Ер мен әйелдің ең басты міндеті!



Дата15.06.2016
өлшемі15.22 Kb.
#136310
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Ер мен әйелдің ең басты міндеті!

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақтар болсын, пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!


Одан кейін:
Қай кезде болмасын, қай жерде болмасын ер мен әйелдің, құл мен азат кісінің, жас пен қарттың ең басты міндеті – бұл таухид!
Аллаһ Тағала: «Сенен бұрын қандай пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз, Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ендеше Маған ғана құлшылық қылыңдар”, - деп қана уахи етіп жібердік» - деген (Әнбия сүресі, 25-аят).
Аллаһ Тағала тағы да: «Расында, әрбір үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар да, тағуттардан аулақ болыңдар!» - дейтін елшілер жібердік» - деген (Нәхл сүресі, 36-аят).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му’аз ибн Джәбәл есімді сахабаны Йемен еліне адамдарды Исламға шақыру үшін жіберген кезде: «Сен Кітап иелеріне барасың. Оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең – “лә иләһә иллә-Лләһ” (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ) болсын» - деп бұйырған. (әл-Бухари 3/225, Муслим 19).
Міне, осы ер мен әйелдің ең әуелгі, ең маңызды, ең басты міндеті! Кейін әйел адамның мойнына Исламның басқа да тіректері міндетеле бастайды!
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер әйел адам бес уақыт намазын оқыса, Рамазанда оразасын ұстаса, өз ар-ұятын сақтап, әрі күйеуіне бағынса, оған: “Жәннаттың қалаған есігіне кір!” – деп айтылады» - деген. Ибн Хиббән. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 660.
Таухид пен Исламның басқа да парыз амалдарынан соң әйел адам өз жанұясы үшін жауапты бола бастайды. Күйеуіне және балаларына қарауы тиіс! Ибн ‘Умардан жеткен хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбірің бақташысыңдар әрі әркім өз қарамағындағылар үшін жауап береді. Басшы да бақташы, үй иесі де өзінің отбасының бақташысы, әйел де өз күйеуінің үйінің және балаларының бақташысы», - деген (әл-Бухари 893, 7138, Муслим 1829).
Және сөз соңында әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақтар айтамыз!
Дерек көзі: Ханифия форумы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет