Эпидемиологиялық процесске әсер ететін факторлар


Инфекцияның табиғи ошақтарының пайда болуы (оба, туляремия, көктемгі-жазғы кене энцефалиті және т.б.)



бет47/49
Дата24.11.2022
өлшемі170.3 Kb.
#465657
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
лекция по эпид

55.Инфекцияның табиғи ошақтарының пайда болуы (оба, туляремия, көктемгі-жазғы кене энцефалиті және т.б.).
Қоздырғыштар жабайы жануарлардың популяциясында таралуының арқасында инфекциялық аурулардың табиғи ошағын құрайды.
Табиғи ошақтың пайда болуы үшін :

  • Қоздырғыш –паразит

  • Қабылдағыш ағза (хайуанат популяциясы)

  • Қоздырғышты тасымалдаушы ағза ( кене,бүрге,маса түрлері)

Оба- аспирациялық механизмен жұғатын, зоонантропонозды табиғи-ошақтық аса қауіпті инфекциялық ауру.
Обаның инфекция көзі-науқас адамдар, кеміргіштер болып есептелінеді.Негізгі тасымалдаушы : сарышұнақ, тарбаған және қоянтәрізділер болып табылады.
Тулерямия – түрлі механизмдермен таралатын,қызба,сепсиспен сипатталатын табиғи ошақты зоонозды инфекциялық ауру.
Тулерямияның инфекция көзі ауру жануарлар,егеуқұйрық,дала тышқандары,су тышқандары,саршұнақ,қояндар,үй жануаларынан қой.Иксод кенелері туляремия ауруының табиғаттағы сақтаушысы қоры болып табылады себебі кенелердің денесінде қоздырғыштар даму кезеңін өтеді,ауру ұрпаққа таралып,көбейеді.
Таралған жеріне байланысты туляремияның батпақты,далалы,тоғайлы,орманды табиғи ошақтары болады.Туляремия ауруы сутышқан,ондатр аулаушылар арасында терісін сылу,етін өндеу кезінде жұғады ,сондықтан жаз айларында тері бубон түрінде өтеді.Дала тышқандары шөпті сабанды жемді ластаса ауа-шаң арқылы таралып тыныс алу жүйесін зақымдайды өкпелік түрінде өтеді.
Кенелік энцефалит трансмиссивті жолмен таралатын,табиғи ошақтық вирусты инфекциялық ауру.Инфекция көзі :сиыр,ешкі,қой.Табиғи ошақтарда негізгі тасымалдаушылар иксод кенелері.Антропургиялық,аңшылар мен геологтар,малшылар көп ауырады.
56.Табиғи ошақты инфекциялардың жіктелуі. Табиғи ошақты инфекциялар қоздырғыштарының берілу жолдары мен факторлары,механизмдері.

  • Бактериялық инфекция (оба, туляремия ,лептоспироз ,сібір жарасы, хламидоз)

  • Вирустық инфекция(геморрагиялық қызба,құтыру,кенелік энцефалит т.б)

  • Риккетсиоз (Қу қызбасы,цуцугамаши,бөртпе сүзегі т.б)

  • Cпирохетоз (Эндемиялық қайталама сүзек т.б)

  • Протозоноозды (лейшмания)

  1. Бактериялық инфекцияларының қоздырғыштарының берілуі:

Туляремия жабайы қояндар,кеміргіштер ,ондатр арқылы; жұғу жолы -трансмиссивті,фекальды оральді(нәжіс –ауыз) арқылы;
Лептоспироз жабайы иттер мен кеміргіштер; жұғу жолы -фекальды оральді(нәжіс –ауыз),контакты арқылы;

  1. Вирустық инфекцияларының қоздырғыштарының берілуі

Кенелік энцефалит құстар мен кеміргіштер арқылы және кеміргіштер ,жыртқыштар ; жұғу жолы -трансмиссивті
Конго Қырым геморрагиялық қызба кеміргіштер ,иксод кенелері,құлақты кірпі,орман тышқандары арқылы; жұғу жолы трансмиссивті.

  1. Риккетсиясының қоздырғыштарының берілуі

Қу қызбасы жабайы жануарлар мен кеміргіштер,құстар арқылы; жұғу жолы алиментарлы,жанасу,трансмиссивті
Кенелік риккетиоз кеміргіштер мен иксод кенелері арқылы трансмиссивті жұғады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет