Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 11 Рекламациялар. Рекламацияларды қарастыру тәртібі. Сұрауларға жауаптар



бет88/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 11 Рекламациялар. Рекламацияларды қарастыру тәртібі. Сұрауларға жауаптар

Халықаралық EMS жөнелтімдері бойынша EMS жөнелтімдерінде заттардың жоғалуы немесе бүлінуі туралы хабарлама жеткізуші оператормен жазбаша нысанда жеткізу күнінен бастап он (10) күнтізбелік күн ішінде жөнелтуші операторға берілуге тиіс. Жасырын зақымдану анықталған жағдайда осындай хабарлама жеткізу күнінен бастап он төрт (14) күнтізбелік күн ішінде берілуге тиіс .


Жеткізуші оператор жөнелтуші оператордың шағамын отыз (30) күнтізбелік күн ішінде реттеуге тиіс , егер ол мынадай әрекеттер жасағанын көрсетпесе

  1. Ол жөнелтуші операторды жөнелтімді алған кезде зақымданғаны немесе бүлінуі жасырылғандығы туралы хабарлар етсе және он төрт (14) күнтізбелік күн ішінде жеткізуші оператордың назарына жеткізілмесе;

  2. Ол жөнелтуші операторды осы жөнелтім салынған депешаны берк кезінде жөнелтім болмағандығы туралы хабардар етсе;

  3. Жөнелтім немесе депеша жеткізуші операторға жіберілмесе;

  4. Жөнелтім тіркіленген юболса немесе кеденнің н басқа мемлекеттік органның иелігінде болса;

  5. Жоғалту туралы рекламация берілсе , егер жөнелтім адресатпен алынған болса .

Рекламациялар жазбаша түрде беріледі және төмендегі ақпарат болуға тиіс:

  1. Жөнелтушунің және алушының аты және мекен-жайы;

  2. Жөнелту датасы ;

  3. Салымның сипаты;

  4. Талап етілген сомасы;

  5. Тутұнушыға почта әкімшілігінің төлеу дәлелі;

  6. Жөнелту нөмірі, жүкқұжат нөмірі (CN37 , CN38) жазбаша карта (CN31).

Егер жеткізуші оператор жөнелтуші оператордың рекламациясына отыз (30) күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе , жеткізуші оператор берілген реламация негізінде жөнелтуші оператордың жөнелтушіге төлейтін өтемақысы үшін жауапкершілік тартады.


§ 12 Халықаралық шығыс EMS жөнелтімдерін өңдеу

Қоғамның өндірістік объектілерінде қабылданған халықаралық EMS жөнелтімдері сүйемелдеу құжаттармен бірге жеке 16н. жүкқұжатымен ішкі бағыт жоспарына сәйкес халықаралық почта алмасу орнына түседі.


ХПАО-ға түскен халықаралық EMS жөнелтімдерін 16н. жүкқұжатындағы жазбалармен салыстырып тексереді. Жөнелтімнің массасын және сыртқы жағдайын олардың дұрыс бітелуін және бағытталуын тексереді.
Сәйкессіздік анықталған жағдайда халықаралық EMS учаскесінің операторы ҚАЖ жүйесінде ақауын және нақты салмағын көрсетіп сәлемдемені тіркеуді жүргізеді, содан соң 3 данада 51н. актісі жазылады, екеуі жөнелтуші учаскесі үшін, бір данасы ХПАО жанындағы EMS өңдейтін учаскеде қалады.
Барлық халықаралық шығыс EMS жөнелтімдері тиісті бағдарламалық қамсыздандыруда “Шығыс Aлмасу офисына EMS қабылдау” сияқты тіркеледі, содан соң кедендік тексеріске жататын жөнелтімдер тізбелерге тіркеліп тексеріс үстеліне беріледі. ҚРББ кедендік режімдері бақылау бөлімінің жұмыскерлері ХПАО халықаралық EMS учаскесінің жұмыскерлерінің қатысуымен жөнелтімдерді тексеруді жүргізеді. Кедендік тексеру кезінде кеден қызметкерлері жөнелтім салымдарын CN23 кеден декларациясын шығару туралы белгісі CN37, CN38 тапсыру жүкқұжаттарына қойылады.
Кедендік тексеруден кейін жөнелтімдер елден халықаралық депешаларды шығаруға рұқсат беретін, кеден инспекторының тиісті мөртаңбасымен әрі қарай өңдеуге және жіберуге 16н. жүкқұжатымен беріледі.
EMS жөнелтімдер CN31 жазбаша картасына екі данадан жеке-жеке тіркеліп жазылады, оның біреуі депешаларды жасау кезінде тиісті мекемеге жіберіледі.
Жөнелтімдер бағыттары бойынша сұрыпталады және жабық депешаларға жасақталады, 5 данада CN38 немесе CN37 сүйемелдеу жүкқұжаттармен (жеткізу әдісіне байланысты: әуе, жерүсті), онда почтада EMS жөнелтімдері бар екендігі, депешаның нөмері, жасалған күні, қаптардың саны, брутто салмағы және рейсі анық көрсетілуі тиіс.
Депешаларға жасақталған EMS жөнелтімдер (қызғылт сары-көк түсті) EMS қаптарына салынады, салымды ала алмайтындай етіп бітеу пломбалау құрылғысымен пломбалайды.
Әр қапқа EMS CN-35 логотипімен жапсырма тіркеледі, онда анық көрсетілуге тиіс: жіберілген елдің алмасу мекемесі және баж салынатын тауар қабының немесе бақа жөнелтімдердің бар болуы, ал қадағалау жүйесіне Шығыс алмасу офисіне EMS (ЕМВ) белгісі қойылады.
EMS депешалары 16н. жүкқұжаты бойынша депешаларды әрі қарай тиісті жеріне жіберу үшін әуе учаскесіне беріледі.
ХПАО (әуе учаскесінің) жұмыскері почтаны және 16н. жалпы жүкқұжатына тіркелген, алмасу учаскесінің алып жүргізушісінен CN38 сүйемелдеу жүкқұжатын қабылдап алады. Қаптардың, байламдардың, сыртқы жағдайын БПҚ тексеріп қаптарды өлшейді. Одан басқа, CN38 жүкқұжатының дұрыс жасалуы тексеріледі, сондай-ақ, қадағалау жүйесіне “Депешаларды жасау және жабу” (PREDES, EMS) белгісі қойылады.
Жерүсті жолымен жөнелтілетін EMS депешалары EMS жөнелтімдерін жіберудің халықаралық жоспарларына сәйкес әрі қарай жіберу үшін 16н. жүкқұжатына қол қоюменн ПТБ қозғалыс бөліміне тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет