Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді



бет61/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Кәдімгі сәлемдеме


2.1 Кәдімгі халықаралық сәлемдемеге салым

Халықаралық кәдімгі сәлемдемелерде тыйым салынған және шектелген заттар мен бұйымдардың тізбесіне сәйкес және Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде басқа елге жіберуге және кіргізуге рұқсат етілген тұтыну тауарлары жіберіледі.




2.2 Кәдімгі халықаралық сәлемдемені қабылдау

Халықаралық сәлемдемелер барлық өндірістік объектілердің операциялық терезелері арқылы қабылданады.


Сәлемдемелер тек ашық түрде қабылданады:
1) жеке тұлғалардан – салымның тексеруі және СР 71 сүйемелдеу мекен-жай мен CN 23 кедендік декларациясын толтыруы арқылы;
2) заңды тұлғалардан – фирмалық мөрімен пломбалары болмаған жағдайда, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай мен CN 23 кедендік декларациясын толтыруы арқылы.
Сәлемдемелер тек жабық түрде қабылданады:

      1. заңды тұлғалардан – белгіленген тәртіпте өздерінің мөрімен мөрленбеген немесе пломбаланбаған жағдайда, әр сәлемдемеге Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес тиісті CN 23 кедендік декларациясын және СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісін толтыруы арқылы.

Тиісті еліне және Қазақстан Республикасының ХПАО-да кедендік тексеруге арналған CN23 кедендік декларациясының 15 бағанында заңды тұлғаның басшысымен (оның орынбасарымен) лауазымы көрсетіліп қол қойылады және мөрімен расталды.
Жөнелтуші халықаралық сәлемдемені тапсыру барысында тиіс:
1) сәлемдемеде мекен-жай деректерін көрсетуге және СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісін әр сәлемдемеге бір данадан толтыруға. Сәйкес бағанада жазылған «Х» таңбасына сәлемдемені адресатқа берілмеген жағдайда қолданылған белгісін жасауға және осы өкімді өз қолымен растауға. Жөнелтуші бланкіде келтірілген көрсеткіштерден тек біреуін ғана бере алады;
2) сүйемелдеу мекен-жайы бланкісінде белгіленген көрсеткішті француз тілінде немесе тиісті елінде белгілі тілде сәлемдемдемеде қайталауға;
3) әр сәлемдемеге Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарында көрсетілген санына сәйкес CN 23 кедендік декларациясын толтыруға. Кедендік декларацияда жіберілетін сәлемдемедегі барлық заттардың атаулары, саны, салмағы және әр заттың бағасы ұлттық валютада көрсетіліп жазылады. Кедендік декларация сүйемелдеу мекен-жайына бекем тіркелуі керек;
4) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай мен CN 23 кедендік декларациясындағы тиісті бағанында сәлемдемеде заңнамамен тыйым салынған заттардың жоқтығын растауға
Жөнелтуші СР 71 сүйемелдеу құжаттарына осы Ережелердің 2.3. бөліміне сәйкес қажетті құжаттарды тіркейді, сондай-ақ тиісті елде және Қазақстан Республикасының ХПАО кедендік тексеру жүргізуге қажет болатын басқа да құжаттарды тіркеу мүмкін.
Өндірістік объектінің жұмыскері халықаралық сәлемдемені қабылдау барысында міндетті:
1) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес тиісті елімен айырбас жасауға рұқсат етілгенін тексеруге;
2) сәлемдемедегі салым заттарына тыйым салынғанын, шектелуін, кіргізуін және шығаруын тексеруге. Аталған шаралар сәйкес келмеген жағдайда сәлемдемені қабылдамауға;
3) жөнелтуші сәлемдеме ішіне өз мекен-жайының көшірмесін және адресат мекен-жайының көшірмесін салуға ұсыныс беруге;
4) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес CN 23 кедендік декларациясының санын жеткілікті екенін, CN 23 кедендік декларациясындағы салыммен сәйкестігін, жазбаның дұрыстығын және тиісті бағанда жөнелтушінің қойылған қолын тексеруге;
5) мекен-жай жазуының дұрыстығын, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісін толтыру кезіндегі жазуларды және бланкідн жөнелтушінің қолының бар болуын тексеруге;
6) сәлемдемедегі, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі және CN23н. кедендік декларацияларындағы мекен-жайдың сәйкестігін тексеруге;
7) сәлемдеме мөлшерінің сәйкестігін, тиісті белгілердің және олардың дұрыс орналасқандығын тексеруге.
Әуе көлігімен сәлемдемелерді қабылдау барысында сәлемдемеде және сүйемелдеу құжаттарында «Par avion» («Авиа») белгісін қоюға.
«Қызметтік» белгісімен сәлемдемелерді қабылдау барысында осы Ережелердің 695 бетінде көрсетілген тізімге сәйкес жөнелтушіге аталған разрядында халықаралық сәлемдемелерді жіберуге құқы берілгенін тексеруге. Аталған разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда сәлемдемені қабылдамауға. Сәлемдеменің мекен-жай бетінің жоғарғы бөлігінде, СР 71 сүйемелдеу мекен-жайында және кедендік декларацияда «Service de postes» («Қызметтік») жазуының бар болуын тексеруге. Түбіртекті ресімдеу кезінде «Төлем» жолына сызықша қойылады.
8) салымды тексеруден және буып-түюден кейін 676 тармаққа сәйкес жөнелтушінің көзінше «Сақтандыру» мөрімен мөрлеуге (немесе пломбылауға);
9) салымды тексеруден кейін жөнелтушіге сәлемдемені буып-түюге бермеуге;
10) мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтушінің мекен-жайы астына латын әріптерімен жазылған жіберетін орынның атауын және берілген нөмірін көрсете отырып СР 73 жапсырмасының жоғарғы бөлігін жапсыруға (немесе қосымша ШПИ жабыстырылған бөлек СР 73 жапсырмасын);
11) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне СР 73 жапсырмасының астыңғы кіші бөлігін жапсыруға;
12) сәлемдеменің жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі);
13) сәлемдемені өлшеуге, қабында СР 73 жапсырмасының астына және СР 71 сүйемелдеу мекен-жайына нақты салмағын (килограмда және жүздік грамда) қоюға;
14) тарифтеуге, СР 71 сүйемелдеу мекен-жайында төлемақысын, қолын және қабылданған датасы белгіленген ПМ бедерін қоюға. Өндірістік объектінің жұмыскерімен көрсетілген қосымша қызмет үшін ақы бір мезгілде алынады;
15) түбіртек жазуға:
● автоматтандырылмаған өндірістік объектілерінде 1н. дәптерінен түбіртек беріледі, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ нөмірлері бойынша жүргізіледі, олар болмаған жағдайда түбіртектің нөмірленуі ай бойы жүргізіледі. Түбіртектің қайырма бетінде өндірістік объектінің ПМ бедері анық қойылады. «Айрықша белгісі» бағанында тиісті белгісі жасалады;
● автоматтандырылған өндірістік объектілерде бағдарлама автоматты түрде түбіртекті және БКЖ (банктік-компьютерлік жүйе) чегін береді. ДК қабылдау кезінде түбіртекке ПМ бедері қойылмайды.
Сәлемдеменің тиісті елі мемлекеттің астанасы болмаған жағдайда түбіртекте елдің, аймақтың және елді мекеннің атауы көрсетіледі, сондай-ақ шама келгенше елді мекеннің почталық индексі көрсетіледі;
16) сәлемдеменің жіберу ақысын алуға және жөнелтушіге түбіртек беруге.
Өсімдікке карантин жарияланған жерден көкөніс, жеміс–жидек, топырақ үлгілері, тұқымдар, отырғызылатын материалдар және өсімдіктер бар халықаралық сәлемдемелер жіберілуге қабылданбайды.
Жануарларға карантин жарияланған жерден азық–түліктер (тұздалған және кептірілген ет пен ет майы, дымқыл кептірілген шұжықтар мен үйде жасалынған шұжықтар, бал, консервіден басқа сүт және балық тағамдары) және жануар тектес шикізаттар (иленбеген терлер, түбітті аң тері шикізаты, мүйіздер, тұяқтар, жүн, ешкі қылы, қауырсын, шаш) салымы бар сәлемдемелер қабылданбайды.
Карантин белгіленген немесе жойылған туралы ақпараттар жөнелтушілер үшін өндірістік объектілерде ілініп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет