ӘӨЖ 81. Ксенобиотиктермен соның ішінде пестицидтермен ластанған топырақта өскен



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі0.55 Mb.
#457239
1   2   3   4   5
ПЕРДЕБЕКОВА Камшат 2 макала

Пестицидтерге толерантты өсімдіктер дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Өсімдіктердің физиологиялық фазаларын зерттеу. Өсімдіктердің даму және өсу динамикасының негізгі заңдылықтарын өсімдіктер түрлерінде онтогенез үрдісі кезінде зерттелді: өскіндердің шығуынан бастап әр 5 күн сайын өсімдіктердің биіктігін өлшеп отырды, өсімдіктер дамуының вегетативті және генеративті фазаларын және олардың ұзақтығын белгіледі.
Статистикалық анализ EXCELL бағдарламасында жүргізілді.
Топырақ ылғалдылығын анықтау. Топырақтың ылғалдылығын анықтау үшін шыны стаканға 50 г өлшемді салған. Одан кейін топырағы бар шыны ыдысты 110°С температурада 6 сағат бойы термостатта кептірді. Суығаннан кейін шыны ыдысты өлшеп отырды. Бірінші өлшеуден кейін термостатта қайтадан бір сағат бойы кептірген. Кептіруден кейін қайта өлшеген. Егер шыны ыдыс массасы өзгермесе, онда бұл масса тұрақты болып саналған. Одан кейін жалпы қабылданған формула бойынша топырақтың құрғақ массасын санаған.
Өсімдіктер ылғалдылығын анықтау. Өсімдіктердің жерүсті және тамыр жүйелерінің шикі массасын бөлек өлшеп, одан кейін 100°С температурада 6 сағат бойы термостатта кептірген. Суығаннан кейін шыны ыдысты өлшеп отырды. Бірінші өлшеуден кейін термостатта тағыда бір сағат бойы кептірген. Кептіруден кейін қайта өлшеген. Егер стакан массасы өзгермесе, онда бұл масса тұрақты болып саналған. Одан кейін жалпы қабылданған формула бойынша өсімдіктердің жерүсті және тамыр жүйелерінің құрғақ массасы саналды.
Зерттеу нәтижелері.Пестицидтермен ластанған топырақта өсетін өсімдіктер дамуындағы физиологиялық ерекшеліктері.
Жылыжай жағдайы. Таза топырақты 30% тік сулы спиртті ерітіндідегі хлорорганикалық пестицидтермен жасанды түрде ластады: α изомер, β изомер, 4´4 ДДЕ, 2´4 ДДТ ерітінді топырақты жауып тұратындай етіп қояды және әрбір пестицидтің соңғы концентрациясы 1кг топыраққа 100 мкг болады. Пестицидтердің топырақтағы жалпы мөлшері 500 мкг/кг. Пестицидтердің сулы-спиртті ерітіндегі булану ұзақтығы 1 айға созылды. Буланғаннан кейін құрғақ топырақ араластырылады. Оранжерия жағдайында пестицидтермен өңделген топырақты таза топырақпен елегіштен (3мм) өткізіп, содан соң жақсылап араластырған. Дренаж ретінде құм қолданылды. Алдымен, құммен ыдыстың түбін толтырады (2/3 бөлігі). Содан соң құмды дәкемен жауып, кейін топырақпен толтырылды.
Эксперименттік жағдайда ластанған топырақта өсірілген өсімдіктердің физиологиялық процесстерінде жүріп жатқан өзгерістерді анықтау үшін физиологиялық бақылаулар жүргізілді.
Пестицидтер концентрациясы шартты концентрациясын 5 есе жоғарлатқандығына қарамастан, өсімдік дамудың толық циклынан өтті.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі хлорорганикалық пестицидтермен ластанған топырақта өсімдіктің даму фазасы күшейіп және онтогенез уақытының азаюын көрсетті (кесте 1).

Кесте 1
Таза және пестицидтермен ластанған топырақта өскен өсімдіктердің вегетативті кезеңі





Тәжірибе нұсқалары

Вегетативті кезең, күн көлемі

Шығу сатысы, күн

Бірінші нағыз жұп жапырақтың шығу сатысы,күн

Бұтақтану сатысы,
күн

Бұталану сатысы,
күн

Гүлдену сатысы,
күн




Таза топырақ

6,2

17

35

48

68

Ластанған топырақ

8,0

14

25

34

45

Cucurbita pepo L. pumpkin (асқабақ)

Таза топырақ

6

16,3

36

43

66

Ластанған топырақ

8

15

30

38

56

Стрессті жағдай генеративті мүшелермен тұқымның қалыптасу процессін тездетеді. Мысалыға Cucurbita pepo L. Pumpkin түрі таза топырақта 64 күнде, ал пестицидтермен ластанған топырақта 55 күнде жетеді. Ұқсас нәтижелер Cucurbita pepo var. Ovifera түрінен алынды (67 және 46 күн). Бірақ пестицидтер өсімдік биіктігіне әсер етпеген (сурет 1).





Сурет 1. Cucurbita pepo L. Pumpkin түрінің таза және ластанған топырақта өсу барысы


Кесте 2
Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде марфологиялық құрылымына хлорорганикалық пестицидтердің әсері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет