Эпидемиология



бет3/6
Дата09.04.2024
өлшемі50.17 Kb.
#498211
1   2   3   4   5   6
Эпидемиялогия силлабус

2. Пәннің мақсаты. Модульдің мақсаты студенттер алған білімдері мен дағдыларын зерттеу дизайнын әзірлеуде, олардың нәтижелерін талдауда және түсіндіруде одан әрі қолдана алуы үшін эпидемиологияның негізін, әдістемесін және озық тұжырымдамасын беру
3. Оқытудың соңғы нәтижелері

Қалыптасатын құзыреттілік
(дублиндік дескрипторлар)

Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижелері




Білімі және түсінігі
- Осы саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса отырып, зерттеліп отырған саладағы білім мен түсінікті көрсету;
- Эпидемиологиялық зерттеулердің стратегиясын білу;
- Сипаттама зерттеулердің әдістерін білу;
- Аналитикалық зерттеулердің әдістерін білу;
- Аурудың таралуы мен әсер ету және нәтижесі арасындағы байланыс туралы түсінікке ие болу;
- Негізгі статистикалық және эпидемиологиялық бағалаудың, қорытындының және байланысты орнатудың түзетулерінің концепциясын түсіндіру;
- Әсердің айқындылығына тәуелділігін түсіну (доза-эффект тәуелділігі);
- Жүйелік қатенің және бұрмалаушы факторлардың рөлін түсіндіру;
- Эксперименталдық зерттеулердің әдістерін білу;
- Рандомизацияланған клиникалық сынақтардың ерекшеліктерін және қоғамдық деңгейдегі зерттеулердің ерекшеліктерін білу;
- Эпидемиологиялық әдістердің негізгі және клиникалық ғылымдарда қолданылуын түсіндіру;
- Диагностикалық зерттеулердің тиімділігін білу;
- Медициналық және биологиялық мәліметтерді өңдеуге арналған негізгі статистикалық әдістерді білу;
- Медициналық берілгендерді статистикалық талдау нәтижелерін түсіндіре білу.




Білімі мен түсінігін қолдана білуі
- Бұл мәліметті кәсіби деңгейде білу және қолдану;
- Сипаттау зерттеулерінің әдістерін меңгеру;
- Эпидемиологиялық талдаудың негізгі құралдарымен, оның ішінде ауру, таралуы және өлім жағдайларын анықтау;
- Аурушаңдылық пен жарақаттануды сипаттау үшін мәліметтерді пайдалану;
- Аналитикалық зерттеу әдістерін меңгеру;
- Эпидемиологиялық зерттеулердің негізгі сызбасын меңгеру және оларды тұрғындардың денсаулығы мен экологиясына қолдану;
- Кросс-секциялық зерттеулердің әдістерін меңгеру және жағдай-бақылау зерттеуін жүргізу;
- Ретроспективті және проспективті когортты әдістерді игеру;
- Тестілеу, бақылау және скринингтің әртүрлі параметрлерде орындалуының тұжырымдамаларын қолдану;
- Тәжірибелік зерттеулердің әдістерін игеру;
- Рандомизацияланған клиникалық сынақтарды жүргізу және қоғамдастық деңгейде зерттеу жүргізу;
- Эпидемиологиялық мәліметтерді базисті және клиникалық ғылымдарда пайдалану;
- Зерттеу және анализ нәтижелерін қолдану;
- Мәліметтерді өңдейтін статистикалық әдістерді қолдану, статистикалық критерийлерді есептеу және олардың негізінде кездейсоқ шамаларға әсер етуші әртүрлі факторларды бағалау, кездейсоқ шамалар арасындағы корреляциялық байланысты анықтау, болжаудың математикалық моделін құру.




Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойлауды ескере отырып, ой-пікірді қалыптастыру үшін мәліметтерді жинақтау және интерпретациялау;
- Эпидемиологиялық мәліметтердің әдістерін жобалау және жинақтау, білім берушіге бақылау деректерін, олардың себеп-салдардық байланысын түсіндіру;
- Пәндердің деректерін дербес игеруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қарастырудың негізгі әдістерін білу;
- Ғылыми негіздемесіне, дәлелдемесіне және дәйектігіне сәйкес ғылыми хаттамалар мен жүйелік бейнелерге анализ жасау;
- Типтік және типтік емес жағдайлық есепті шығара білу, реферат, баяндама және презентация орындаған кезде пайдаланылған әдебиеттер көзіне шолу жасай білу: резюме, аннотация, реферат құрастыра білу;
- Online режимде және электронды конференцияларда жеке нәтижелерді көрсете білу дағдыларына ие болу;






Коммуникативтік қабілеттері
- Кәсіби қарым-қатынас пен кәсіби жұмыстың нормалары мен құндылықтарын білу;
- Әртүрлі аудиторияға арналған ауызша және жазбаша коммуникация формаларын тиімді қолдану;
- Вербальды және вербальды емес коммуникация құралдарын дұрыс пайдалана білу;
- Зерттеу нәтижесін баяндау мен әртүрлі құжаттардың сауатты рәсімдеу икемін білу
- Статистикалық зерттеу нәтижесін кесте, график, презентация түрінде аудиторияға түсінікті тілде ұсыну.




Оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеттері
- Әртүрлі дерек көздерден мәселе бойынша деректерді жинақтауға қабілетті болу;
- Зерттелу аймағында мәліметтерді анализдеу және синтездеу, жеке ой-пікірді тудыру арқылы көпшілік алдында ашық сөйлеуге баяндама жасау;
- Әртүрлі мәлімет көзімен жұмыс жасау, сонымен қатар, электронды түрімен;
- Пән бойынша ғылыми басылымдарға критикалық анализ жасай білу;
- Типтік және типтік емес жағдайлық есепті шығара білу, реферат, баяндама және презентация орындаған кезде пайдаланылған әдебиеттер көзіне шолу жасай білу: резюме, аннотация, реферат құрастыра білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет