Әож қолжазба құқығында


-кесте – Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығының қалыптасу деңгейлерінің қорытынды көрсеткіштері (%)



бет12/20
Дата16.11.2022
өлшемі440.5 Kb.
#464967
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
ұлттық киім үлгісін әзірлеу

3-кесте – Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығының қалыптасу деңгейлерінің қорытынды көрсеткіштері (%)

Деңгейлер

Кесінділер

Эксперимент тобы – 54

Бақылау тобы –51

Жоғары

Басы

1,3

2,2

Соңы

11,2

3,4

Жеткілікті

Басы

13,2

8,3

Соңы

32,3

12,6

Орта

Басы

42,3

44,1

Соңы

54,6

48,3

Төмен

Басы

43,2

45,4

Соңы

2,2

35,7

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысы студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру моделінің оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің деңгейлерінің дұрыстығын, сондай-ақ ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.




Қорытынды
1. «Қызығушылық», «кәсіпке қызығушылық», «пәнге қызығушылық» ұғымдарының ара қатынасын зерттеу оларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды жүйеге келтіріп, жан-жақты сипаттама беруге, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетуге және «еңбекке қызығушылық» түсінігін зерттеу пәнімізге сәйкес нақтылауға мүмкіндік тудырды. Сондай-ақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылықты қалыптастыру механизмін жасауға ықпал етті.
2. Қазақ ұлттық киімдерінің даму тарихын және мазмұнын зерттеу оның қайсыбір түрінің қай кезеңде дамып жетілгенін, қай түрінің басымырақ дамығандығын, қай түрінің қай кезеңдерде тоқырап қалғандығын айқындауға; жіктемесін жасауға; ерекшеліктерін, атқаратын қызметін анықтауға және оларға жан-жақты сипаттама беруге септігін тигізді.
3. Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мазмұнына жүргізілген зерттеу оның танымдық, көркем-шығармашылық, өндірістік процесстердің бірлігінде құралатындығын негіздеуге көмектесті және оның студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға негіз болды.
4. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығы қалыптасқандығының деңгейі эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, еріктік, іс-әрекеттік, нәтижелілік компонеттерінің бірлігінде және оған сәйкес көрсеткіштер мен өлшемдерінің негізінде жасалған құрылымнан талап етіледі.
5. Педагогикалық технологиялардың негізінде (проблемалық оқыту, дамыта оқыту, ұқсастыру, модельдеу, ақпараттық технология) студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекеттер таңдау пәндерін оқыту кезінде, өндірістік практика барысында, дипломдық жоба жасау жағдайында, оқу-танымдық әрекеттер үдерісінде кездескен қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік берді.
6. Қазақ ұлттық киімдерінің мазмұнын жүйелеу мен педагогикалық жіктеме негізінде жасалған пән бағдарламаларына қосымшалар, элективтік курс, студия жұмысының бағдарламалары мен жоспарлары және оларды өндірістік практикада, дипломдық жоба жасауда пайдалануға байланысты оқу- әдістемелік нұсқаулар осы проблеманы тиімді шешуге көмектеседі.
9. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелілігі ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері бойынша анықталады.
Зерттеудің нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1. Қазақ ұлттық киім түрлерінің жіктемесі, ерекшеліктері мен атқаратын қызметінің топтамасының мазмұны осы саладан білім алушыларға теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге септігін тигізеді. Оларды мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін институттардың әдістемелік бағдарламаларына енгізген жөн.
2. Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің жіктемесін және оның мүмкіндіктерін студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажет.
3. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыруды біздің ұсынып отырған пән бағдарламаларына қосымшалар, элективтік курс, студия жұмысының бағдарламалары, өндірістік практиканы жүргізуге, дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар бойынша жүзеге асырған дұрыс.
4. Ұсынылып отырған әдістемені элективтік курс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларды мұғалімдер білімін жетілдіретін курстарда оқушылардың еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады.
5. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ЖОО жанында қолөнер мұражайын, тігін шеберханасын, сән театрын, студияларын құру қажет. Сондай-ақ байқаулар, көрмелер, экспедициялар, экскурсиялар ұйымдастырған орынды.
Зерттеу проблемасы өте күрделі болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеуге танымдық қызығушылығын қалыптастыру; ұлттық киім үлгісін әзірлеу дәстүрлеріне қызығушылығын қалыптастыру; ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру; ұлттық киім үлгілеріне эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері арнайы зерттеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет