді. Мұндай музыкалар бидің өте ыңғайлы. Дискотека көбінесе танымал әуендерге арналған записьтерін қояды, оларды тихтер деп аталды. Олар 20 минутқа созылады, жастарга тоқтамай билеуге мүмкіндік береді. Дыбыстық запись сапасы жақсы болу керек өткені тихтер зор болу керек.

Брейк 1970ж Нью-Йорк көшелерінде өте тез танымал болды. Көптеген жастар Брейкті билеу үшін, бишілердің қимылдарына қарап, олармен бірге дайындалды. Брейкті би студияларына барып үйренуге болады. Брейктің екі түрлі стилі бар-Боди-поппинг және брейкинг.

Боди поппинг стилінде бишілер робот сияты қозғалыс жасайды. Бөлшектенген автоматикалық қимылдар өте жылдам орындалады.

Брейкинг- бұл өте қиын және қауіпті акробатикалық айналымдардан құралады. Айналымдар еденде орындалады.

Музыка ырғағы бишілерге қимылдарды бір-бірімен қосуға, билеп жүрген партнерларға элементтердің тізбектерін білдіруге және бір-біріне қарамай қимылдарды бірдей орындауға көмектеседі. Сонымен бірге музыка бишінің көңіл күйін көтереді. Сен де өз музыкаңды, биіңді ойлап шығаруыңа болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Асафьев Б. «О балете», Л., 1974

  2. «Балет» энциклопедиясы

  3. Ефименкова Б. «Танцевальные жанры в творчестве замечательных композиторов прошлого и наших дней» М., 1962

  4. Попова Т. «Музыкальные жанры и формы» М., 1968.

Резюме
Ж.Новерр «Письма о танцах и балете»: «Хорошая музыка должна живописать, должна говорить. Отзываясь на нее, танец становится как бы эхом, послушно повторяющим вслед за ней всё, что она произносит».


Summaru
Good music needs to paint, should speak. Responding to it, the dance becomes like an echo, obediently echoind behind her evevything she saуs.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет