Әр пациентке зейін аударады



бет10/14
Дата03.01.2022
өлшемі35.54 Kb.
#450466
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
f7d40bc1-b48f-4f40-a7d5-cec40f92da3a

Уайымшыл науқастар. Мұндай науқастар үнемі болашақтағы мәселелерге, қиындықтарды шешуге ұмтыларда көп уайымдайды. Олар дерттің асқынуларына, рецедив беруіне, дәрілік заттардың жағымсыз әсерлеріне аса назар аударады. Науқас барлық жағдайларға күмәнмен қарап, сәл нәрсеге дәрігердің, медицина қызметкерінің қосымша зерттеуін сұрайды. Дәрілік заттарды қабылдамас бұрын уайымшыл науқастар дәрілік заттың қарсы көрсеткішін, әсер ету уақытын оқып, зерттейді. Науқасты мазалайтын барлық сұрақтарды медициналық қызметкермен бірнеше рет талқылағанына қарамастан, науқаста күмән туып, науқас оны жақындарымен бөліседі. Әрбір тағайындалған жаңа диагностикалық және терапевтік үрдіс науқасты уайымдатады, ол жүргізіліп жатқан үрдістерге сенімсіздікпен қарайды. Егер қабылдаған дәрілік заттың әсері тез дамымаса, науқас дәрігерге өзінің қорқыныш сезімімен, мазалайтын сұрақтарымен қайта жолығады. Мұндай науқастардың аты-жөнін барлық медициналық қызметкерлер біледі, сондықтан оларға тағайындалған процедураларды, дәрілерді, қосымша түсініктеме беруден қашу мақсатында, күнделікті бір уақытта жүргізуге тырысады. Бірақ та, жасалған әрекетерге қарамастан, уайымшыл науқастар үнемі медициналық қызметкерлерді жаңа сұрақтарымен мазалайды.

Уайымшыл науқастар емдеу шараларының дұрыстығына күмәндікпен қарайды, сондықтан олар кез келген дерттің жазылуына психологиялық тұрғыдан қиындықтар туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет