Әрбір қоғамның өзіне тән түрлі қарым-қатынас сипаты, рөлі, сонымен қатар қоғам мүшелерінің бағыт-бағдары болады



Дата17.07.2016
өлшемі107.01 Kb.
Әрбір қоғамның өзіне тән түрлі қарым-қатынас сипаты, рөлі, сонымен қатар қоғам мүшелерінің бағыт-бағдары болады. Стратификация -  әлеуметтану ғылымында адамдар топтары арасындағы теңсіздігін сипаттай келе, адамдар ішінде әлеуметтік айырмашылықты туындататын өзіндік мінез-құлықтың орын алатындығында білдіреді. Көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей урбанизация, индустрализация, ақпараттандыру сияқты осындай факторлардың өсуі әлеуметтік жікшілдікті одан әрі қиындата түседі. Сондықтан білім қазіргі таңда адамзаттың қоғамдағы орнын анықтайтын маңызды фактор болып қалыптасуда.

Қазіргі қоғамда білімнің рөлі күн сайын арта түсуде, өйткені ол қоғамның барлық жағынан ықпал ететін көп факторлы әсерге ие болуда. Білім қоғамның стратификациялық сипаттамасының ажырамас бір бөлігін құрайды, сондай-ақ ол адамның материалдық жағдайына, оның кәсіби өсу деңгейіне, әлеуметтік баспалдақпен алға жылжуына тікелей және жанама түрде әсер етеді. Білімнің барлық қоғамдағы өскелең рөлі мен мәні тиімді ұйымдастыру бойынша қоғамға орасан-зор пайда әкелуі мүмкін, немесе, зиян келтіруі де мүмкін, сондықтан осы әлеуметтік мәлелені дұрыс ұйымдастырған жөн.

Осы кезде қазіргі қазақ қоғамының стратификациялық үрдістерінің негізгі бағыттарын және оның жіктелу факторларын зерттеу жеткіліксіздігі байқалады. Бір жағынан зерттеудің бұл жағдайы осы тақырып бойынша жұмыс істейтін авторлардың жеке әдістемелік ерекше қызығушылығын оятады, бірақ та кейбір зерттеушілер бұл үрдістерді көптеген әлеметтік теңсіздіктің бір факторы ретінде қарастыруды көздейді, мәселен билік пен абырой сияқты. Ал басқа жағынан әлеуметтік стратификацияның белгілері өзін біржақты көрсетеді деуге келмейді. Мысалы, білім - батыстық қоғамда болашақтағы терең әлеуметтік жіктелістің көрінісі болып табылады (қаншалықты білім дәрежесі жоғары болса, оның соншалықты әлеметтік жағдайы да жоғары деп есептеледі), бірақ та қазіргі қазақ қоғамында халқымыздың білім деңгейінің материалдық  жағдайымен ұштаспайтындығы бәрімізге белгілі.

Білім беру XXI ғасырдың басында шын мәнінде қоғамның іргелі ашық ұйымына айналды, яғни ол біліммен, барлық әлеуметтік институттармен, әлеуметтік-экономикалық топтармен және көптеген кәсіби, мәдени ортамен тығыз байланысты. Қоғамдағы білім жүйесінің дамуына ірі көлемде, орасан зор экономикалық қор - мемлекет қаражатынан стратегиялық бағыттар ретінде бөлінеді. Дегенмен, әлеуметтік қоғамда білімге жұмсалған қаражаттың қайтарымын күтеді, кейде ол қарама-қайшылық тудырып жатады.

Білім сферасы түрлі деңгейдегі әлеуметтік ұйымдар мен топтардың, қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіндік бағыты бар әртүрлі субъектілердің  өзара қарым-қатынасқа түсетін ортасы.

Әлеуметтану пәні туралы және қоғамның әлеуметтік құрылымының танымы тереңдеген сайын білімнің қызметі туралы түсініктің де танымы тереңдей түсуде. Ол мәдениеттің ауыспалы құралы ретінде емес, керісінше «әлеуметтік өмірге дайын емес өскелең ұрпаққа - есейген ұрпақтың әсері» сияқты  қарастырылады (Дюркгейм). Бұдан белгілі бір мәдениет түрінің таралымы нақты іске асады (мемлекеттің келісімімен), олай болса, ұйымдасқан әлеуметтену мен жастарды әлеуметтік бақылауды көруге болады.

Білімнің қызметіне белгілі талдауларды қарастыру барысында әлеуметтік-саяси парадигмалар  білім жүйесі немесе тәрбиенің табысты бастамаларына ауысады. Білім мен тәрбиенің танымал моделдері зерттеу обьектілерін қажетті дәрежеде көрсете алмайды, өйткені олар жиі қоғамдық интеллектіге және рухани дамуға бағытталады, аз көлемде білімнің маңызды байланысына, бір жағынан, билікпен, әлеуметтік стратификациямен және т.б. баса назар аударады.

Білім жүйесі қоғамның өндірістік және бүтіндей экономикалық жүйесінің қарым-қатынасында бірнеше қызметтің орындалуын қамтамасыз етеді.

Бірінші кезекте халықтың кәсіби-біліктілік құрылысының қалыптасуы. Осы қызметтерді ашу барысында, басқалар сияқты, сапалы және мөлшерлі сипатамасы тұрғысында қарастырылуы мүмкін. Қоғамдық білім жүйесінің мөлшерлі қөзқарасымен қарау, халықтың кәсіби-білім жүйесінің қалыптасуына жауап береді.

Білімнің формалдық жүйесі тікелей кәсіби және білікті құрылымды қалыптастырады. Егер нақты білім жүйесінің осы құрылысқа әсер ететінін ескерсек, халықтың әртүрлі кәсіби топтарының ұдайы біліктілігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Мұндай өндіріс тәжірибеде табысты болады. Білім жүйесі ұйымдық және институционалдық серпінді қозғалыста немесе кейбір әлеуметтік топтардың бірлескен мүдделерінде жеке дайындалған кәсіби жасақтарды қайта жасап шығуы мүмкін. Мұндай қайта дайындау халықтың кәсіби-білім құрылысына, ал ол әлеуметтік және экономикалық сфераға мүлдем кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалға, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарын бітірген заңгерлер мен экономистердің  саны шамадан тыс артып кеткен.

Білім жүйесінің қарам-қайшы тенденциясы сол, оның кейбір білікті мамандарды дайындай алмауында. Мұндай жағдайда білімі мен дайындық деңгейі сәйкес келмейтін маман иелерінің ағыны күшейеді, сондай-ақ көп көлемде базалық-теориялық білімі мен шығармашылық қабілеті жоқтығынан жұмыс орнында мамандығын оқу және игеруге кіріседі. Бұл тенденциялар қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымына кері әсерін тигізеді.

Білімді әлеуметтік құрылыстың элементтері, әлеуметтік топтарды бекітудің және бөлудің бірден-бір тетіктері ретінде қарастыруға болады. Ол жеке тұлғаның өмірлік табысына кепілдік бермейді, бірақ қазіргі қоғамда мүмкіндіктерін арттырады. Білімдегі жетістіктер мен түрлі айырмашылықтардың түрі бұл білімдегі әлеуметтік теңсіздіктер механизмінің табиғи орын алуы. Жалпы және кәсіби білім жүйесінің қоғамдық дамуы мен қалыптасуының қажеттілігі индустриалды қоғамның ең басты артықшылықтарының бірі болып табылады.

Жоғарғы білімнің қолжетімділік мәселесі бойынша зерттеу, кеңестік кезеңде әлеметтік біркелкіліктің пайда болу мәселесінің кең көлемдегі артықшылығымен байланысты [1]. Кеңестік қоғамда олар еліміздің барлық аймақтарында жүргізілген талдау қорытындысы әлеуметтік құрылыстың түрлі бөліктерінде жоғарғы білімнің қол жетімділігі және жоғарғы мектептің әлеуметтік өзгерісі мен әлеуметтік құрылысының өсіміне әсерін көрсетті.

Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның даму бағыттары мен жағдайларының ауысуы, жоғарғы білімнің қолжетімділік мәселесінің бұрынғы идеологиялық өткірлігін жоғалтып және басқа кестелер мен тұжырымдарға, көріністерге ие болды.

Білімнің қолжетімділік мәселесін талдау барысында үш негізгі өзара тығыз байланысты аспектіні бөліп көрсету қажет. Бәріне ортақ бірінші социотальды факторлар халықтың әртүрлі топтары үшін қолжетімді жоғарғы білімге әсер етеді. Бұл факторлардың ішінде қоғамда әлеуметтік-экономикалық теңсіздік пен әлеуметтік-мәдени өсім, әр түрлі топтар мен қабаттардың жүйелі құнды бағдарындағы жоғарғы білімнің орны, сондай-ақ олардың әлеуметтік және мәдени күші. Екінші аспект жоғарғы білімнің қол жетімділігі түрлі аймақтарда инфрақұрылыстың және стратегиялық дамудың кешеуілдеуіне орай қажеттіліктің артуы. Үшінші аспект қолжетімділік факторы елімізде білім сапасына, жеке білім беру мекемелерінде, білім жүйесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жоғарғы оқу орындары өздерінің қызмет түрін нарықта алға жылжытуды және жұмыс күшін өндіруді көздейді. Бірақ, барлық жауапкершілікті жоғарғы оқу орнының  құрамына арта салуға болмайды. Дегенмен мемлекеттің жоғарғы білім жүйесін басқару мен ондағы мемлекеттің рөлін ескерген жөн. Ғылыми ортада жоғарғы білім нарықтық жүйенің тауарлық формадағы өніміне айналудың қолайсыздығытуралы ой кең таралған, сонымен қатар қоғамдық мұқтаждыққа сәйкес мемлекеттік немесе жеке мекемелер көлемінде жоғарғы мектептерді басқаруды жақындату маңыздылығы түрлі аймақтарда  және еліміздің деңгейінде есепке алуды және зерттеуді керек етеді. 

Еңбекке төленетін жалақының өте төмен деңгейі жұмысшылардың, әсіресе, білім, денсаулық, мәдениет және басқа да саладағы мемлекеттік мекемелердегі мамандардың ұдайы тұрақсыздығына жол ашты. Осы саладағы жұмыс берушілер жақсы, сауатты мамандарға зәру екендіктерін, бірақ жаңадан бітіріп келген жас толқындардың уақытша болса да жұмыс орнын толықтыратындығын айтады. Сонымен бірге кәсіби жұмыскер мамандардың жетіспеушілігі жоғарғы білімнің қызметінде сан мен сапаның өзара қарама-қайшылығын тудыратынында жеткізеді.

Мемлекет немесе жұмыс берушілер тарапынан түсініксіз тапсырыстар мен ұсыныстардың өсуі кезінде жоғарғы оқу орны әртүрлі кәсіби білім деңгейі арасындағы байланысты төмендетті. Кәсіби білімнің деңгейлік құрылымындағы тиімді бөлінісқоғамдағы кәсіби-біліктілік құрылымының ұдайы өндіріс талабына бір табан жақын болуға тиісті. Дегенмен, жоғарғы оқу орындары еңбекке орналасу ақиқатынан бөлек оқу бітірушілерді дайындау көлемін арттыруда, яғни экономикалық дағдарыс жағдайында жалақымен қанағаттандыра алатын орта топтар мен элитаға едәуір дәрежеде бағытталған корпортативтік мүддені басшылыққа алады.

Жарқын болашақта университеттердің адынан жаңа талаптар шығады. Біріншісі, кәсіби білім мен еңбекпен қамтамасыз ету сферасында әлеуметтік әріптестікке қатысты. Ол осы сферадағы барлық мүдде танытқан субъектілерді – билік, жұмыс берушілер, отбасылар мен кәсіби білім алған жастарды және  жұмыс орнына үміткерлерді біріктіуге күш салуға тиісті.

Екінші міндет, кәсіби білім мен әртүрлі білім беру бағдарламаларын дамытудың әлеуметтік кеңістігін игеруден тұрады.

Білім саласындағы әлеуметтік жіктелістің механизмдері арасында білім алуды ақыландыру және осының негізінде ақылы білім алушылар арасындағы әлеуметтік-экономикалық сұрыпталу үрдісін бөліп қарастыруға болады. Білім алуды ақыландыру отбасының экономикалық дәрежесіне қарай шамалайтын, элиталық білімнің қалыптасуына жол ашатын, сондай-ақ жеке кәсіби топтарды өндіруге бағыттайтын білім саласындағы адамдардың жіктелуі. Қазіргі қазақ қоғамында бұл өзекті мәселе ақылы білім беретін оқу орындарының түрі мен оның факультеті, отбасының дәрежесін анықтайтын әлеуметтік құрамның арасындағы берік статистикалық байланысты көрсетеді. Осы негізде отбасының экономикалық қорымен белгілі дәрежеде байланысты білім беретін беделді оқу орындарының шоғыры қалыптасты.

Студенттер мен жоғарғы оқу орнын бітірушілердің кәсіби әлеуметтену үрдісінде әлеуметтік жіктелісін анықтау қазіргі қазақ қоғамында, білім отбасының ықыласы мен материалдық жағдайына байланысты жоғарғы мектеп моделдеріне әсер етуін атап кеткен жөн. Осыдан кейін әлеуметтік теңсіздік құрылымының күрделенуі ұзақ уақыт бойы студенттердің әлеуметтік-мәдени мінез-құлық мотивациясына, болашақ мамандардың бәсекелестікке қабілеттілігіне әсер етуі толастамайды.

Осындай жоғарғы білімнің қалыптасқан қолжетімділігі нарықтық экономиканы жаулап алудың бір көрінісі, бірақ еңбекақы деңгейі мен білім дәрежесінің сипаттамасы арасында өзара байланыстың шарттары әлеуметтік шиеленіс пен әлеуметтік интеграцияға алып келеді. Жоғарғы кәсіби білім беру мекемелеріндегі оқыту жүйесі, сондай-ақ жоғарғы мектептің ережелері, нормалары әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті азайту үшін құрылған және сол үшін қызмет атқарады.

Әлеуметтік теңсіздікке шыдамдылық таныту жеке қормен, кәсіби әлеуметтену арқылы студент жастардың құнды бағдарлар мен олардың жүзеге асу мүмкіндігімен, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік топтарға жоғарғы білімнің қолжетімділік деңгейімен тығыз байланысты.

Елеулі өзгеріске ұшыраған Қазақстанда жоғарғы білім алуға мүлдем қолы жетпейтін бүтіндей бір әлеуметтік топтар пайда болды (олар: халық тұратын орталық аймақтан оқшау, инфрақұрылысы төмен «нашар» мектептің түлектері, кедей аудандардың тұрғындары, жағдайы төмен отбасының мүшелері, мүгедектер, балалар үйінің түлектері және т.б.). Жоғарғы сапалы білімге қолжетімділіктің жіктелуі қоғамның әлеуметтік және құндылық құрылысына әсер етеді. Сонымен бірге әлеуметтік жұмылдыру мен әлеуметтік бөлініс мақсатында жоғарғы мектептің әлеуметтік қызметіне талдау жасау және теориялық қарастыру қажет етеді. Жеке тұлғаның табысты мансапқа жету бағытында рухани, әлеуметтік және кәсіби тұрғыда студенттердің өзін-өзі анықтауы септігін тигізеді, алайда ол жоғарғы оқу орнын бітірумен ғана емес, бәсекеге төтеп берушілік деңгейімен де анықталады.

Әлеуметтік жіктеліс теориясының негізгі түсінігі – әлеуметтік дәреже. Бұл әдетте «тұрақты мінез-құлық нормаларының үлгісі, марапаттау көлемі және түрі, әлеуметтік төзімділік, құқық пен міндеттер жиынтығы» ретінде түсінік береді [2]. Әлеуметтік дәрежені иелену жолы бойынша қолжеткізгендер және ұмтылушылардеп бөлу қарастырылған. Кез-келген әлеуметтік жіктелісті зерттеудің  басты қиындығы біршама көлемде дәлме-дәл қоғамның құрылысын сипаттайтын эмпирикалық индикаторды табу. Олардың ішінде дәстүрлі аталатындар: билік, кіріс, бедел, яғни қолданбалы деңгейде мамандық арқылы өлшенетіндер, еңбек шарттары, білім деңгейі, материалдық жетіспеушілік. Батыстық әлеуметтанушылар үшін жоғарғы білім сөз жоқ жоғарғы дәрежелік ұстанымның көрсеткіші. Жоғарғы білім алу - жеке тұлғаның экономикалық мүмкіндігін арттыратын және пайда әкелетін бөлек мәдени капиталды иеленумен байланыстырады. Ал біздің елімізде білімнің дәрежелік ұстанымының қалыптасуына сондайлықты рөлі жоқ. Бір жағынан 90 жылдары жоғарғы оқу орнын бітірген, бірақ жоғарғы білім талап етпейтін жерлерде мамандық бойынша жұмыс істеуге мәжбүр болған адамдар саны көбейді. Басқа жағынан алып қарағанда, жоғарғы оқу орындарында конкурстық қабылдау жылдам өсті, өйткені көпшілік жас жеткіншектер мен жасөспірімдер жоғарғы білімді «өмірде дұрыс орын табуға» мүмкіндік береді деп есептейді. Осы бір-біріне қарама-қайшылы факторлардан туындайтын заңды сұрақ: қазіргі қазақстандық қоғамда білім қаншалықты деңгейде азаматтардың бағытын анықтайды және басқа да әлеуметтік дәрежелер индикаторы арасында оның орны қандай?

Жоғарыда атап өтілгендей, жастардың жіктелу ерекшелігі ата-ананың әлеуметтік жағдайына байланысты, яғни жастардың дәрежесінің сипаттамасында ұмтылушыларбасымдау, қолжеткізген атрибут емес. Бұдан жоғарғы білімнің қолжетімділігі әртүрлі әлеуметтік топтар үшін бірдей емес. Оның үстіне отбасының материалдық жағдайы туралы айтпағанда, жоғарғы білімнің құндылығы туралы түсінік, төменгі топқа жататындар үшін маңызын әлдеқашан жоғалтқан, олардың балаларының өмірі жоғарғы білімсіз сәтті жалғасын табатынын сенімді түрде айтуға болады. Сондықтан отбасының дәрежесі балалардың білім алу жағдайына әлеуметтік ұмтылыс үлкен әсерін тигізеді.  

Қазақстандағы білім саясатының негізгі субъектісі мемлекет болып қалып отыр, өйткені, мемлекет білім сферасының жағдайына, қоғамның барлық мүшесі үшін білімнің қолжетімділігіне жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Алайда мемлекет шектеулі бюджеттік мүмкіндіктер тұрғысынан білім үрдісіне бірыңғай талаптар қойып, әрбір азаматтың мүмкіндігін теңестіруді қамтамасыз ету, заман талабына сәйкес қажеттілікке орай білім сапасы мен қолжетімділік, білімді дамытудағы ұлттық басымдылықты арттыру бойынша қызметтің көлемін кеңейтуді іске асырып жатыр.

Мемлекет білімді алдағы уақытта ұзақмерзімді дамытуға  байланысты кейбір күрделі мәселелерді шешуге кірісті, әсіресе, қазақстандық қоғамда үлкен көлемде қайта құру үшін рухани, адамгершілік императивтік жағдайларды жасауға баса көңіл бөлуде. Білім стратегиясы, білім стандарттары, білім жүйесін басқару әрқашан мемлекеттің білім сферасында жүзеге асыратын өзінің маңызды қызметтерінің бірегейі болып қалуда. Күрделі экономикалық мәселенің бірі, ол – айтарлықтай жағдайда  білім жүйесін қажетті деңгейде қадағалап, бақылауда ұстап отыру.



Соңғы онжылдықта білім саласында ерекше өзгерістер орын алды. Жүргізілген реформалар шешілмеген мәселелер мен қиындықтардың толықтай шешімін табуына мұрша бермеді. Ең негізгі мәселелер білімді аймақтандыру, түрлі аймақтардың арасында білім теңсіздігінің тереңдеуі, сапалы білім алуға тілек білдірушілер мен оны алуға мүмкіндігі барлар, адамдар арасында пайда болған жіктің өмір сүруі әлемдік тенденцияда көрініс тапты. Қазақстанның түрлі аймақтарында өмір сүретін тұрғындар үшін білім алу мүмкіндігі тәжірибе жүзінде бірдей емес.

Қазақстанда күрделі мәселелер жинақталып жатыр, өйткені білім қоғамдағы адам потенциалының көрсеткішін текқана әлеуметтік-экономикалық факторлар дұрыс жұмыс істемеген жағдайда ғана қолдайтын факторлардың бірі болып отыр. Білім потенциалының осындай орнықтылығы бізге білім жүйесінің барлық факторлармен өзінің дамуы барысында күшті кері байланыс сақтай алатындығын айтуға мүмкіндік береді. Осы негізде әлемдік иновациялық білім үрдісіне Қазақстанның белсенді қатысуының объектісі болатын қазақстандық қоғамның өзінің дәстүрлі білім беру жүйесін сақтай отырып әлемдік білім кеңістіне енуге нақты мүмкіндіктері бар.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет