§ 14 Кеден органдарымен тоқтатылған халықаралық EMS жөнелтілімдерін өңдеу
Кедендік тексеріс кезінде кедендік ресімдеуге жататын жөнелтілімдерде ХПАО-дағы кеден органдарының қызметкері “Кедендік жүк” (“Груз таможенный ”) мөрін, ал қадағалау жүйесінде EMS учаскеінің операторлары “Kеденнің ұстап қалуына негізгі жазба” белгісін қояды.
Әрі қарай халықаралық EMS учаскесінің операторлары алушының атына 22н. хабарламасын жазады және “Kеденмен ұсталған почта жөнелтілімдерін тіркеу журналында” берілетін және тіркелетін, хабарламаның тіркелген нөмірі, жөнелтілімді жіберген әкімшілік, кеден органларының жұмыс кестесі, байланыс телефондары және ХПАО мекен-жайы көрсетілген қызметтік хатпен жіберіледі.
Кедендік нысандылықтан өту үшін адресат кемімейінше сақталғаны үшін үстіне төлем жазыла береді. Адресат келмей калған жағдайда жөнелтім 14 күнтізбелік мөр бойы сақталады. Жөнелтім сақтау мерзімі өткеннен кейін жөнелтушіге қайтарылады.
Кедендік нысандылықтар орындалғаннан кейін ХПАО-дағы кеден қызметкері “Босатуға рұқсат” (“Выпуск разрешен”) мөрін қояды. Ал қадағалау жүйесіне “Кеденмен қайтарылатын жөнелтімді қабылдау” және “EMS келесі офиске жеткізуге жөнелту” белгісі енгізіледі. Адресатқа жөнелтім жеке басына куәландыратын құжаты бар болған жағдайда қол қою арқылы беріледі, ал қадағалау жүйесіне халықаралық EMS учаскесінің операторы “Cоңғы жеткізу жазбасы” (EMI) белгісі енгізіледі.
9 ТАРАУ. ПРОЦЕСТІҢ СИПАТТАМАСЫ
9.1 Жалпы ережелер
§ 1 “Қазпочта” АҚ ХПАО мен ХПАП технологиялық процестерін ұйымдастыру
ХПАО мен ХПАО "Қазпочта" АҚ бұйрығының негізінде ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасы Кедендік Комитетінің келісімі бойынша Қоғаммен анықталады.
ХПАО-на сұрыптау, өңдеу және жөнелту міндеттері жүктеледі (депешаны ашу, қабылдау,кедендік тексеру,депешаны қалыптастыру):
1) шығыс және кіріс жазбаша хат-хабарларды (әуе және жерүсті);
2) шығыс және кіріс сәлемдемелік почта (әуе және жерүсті);
3) EMS жөнелтімдері (әуе және жерүсті);
4) транзиттік почтаны өңдеу және есепке алу (қажеттілігіне қарай);
5) депешалардың кедендік тексерісі және кедендік ресімдеу;
6) бос ыдыстар
Халықаралық почта алмасу пункттерінде (ХПАП) келесі міндеттер жүктеледі:
1)Қазақстан Республикасының халықаралық почта алмасу орындары мен жерүсті және әуе көлігімен түсетін халықаралық почтамен депешаларды қабылдау;
2)Депешаларды шарттарға сәйкес халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын, шетел почта әкімшіліктерінің алмасу мекемелерінің қызметтеріне және жерүсті халықаралық әуежайлар қызметтеріне тапсыру;
3)Шетел почта алмасу мекемелерінен депешаларды тікеелкй қабылдау;
4)Шетел почта алмасу мекемелерінен түскен депешаларды тиісті жерлеріне жөнелту;
5)Депешаларды шетелге әуе автомобиль көлігімен,не почта вагондарымен жөнелту үшін тапсыруға халықаралық және өндірістік құжаттамалар дайындау;
6)Шығыс, кіріс және транзиттік депешаларды жеке-жеке қабылдау және тапсыру барысында анықталған ақаулықтарды рәсімдеу және т.с.с;
7)Ай сайын бекітілген нысандар бойынша "Қазпочта" АҚ жДЕ-не халықаралық почта алмасу пунктімен жіберілген әуе көлігімен алмасу пунктіне жеткізілген депешалардың массалары туралы мәлімет дайындау және беру.
8)Транзиттік депешаларды есепке алу үшін CN66 н. ведомстар дайындау және беру.
ХПАО мен ХПАП жұмыскерлері әр жұмыс орны қамтамасыз етілетін мына құжаттарды басшылыққа алады:
1) Осы Ережелер;
2)Конвентеция және Дүниежүзілік почта одағының келісімдері;
3)Почта байланысы қызметін көрсету ережелері:
4)Почта ережелері;
5)Халықаралық почта жөнедтімдерін қабылдау бойынша жер мен аумақтардың шарттары;
6) Әлемдік елдер мен аймақтардың әліпби реті бойынша тізіиі;
7) Дүниежүзілік картасы
8) Шығыс және транзиттік депешалардың бағыт жоспары;
9)Қазақстан Республикасы бойынша кіріс халықаралық жазбаша хат-хабарлардың бағыт жоспары;
10) Өзге құжаттармен.
ХПАО мен ХПАП-нің басшылары мен жұмыс орындарын және жеке тексеріс үстелдерін бөліп,кедендік бақылау және халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік ресімдеу үшін жұмыс жағдайлары жасалуы керек.
Қоғам және Кедендік бақылау Комитеті арасында өзара келісімдер Қазақстан Республикасының Кедендік Кодексіне Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін тауарды өңдеу және ресімдеу бойынша келісілген Технологиялық сұлбамен реттеледі.
Құпиялы ақпарат бар почта жөнелтімдердің,өндірістік құжаттардың кідірісі, қаралуы және алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
Жалған почта маркаларының пайдаланылғаны табылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолдану және берген елге хабар беру үшін ХПАО Қоғамның қауіпсіздік қызметіне хабар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |